Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Рабочие программы / «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары

библиотека
материалов

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы оқушылардың

рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары


Камашева Гүлжанат Абатоллақызы

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Атырау облысы, Индер ауданы

Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп


ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.

Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелейді. Жеке тұлғаның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады.

Шығыс ғұламалары Омар Хайям: “Адамдардың пайдалысы – адамдарға пайда келтіргендер” десе, Рудаки бұл ойды одан әрі нақтылай түседі: “Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз”. Қарап отырсақ, әлемдегі қайғы-қасі­реттердің болу себебі адам өмірінде адамгершілік құндылықтардың және арман-мұратының болмауынан екен. Сондықтан да ізгіліктің ең үлкені – адамдарға жақсылық жасау деп түсінсек, мұның өзі адамның бойында ізгіліктің болуынан бастау алады екен. Біреулер қоғамда көп ғылымның, біреулер үлкен байлықтың иесі болар. Бірақта адамда адамгершілік қасиеттер болмаса, бұл жеткен жетістіктері жалаң, жадағай болып шығады.

Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі – кез келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани – адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсету.

Рухани-адамгершілік тәрбие – дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығы.

Рухани–адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.

Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.

Тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау.

Жас ұрпаққа рухани тәрбие мен білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін, өмірдің құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте ұстай білуі, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттілігін түсінуді қамтамасыз ету.

Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап (мысалы, ұжымдық үдеріс қауымдастық пен жеке тұлғалылыққа алмасты, ұлттық, қоғамдық құндылықтардан гөрі жеке құндылықтар басымдылық таныта бастады), жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар азаматтарымыздың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту және тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады. Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жаңа «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасын әзірлеу және тәжірибеден өткізу эксперименті өзінің алғашқы қадамын жасады.

«Біз білім беру жүйесі арқылы қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртқымыз келеді. Сол арқылы әр адам өз бойындағы қабілеттерін толық жүзеге асырып, өз мемлекетімізге ғана емес, бүкіл адамзат иігілігіне пайда келтіре алатындай болуы керек…

Баланың бойындағы қабілеттерін ашып, оның өз жан-дүниесіне үңіліп, өз болашағына деген сенімін ояту, өзін-өзі құрметтеп, өз ар-ұжданымен өмір сүруі қандай маңызды десеңізші! Мейірбандық пен Сүйіспеншілік жүректен жүрекке жетіп, әлемге шапағат нұрын төге берсін…» -деді «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы С.А.Назарбаева. Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты - өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-жерін сүйетін, рухани-адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі сонда – бұл пән адами құндылықтарды оқытуға бағытталған. Ал «адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз бұл қағидалар практикада, күнделікті өмірде қолданылады дегенді білдіреді. Білім берудің шынайы мақсаты адам баласына тән қабілеттердің көрініп, ашылуы болып табылады».

Оқушыларға рухани-адамгершілік білім беруді мақсат еткен «Өзін-өзі тану» пәні жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды негіз етеді.

Жоғары рухани құндылықтар: махаббат, жақсылық, өмір мәні, ақиқат, еркіндік, сұлулық, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және т.б.

Осы құндылықтардың мәні не, маңызы қандай, мақсаты неде дегенге келетін болсақ, құндылықтардың әрқайсысы адам баласының өмірлік ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке тұлғаның бағыттылығын, оның сенімдерін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын, өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асырып, жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді.

Ұлттық құндылықтар: ұлттың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өнері, әдебиеті, музыкасы, ата-мұрасы және т.б.

Еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие беру ісі өткір мәселе саналады. Осы тұрғыда «Өзін-өзі тану» пәні ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат етіп отыр. Бұл орайда пән мазмұны арқылы ұлттық тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан бала рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ көңілділікке, ерлікті көксеуге, күш-қайратты шыңдауға ұмтылдыратын – нағыз ұлттық, қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны тебіренетін – көркем шығармалар, адамгершілік бастаулары, әдептілік қағидалары, өсиет әңгімелері, шешендік сөздері және т.б. Міне, осындай қуат бойына дарыған жас ұлан келешекте бәсекеге қабілетті болатыны сенімді.

  1. Адамның өзін-өзі тануы

  2. Адам және қоғам

  3. Адам және қоршаған орта

  4. Адамзаттың рухани тәжірибесі

тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.

Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпыадамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған.

Сабақта міндетті түрде орындалатын сабақтың әдіс-тәсілдері: олар - «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесейік», «Дәйексөз», «Жаңа ақпарат», «Шығармашылық жұмыс», «Өзіммен-өзім», «Тыныштық сәті», «Дәптермен жұмыс», «Сергіту сәті», «Жағдаяттарды талдау», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», «Жүректен –жүрекке». Сабақтың басталуының өзі ерекше, біріншіден оқушыға еркіндік беріледі. Ол өзін-өзі еркін ұстауға үйренеді, пікірі дұрыс, бұрыстығын өзара пікірталас кезінде ғана түсінеді. Пікірталас кезінде барлық пікір қабылданады, құрметтеледі. Мәтінді талдау арқылы көзделген мақсатқа жету, көптеген әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Пікірталас, топтық, жұптық, белсенді жеке жұмыс түрінде болуы мүмкін. Бастауыш сыныптарда ойын түрінде, сахналау түрінде, іштей елестету, тыныштық сәтінде әр жеке тұлғаға өзінің ішкі әлемін түсінуге мүмкіндік беріледі. Дәйексөз – сабақтың ең негізгі түйінін шешетін кезең. Сабақтың қорытынды бөлігі «Жүректен –жүрекке» ойға жетелейді. «Мен бүгін не ұқтым?» - осы қорытынды бөлігінде айтылған ой түйіні арқылы тақырыптың балаға қалай әсер еткенін бақылауға мүмкіндік болады. Шеңбер құра отырып ой жалғастырады, бірін-бірі толықтырады, бір-біріне ұқсамайтын жаңа ой айтуға талпынады, ізденеді, осылайша әр оқушыда дербес әрекет дағдысы қалыптасады, дамиды.

«Өзін-өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Осы пәнді оқыту арқылы адамның жүрегінде қамқорлық, өз еліне сүйіспеншілік пен шынайы патриотизм рухы қалыптасады.

«Өзін-өзі танудың» негізгі идеясы: әдебиеттен, тарихтан, өмірден алынғаны сөзсіз. Бірақ, ол - әдебиет те, тарих та емес, әдеби шығарма, ол адамзаттың ғасырлар бойы жинақталған философиялық өмір сүру қағидаларынан алынған. Балаға не беруіміз керек, сол мақсатқа жету үшін жұмыс жүргізіледі.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы оқушылардың рухани- адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы негізгі мақсатым – өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру.


Краткое описание документа:

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы оқушылардың

 рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары

 

Камашева Гүлжанат Абатоллақызы

          «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

           Атырау облысы, Индер ауданы

          Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп

 

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.

“Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

 

Рухани тәрбие адамның ізгілік ұстанымдарын тәрбиелейді. Жеке тұлғаның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмір даналығын түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. 

Автор
Дата добавления 16.02.2015
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2447
Номер материала 390742
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх