Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Зиянды әдеттерден сақ болу»

«Зиянды әдеттерден сақ болу»



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Зиянды әдеттерден сақ болу»

Мақсаты:Зиянды әдеттерге сақ болуға, өз өмірлерін қорғай білуге баулыту.  

Білімділік: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдары кеңейту.

Дамытушылык:  Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелеу: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер, слайд, суреттер.
Түрі: Баяндау, сұрақ- жауап, ашық тәрбие сағаты

Барысы: Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

       Тәрбиеші:  Адам  денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде “Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі” делінген.

         Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Зиянды әдеттерден сақ болу» деп аталады.

          Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2050 » стратегиясында  халық  денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің  бірінші кезектегі  атқаратын шараларының бірі халық  денсаулығын нығайту.

       Оқушылар сөзжұмбақ шешеді:

Сөзжұмбақ

С

 П

И

Д


А

Л

К

А

Г

О

Л

Ь


Қ

Ы

Л

М

Ы

С


Т

 У

Б

Е

Р

К

У

Л

Е

З

А

 Р

А

Қ


Н

 И

К

А

Т

И

Н


ХХІ ғасыр індеті.(СПИД)

Спирт ішімдігі құрамындағы зат.(алкаголь)

Заңмен жазаланатын қоғамға жат қылық (қылмыс)

Көп таралған ауру.(туберкулез)

Маскүнемнің “сусыны”(арақ)

Темекідегі улы зат.(никатин)

     Көрініс «Зиянды әдеттер»

Адам: Уһ, жаным-ай, мына күйкілжің күйбең тіршілік   менің жанымды жегідей жеді. Істейін десең жұмыс жоқ, жаныма әбден батты. Ең құрығанда өзімнің кішкене безнесімде жүрмеді. Нарық көтермеді, ішім күйіп барады, жанымды қоярға жер таппаймын. Өкіметтен үй саламын деп несие алғанмын, оныда төлей алмадым. Қарызым екі миллионнан асып кетті, не істеймін, не істесем жаным жай табады?

Сахнаға арақ шығады: Әй, Адам, сен күйінбе. Иә мына мені ішіп ал, жаныңа рахат аласын. Қарашы,  мен қандай мөлдірмін! Мына мені ішсең, бар ғой, көңіл күйің көтеріледі, қайғы-шердің бәрінде ұмытасың. Мә, мені ішіп ал.

1 оқушы: Тоқтат, арақ, адамды азғырма. Арақ-ол спирт ішімдік. Ол адам ағзасын ірітетін зат. Спирттің құрамында адамға зиянды улы заттар көп. Біздің ағзамызда қанға өткен қажетсіз өнімдерді сүзіп алып несеп жасайтын сүзгіміз бар, ол – бүйрек. Сол сияқты адам ағзасының зертханасы деп аталатын бауырымыз бар. Міне спирт алдымен бауырды, содан соң он екі ішекті, асқазанды, әрі қарай бүйректі, жүректі, қан тамырларын зақымдайды және  адамның жүйке жүйесіне қатты зақым келтіреді. Ең соңында орын толмас қайғыға әкеліп соқтырады. Сондықтан, адамдар, арақтан аулақ болыңдар. Кет, жоғал арақ! Адамның өміріне араласушы болма!

   Темекі: Ал мен өте әдемі және тартымдымын, ісім қандай жағымды десеңші, шіркін! Эй, адам шегіп ал да бар шаршағаныіңды ұмыт, рахатқа бөленсеңші. Менің досым болуға келісесіңбе, Адам? Менің досым болшы.

2-оқушы. Тоқтат, темекі, өзіңнің уағызыңды!

Темекі шегу – бұл халықтың арасында тараған зиянды әдет және де ол адам ағзасын іштей жейтін құрт. «Әрбір тартылған темекінің талы адам өмірін сегіз сағатқа қысқартады» деп есептейді ғылымда. Үздіксіз темекі шегетін адамның өқпесі бір жылда 1 литр смола, яғни шайыр жиналады екен. Сонымен қатар темекі түтінінде никотын сияқты улы заттар болады. Ол заттар қан тамырларын тартылып, тамырлар арқылы қанның жүруін қиындатады. Адамды өкпе туберкулезі,  өкпе рагі, сол сияқты тыныс алу мүшелерінің ауруларына шалдықтырады. Сен, темекі, адамнан аулақ жүр!

Насыбай: Әй, Адам, «Теңгем де жоқ» деп отырсың ғой, онда менің құным ештеңе де тұрмайды. Мә, мына мені ал да аузыңа салып ат. Көңіл күйің көтеріліп масаң қалыпқа енесің, бәрін де ұмытасың.

3-оқушы:Тоқтат, насыбай! Тоқтат сасық әңгімеңді! Адам, сен насыбайға жолаушы болма! Оны адамдар әк қосып істейтінін білетін шығарсың. Әк – ол кальий оксиді, өте күйдіргіш.  Насыбайды шеккен кезде кальций оксиді адамның  тыныс жолдарын, ас қорыту жолдарын баяу күдіреді, алуан түрлі  ісік ауруларына әкеледі. Ауызға насыбай салып алу – өте мәдениетсіздік. Былшылдап айналаңа түкіре берсең, басқа кісімен сөйлескенде аудың насыбай сасып тұрса оданда өткен сорақылық жоқ емес пе?!

Сондықтан насыбайға жоламаңдар.

Наша: Бәрінен де мен күштімін! Көңілі құлазыған, ісі еріккен, байлықтан басы айналған адамдар үшін ең рахаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені ішкенде немесе пайдаланғанда күш-жігерің артады, көңіл күйің көтеріледі. Өміріңдегі барлық қайғы-мұңды ұмытасың, тіптен мүлдем ойламайсың. Әй, Адам, келе ғой, менімен дос болшы, мен сені еш уақытта да тастамаймын.

4-оқушы:Тоқтат, тоқтат, наша, сиқырлы әңгімеңді! Еліміздің экономикасы дамыған сайын есірткі заттардың да түрлері көбейіп кетті. Нашақорлықтың, нашақор адамдардың болашағы жоқ, келешегі күңгірт. Есірткі заттар – адам ағзасын, жүйкесін тіпті шашынан тырнағына дейін уландыратын ең күшті улы заттар. Ең жаманы – нашаға тәуелді болып қалу. Нашаға тәуелді болып қалу – ол сенің болашағыңның балталанғаны деген сөз.

5-оқушы. Денсаулық: Ей, жауыздар! Сырты жылтын, іші қотыр жауыздар! Кетіңдер. Кетіңдер. Кетіңдер әрі, аш қасқырдай анталайсыңдар ғой келіп. Менің Адамымның алда көрер қызығына сендер неге кедергі боласыңдар. Егер сендерге еріп, сендермен дос болса, адамның өмір есігін ашатын болашақ ұрпағы қандай болмақ? Егер бұл адамның жеңіл өмір іздеп сендерге еріп кетсе,  онда ол ертеңгі ұрпақтарына қалай жауап береді.?

 6-оқушы: Ертеңгі ұрпағы «Әке, сен маған қандай тәрбие бердің» немесе «Әке, неге мені мүгедек етіп дүниеге әкелдің» десе не деп жауап бермек бұл адам?! Жүр, Адам, одан да менімен бірге жүр, маған ерсең адам боласың. Адам деген асыл атыңды мұндай жауыз заттармен кірлетуші болма!

                   Денің сау, ғұмыр жасың болар ұзақ,

                   Ауруға төрт нәрсемен құрсақ тұзақ.

                   Жылы сөз, жеңіл тамақ, жылы әуен,

                   Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.

                   Денсаулықта сақта, таза өсесің,

                   Күнәдан пәк жәннәт өмір кешесің.

                   Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,

                   Жаман әдет көп шектірер қасірет,

                   Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.

Оқушылардың салауатты өмір салтын дұрыс сақтайтын көрінісі бізге түсінікті болса, ендігі сөзді дәрігер маманға берейік. Дәрігер, сіз нендей насихат берер едіңіз?

     Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек, республика бойынша ерлердің 57 пайызы , жасөспірімдердің 40 пайызы шылым тартса, ересек адамдрдың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен.. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда  10 мыңнан астам жетім , әрбір  үшінші сәби  өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85 пайызы тірі жетімдер екенін көреміз. Өзіміз өмір сүріп жатқан жайғана ауданындарда бірінде туберкулез емханасы бар 3 жылғы статистикасына сүйенсек …

р/с

2011

2012

2013

2014

Туб.Жас

өспірімдер саны

6

5

5

1

Балалар  саны

2

2

3

6

Тапсырма: Мақалдардағы жоқ сөзді тауып, сол сөздің орысша,ағылшынша баламаларын айту.

Ауырып ем іздегенше , Ауырмайтын … ізде (жол-дорога-road)

Ішпеген, шылым шекпеген,  Жасайды …дар көптеген.(жыл-год-year)

Қайғы қартайтады. …. марқайтады(қуаныш-радость-joy)

Адам арақты ішеді,  Арақ …ды ішеді. (ақыл-ум-mind)

Жасында …сін будақтатқан, Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан (темекі-сигарет-cigarette)

Бас аманда мал тәтті, … ауырса жан тәтті.( бас-голова-head)

Біз зиянды әдеттерге қарсымыз!

Шылым шегудің, арақ ішудің, нашақор болудің да «пайдасы» үш түрлі пайдасы бар

Біріншіден, нашақор болған  адам ешқашанда  қартаймайды. Себебі олар қартайып үлгермейді.

Екіншіден,  шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды, күндіз түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін етіп үйге жақындай алмайды.

Үшіншіден, арақ ішетін адамды ешқашан ит қаппайды.

Олар ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамдарға ит жақындамайды.

7-оқушы: Бес нәрседен қашық бол, жақсы болам десеңіз: жалқаулық, жамандық, жасандылық, жайбасарлық, жағымпаздық.

Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз: жүйріктік, жинақылық, жасампаздық, жүзгіштік, жылдамдық.

Айгерім: Бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз: ішімдік, темекі, нашақорлық, ұрлық, зорлық.

Бес нәрсемен дос бол, адам болам десеңіз: кісілік, ізгілік, ізеттілік, ілім ғылым.

Біз – болашақтың гүліміз.

 Біздердің тақырыпты бұлай алып отырған себебіміз, бізден басқа ешкім болашаққа таза жүрекпен қарай алмайды деп ойлаймын.

        Қазір көп ересек адамдар жаман әдеттерден арыла алмайды. Соларға қарап жасөспірімдер үлгі алады. Біздің сана сезіміміз жетілгенде қайсы жаман, қайсы жақсы екенін білеміз. Егер біз жаман әдеттерден аулақ болсақ, онда бізден кішкентайлар үлгі алып, осындай әдеттерден аулақ болады.

       Енді ғана бүршік жарып, қызғалдақтай құлпырған өзімізді гүлге теңеймін. Сол гүлдердің жайқалып өсуі үшін не қажет, не зиян, не істеу керек?

        Мәселен, гүл. Егер гүлді суармасақ, ол солады. Адам да сол сиқты Адамды бұзатын жаман әдеттер: темекі, арақ, есірткі.

Темекі өкпеге зиян. Оны тартқанда адамның аузына түтін кіріп, түтіні өкпенің тесіктерінде тұрып қалып, темекі түтінінің күйесі адамның өңешіне жиналып, адам нашар дем алатын болады.

Арақ ішсең, бауырларыңды ірітіп жібереді. Бауыр – ұйып тұрған қан.

       Міне, осындай жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашақта деніміз сау, салауатты азамат болып, қоғамымыздың бір-бір кірпіші болып қаланарымыз сөзсіз. Мен оқушыларымды осындай жаман әдеттерден аулақ болуға, білімімізді одан әрі жетілдіре білуге шақырамын, өйткені біз-болашақтың гүліміз.

Денсаулық – терең байлық” деген сөзді

Құр айтпаған кезінде  данамыз да.

Денің сау болса, мықтысың бұл әлемде

Денің сау болса, сұлусың бұл фәниде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің талай-талай байлықтарға.

8-оқушы:

Жігерің бар, талабың бар, қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын.

Кесір сумен санаңды сен улама,

Көкірек қапқан көк түтінге жолама.

Өзіңді қорға, ортаңды қорға, ағайын.

Саулық керек, өмір керек адамға.

9-оқушы:

Ей, адамзат!

Өмір керек саған да, маған, оған да,

Есіңде сақта, осыны ұста жадыңда.

Жас өмірің ерте солсын демесең,

Кесірлерден бөлек жүргін алшақта.

Пешенеге жазылған ғұмырыңның

Тамырына, ұрпағым, балта шаппа!

10-оқушы:

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып

Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар

Салауатты өмір са тын сақтаңдар

Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

Хормен: Кімде – кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата- анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл боламын десе – арақ ішпесін өз ортасына қадірлі адам боламын десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе – нашаға әуестенбесін!

 Қорытынды:Сонымен оқушылар қорыта айтатын болсақ,    денсаулық- зор байлық.Дені сау адам өмірде көп жасайды екен. Шығыста: сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады  деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров158
Номер материала ДВ-380901
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх