Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / "Ұзын шаш-қыздың көркі" атты ғылыми зерттеу жұмысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Ұзын шаш-қыздың көркі" атты ғылыми зерттеу жұмысы

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ УЗЫН ШАШ.ppt

библиотека
материалов
Зеленобор мектеп- гимназиясы 4 «А» сынып оқушылары Жумалиева Гүлден, Калиев...
Кіріспе Жұмыстың мақсаты: Ұзын шаштың адам көркі екеніне көз жеткізу. Нысаны...
Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап,періштедей аялаған. Қыз бала...
 Шашбау Шолпы
 Шашқап Шаштеңге
Шашқа байланысты ырымдар *Қазақ халқында екі-қабат кезінде әйелдер шашын кесп...
Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын...
Шашым – менің мақтанышым!
Өзім жиі қолданатын шаш үлгілері
Ұзын шашты мұғалімдер
Ұзын шашты қыздар ұнай ма?
Сынып	барлығы	Ұзын шашты қыздар	Қысқа шашты қыздар	 3	5	5		 4	7	6	1	 5	6	6...
Ұзын шашты апа және оның шашбауы
 Арғы апа Апа Ана Мен
Қорытынды Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе шаштың қыз балаға үстеме сұл...
 Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!!!
19 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Зеленобор мектеп- гимназиясы 4 «А» сынып оқушылары Жумалиева Гүлден, Калиев
Описание слайда:

Зеленобор мектеп- гимназиясы 4 «А» сынып оқушылары Жумалиева Гүлден, Калиев Алихан

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 Кіріспе Жұмыстың мақсаты: Ұзын шаштың адам көркі екеніне көз жеткізу. Нысаны
Описание слайда:

Кіріспе Жұмыстың мақсаты: Ұзын шаштың адам көркі екеніне көз жеткізу. Нысаны: қыздың шашы Пәні: мәдениеттану Болжамы: егер әрбір қыз шашын күтіп,өсірсе, онда шашқа тағатын ұлттық әшекейлерді пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді сақтаушы еді. Нәтижесі: Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткізу.

№ слайда 4 Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап,періштедей аялаған. Қыз бала
Описание слайда:

Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап,періштедей аялаған. Қыз баланы кішкентайынан әдепті,инабатты етіп тәрбиелеген. Дана халқымыз бойжеткендерін пәле-жаладан,жамандықтан аулақ ұстап,сақтандырған. Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады. Ерте замандағы Қыз Жібек,Баян сұлу,т.б. қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып жүрген.

№ слайда 5
Описание слайда:

№ слайда 6  Шашбау Шолпы
Описание слайда:

Шашбау Шолпы

№ слайда 7  Шашқап Шаштеңге
Описание слайда:

Шашқап Шаштеңге

№ слайда 8 Шашқа байланысты ырымдар *Қазақ халқында екі-қабат кезінде әйелдер шашын кесп
Описание слайда:

Шашқа байланысты ырымдар *Қазақ халқында екі-қабат кезінде әйелдер шашын кеспейді.Олай жасаса,іштегі бала кемтар болып туады. *Әйелдер тектен–текке шашын жайып жіберіп жыламайды, дауыс қылмайды.Бұрындары күйеуі қайтыс болғанда әйелдер ғана солай істейтін. *Қыз-келіншекті шашын жұлып,сабамайды.Бұл олардың басынан бағын тайдырып, шаңырақтың ырыс-құтын қашырады. *Халқымызда: «Бұрымыңды кескенің-ақылыңды кескенің», «Бұрымыңды кескенің-өмір жолынды кескенің»деген ғибратты сөздер де бар.

№ слайда 9 Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын
Описание слайда:

Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын шашты қызды елестейді: Сыңғыр шолпы шашбаулым, Жарасады таққаның. Осы сәнің тұрғанда, Қаламаймын басқаны. Сүйіншілер жеңгелер, Шашбаулы қыз келді деп. Сол сияқты «Арна»тобының орындауында жүрген «Сенің қою қара шашың»әні сағындырған қыздың бет бейнесін береді. Әнші-сазгер Марат Омаров пен Құдайберген Қазыбаевтің «Қыз сыны»әндері сұлулық,нәзіктік символы ретінде бұрымды қыздарды үлгі еткен.

№ слайда 10 Шашым – менің мақтанышым!
Описание слайда:

Шашым – менің мақтанышым!

№ слайда 11 Өзім жиі қолданатын шаш үлгілері
Описание слайда:

Өзім жиі қолданатын шаш үлгілері

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 Ұзын шашты мұғалімдер
Описание слайда:

Ұзын шашты мұғалімдер

№ слайда 14 Ұзын шашты қыздар ұнай ма?
Описание слайда:

Ұзын шашты қыздар ұнай ма?

№ слайда 15 Сынып	барлығы	Ұзын шашты қыздар	Қысқа шашты қыздар	 3	5	5		 4	7	6	1	 5	6	6
Описание слайда:

Сынып барлығы Ұзын шашты қыздар Қысқа шашты қыздар 3 5 5 4 7 6 1 5 6 6 барлығы 18 17 1

№ слайда 16 Ұзын шашты апа және оның шашбауы
Описание слайда:

Ұзын шашты апа және оның шашбауы

№ слайда 17  Арғы апа Апа Ана Мен
Описание слайда:

Арғы апа Апа Ана Мен

№ слайда 18 Қорытынды Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе шаштың қыз балаға үстеме сұл
Описание слайда:

Қорытынды Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе шаштың қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретініне көзіміз жетті. Шашқа тағатын ұлттық әшекейлермен таныстық. Халқымыздың шашқа байланысты туған ырымдарымен таныса отырып, өзімізге келешекте есте ұстайтын салт- дәстүр түрін жинадық. Шаш күтіміне байланысты өзіміздің тәжірибемізбен бөлістік. Мұғалімдердің,ананың,оқушылардың пікірлерін тыңдап, өзіндік сараптама жасадық. Барлық қыздарға айтар ұсынысымыз: ұзын шаштың адам көркі екенін біле тұра, шаштарыңызды ешқашан қимаңыздар,өйткені шаш ешқашан сәннен қалмайды!

№ слайда 19  Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!!!
Описание слайда:

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Выбранный для просмотра документ ұзын шаш.doc

библиотека
материалов

Мазмұны



Абстракт 2

І.Кіріспе 4

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Шашқа тағатын әшекейлер 5

2.2.Шашқа байланысты ырымдар 8

2.3.Шашқа арналған әндер 11

ІІІ.Зерттеу бөлімі

3.1. Шашым - менің мақтанышым 12

3.2.Мұғалімдердің, оқушылардың және аналардың ұзын шаш

туралы пікірлері 13

ІҮ.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қосымша






















Абстракт


Зерттеу жұмысының өзектілігі :

Шаштың адам ажары екенін,оның сұлулық қасиетіне толы екенін жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу. Қазіргі ақпарат құралдары арқылы теледидарда көрсетілетін бейнебаяндағы әнші, кинодағы әдемі актер,мультфильмдегі қыздар бейнесі ұзын шаштары арқылы айқындалатыны белгілі болды.

Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:

Ұзын шаштың адам көркі екеніне көз жеткізу.

Ғылыми жобамыздың міндеттері:

1.Ұзын шаштың адам көркі екенін дәлелдейтін әр түрлі ақын-жазушылар шығармаларын жинастыру.

2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерін іздестіру.

3.Жинаған әдебиеттерді талдау.

4. Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес,өзіндік салт-дәстүрі бар екенін

дәлелдеу.

5.Өзіндік пікір,тұжырым жасау.

Нысаны: қыздың шашы

Пәні: мәдениеттану

Болжамы: егер әрбір қыз шашын күтіп,өсірсе, онда шашқа тағатын ұлттық әшекейлерді пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді сақтаушы еді.

Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:

1.Ұзын шаштың адам көркі екенін дәлелдейтін ауыз әдебиеті үлгілерінен мәліметтер жинастырдым.

2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерімен таныстым.

3.Жинаған әдебиеттерді талдадым.

4. Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес,өзіндік салт-дәстүрі бар екенін

дәлелдедім.

5.Ұзын шашқа өз шығармаларын арнаған сазгерлердің әндерімен таныстық.

6.Сыныптас құрбыларымызбен сұхбаттасу барысында ұзын шашты қыздардан анкета алдық.

7.Өзіндік пікір,тұжырым жасадық.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:Тақырыбымызды ашу барысында ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасалды.Өзіндік тұжырым жасала отырып,салыстыру әдісі де қолданылды.

Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы:Қазіргі заманғы құрбыларымыздың шаш қою үлгілері мен шашқа тағатын әшекей бұйымдарды орынды пайдалануда өзіндік пікірімізді айтпақпыз.Ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге ,жаңартуға шақырамыз.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім.Өз қатар құрбыларымның ұзын шаш өсіру жайлы ойлары белгілі болды.
























Кіріспе

Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап,періштедей аялаған. Қыз баланы кішкентайынан әдепті,инабатты етіп тәрбиелеген. Дана халқымыз бойжеткендерін пәле-жаладан,жамандықтан аулақ ұстап,сақтандырған. Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады. Ерте замандағы Қыз Жібек,Баян сұлу,т.б. қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып жүрген.Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инабатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.Қыздарға жан-жақты сұлулық, яғни, жан сұлулығымен қоса, тән сұлулығы бiрдей болғаны жарасады. Жастықтың өзi – сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. «Аттың көркi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған.Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы iзiн басты» немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған.Халқымыз  бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті.Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр.

Негізгі бөлім



2.1.Шаштың сәндік әшекейлері

Шашбау.

hello_html_4d67e3f0.jpg

Ол-қыз,келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылады. Шашбау қыздардың шашының әр-ажарын ашады. Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын,күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу,әшекейлену әдістері әртүрлі.Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді: 1.Үзбелі шашбау;2.Шашақты шашбау. Қазақтарда шашбаудың;сөлкебай шашбау,теңге шашбау,шаштеңге, үкі аяқты шашбау,шаш –түлек (лентадан жасалады) шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар.Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады,ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып,түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді.

Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады,оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды.Шашбауды бұрымға қоса өриді,сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды,сөйтіп,бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбауы қарапайым болады. Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп,денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным-сенімі бойынша,шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады.


Шолпы.


hello_html_30bee3a5.jpg


Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» деп те атайды.Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан.Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде,жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңын қойып,әдеп сақтаған,бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып,жүгіріп,секіруін тиған.

«Шолпы» деген ұғым балықтың cудағы секіріп,ойнағанынан шыққан сияқты. Жас қыздар мынандай шолпы таққан: 1.Үзбелі шолпы;2.Қос үзбелі шолпы;3.Маржанды шолпы; 4.Меруертті шолпы;5.Ақық шолпы;6.Қоңыраулы шолпы;7.Тізбелі шолпы;8.Сағат баулы шолпы;9.Қозалы шолпы;10.Сылдырмақ шолпы;11.Көзді шолпы;12.Алтын шолпы; 13.Күміс шолпы.


Шашқап

hello_html_m1d92a7ed.png







Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан,күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал,шұға,барқыт,мауыты тәрізді көк,қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп,тігеді. Шашқаптың жоғарғы, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді, зер, оқа моншақтарымен сәндейді,кейде оған маржан, меруерт,күміс шеттіктер тағады.

Шаштеңге

hello_html_1b2e905.png

Шолпының күміс,алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінн хабар беріп, «айтып»қояды.Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты-әшекейлі арқалық,шүйдеге тағылған әшекейдің аты-желкелік.

Шекеде кәмшат бөрік,киген асыл,Сылдырлап алтын шолпы,иықта шаш.



2.2.Шашқа байланысты ырымдар:


*Қазақ халқында екі-қабат кезінде әйелдер шашын кеспейді.Олай жасаса,іштегі бала кемтар болып туады.

*Әйелдер тектен –текке шашын жайып жіберіп жыламайды,дауыс қылмайды.Бұрындары күйеуі өлген әйелдер ғана солай істейтін.

*Қыз-келіншекті шашын жұлып,сабамайды.Бұл олардың басынан бағын тайдырып, шаңырақтың ырыс-құтын қашырады.

Бұрымды кеспе бойжеткен.*Халқымызда: «Бұрымыңды кескенің-ақылыңды кескенің», «Бұрымыңды кескенің-өмір жолынды кескенің»деген ғибратты сөздер бар.

Ақ шашты әжелеріміздің айтуынша, бойжеткен кімге бұрымын кестірсе,соның тағдырын басында қайталап өткізеді. Егерде бұрымын кесе қалса,оны таза шүберекке орап,адам баласының табаны тимейтін жерге апарып көмуге тиісті.Өйткені,бұрым-бойжеткеннің ана құрсағынан өзімен бірге келе жатқан жолдасы, қарын-шашы.

Ел ауызында бұрымын кескісі келген бойжеткенге байланысты талай-талай аңыз-әңгіме бар:

Бір қыз бала тобығына дейін түскен қолаң шашын кеспекші болып қолына қайшы -сын алғанында мынадай оқиғаларды ап-анық көреді:

Бұрымын кескен күні әкесінің бұл өмірмен қоштасатынын;

Бұрымын кескен күні өмір жолының кілең сәтсіздіктен басталатынын;

Бұрымын кескен күні ешкімнің оған алғыс айтпайтынын,одан түңіліп теріс айналатынын;

Бұрымын кескен күні жігіттердің одан безіп,онымен ешқайсының таныспайтынын, жапанда өскен жалғыз ағаш сияқты сыңарсыз қалатынын...

Осы көріністер оған аян бергендіктен,бойжеткен бұрымын кесуден бас тартады. Сол сәттен бастап оның өмірі қуаныш-қызыққа толып, бақытты тұрмыс құрады,үбірлі-шүбірлі, дәулетті отбасының анасы болып,қосағымен қоса ағарады.

Аңыз-әңгіме болса да, оның негізі-ақиқат екеніне күмәніміз жоқ,

Бексұлтан Нұржекенің жазуынша, ертеде түркілер Қытайда жібек матасының қалай жасалатынын білу үшін пысық бір жігітті сапарға шығарады.

Ол барған жерінде қолаң шашты бір қызға үйленеді де,оның шашын ұп-ұсақ қырық өрім етіп өргізеді. Сөйтіп,әр өрімнің түбіне бір,ұшына бір жібек құртын тығып,сексен жібек құртын Қытайдан алып шығып, еліне әкеледі. Осылайша түркілер бұрымның көмегімен жібек мата жасаудың құпиясын ашады.Аңыз-әңгімеге сенсек,содан бері түркілер де қыз-келіншектер бұрымын ұсақ-ұсақ етіп өрген,ол ұлттық салт болып қалыптасқан. Негізінен көшпелілердің қыздары шашын жұп етіп өрген. Этнограф-жазушылардың айтуынша, бұрымның жұп болатын сыры: бір жағынан бұрымның әрі ұзын,әрі тоқ екендігін көрсетіп көзді сүріндіру,көргендерді тамсандыру.Екіншіден, қыз жұбайлы,яғни жұптасып өмір сүруге тиісті.Бұрымның бірі-өзінікі болса,екіншісі-болашақ жарынікі. Жасыратыны жоқ, кейбір ақ шашты әжейлер: «Бұрымы көп болса,күйеуі де көп болады»-деп,қос бұрымнан артық бұрымды жақтырмаған. Алайда қазақ сыңар бұрымды қаламайды.

Қазақ қызы жаугершілік заманда қанжармен шашын тарап,шашын төбесіне тарақтай түйіп,ерлермен бірге атқа қонып,елін қорғағанымен, 1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде майданға аттанғанда бұрымдарынан амалсыз айырылуға мәжбүр болды. Солардың бірі Шығыстың шолпаны-Мәншүк Мәметова еді. Оның бұрымынан айырылған алақайғысы туралы ақын Дүйсенбек Қанатбаев тіпті,былайша жырлайды да;

Айқасқа барам өліммен,

Қайтемін жалғыз бас қамын.

Бұрымымды төгілген,

Туған жер саған тастадым.

Шашымды мақтап айтса наз,

Қинап ем жігіт талайын.

Тоқташы,сәл-пәл,шаштараз.

Айнаға қарап қалайын...

Шақырып апат гүрілі,

Майданда жатты ұйып қан

Арудың әсем бұрымы,

Кесіліп түсті иықтан!

Қара жер бетін қан қылып,

Окоптан талай тұрмады.

Ұйқыда қазір мәңгілік,

Батыр қыз майдан құрбаны.

Омырауын оқ тесіп,

Қиса да сол қыз ғұмырын

Жүргендей әлі от кешіп,

Қия алмай қара бұрымын!...



















2.3.Шашқа арналған әндер




hello_html_523fe344.jpg




Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын шашты қызды елестейді:

Сыңғыр шолпы шашбаулым,

Жарасады таққаның.

Осы сәнің тұрғанда,

Қаламаймын басқаны.

Сүйіншілер жеңгелер,

Шашбаулы қыз келді деп.

Сол сияқты «Арна»тобының орындауында жүрген «Сенің қою қара шашың»әні сағындырған қыздың бет бейнесін береді.

Әнші-сазгер Марат Омаров пен Құдайберген Қазыбаевтің «Қыз сыны»,Р.Тайманов пен Ысрайл Сапарбаевтің «Қазақ қызы»әндері сұлулық,нәзіктік символы ретінде бұрымды қыздарды үлгі еткен.

Зерттеу бөлімі

3.1.Шашым – менің мақтанышым

Мен шашымды өте кішкентай кезден бастап өсіріп келемін. Менің қарын шашым алынғаннан бері қиылған емес.Тек 1-2 айда шашымның ұшын ғана сәл қиып отырамын.Ол шаштың дұрыс бұзылмай өсуіне жақсы әсер береді.

Шашты қалай дұрыс жуу керек?Ең алдымен әрі-бері тарау керек,сол кезде шаш қатыруға арналған лактар мен гельдер түседі.Шаштың типіне байланысты сусабындарды дұрыс таңдай білу керек.

Шашымды аптасына екі рет жуамын.Тек қана балаларға арналған сусабынмен жуынамын.Ол «Мои кудряшки»деп аталады.Сол сусабын шашты ұйыстырмай тарауға көмектеседі. Шашты жуғаннан соң 3 есе артық сумен шаю керек.Жақсы шайылған шаш кепкеннен кейін жылтырап тұрады.Дұрыс шайылмаған шаштағы сусабын оның түрін бұзады. Шашымды жуып болған соң, бос жіберіп еркін кептіремін.Фен қолданбаймын,себебі ол шашты шамадан тыс кептіріп,шашқа зиянын тигізеді. Күнде мектептен келген соң ,шашымды бос жіберемін.Себебі шаш арасына ауа кіру керек.Шашымды әр түрлі бағытта тараймын.Сол кезде бастың қан айналымы жақсарады.Өзімде жақсы әсер аламын.Мен ағаштан жасалған тарақтарды пайдаланамын.Ұйықтар алдында шашымды тарап,бос өріп жатамын.Ұзын шаш өзіме өте ұнайды ,себебі неше түрлі етіп өруге,жинап түюге,шашқа арналған әшекей –бұйымдарды тағуға болады.









3.2.Мұғалімдердің, оқушылардың және аналардың ұзын шаш туралы пікірлері

Тақырыпты белгілеп алған соң жұмыс тобымызбен мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында сауалнамалар алып, сұхбаттасу жүргіздік. Мысалы:

Б.Б.Айтжанова, бастауыш сынып мұғалімі:

- Ұзын шаш туралы не айтасыз?

- Қазақ қыздарының ұзын шашты болуы өте әдемі әрі сымбатты деп ойлаймын.

- Сіздің қызыңыздың шашы қандай?

-Менің қызымның шашы ұзын болған, қиып қысқартып тастаған,енді қайта өсіріп жүр.

Т.А Турлубекова,орыс тілі пәні мұғалімі:

- Ұзын шаш туралы не айтасыз?

- Ұзын шаш қыздың,әйелдің көркі.

-Сіздің шашыңыз қандай?

-Менің шашым ұзын.

-Сізге қандай шаш ұнайды?

-Маған ұзын шаш ұнайды.

- Сіздің қызыңыздың шашы қандай?

-Менің қызымның шашы ұзын.

А.С Ахметова бастауыш сынып мұғалімі:

- Ұзын шаш туралы не айтасыз?

- Шаш-қыздың көркі демекші әр қыз баланың сәні шаш.Сондықтан менің ойымша шашты өсіру керек.Қазіргі заманда қыз балалардың көбінде шаштары қысқа.Ол нені білдіреді?Ол яғни қыздар шаштарын өсірмейді, шетел мемлекеттерінің жұлдыздарына еліктейді.

-Сіздің шашыңыз қандай?

-Менің шашым жас кезімде ұзын және қалың болған.Мектеп бітірген соң шашымды қидым.Ал қазір шашымды өсіріп жатырмын.

-Сізге қандай шаш ұнайды?

-Маған ұзын шаш ұнайды.

- Сіздің қызыңыздың шашы қандай?

-Менің қызымның шашы ұзын.

Жұмысымыздың жоспарына сәйкес Зеленый Бор ауылында тұратын жасы 70-тен асқан Жұбаныш әжемізге кездесуге келдік. Кездесу барысында әжей бізге өзінің шашы, яғни оны қалай өсіргенін,қалай күткенін айтты.Жұбаныш әже бізге сандықтан алып, апасының таққан шашбауын көрсетті.

Ұзын шашты қыздар ұнай ма?-деген сұрақты 3,4,5-сыныптардың ұлдарынан сұрағанда:

3-сынып -4 «иә», 4-сынып-4«иә», 5-сынып-10 «иә» барлығы:21 ұл баланың 18-і «иә»деп жауап берді. Ұзын шашты қыздарды барлық 21-ұлдың 1-уі ғана ұнатпайтынын жазған. Яғни, ұзын шашты қыздарды біздің сыныптас ұлдар да ұнататыны белгілі болды.

hello_html_m3a098fef.png




Мектептегі 3,4,5-сыныпдың арасында ұзын шашты қыздарды санап, мынандай кесте құрдық:


Сынып

барлығы

Ұзын шашты қыздар

Қысқа шашты қыздар




3

5

5


4

7

6

1

5

6

6


барлығы

18

17

1


Бұл кестеге сүйенсек ,барлық 18 қыз баланың 17-сінің шаштары ұзын екен. Шашы қысқа 1-қыз да келешекте шашын өсіретінін айтты.


















Өзім жиі қолданатын шаш үлгілері


hello_html_m255fc1c4.jpghello_html_m6ba49ed9.jpg






hello_html_102bc37d.jpg

Қорытынды


Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе шаштың қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретініне көзіміз жетті.

  1. Шашқа тағатын ұлттық әшекейлермен таныстық.

  2. Халқымыздың шашқа байланысты туған ырымдарымен таныса отырып, өзімізге келешекте есте ұстайтын салт- дәстүр түрін жинадық.

  3. Шаш күтіміне байланысты өзіміздің тәжірибемізбен бөлістік.

  4. Мұғалімдердің,ананың,оқушылардың пікірлерін тыңдап, өзіндік сараптама жасадық.

Барлық қыздарға айтар ұсынысымыз: ұзын шаштың адам көркі екенін біле тұра, шаштарыңызды ешқашан қимаңыздар,өйткені шаш ешқашан сәннен қалмайды!




















Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. С.Кенжеахметұлы«Жеті қазына» Алматы: «Ана тілі» ЖШС.2005ж.120 бет

  2. Д.Қанатбаев «Бұрым» өлеңі «Қазақ әдебиеті»газеті 29-маусым 2006жыл

  3. Б.Әлімқұлов,Е.Әдіроманов «Әдеби этнографиялық таным» Алматы «Санат»2009ж.180бет

  4. «Әндер жинағы» Алматы «Аруана» 2009ж.50бет

  5. Интернет желісі

  6. «Домашний очак»журналдары №9-10 (2010)
































Қосымша

Қазіргі заманғы әшекейлері арқылы шаштын жинау үлгілері.



hello_html_m39bcaa23.png



hello_html_2b74c403.png




hello_html_41f926a6.jpg


hello_html_m2240877b.jpg





hello_html_a28a1b2.jpg


Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Зеленобор мектеп-гимназиясы






Калиев Алихан,

Жумалиева Гүлден

4- сынып



Ұзын шаш-қыздың көркі










Секциясы: этномәдениеттану


Жетекшісі: Султанова Алмагүл Есенбаевна

бастауыш сынып мұғалімі













Щучье 2014 ж.

22


Краткое описание документа:

Зерттеу жұмысының өзектілігі :

 Шаштың адам ажары екенін,оның сұлулық қасиетіне толы екенін жинақталған мәліметтер негізінде   дәлелдеу. Қазіргі ақпарат құралдары арқылы теледидарда көрсетілетін бейнебаяндағы әнші, кинодағы әдемі актер,мультфильмдегі  қыздар бейнесі ұзын шаштары арқылы айқындалатыны белгілі болды.      

Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:

Ұзын шаштың адам көркі екеніне көз жеткізу.

Ғылыми жобамыздың міндеттері:

1.Ұзын шаштың адам көркі екенін дәлелдейтін   әр түрлі ақын-жазушылар шығармаларын   жинастыру.

2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерін іздестіру.

3.Жинаған әдебиеттерді талдау.

 4. Ұлттық әшекейдің  сән үлгісі ғана емес,өзіндік салт-дәстүрі бар екенін

дәлелдеу.

 

5.Өзіндік пікір,тұжырым жасау.

Автор
Дата добавления 24.11.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров2310
Номер материала 152051
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх