Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЗияткерлік сайыс "Дарабоз" /3-сынып/

Зияткерлік сайыс "Дарабоз" /3-сынып/

Скачать материал

 

Майшұқыр негізгі мектебі

                                                                                         

                                                                                        Бекітемін

                                                                              Мектеп директорының м.а.:                 Ж.Махметов

 

 

 

 

 

 

«Дарабоз»

(зияткерлік сайыс)

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

                 Айгерім Маратқызы Туребекова

 

2018-2019 оқу жылы

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен  2-4 сынып оқушыларының арасында «Дарабоз» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.

Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
-
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Жігер» тобы
2 «Болашақ» тобы
3 «Білім» тобы

- Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Кіріспе сөз.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын 6 бөлімнен тұрады:
1
.“Қас – қағым сәтте”
2.“Тұлғаны тани біл”
3.“Сандар сыры ”
4.“ Мақал - сөздің мәйегі ”
5.“Көкпар”
6.«Ойлы болсаң, озып көр!»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

І - кезең.“Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ
5 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

1 - тобы:
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең фигура)
4. Көкжиектің неше тұсы бар?(4)
5. Ы. Алтынсарин кім?(қазақ мектебін ашқан)

2 - тобы:
1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Көктем айларын ата.(наурыз, сәуір, мамыр)
3. Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4. А. Құнанбаев кім? (ақын)
5. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)
3 - тобы:
1. Өлі табиғатқа не жатады?( тау, тас, бұлт(
2. Көбейтудің қасиеттерін ата(терімділік, үлестірімдік, орын ауыстырымдылық)
3. Жылқының сүті(қымыз)
4. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанған бөлігі)
5. Үш биді ата(Төле, Әйтеке, Қазыбек)

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.

Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр топқа
4 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

Шәмші Қалдаяқов
- композитор, Қазақстанның халық артісі 

Мұхтар Әуезов- қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым

Серік Сәпиев-боксшы, спортшы

Роза Рымбаева- әнші

Бауыржан Момышұлы-  Кеңес одағының батырыжазушыЕкінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Тоқтар Әубәкіров- тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Шәкен Ниязбеков-  суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы.

Абылай хан- 17711781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі

Әйтеке би- қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.

Әлия Молдағұлова-  Кеңес Одағының Батырымергенефрейтор.

Илья Ильин-  Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Күлаш Байсейітова- қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты



ІІІ – кезең «Сандар сыры»
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

6-Астана күні

16-тәуелсіздік күні

1-білім күні, елбасы күні, күлкі күні, ынтымақ күні, балаларды қорғау күні

31-Саяси қуғын сүргін-құрбандарын еске алу күні

22-Ұлыстың ұлы күні, тілдер мерекесі

12-Ғарышкерлер күні

15-отбасы күні/мамыр/, теңге  күні

9-мамыр

30-Ата Заң күні, жерді қорғау күні/наурыз/, Бауырлас қалалардың дүниежүзілік күні /сәуір/



- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

IV - кезең. “Мың бір мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал - мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Ананың көңілі балада, …
Қына тасқа бітеді,...
Досы көпті жау алмайды, …
Ақыл – тозбайтын тон,...
Өзге елде сұлтан болғанша,...


Білекті бірді жығар,...
Туған жердің күні де ыстық, …
Еңбектің наны тәтті,...
Бірлік болмай,...
Туған жердей жер болмас,...

Оқу – білім бұлағы,...
Төртеу түгел болса,...
Ырыс алды -...
Еңбек етсең ерінбей,...
Білім қымбат,...

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

V бөлім – «Көкпар»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Берілген «қанағаттанарлық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

VІ кезең – «Ойлы болсаң, озып көр!»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

1. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.
Жеңімпаз топты анықтау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Зияткерлік сайыс "Дарабоз" /3-сынып/"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 959 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2019 2602
    • DOCX 23.7 кбайт
    • 62 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туребекова Айгерим Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туребекова Айгерим Маратовна
    Туребекова Айгерим Маратовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 75571
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов