Инфоурок Обществознание КонспектыӨзін-өзі тану пәнінен конспект (4сынып)

Өзін-өзі тану пәнінен конспект (4сынып)

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: Ата- баба өнері

Сабақтың мақсаты:  “Өнер” құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың білімділік міндеті:Ата- баба өнері, соның ішіндегі ою-өрнектің маңыздылығы жайлы түсініктерін кеңейтіп ұғындыру, өнердің құндылық ретіндегі мәнін ашу;

Сабақтың тәрбиелік міндеті:  Ата-баба өнерінің адам өміріндегі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлерін сыйлай білуге тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың дамытушылық міндеті:Шығармашылық және ойлау қабілеттерін, есте сақтау және өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекіліктер: ою-өрнек түрлері, жүрекше, әуен, доп, диск

Сабақтың жабдықталуы: теледидар

Сабақта қолданылатын оқыту, тәрбие әдістері: шаттық шеңбері, сұрақ-жауап,

сабақтың дәйек сөзі, шығармашылық жұмыс, бейнематериалдар көру, сергіту сәті,

жаттығу-ойлану, әңгімелеу, жүректен-жүрекке.

Пәнаралық байланыс: тарих, ана тілі, музыка

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ жоспары:

1.            Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу, танысу(1мин)

2.            Шаттық шеңбері(4мин)

3.            Сұрақ-жауап(6мин)

4.            Сабақтың дәйек сөзі(2мин)

5.            Оқу ақпаратын беру.(3мин)

6.            Оқу(5мин)

7.            Шығармашылық жұмыс(15мин)

8.            Бейнематериалдар көру(5мин)

9.            Сергіту сәті

10.        Жаттығу-ойлану

11.        Әңгімелеу

12.        Қорытындылау

13.        Үйге тапсырма беру(1 мин)

14.        Рефлексия(3мин)

15.        Жүректен-жүрекке(5мин)

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу, танысу

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Таңертеңнен бері мен қуаныш сезіміне бөленіп жүрмін, өйткені сендермен кездесуді асыға күттім. Ал, сендер «Өзін-өзі тану» сабағына келе жатқанда қуандыңдар ма?( балалардың жауабы:-Ия, қуандық)

1.           Шаттық шеңбері:

-               Балалар, сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, мына тамаша әлеммен, жарқын күнмен, абзал адамдармен, достарымызбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

 Армысың, менің досым!

-енді орынымызға отырайық.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Ата-баба  өнері. Мен сендерге Арасанбай Естеновтың «Ардақты ата – бабалар» өлеңін оқып берсем:

Абылай – алаштың ұраны,

Абай – халқының ұлы әні.

Құрманғазы – күй атасы,

Ақандар – ерке бұланы.

Өлмейтін есімдер мәңгілік

Көгімде жарқырап тұрады!

Сұрақ-жауап

§   Сендер өнердің қандай түрлерін білесіңдер?\ сурет өнері, би өнері,зергерлік өнер, ұсталық өнер, тоқыма өнері,

§   Ата-баба өнері”дегенді қалай түсінесіңдер?

§   Сендердің ата-апаларың белгілі бір өнер түрімен айналыса ма?

§   Балалар, өз бойларыңда қандай өнер бар? Ол өнерің арқылы кімге ұқсағанмын деп санайсың?

§    Өнердің адам өміріндегі рөлі қандай?(Өнер –адамның асыл қасиеттерін шыңдайды.Өнер құпия қазыналарды ашатын сиқырлы кілт сияқты.

§    Өздерің өнердің қандай түрлерін ұнатасыңдар?

 

Сабақтың дәйек сөзі:

Еңбек - өнер өрісі, өнер – өмір жемісі

- Өнерлі адам  – өмірді шығармашылық пен көркем образдар арқылы суреттеуде ерекше қабілет, шеберлік, іскерлік байқатады. Өнерлі адам әрқашан өз мақсатына жетуде еңбектенеді және өз өміріне нәр беріп, құштарлығын оятып еңбегінің жемісін көреді.Өмірде өнердің маңызы ұшан теңіз. Өнер көп еңбек пен төзімді қажет етеді.

Оқу ақпаратын беру.

         Өнер – шығармашылық іс. Өнер- адамды өрлетеді. Ата-баба өнері- «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өседі. Қыздар аналары немесе әжелерінен тоқыма тоқуға, әр түрлі төсек жабдықтарын жасауды үйренеді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлерін қаз қалпында келер ұрпаққа жеткізу  үшін ата-әжелеріміз бізге үйретеді. Халқымыздың қасиетті өнерін бағалап үйренуіміз керек. Ата-бабамыздан қалған ұлттық өнерімізді жалғастыратын, көркейтіп, дамытатын сендерсіңдер, ал оның көркеюіне әрқайсымыз үлес қоссақ, қазақ халқының өнері мәңгі жасайды. Өнер туындыларын жасайтын, өз бойындағы өнерге қабілетін дамытып, танытатын адамды  Өнерлі адам дейді. Өнердің адам өміріндегі орны- өнер адамды жеңістерге жетелейді, танымал етеді. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.

«Оқып үйренейік»

«Өсиет әңгіме»  (аңыз)

Мен сендерге Дүрия мен Ыдырыс туралы аңыз айтып берейін.

1.           Осы аңыздан  қандай ой түйдік?

2.           Ыдырыстың ою-өрнек өнерін үйренгендігінің  қандай көмегі болды?

«Шығармашылық жұмыс»    

Балалар 32-33 беттегі суреттерге назар аударайық!  Мына суреттерде қандай өнер түрлері бейнеленген?

1-сурет. ( балалардың жауабы: құмыра жасау өнері) ия бұл қыш өнері ол керамика деп аталады.Ол мындаган жыл бұрын пайда болган. Ерте кезден тұрмыста керек заттарды қыштан жасаған.

2-сурет. . ( балалардың жауабы: зергерлік өнер)Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі .Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.

-Балалар,мына суреттерде зергерлік бұйымдардың фотосуреттері берілген. Осы суреттегі қандай зергерлік бұйым екенін және оны қайда қолданатынын айтайық:

v  Табақ, тостаған, торсық

v  Садақ, жебе, қорамсап

v  Қамшы

v  Алқа, сырға

v  Бесік

v  Қапсырма

v  Ұлттық киім

v  түскиіз

Балалар осы зергерлік бұйымдардан не байқауға болады? ( балалардың жауабы:Ою-өрнек)Дұрыс, әр заттан ою-өрнек көрдік. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою – өрнек.

Сендер мультфильм көргенді ұнатасыңдарма? ( балалардың жауабы: -ия ұнатамыз)

Қане, назарымызды осы қазақтың ою-өрнектері жайындағы  мультфильмге аударайық.

«Бейнематериалдар көру» –Балалар, сендерге мультфильм ұнадыма? Қандай ою түрлері бар екен?

3-сурет. ( балалардың жауабы: би өнері) Би-бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. -Балалар сендер қазақ халқының қандай би түрлерін білесіңдер? . ( балалардың жауабы:қара жорға, қамажай) кім бізге қара жорға биін билеп көрсеткісі келеді, кім әдемі билейді екен?

4-сурет. (балалардың жауабы:айтыс өнері)Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетінің кең өрісті үлкен бір саласы.-Балалар,сендер қандай айтыскер ақындарды білесіңдер?. ( балалардың жауабы: Ринат Зайытов, Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жүрсін Ерманов, Сара Тоқтамысова)–Дұрыс, қазақ жеріне көптеген суырып  салма айтыскер ақындар көп.

5-сурет. ( балалардың жауабы: құрылыс өнері) Қане, балалар,  мына жерде үйдің терезелері, есігі, кірпіштері, шатыры  жатыр. Осы үйдің бөлшектерінің артында мақалдың басы жазылған соны бірге аяқтап үй тұрғызайық.

1.           Өнер-ағып жатқан бұлақ, білім-.................. (жанып жатқан шырақ).

2.           Өнерлі адам-................. (сүйкімді).

3.           Асыл-таста, өнер-............(жаста).

4.           Жігіт кісіге жетпіс ........ (өнерде аз).

5.           Өнер алды-...............( қызыл тіл).

6.           Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт............... (жер соғар).

7.           Өнерлі қол-................ (бақытқа жол).

8.           Ақыл көпке жеткізер, өнер.................. (көкке жеткізер).

6-сурет. ( балалардың жауабы: оқу өнері)Білімдіге дүние жарық.Білімсіздің күні кәріп”.- дегендей білімнің адам өміріндегі ең маңызды орын алады. Білім арқылы адам көптеген биікке шығады, алға қойған мақсаттарына жетеді.

Қазақта «Өнерлі қол-бақытқа жол»деген жақсы халық мақалы бар. Өнерлі адам әрқашан өз мақсатына жетуде өз қабілетін танытады. Сондықтанда өнерлі болу арқылы бақытқа жетуге болады. Біз әрқайсысымыз өнер туындыларын өз қолымызбен жасай аламыз. Біздің бойымызда белгілі бір өнерге икеміміз болады. Мысалы: суретке деген икеміміз болса , сурет салып ол сурет әдемі шықса біз қуанып бақытқа кенелеміз.)

Сұрақ-жауап

1)          Сонымен, балалар, ата-баба өнерінен бізге жеткен қандай өнер түрлері бар екен?

2)          Біз не себепті бұл өнер түрлерін ата-баба өнері деп атаймыз?

3)          Ата-баба өнерін дамыту үшін сен не істеуің керек деп санайсың?

4)          Қазақтың ұлттық өнерінің қандай ерекшеліктері бар?

5)          Өнердің қай түрін үйренгілерің келеді?

Үйге тапсырма. «Ою хан мен Жою хан» ертегісін оқыңдар. Сол бойынша өз ойларыңды дәптерге осы ертегі мазмұнына сәйкес берілген ою-өрнектердің  тұсына түсіріңдер.32-33 беттегі суреттерге қарап ұнаған өнер түрін дәптерлеріңе бейнелеңдер.

Қорытындылау. Сонымен, балалар, біз бүгін ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан өнер түрлерімен және қазақтың ою өрнектерімен таныстық. Әр өнердің өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы өте көп.

Рефлексия

-               Сонымен, балалар, бүгінгі сабақтан  ойларыңа не түйдіңдер? Нені үйрендіңдер? Қандай өнер түрлерімен таныстыңдар? Бүгінгі сабақта кімнен үлгі-өнеге алар едіңдер?

«Жүректен жүрекке » шеңбері
«Өнер»  С. Қалиев

Домбырам күмбірлеп,

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,

Сурет те саламын.

 

Ұқсатып кілемге

Кесте де тігемін.

Актерше рөлде

Ойнай да білемін.

 

Жалықпай талай күн

Жасаймын мүсін де.

Болмауын қалаймын

Бір ақау ісімде.

Өнер көп бойымда,

Мақтану маған жат.

Өнерлі болуға

Тиісті адамзат.

Мен барлық балаларды «Жүректен жүрекке» шеңберіне тұруға шақырамын. Біз бүгін өте көп және қызықты жаналықтарды естідік. Мына қолымдағы допты кезектесіп бір-бірімізге лақтырып сол бала қандай өнер түрін орандауға қабілетті екенін айтып, өз ықыласымызды білдірейік. Мысалы, «Айжан, сен  тамаша бишісің!» немесе «Талғат, сен мықты спортсменсің, біз сені мақтан тұтамыз»

-               Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәнінен конспект (4сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ата- баба өнері

Сабақтың мақсаты:  “Өнер” құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың білімділік міндеті:Ата- баба өнері, соның ішіндегі ою-өрнектің маңыздылығы жайлы түсініктерін кеңейтіп ұғындыру, өнердің құндылық ретіндегі мәнін ашу;

Сабақтың тәрбиелік міндеті:  Ата-баба өнерінің адам өміріндегі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлерін сыйлай білуге тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың дамытушылық міндеті:Шығармашылық және ойлау қабілеттерін, есте сақтау және өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.

 Өнер – шығармашылық іс. Өнер- адамды өрлетеді.Ата-баба өнері- «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өседі. Қыздар аналары немесе әжелерінен тоқыма тоқуға, әр түрлі төсек жабдықтарын жасауды үйренеді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлерін қаз қалпында келер ұрпаққа жеткізу  үшін ата-әжелеріміз бізге үйретеді. Халқымыздың қасиетті өнерін бағалап үйренуіміз керек. Ата-бабамыздан қалған ұлттық өнерімізді жалғастыратын, көркейтіп, дамытатын сендерсіңдер, ал оның көркеюіне әрқайсымыз үлес қоссақ, қазақ халқының өнері мәңгі жасайды. Өнер туындыларын жасайтын, өз бойындағы өнерге қабілетін дамытып, танытатын адамды  Өнерлі адам дейді. Өнердің адам өміріндегі орны- өнер адамды жеңістерге жетелейді, танымал етеді.Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 915 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.05.2015 3244
    • DOCX 30.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токенова Жанерке Сатыпалдықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 25040
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 291 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек