Инфоурок Биология Конспекты"Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым" тақырыбында сабақ жоспары

"Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым" тақырыбында сабақ жоспары

Скачать материал

 

Сабақ № 1   күні:     сыныбы  7

Сабақтың тақырыбы:   Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы. Жабайы және үй жануарлары. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлі. Жануарлар дүниесін қорғау

Мақсаты:  Зоология – жануарлар дүниесі туралы ғылым ретінде білімін қалыптастыру. Оқушыларға оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

Сабақтың типі: Хабарлама, жаңа білімді қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: Сурет бетшелері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, тірек сызба,  суреттер, кестелер.Интербелсенді тақта, проектор, қалам, қарындаш, маркер, қайшы, оқулық, фотосуреттер, флипчарт.

Әдіс-тәсілдер: Мазайка әдісі, «Серпілген сауал» әдісі, инсерт әдісі, топпен жұмыс

Оқыту нәтижесі: Оқушылар жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы  туралы  оқып, топпен  жұмыс  жасап  үйренеді.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

 

2 мин

  Оқушылармен амандасу.  Сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Оқушылар дене мүшелері арқылы сәлемдесу арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен, сыныппен дене мүшелері арқылы амандасады

 Оқушы   видеоролик арқылы сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

1. Білу

5 мин

Зоология - (көне грекше: ζῷον „жануар“ көне грекше: λόγος – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.

Биологиялық диктант:

Тірі табиғат дүниесі дегеніміз не?

Тірі ағзаның негізгі қасиеттері ата?

 

 

Өсімдіктер дүниесінің жануарлар дүниесінен айырмашылығын әңгімелеңдер

 

Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап береді, топпен ауызша бірін бірі толықтырады:

Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі (қосарбетті қараңдар).

 

Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалып жүре алу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою. Жануарлар дүниесіне жататын ағзаларда осы қасиеттердің барлығы байқалады

АКТ, СТО

 

2.Түсіну

 

10 мин

Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология,

Оқушылар Зоология ғылымының салаларын талдайды

 Олар жануарлар систематикасы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар экологиясы, филогениясы, этологиясы, зоогеографиясы, палеозоологиясын мазмұндап,

Тақтаға  шығып сызбаны толтырады, өз ойларын ортаға салады, мысал келтіреді, сыныптастары қойған сұрақтарға жауар береді

Тапсырманы орындау барысындағы критериилерін топпен, сыныппен талқылайды

Топпен бағалайды

Сыныппен бағалайды

АКТ, ОЖЕСО, ОүБОБ,

3.Қолдану

5 мин

«Конверт - сұрақ» әдісі

2-3 сұрақ жазып, конвертке салынады (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындалған. Әрқайсысына екі минут беріледі: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқимыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындалған. Әрқайсысына екі минут беріледі: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқимыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

АКТ,  СТО, ОЖЕСО

4. Талдау

10 мин

«Серпілген сауал» әдісі

1)      Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырылады.

Берілген сұраққа әр оқушы жеке жауап береді, уақытқа орындайды, бір-бірінін жауаптарын тыңдап, (кателерін) талдайды.

1. Дәптерлеріне кесте сызып, оны толтырады.   АКТ,  СТО, ОЖЕСО

5.Синтез

10 мин

 Зоология – жануарлар дүниесі туралы ғылым. Оқушыларға оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

6. Бағалау

2 мин

Эссе жазу.  1-3 топ

Тақырыбы:«Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба »

Сабақты қорытындылайды

Бағалайды

Үй тапсырмасы

Эссені оқушылар «ыстық орындық» арқылы ортаға салып, бөліседі. Критерийлер бойынша өздік, жұптық, сыныптық бағалау

 Үйге тапсырма алады.

 

§ 1. Ағзалық әлем. Ағзалық әлемді жіктеу

 Ағзалық әлем деген не? Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем деп аталады. Ағза жасушасының нәруыз, май, көмірсу және нуклеин қышқылынан құралатыны мәлім. Демек нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы – ағзалық зат (органические вещества). Ағза жасушасының құрамында су және минералды тұздар да болады. Су және минералды тұздар – бейағзалық зат (неорганические вещества). Өйткені бұлар тіршілік иесіне тән тіршілік әрекетін білдіре алмайды, яғни ағзалық зат емес.

Тірі табиғат дүниесі. Өсімдіктердің құрылысын, тіршілік әрекеттерін және жануарлар туралы жалпы түсінікті бұған дейін оқыдыңдар. Тірі ағзаларға тән ортақ белгілерді еске түсіріңдер. Өсімдіктер дүниесінің жануарлар дүниесінен айырмашылығын өздерің әңгімелеп көріңдер.

Сендер табиғаттағы тірі ағзалардың дүниеге қалай жіктеліп, топтастырылатынын білесіңдер ме? Бұл үшін тірі табиғат дүниесі дегеніміздің не екенін білу қажет. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі (қосарбетті қараңдар).

Бытыранықтар дүниесі. Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады. Бытыранық – «бытыра» + «нық» сөздерінен құралған сөз. (Орысша – «дробянка», латынша – «михи» – күрделі бөліне алмайтын түйіртпек мағынасында қолданылады.)

Вирустар дүниесі. Вирус латынша «у» деген сөз. Бұл – жасушасы жоқ, тіршілік формасындағы ағзалық зат. Бұлардың көпшілігін тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Вирустар тек тірі жасушаға орнықса ғана көбейе алады. Жасушаға түсе алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды. Вирустар тірі жасушадан тыс қалса, кәдімгі ағзалық зат тәрізді күйде болады.

Саңырауқұлақтар дүниесі. Ботаниктер саңырауқұлақтарды төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызып келді. Алайда олардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші қасиеті өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді. Жасушасы тығыз қабықшамен (жасунықпен) қапталады. Витаминдер синтездей алады. Екінші қасиеті жануарларға тән. Даяр ағзалық заттармен қоректенеді. Жасушасы хитин қабықшамен қапталады. Ағзалық заттарды қорға жинайды. Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.

Өсімдіктер дүниесі. Бұған балдырлар, мүк, плаун (қылшабуын), қырықбуын, қырықжапырақтектестер, ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер жатады.

Жануарлар дүниесі. Бұлар біржасушалы және көпжасушалы жануарлардан құралады. Біржасушалы жануарлардың барлығы және көпжасушалы жануарлардың кейбір түрлері жәндіктер деп аталады. Демек амебадан бастап, қандауыршаға дейінгі омыртқа жотасы жоқ жануарлар жәндіктер болып саналады. Ал балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілерге жататын өкілдердің барлығы – жануарлар. Ө
йткені бұлардың арқасында бойлай созылған желісі немесе омыртқа жотасы болады.

Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалып жүре алу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою. Жануарлар дүниесіне жататын ағзаларда осы қасиеттердің барлығы байқалады.

Тірі ағзалардың барлығына тән қасиет – жасушадан құралады. Жасушада ядроның болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, вируста жасуша да, ядро да жоқ. Бытыранықта (бактерияда) жасуша бар, бірақ ядросы жоқ. Бұлардың тіршілік әрекеті өсімдікке де, жануарға да ұқсас емес. Сондықтан ғалымдар саңырауқұлақтар дүниесі тәрізді, бытыранықтар мен вирустарды өз алдына жеке дүние етіп топтастырды.

Өсімдіктер мен жануарлардың құрылысында, тіршілік әрекетінде ұқсастық бар. Алайда ерекшеленетін айырмашылықтарды да байқауға болады. Сол айырмашылықтарды еске түсірейік.

Жасыл өсімдіктердің қалай қоректенетіні естеріңде ме? Олар қоректенуге күн энергиясын пайдаланады. Ауадан көмірқышқыл газ, топырақтан су және минералды заттарды сіңіреді. Бұлар – бейағзалық заттар. Олар осы заттарды қоректену арқылы ағзалық заттарға айналдырады. Ал жануарлардың қоректенуі бұдан өзгеше. Олар өсімдік дайындаған ағзалық заттарды қорегіне пайдаланады. Зат алмасу барысында ағзалық заттар бастапқы заттарға (бейағзалық заттарға) дейін ыдырайды. Жануарларда (көпшілігінде) жүйке, сезіну, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, асқорыту және басқа жүйелердің арнаулы жеке мүшелері бар. Өсімдіктерде мұндай мүшелер жоқ.

Жануарлардың көпшілігі еркін қозғала алады, ал өсімдіктерде бұл құбылыс сирек байқалады. Біржасушалы балдырлар және бактериялардың да қозғалатыны мәлім. Сондай-ақ желдің әсерінен кейбір өсімдіктер мен өсімдік тұқымдары алыс аумақтарға таралады. Қалай болғанмен де бұлардың қозғалып жүретін арнаулы мүшесі – аяғы жоқ. Дегенмен өсімдіктер мен жануарлар – өзара ұқсастықтары және айырмашылықтары бар тірі ағзаның екі тобы. Олар – табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.

Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Оған құрттарды, жыландарды мысал етуге болады. Ал теңіз түбінде мекендейтін көпаяқты маржан бекінген орнынан қозғалып жүрмей-ақ өмір сүреді. Актиниялар теңіз түбінде «табанын» бүгіп-жазып, баяу қозғалады. Медузалар мен каракатицалар реактивті қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүреді.

Жануарлардың жабыны, дене бөліктері, сезім мүшелері, басқа да дене құрылымдары біріне-бірі ұқсас емес. Сазанның (жезей) денесін сүйектенген қабыршақ қаптайды. Жорғалаушылар денесі қабыршақпен қапталатын мүйіз текті заттан құралады. Қоңыздарда да жабын бар. Жабын ерекше ағзалық зат – хитиннен түзіледі. Аңдардың терісінде – жүн, құстардың денесінде қауырсын болатыны өздеріңе мәлім.

Жануарлардың ішкі құрылысында, сондай-ақ мінез-қылығында болатын ерекшеліктер қаншама десеңші?! Табиғатта жануарлардың басы артық немесе қажетсіз түрі жоқ. Тіршілік ететін жануарлардың барлығы табиғат қалауына сай келеді.

Біз бұдан былай ағзалық әлем дүниелерінің өкілдерімен танысатын боламыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым" тақырыбында сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 470 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.11.2015 6480
    • DOCX 98.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турганбекова Айгуль Токтамысовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14816
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 392 человека

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 359 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 489 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе