Инфоурок Школьному психологу Тесты«Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» әдістемесі (САН)

«Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» әдістемесі (САН)

Скачать материал

                   «Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» әдістемесі (САН)

Бұл әдістеме алғаш 1973 жылы И. М. Сеченов атындағы Мәскеулік медицина институтында В. А. Доскин, Н. А. Лаврентьев, В. Б. Шарай және М. П. Мирошников ғалымдарымен өңделіп, ұсынылған. Ғалымдар үш негізгі психоэмоционалды қалып, яғни өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй әдістемесін өңдеуде қарама-қарсылық бағамен сипаттады. Алайда алынған мәліметтер, яғни өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй жалпылама мінездеме болып табылады.

          Бұл әдәстеменің конструкторлы валидтілігі: дене температура, динамика, хронорефлексометрия көрсеткішін көрсетті және 300 студенттерді таңдап жүргізіліп, стандартизацияланған. Индивидуалды ерекшеліктерін көрсетуде, психофизиологиялық қызметте биологиялық ритмі мен психоэмоционалды  реакциясын бағалауда кең қолданылады.

            Әдістеме мақсаты: өзін сезінуі, белсенділігін, көңіл-күйін оперативті бағалау.

            Әдістеменің мәні зерттелінушіге көпдеңгейлі шкала бойынша өз жағдайын белгілеу және бұл шкала 3210123  индексінен тұрады.  Бұл индекстер 30 жұп сөздер мен қарама-қарсы 30 сөздерінің ортасында орналасқан.  Белсенділік, жылдамдылық, қозғалу қызметі; күш қуат, денсаулық өзін сезінуі; ал көңіл-күй эмоцианалды қалыпты сипаттайды.

            Әдістеме нұсқауы зерттелінуші қазіргі жағдайдағы қалпын кесте бойынша 30 белгілі арқылы бейнелейді. Тек қазіргі жағдайдағы қалыпқа сәйкес келетін, қарама-қарсы 30 жұптан тұратын белгілерден таңдап белгілейді. Деңгейіне байланысты көрінетін сандарды таңбалау керек.

 

Өзін сезінуі, белсенділігі, көңіл-күйі

 

1

Өзін-өзі сезінуі жақсы

3 2 1 0 1 2 3

Өзін-өзі сезінуі нашар

2

Өзімді күшті сезінемін

3 2 1 0 1 2 3

Өзімді әлсіз сезінемін

3

Селқос

3 2 1 0 1 2 3

Белсенді

4

Аз қозғалғыштық

3 2 1 0 1 2 3

Қозғалғыштық

5

Көңілді

3 2 1 0 1 2 3

Көңілсіз

6

Көңіл-күйі жақсы

3 2 1 0 1 2 3

Көңіл-күйі төмен

7

Жұмысқа қабілетті

3 2 1 0 1 2 3

Жұмысқа қабілетсіз

8

Қуатты

3 2 1 0 1 2 3

Әлсіреу

9

Баяу

3 2 1 0 1 2 3

Жылдам

10

Салбыраңқы

3 2 1 0 1 2 3

Қайратты

11

Бақытты

3 2 1 0 1 2 3

Бақытсыз

12

Өмірге риза

3 2 1 0 1 2 3

Өмірге түңілу

13

Кернеу

3 2 1 0 1 2 3

Серігу

14

Дені сау

3 2 1 0 1 2 3

Аурушаң

15

Қызықпуашылық

3 2 1 0 1 2 3

Қызығушылық

16

Немқұрайлық

3 2 1 0 1 2 3

Абыржу

17

Қуаныш

3 2 1 0 1 2 3

Мұңды

18

Мәз-мейрам

3 2 1 0 1 2 3

Уайым

19

Демалу

3 2 1 0 1 2 3

Шаршаған

20

Жаңа

3 2 1 0 1 2 3

Ескі

21

Ұйқылы

3 2 1 0 1 2 3

Қозулы

22

Демалуға ықыласы

3 2 1 0 1 2 3

Жұмысқа ықыласы

23

Байсалды

3 2 1 0 1 2 3

Күйгелек

24

Оптимист

3 2 1 0 1 2 3

Пессимист

25

Төзімділік

3 2 1 0 1 2 3

Қажу

26

Тың

3 2 1 0 1 2 3

Босаң

27

Ойлауы төмен

3 2 1 0 1 2 3

Ойлау жоғары

28

Алаңғасар

3 2 1 0 1 2 3

Зейінділік

29

Үміті мол

3 2 1 0 1 2 3

Көңілі қалу

30

Көңілі толы

3 2 1 0  1 2 3

Көңілі толмау

 

Мәліметтерді өңдеуде, негативті жауаптарды есептегенде 1 балдан, позитивті  жауаптарды есептегенде 7 балдан бағалайды. Алайда, шкала полюстары үнемі өзгеріп отырады, бірақ жағымды жақтары әрқашан жоғары балл, ал жағымсыз жақтары төмен балл жинайды. Алған балдар үш категориядағы кілтпен сәйкесінше топтастырылады да, әрбіреуі бөлек-бөлек есептелінеді.

Өзін сезінуі: 1, 2, 7, 8, 13, 14, 19, 20, 25, 26

Белсенділік:  3, 4, 9, 10, 15, 16, 21, 22, 27, 28

Көңіл-күй:     5, 6, 11, 12, 17, 18, 23, 24, 29, 30

Алынған нәтиже әрбір категория бойынша 10-ға бөлінеді. Орта балл 4-ке тең. 4-тен жоғары баға зерттеушілердің сәтті жағдайына, ал 4-тен төмен болғанда керісінше сипатталынады. Орта баға 5,0-5,5 балл диапазонында болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тұлғаның жабығу сәтіндегі  өз мінез-құлқына

  баға беру» әдістемесі

Нұсқау: Сұраққа жауап бергенде он жақтағы сандардан өзіңіздің қалыпты жағдайыңызға сай келетін цифрларды дөңгелектен сызып қойыңыз.

Сұрақнама

1.  Мен болашағымның жарқындығына сенуге бейіммін 1,2,3,4.

2.   Кейінгі кезде көп нәрсе менің ашуыма тие береді. 1,2,3,4.

3.  Аз ғана жұмыстың өзі мені шаршатады. 1,2,3,4.

4.   Мен кезекті проблемалардың шешімін тез табамын. 1,2,3,4.

5.  Кейде бір түсініп болмас мазасыздықтан өзіме орын таппай кетемін

1,2,3,4 

6. Егер мен өлсем, менің өлімім айналамдағыларға тек жеңілдік әкеледі. 1,2,3,4

7.   Мен жақындарыма қажет екеніме сенімдімін. 1,2,3,4.

8.   Менің зеректігім мүлт кетпейді. 1,2,3,4.

9.   Маған өткен қуаныштың өзі ұнайды. 1,2,3,4.

10. Кейде тез  жылай саламын.1,2,3,4.

11. .Ішім ауырады. 1.2,3,4

12. Менің тағдырым өзімді толық қанағаттандырады. 1,2,3,4.

ІЗ.Тәбетім тайып көрген емес. 1,2,3,4

13.Жабығатын кездерім жиі болады. 1,2,3,4.

15.Тек қана таңертең (кешке) көңіл-күйім дұрыс болады. 1,2,3,4.

Іб.Мемде ұйқысыздық жиі болады. 1,2,3,4.

17.Соңғы уақытта жүдеп барамын. 1,2,3,4.

18.Өзім жақсы білетін дүние тез үйлесімін табады. 1,2,3,4.

19.Маған әдемі бейтаныс қыздардың (жігіттердің) суретін қарастыру

ұнайды. 1,2,3,4. 2

20.Кейде жүрегім себепсіз қағысын жиілетеді. 1,2,3.4.

Қорытынды

80-71 ұпай - жабығу деңгейі өте жоғары;

70-61 ұпай  - жабығу бар;

46- ұпайдан жоғары болса - жабығу белгілері бар, қатты мазасыздық

бар.

31-45 ұпай - орташа мазасыздану.

20-30 ұпай - жабығу белгілері мүлде жоқ, аздаған ғана мазалану бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айзенктің темпераментті анықтау  тесті

 

Нұсқау: Сізге өзіңіздің тәртібіңіз және сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында «ИӘ» немесе «ЖОҚ» жауабы үшін орын қалдырылған.

Тез және мұқият жұмыс істеуге тырысыңыз. Бір сұраққа ойланып, кеп уақыт жұмсаудың қажеті жок. Сіздің тез қайтарылған жауабыңыз кымбат. Барлық сұрақтарға бірнеше ғана минут арнағаныңыз жөн. Еш сұрақ жауапсыз қалмасын. Парақты аударып, жұмысқа кірісіңіз. Тез қимылдаңыз және жауаптың «жақсы», «жаман» болып бөлінбейтіні естен шықпасын. Бұл Сіздің ақыл-ой немесе қабілет сыны емес, тек темперамент ерекшеліктеріңізді анықтау ғана.

1.   Сіздің   бұрын   кездеспеген   әсерлерге   еліктеп,    көңіл-күйіңізді құбылтып тұруға құмарлығыңыз бар ма?

2.   Өзіңізді   жақсы   түсініп,   ақыл   айтып,   істеген   ісіңізді   құптап, жұбатып тұратын достардың сізге қажеті бар ма?

3.   Сіз өзінізді еш нәрсемен ісі жоқ адаммын деп есептейсіз бе?

4.   Өз ойыңыздан (алған беттен) кайту сізге қиын тимей ме?

5.   Сіз іске кірісер алдында көп ойланып, артын күтіп барып, іске кірісесіз бе?

6.   Істің   ақыры   нәтижесіз   аяқталатынын   көре   тұра,   сіз   берген уәдеңізде тұрамысыз?

7.   Көңіл-күйіңіз жиі өзгере ме?

8.   Сіз кеп ойланып жатпай, тез сөйлеп, жиі қимылдайсыз ба?

9.  Алып бара жатқан себеп болмаса да, өзіңізді бақытсызбын деп сезінген кездеріңіз болды ма?

10.Ерегісте сіз еш нәрседен тайынбайтыныңыз рас па?

11.Ұнайтын адаммен сөйлескіңіз келгенде қымсынасыз ба?

12.Қатты ашуланғанда, өзіңізді ұстай алмай кететін жағдай бола ма?

13.Минуттық сезімнің әсерінде кететін жайыңыз жиі бола ма?

14.Істеген ісіңіз бен айтқан сөзінізді артынан ойлап,  «әттеген-ай» дейтін уақыттарыңыз жиі кездесе ме?

15.Жұртпен    қатысып,    сөйлескеннің   орнына.    оқығанды    дұрыс көремісіз?

16.Тез ашуланып қалатыныңыз рас па?

17.Көпшіліктің ортасында жиі болғанды қалайсыз ба?

18.Басқаға білдіргіңіз келмейтін ойларыңыз бола ма?

19. Кейде   бастаған   істі   жылдам   орындап   тастап,   кейде   ісіңіздің өнбейтін кездері бола ма?

20.Жаныңызға жақын адамдардың аз болуын қалайсыз ба?

21.Көп армандайсыз ба? (Арманыңыз көп пе?)

22.Сізге біреу айғайлап жатса, сіз де айғаймен жауап беремісіз?

23.Кінәлі екендігіңізді сезіп, мазаңыз кетпей ме?

24.Өз істеріңіздін бәрі дұрыс және орынды деп білесіз бе?

25.Көпшілік  арасында   сезім   тізгінін   босатып,   қатты   көңілденіп, еркінсіп кетесіз бе?

26.Сіздің жүйке жүйеңіз қатты жұқарып кетті деуге бола ма?

27. Сізді көнілді және пысық деуге бола ма?

28.Біткен іске ойша қайта оралып, «дұрысырақ, жасауға болатын еді» дейтін кездеріңіз бола ма?

29. Көпшілік ортасында сіз өзіңізді еркін сезінесіз бе?

30. Біреуден естігеніңізді біреуге жеткізетін әдетіңіз бар ма?

31. Әр нәрсені ойлап, ұйықтай алмайтын уақыттарыңыз бола ма?

32.Бір нәрсені білгіңіз келгенде, достарыныздан сұрап алғаннан да, кітаптан оқып алғанды дұрыс көресіз бе?

33.Жүрегіңіздің қатты соғатын кездері бола ма?

34. Аса үлкен ықтиярлықты қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?

35.Қалтырап кететін жағдай сізде жиі бола ма?

36.Айталық, сіздің бұрын оңаша жерде артық айтқан сөзінізді ешкім есіне алмай-ақ қойсын. Кейіннен, басқа ойда бола тұра, жұрттың дегеніне қосылып жүре беремісіз?

37.Бірін-бірі іліп-шалып, қалжыидап отыратын жұрт арасында болу сізге онша ынғайлы емес. Солай ма?

38.Ешқандай    ауыр   жұмыс    жасамасаңыз   да,    алқынып    қалатын кездеріңіз бола ма?

39.Жиі ашуланасыз ба?

40.Тез қимыл-әрекет қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?

41.Сәтті аяқталғанымен, әртүрлі кемшіліктері  болған іс қайта оралып, мазаңызды ала ма?

42.Сіз асықпай, жай қимылдайсыз ба?

43.Жұмысқа, кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?

44.Сіз сөзшеңсіз, ашықсыз, таныс емес адаммен де тез тіл табысып, сөйлесіп кетесіз, солай ма?

45.Жанға батып жүрген ауруыңыз бар ма?

46.Достарынызды көп уақыт көрмесеңіз, өзіңізді «бақытсызбын» деп сезінесіз бе?

47.Сіз өзіңізді «жүйке жүйесі тозған адаммын»  деп есептейсіз бе?

48.  Өзіңіз танитындардың ішінде сізге ұнайтын адамдар бар ма?

49.  Сіз өзіңізді «сенімді адаммын» деп есептейсіз бе?

50.Сіздің өзіңізді немесе қызметіңізді сынаған кезде тез  ашуланып қаласыз ба?

51.Кешкі ойын-сауықтан ләззат алу қиын деп есептеймісіз?

52.Сіз өзіңізді өзгеден кем санап, мазасызданатын кездерініз бола ма?

53.Көпшілік ортасына келіп, әңгіме-думанды жандандырып жіберу сізге қиын емес пе?

54. Өзіңізге беймәлім мәселелер туралы сіз кейде әнгіме-дүкен құрасыз ба?

55.Сіз өз денсаулығыңызды сақтауға тырысасыз ба?

56.Сіз өзге адамды келемеждеуді ұнатасыз ба?

57.Ұйықтай алмай, мазасызданасыз ба?

Нәтижелерін өндеу:

Сұрақтар тізбегін қорытындылау үшін белгілер.

1) «Жалған» өлшемі:

6, 24. 36 - сүрақтарга «ИӘ» жауабы.

12, 18, 30, 42. 48, 54 - сүрақтарға «ЖОҚ» жауабы.

Жалпы балл сандары қосылып есептелінеді (Ж):

Ж — 9-ға тең болған жағдайда қорытынды жасалынбайды.

Ж — саны көбейген сайын нәтижелер растығы төмендей түседі.

2)  «Экстраверсия-интроверсия» елшемі:

Мына сұрақтарға «ИӘ» жауабы берілгенде: 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56.

Мына сұрақтарға «Жоқ» жауабы берілгенде: 5, 15, 20, 29, 32, 34, 37,

41, 51.

Балл қосындысы шығарылады (Э). «Э» саны көбейген жағдайда (0-ден 24-ке дейін) адамның экстраверсиялық қасиеті молая түсті.

3)  «Эмоциялық тепе-тендік — нейротизм» өлшемі:

Мына сұрақтарға «ИӘ» жауабы болғанда: 2. 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28. 31, 33, 35, 38, 40, 43, 45, 50, 52, 55, 57.

Жалпы (Н) — Нейротизм балл косындылары шығарылады. (Н) саны көбейген жағдайда (0-ден 24-ке дейін) адамның эмоциялық тепе-тендік қасиеті (нейротизм) көбейе түседі.

 

4)      Төменде көрсетілгендей график жасалынады:

НЕЙРОТИЗМ

24

|

  4        1    ИНТРОВЕРСИЯ   ————     12     ————ЭКТРОВЕРСИЯ

  3                                                   2

|

                                                        0

 

Эмоциялық тепе-теңдік  (тұрақтылық)

Бір-біріне перпендикуляр жүргізілген сызықтарға (өлшемдерге) қолдағы бар нәтижелер жазылады - Э және Н. Сызық шетіндегі нүктелер бір-біріне қосылады. Пайда болған (үшбұрыш, сызық, нүкте) фигура сынаққа түскен адамның классикалық қай темперамент түріне жататынын көрсетеді.

1-холерик, 2-сангвиник, 3-флегматик, 4-меланхолик.

Г.Айзенктің   анықтамасына    орай,   қолдағы   алынған   нәтижелерге сүйене отырып, әр типтің  өзіне тән қасиеттері болатынын айта кеткен жөн. Мысалы:

1.  Холерик  -  сезімтал,  тынымсыз,  агрессивті,  шамданғыш,  көңіл-күйі өзгергіш,  басқамен қарым-қатынаста және сезім қатынасында тұрақсыз,  әр түрлі    жағдайларда    соқпа    мінезді,    оптимист    (болашаққа    сеніммен карайды),  белсенді,  пысык,  байқам,  сенгіш,   ашуланшақ  т.с.с.

2.    Сангвиник   —  ашық,   көпшіл,   сөзшең,   қайырымды,   қысылып-қымтырылмайды,   өмір   сүйгіш,   уайымсыз,   беймаза   емес,   көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім, т.с.с.

3.   Флеглштик — сак,  енжар,  байыпты,  өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл,   өз ісін  ойлап  істейтін,  сенімді,  тұрақты,  бір  қалыпты т.с.с.

4.  Меланхолик — беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист (өмірден   түңілгіш), түйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік (керітартпа) қасиеті бар, т.с.с.

Темперамент типінің (түрінін) салыстырмалы тұрақтылық, қасиеті жөнінде пікір қорытып, мінез және темперамент ара қатынасын ажыратып алған жөн. Оқушылар мен оқытушылардың мінез ерекшеліктерін анықтау жолындағы әр темпераменттік типтің атқарар ролі орасан зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» әдістемесі (САН)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әдістеме мақсаты: өзін сезінуі, белсенділігін, көңіл-күйін оперативті бағалау.

            Әдістеменің мәні зерттелінушіге көпдеңгейлі шкала бойынша өз жағдайын белгілеу және бұл шкала 3210123  индексінен тұрады.  Бұл индекстер 30 жұп сөздер мен қарама-қарсы 30 сөздерінің ортасында орналасқан.  Белсенділік, жылдамдылық, қозғалу қызметі; күш қуат, денсаулық өзін сезінуі; ал көңіл-күй эмоцианалды қалыпты сипаттайды.

            Әдістеме нұсқауы зерттелінуші қазіргі жағдайдағы қалпын кесте бойынша 30 белгілі арқылы бейнелейді. Тек қазіргі жағдайдағы қалыпқа сәйкес келетін, қарама-қарсы 30 жұптан тұратын белгілерден таңдап белгілейді. Деңгейіне байланысты көрінетін сандарды таңбалау керек. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 891 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2014 6181
    • DOCX 29 кбайт
    • 176 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаркеева Нуризат Далеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаркеева Нуризат Далеловна
    Жаркеева Нуризат Далеловна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26186
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика и коррекция задержки речевого развития у детей

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов

Курс повышения квалификации

Основы детской патопсихологии и нейропсихологии

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 41 региона

Курс повышения квалификации

Основы детской патопсихологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 15 регионов

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе