Зияткер тұлға — кемелденген адам.

Найдено 70 материалов по теме

Зияткер тұлға - кемелденген адам

    DOCX

Предпросмотр материала:

 

ЗИЯТКЕР ТҰЛҒА – КЕМЕЛДЕНГЕН АДАМ

А.Е.Тоқбаева,  С.Букешова

 Тараз қаласы ФМБ НЗМ

    Қазіргі қоғамда зияткерлік, зияткер тұлға жайлы көп айтылып жүр. Білім саласы да осы бағытқа көп көңіл бөлуде.  Сондықтан Қазақстаннның әр аймақтарында Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылды. Зияткерлік мектептерде оқитын оқушылар қандай болуы  керек?  Осы сұрақтың жауабын табу  біз үшін  қызықтырақ болғаны  рас.  Иә, «зияткерлік» ұғымы ойымызды сан-саққа жетеледі.

2013 жылдың желтоқсан айында қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында мектебімізде өткен «Бауыржан Момышұлы: Ұлттық намыс. Ар-ождан. Абырой»  деп аталатын  Тараз Мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы  «Бауыржантану» орталығы қызметкерлерімен кездесу барысында біз осы сұраққа өзімізше жауап тапқандай болдық. Жазушы, драматург Елен Әлімжанмен кездесу бізге көп әсер мен тың идеялар қалдырды. Біз зияткер тұлға – Абай мен Бауыржан шығармаларының көзқарас  үндестігінен  танылатын   нағыз кемелденген адам болуы тиіс деп шештік. Осы ойды дамыту үшін ғылыми жұмысымыздың негізгі мақсаты –  А.Құнанбайұлы мен Б.Момышұлы шығармаларындағы «кемел адам» ұғымы мен  қазіргі қоғамдағы негізгі идеялардың бірі – зияткерлік туралы түсініктің бір-бірімен үндестігін, үйлесімін табу, зияткер тұлғаның кемелденген адам екенін дәлелдеу болды.

Абай  Құнанбаев пен Бауыржан Момыщұлының шығармаларына нұсқауымызда да бір мән бар. Тек біз емес, бүкіл әлем ерекше тұлға ретінде мойындаған жандарды ұлттың зияткер ұрпағы мәселесі толғандырмай өтті десек, жаңсақ пікір болар деп есептейміз. Дәл қазір біз тілге тиек етіп отырған Абай мен Бауыржанның шығармаларын жанына арқау етіп өскен әрбір бала дарынды әрі зияткер. Зияткер тұлға болып қалыптасқаны – кемелденгені деп білеміз.

Сондықтан біз даналығымен, даралығымен танылған Абай Құнанбайұлы мен батырлығымен, көрегенділігімен танылған  Бауыржан Момышұлының шығармаларын оқып,  бір-бірімен үндесетін тұстарын табуға тырыстық. Осыны алдымызға міндет етіп қойдық. Абайдың қара сөздері мен оқу-білімге шақыратын, адамгершілікке үндейтін бірнеше өлеңдерін оқып шығып, Абай атамыз қазір бізден талап етіліп отырған зияткер болудың жолын айтып кеткендігін түсіндік.  Заманынан озық туған Абай Құнанбайұлы ғаламдық  өркениетке қарай  қазақ даласынан алғаш қадам басушылардың бірі болды [1]. Ойшыл ақын жалпы адамзаттық құндылықтары қалыптасқан адамның қазақ ішінде қалыптасуын көздеді. Абай да, Бауыржан да  – ең әуелі ұлты үшін еңбек еткен адамдар, олардың бүкіл дүниені тану жолындағы ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған. Екеуіндегі ұқсастықтар – кемел адамды тәрбиелеудің басты шарттарын қарастыруында. Олар қоғам талаптарына жауап бере алатын кемел адамды қалыптастыру негізі отбасы тәрбиесінен басталады дей отырып, оның қоғам мүдделерімен сабақтастықтарының жан-жақты қырларын ортаға салады.

Бауыржан Момышұлы тәрбиенің тамыры халықтың бай дәстүрінде жатқанын бейнелей отырып, нағыз адамның қалай қалыптасатын жолдарын көрсететін көркем шығармаларды жазды. Соның нәтижесінде  «Ұшқан ұя» шығармасы кемеңгер Абай ұсынған адамның кемелдену жолын көркем суреттеуге негіз болды. Б.Момышұлы соғыс тақырыбына бірден қалам тербемей, алдымен «Ұшқан ұяны» жазған себебі: өзінің даңқын емес, халқын ойлады дейді Е.Әлімжан ағамыз [2]. Ұрпақ тәрбиесінің қалай болу керек екенін көрсеткісі келген Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы» тұнып тұрған тәрбие емес пе?! Ата, әже, әке, ана, аға, жеңге, ағайын, ауыл, әпке, жезде, мұғалім тәрбиелері туралы айтқаны баланың ғана емес, үлкенге де әсер ететін көркем тілмен суреттелген.

Ал Абай Құнанбайұлының :
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс, көнсеңіз, – деп келетін өл ең шумақтарынан зияткер тұлғаның бойында болуы тиіс қасиеттерді , бойды аулақ салатын қылықтарды санамалап айтып береді.
Сондай-ақ:
Қайтсе жеңіл болды жұрт билемек?
Жұрты сүйген нәрсені ол да сүймек.
Ішің берік боп, нәпсіге тыю салып,
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.
Әуелден бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек, – деп келетін өлең жолдарынан толыққанды кемелденген адамның нағыз бейнесіне жарасар мінез-құлықтарды сипаттайды.

Абай отыз сегізінші сөзінде: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін  кесер едім» – дейді. Осыдан Абай атамыздың мінезді түзеу – енжарлықтан құтқарып,  алға ұмтылушылыққа, заманға деген көзқарастың өзгеруіне, елінің зияткер ұрпағы болуына ынталандырады дегенін аңғаруға болады деп есептейміз.

Біз салыстырып отырған даңқты екі ұлы тұлғаның мақсаттары бір: адамның жақсы қасиеттерін, мінез-құлықтарын онан сайын асырып, жаманын жөндеу, осы арқылы оның көсегесін көгертіп, шын бақытқа жеткізу. Ендігі кезекте, «Осы мақсат бүгінгі күні жалғасын тауып отыр ма?» – деген сұрақтың туындауы ғажап емес.

Шынында да, қай заманда болмасын, заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті  толғандырып келгені рас. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. Бүгінгі күнді алып қарасақ, елімізді өркениеттілікке жеткізетін, ел экономикасын дамытатын, сондай – ақ, Қазақстан Республикасын 50 дамыған елдер қатарына қосылуға мүмкіндік жасайтын жастарды тәрбиелеу немесе кемел адамды тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы міндет болып отыр. Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған жеке тұлға елімізді, халқымызды бақытты болашаққа жетелейтін мемлекет басшысы болуға лайық [3]. Ендеше біз Абай  мен Бауыржан көзқарастарындағы «кемел адам» ұғымы  бүгінгі күні  қоғамның зияткерлік элитаны  қалыптастыру жайлы идеясымен үйлесіп, өз жалғасын мемлекеттің жаңа білім саясаты арқылы табуда деп білеміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2009 жылы 13 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де өткен «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбындағы дәрісінде: «Ұлттық интеллектің діңгегін, Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру қажет» – деп атап көрсеткен болатын.

Соның бір айғағы ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының 2020 жылға дейінгі  даму Стратегиясында  көрсетілгендей, аталмыш білім беру жүйесінің  білім беру бағдарламасының негізгі бағыты зияткерлік азаматтың қалыптасып, дамуына жағдай жасауға ұмтылуына байланысты . Бұл бағдарлама:

-         жоғары зияткерлік қабілет пен жан-жақты білімнің артықшылығы бар азаматтарды тәрбиелеу;

-         оқушыларды икемділік, инновацияларға  дайындық, творчестволық ойлану мен сын тұрғысынан ойлауға үйрету;

-         оқушылардың  әр түрлі көпшілікпен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігін ашу;

-         оқушыларды Отан үшін адал қызмет етуге дайындауды көздейді [4].

Осы құжаттан-ақ  Абай Құнанбайұлы мен Бауыржан  Момышұлының «кемел адам» турасындағы ой-пікірлері бүгінгі күні өз жалғасын тауып отырғанының дәлелін көреміз. Ғасырдан ғасырға үндескен  ұлт  ұрпағының тәрбиесіне деген көзқарас бүгінгі күннің зияткер ұрпақ тәрбиелеуге деген көзқарасымен үйлесімін тауып отыр деген  қорытындыға келуге болады. Сондықтан біз зияткер тұлға – Абай мен Бауыржан шығармаларының көзқарас  үндестігінен  танылатын   нағыз кемелденген адам деп айта аламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кенжегараев Н.Д. Преемственность национального проекта «Интеллектуальная нация – 2020» и концепции А.Кунанбаева «Полноценная личность».// Молодой ученый.- 2012. – №10. – С.339-342.
  2. Е.Әлімжан. Бауыржан пырағы.Алматы, «Орхон» баспасы, 2010.
  3. Этнопедагогика. Шолпанқұлова Г.К. ҚазҰПУ баспасы. Алматы, 2012
  4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  Дербес білім беру ұйымының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясы. Астана, 2011.

 

Краткое описание материала

2013 жылдың желтоқсан айында қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында мектебімізде өткен «Бауыржан Момышұлы: Ұлттық намыс. Ар-ождан. Абырой»  деп аталатын  Тараз Мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы  «Бауыржантану» орталығы қызметкерлерімен кездесу барысында біз осы сұраққа өзімізше жауап тапқандай болдық. Жазушы, драматург Елен Әлімжанмен кездесу бізге көп әсер мен тың идеялар қалдырды. Біз зияткер тұлға – Абай мен Бауыржан шығармаларының көзқарас  үндестігінен  танылатын   нағыз кемелденген адам болуы тиіс деп шештік. Осы ойды дамыту үшін ғылыми жұмысымыздың негізгі мақсаты –  А.Құнанбайұлы мен Б.Момышұлы шығармаларындағы «кемел адам» ұғымы мен  қазіргі қоғамдағы негізгі идеялардың бірі – зияткерлік туралы түсініктің бір-бірімен үндестігін, үйлесімін табу, зияткер тұлғаның кемелденген адам екенін дәлелдеу болды.

Зияткер тұлға - кемелденген адам

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Tokbayeva Aynur Eleubaykyzy

uchitel

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 17219
  • Подписчики: 4
  • Всего материалов: 5
  • 17219
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 4
    подписчиков

Об авторе

Мен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Рожков (Біржан) ауылында дүниеге келдім. Кішкентайымнан әдебиетке құмар болып өстім.Оның үстіне, анамның ауылда газет-журналдарды таратушы болып еңбек еткендігі де әдебиетті оқуға, газет-журналдардағы әңгімелерді оқуға деген ынтамды арттырды. "Жалын", "Жұлдыз" журналдарын, "Дружные ребята" газетін қызығып оқитынмын. Мектепте ең алғаш "Көркемтай" әңгімесін Ғалия апайымыз оқып бергенде, көзімдегі жасты тыя алмадым. Кейіннен Қарымсақова Риза, Әбдікенова Қарлығаш апайларымыз менің әдебиетке құшатралығымды оятты: талай сындарда байқауға қосты, қаламымды ұштады. Тағы бір айта кеткім келгені: орыс әдебиетінен Өкісханова Ғалия деген мұғалім апайымыз орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларына қызықтырды. Әрі анам да менің орыс классиктерін оқуыма көп мән берді. Осы кезден бастап менің жалпы әдебиет атаулыға - көркем шығармаларды оқуға деген ынтам артты. Мен институтта оқып жүргенде әдебиеттің майталмандарымен танысуыма Руда Зайкенова апайымыз себепкер болды. Алматыда №147 мектеп-гимназияда ең алғаш мұғалімдік қызметімді бастағанда, Оразалиева Раушан Дүйсебейқызының "мектебінен" өттім. Жас мамандарды шынымен шынықтыратын ұстаз бола білді. Осы мектептегі алғашқы завучтар - Ажикова Күләш Қалаубайқызы мен Фатима апайлар нағыз жанашыр қамқор жандар болды. Аоғашқы тәлімгерлерім - Оспанова Айтжан мен Амантаева Ғалия да қазақ тілі мен әдебиетті оқытудан білгендерін аяған емес. "Қыздар, ең бірінші күн - өте маңызды. Оқушы бірінші күні сізді қалай қабылдайды - өмір бойы солай қабылдап өтеді" - деген Ғалия апайдың сөзі әлі де көкейімде. Кейіннен ғылым жолын қуып, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясына келгенде, Даулеталиева Роза Рақышқызының "мектебінен" өттім. Функционалдық сауаттылық дегенді сол кісі үйретті. Отбасы жағдайымен Тараз қаласына көшіп келгенімізде, Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернатына жұмысқа оңай қабылдандым: мектеп директоры А.Садықова білім мен іскерлікті бірінші орынға қойған шынымен де дарынды адам екен. Бұл мектепте мен Дусупова Жанылсын Мұқанқызының "мектебінен" өттім. Мектептегі басқару жүйесінің қыр-сырына осы жерде қанықтым. Орысша-қазақша аударма, функционалдық сауаттылық дегеннің бәрі осы кезде қажет болды. Жақсы нәтижелерге жеттім. Табысты болдым. Осы табысқа жетуіме әріптестерім П.Озықбаеваның, М.Баймолдинаның, Ш.Алтаеваның көп көмектері тиді. Менің түсінгенім: мұғалімдік қызметке кез келген адам оңай келе бермейді. Егер адамда ынта мен алға құлшыныс болса, үйренуге құштар болса, алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ.

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Tokbayeva Aynur Eleubaykyzy. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: