Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Өзін-өзітану. Жақсылық жасай білейік 4- сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Өзін-өзітану. Жақсылық жасай білейік 4- сынып

библиотека
материалов

hello_html_2e72b060.gifhello_html_2e72b060.gifhello_html_2e72b060.gifhello_html_2e72b060.gifӨзін – өзі тану 4 – сынып

( жаңа форматты сабақ )

Нурушева Светлана Жолдаскалиевна

І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Аңқаты жалпы орта білім беретін мектеп


БҚО Теректі ауданы Аңқаты ауылы


Өзін – өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Аңқаты ЖОББМ

Тақырып: № 16- сабақ: Жақсылық жасай білейік.

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер : Ешқашан зиян келтірмеу, бірлік, әрқашан қөмектесу.

Мұғалiм : Нурушева Светлана Жолдаскалиевна

Сынып : 4

Оқушылар саны: 12 Күні:


Сабақтың мақсаты:

  • ертегідегі қиянат жасамау құндылықтарын мәнін ашу және түсініп ажырата білуге үйрету;

  • ой - өрісін кеңейтіп, ойларын толық жеткізуге дағдыландыру;

  • сөздік қорын молайту.



Міндеттері:

  • әрқашан көмекке келу әрекеттерін дамыту;

  • бірлікке тән қасиеттерге, ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу;

  • жақсылық жасаудың, әрқашан көмекке келу мәнділігін түсінуге үйрету;

  • өзін танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну;

  • өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

  • күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде қиянат жасамай белсенділік таныту;

  • Бірлесіп еңбек етуге қызығушылығын арттыру.

 


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқу құралдарын тексеру. 5 «Т»: Тәртіп

Талап

Тазалық

Татулық

Тыныштық


  1. Тыныштық сәті: « Нұрға бөлену »

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолдарыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюыңызға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.



  1. Үй тапсырмасын тексеру: § 16

« Асқабақтың дәні » (абхаз халық ертегісі)

Бір әйел үйінің табалдырығында балаларының киімін жамап отырады. Күтпеген жерден қарлығаштың ұясынан кішкентай балапан құлап қалады. Әйел балапанды көтеріп алақанына алып қараса, аяғын сындырып алыпты. Балапанға жаны ашыған әйел оның аяғын байлап, балапанды ақырындап ұясына қайта салып қояды.
Бұған риза болған қарлығаш келесі көктемде жылы жақтан ұшып келген кезінде әйелдің алдына асқабақтың дәнін тастап кетеді. Ол дәнді алып бақшасына отырғызады, ал асқабақ әбден піскенде, ас әзірлемек болып асқабақты жарады.
О, ғажап! Асқабақтың ортасынан лақ етіп, алтын теңгелер шашылып кетеді. Мұны қызғаншақ көршісі көріп қалады. Келесі көктемде қызғаншақ көршісі қарлығаштың ұясынан балапанды суырып алып, аяғын сындырып, қауырсынымен байлап, ұясына қайта салып қояды.
Көктемде қарлығаш ұшып келгенде, оған да асқабақтың бір дәнін тастап кетеді. Қызғаншақ әйел асқабақ өсіріп, оның күзде пышақпен жарады. Одан қызыл жылан шығып, қызғаншақ әйелдің сазайын тарттырыпты.



? Балалар ертегіден нені түсіндіңдер?

? Екі асқабақтан да алтын теңге шықты ма?

? Неге олай болды деп ойлайсыңдар?




  1. Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік.



  1. Дәйексөз: Адамдарға түсінікпен қарасақ,
    Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.
    Жасамайық адамзатқа қиянат,
    Осының бәрін санаңызға ұялат.



Абай

? Дәйексөздің мәні неде ?

? Қандай құндылықты ашады ?




  1. Әңгімелеу. ( Мұғалімнің сыйы )



Жүрек жарасы – жамандықтан

Аңыз

Баяғыда бір үйде жалғыз ерке  бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы  шарбаққа бір шегеден қағып отыр »,- дейді. Бала жамандық  істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады.  33 шеге қаққасын,  4 шегені әкеп әкесіне  береді де,  былай дейді: «Әке, мен  енді  ешкімге  жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ ». Сонда әкесі былай дейді: « Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр »,- дейді. Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  шарбаққа қараса, ол  тесік – тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: « Балам, адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  тесіктер қалады »,- дейді.



Талқылау сұрақтары:

? Әкесінің баласы қандай болып өскен ?

? Әкесі қандай амал ойлап табады ?

? Баласы өз қатесін түсіне алады ма                                                                                                           



  1. Шығармашылық жұмыс.

Бірлік туралы мақал мәтелдер жазып шығу.

(Қатармен жұмыс)



  1. Ән айту. Көгәрайда шегіртке.

Сөзі: Н.Носовтікі

Әні: В.Шаинскийдікі

Аудармасы: (С.Ж. Нурушева )



Көгәрайда отырады,

Қиярға ұқсап шегіртке.

Жап –жасыл боп отырады,

Қиярға ұқсап шегіртке.



Елестет сен, өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Жап жасыл боп отырады,

Қиярға ұқсап шегіртке!



Қиянат ол жасамайды,

Шіркейге ол тимеді.

Көгәраймен қоректеніп,

Шыбындармен дос еді.



Елестет сен, өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Көгәраймен қоректеніп,

Шыбындармен дос еді.



Құрсағы бір тойматын,

Келе қалды көлбақа.

Шегірткені жеп қояды,

Мүдірмей ол тез ғана.



Елестет сен, өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Шегірткені жеп қояды,

Мүдірмей ол тез ғана.



Тіптен ол ойламады,

Мүлдем ол ойламады.

Осылай болып қалады деп,

Солай болып қалады деп.





Елестет сен, өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Мүлдем ол ойламады,

Осылай болып қалады деп.



  1. Үй тапсырмасы: § 17


  1. Тыныштық сәті. - Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар. Мен ешкімге ешқашан киянат жасамаймын! – деп, іштей қайталап отырыңыз.
       



Краткое описание документа:

Мектеп:  Аңқаты ЖОББМ

Тақырып:  № 16- сабақ:   Жақсылық жасай білейік.

Құндылық:  Қиянат жасамау

Қасиеттер :  Ешқашан зиян келтірмеу, бірлік,  әрқашан қөмектесу.

Мұғалiм : Нурушева  Светлана  Жолдаскалиевна

Сынып :  4

Оқушылар саны: 12                                                  Күні:

 

Сабақтың мақсаты:

Øертегідегі  қиянат жасамау құндылықтарын мәнін ашу және түсініп ажырата білуге үйрету;

Øой - өрісін кеңейтіп, ойларын толық жеткізуге дағдыландыру;

Øсөздік қорын молайту.

 

 

Міндеттері:

Øәрқашан көмекке келу әрекеттерін дамыту;

Ø бірлікке тән қасиеттерге, ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу;

Ø жақсылық жасаудың, әрқашан көмекке келу  мәнділігін түсінуге  үйрету;

Øөзін танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну;

Ø өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

Øкүнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде қиянат жасамай белсенділік таныту;

ØБірлесіп еңбек етуге қызығушылығын арттыру.

 

 

1.       Ұйымдастыру кезеңі:  

Оқу құралдарын тексеру.   5 «Т»:  Тәртіп

                                                           Талап

                                                           Тазалық

                                                           Татулық

                                                           Тыныштық

 

2.     Тыныштық сәті:  « Нұрға бөлену »

     Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолдарыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюыңызға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

 

 

3.     Үй тапсырмасын тексеру:   §16

« Асқабақтың дәні » (абхаз халық ертегісі)

    Бір әйел үйінің табалдырығында балаларының киімін жамап отырады. Күтпеген жерден қарлығаштың ұясынан  кішкентай балапан құлап қалады. Әйел балапанды көтеріп алақанына алып қараса, аяғын сындырып алыпты. Балапанға жаны ашыған әйел оның аяғын байлап, балапанды ақырындап ұясына қайта салып қояды.
     Бұған риза болған қарлығаш келесі көктемде жылы жақтан ұшып келген кезінде әйелдің алдына асқабақтың дәнін тастап кетеді. Ол дәнді алып бақшасына отырғызады, ал асқабақ әбден піскенде, ас әзірлемек болып асқабақты жарады.
     О, ғажап! Асқабақтың ортасынан лақ етіп, алтын теңгелер шашылып кетеді. Мұны қызғаншақ көршісі көріп қалады. Келесі көктемде қызғаншақ көршісі қарлығаштың ұясынан балапанды суырып алып, аяғын сындырып, қауырсынымен байлап, ұясына қайта салып қояды.
     Көктемде қарлығаш ұшып келгенде, оған да асқабақтың бір дәнін тастап кетеді. Қызғаншақ әйел асқабақ өсіріп, оның күзде пышақпен жарады. Одан қызыл жылан шығып, қызғаншақ әйелдің сазайын тарттырыпты.

 

 ?  Балалар ертегіден нені түсіндіңдер?

 ?  Екі асқабақтан да алтын теңге шықты ма?

 ?  Неге олай болды деп ойлайсыңдар?

 

 

4.     Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік.

 

 

5.     Дәйексөз:     Адамдарға түсінікпен қарасақ,
                      Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.
                      Жасамайық адамзатқа қиянат,
                      Осының бәрін санаңызға ұялат.

 

                                                                               Абай

              ? Дәйексөздің мәні неде ?

              ? Қандай құндылықты ашады ?

            

 

 

6.     Әңгімелеу. ( Мұғалімнің сыйы )

 

Жүрек жарасы – жамандықтан

Аңыз

     Баяғыда бір үйде жалғыз ерке  бала болады.  Ол  адамбаласына  тек  жамандық  жасап  өседі.  Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді  де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы  шарбаққа бір шегеден қағып отыр »,- дейді.  Бала жамандық   істеген сайын,  бір шегеден қағып отырады,  әсіресе,  бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады.  33 шеге қаққасын,  4 шегені  әкеп әкесіне  береді де,  былай дейді:  «Әке, мен  енді  ешкімге  жамандық істемеймін, маған енді шегелердің  керегі жоқ ».Сонда әкесі былай дейді:             « Балам, енді адамдарға  жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр »,- дейді.  Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  шарбаққа  қараса, ол  тесік – тесік болып қалыпты. Сонда  әкесі баласына  былай депті: « Балам, адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  тесіктер қалады »,- дейді.

 

 Талқылау сұрақтары:

  ?  Әкесінің баласы қандай болып өскен ?

  ?  Әкесі қандай амал ойлап табады ?

  ?  Баласы өз қатесін түсіне алады ма                                                                                                           

 

 

7.     Шығармашылық жұмыс.

Бірлік туралы мақал мәтелдер жазып шығу.

(Қатармен жұмыс)

 

 

8.     Ән айту.     Көгәрайда шегіртке.

                        Сөзі: Н.Носовтікі

                         Әні: В.Шаинскийдікі

                         Аудармасы: (С.Ж. Нурушева )

 

Көгәрайда отырады,

Қиярға ұқсап шегіртке.

Жап –жасыл боп отырады,

Қиярға ұқсап шегіртке.

 

Елестет сен,  өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Жап жасыл боп отырады,

Қиярға ұқсап шегіртке!

 

Қиянат ол жасамайды,

Шіркейге ол тимеді.

Көгәраймен қоректеніп,

Шыбындармен дос еді.

 

Елестет сен,  өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Көгәраймен қоректеніп,

Шыбындармен дос еді.

 

Құрсағы бір тойматын,

Келе қалды көлбақа.

Шегірткені жеп қояды,

Мүдірмей ол тез ғана.

 

Елестет сен,  өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Шегірткені жеп қояды,

Мүдірмей ол тез ғана.

 

Тіптен ол ойламады,

Мүлдем ол ойламады.

Осылай болып қалады деп,

Солай болып қалады деп.

 

 

Елестет сен,  өзіңе!

Елестет сен, өзіңе!

Мүлдем ол ойламады,

Осылай болып қалады деп.

 

 

9.     Үй тапсырмасы: § 17

 

10.                        Тыныштық сәті. - Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар. Мен ешкімге ешқашан киянат жасамаймын! – деп, іштей қайталап отырыңыз.
   

 

 

Автор
Дата добавления 14.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров993
Номер материала 442083
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх