Инфоурок Математика КонспектыҚұзыреттіліктерді қалыптастыру – жеке тұлғаны дамытудың басты кепілі

Құзыреттіліктерді қалыптастыру – жеке тұлғаны дамытудың басты кепілі

Скачать материал

Құзыреттіліктерді қалыптастыру – жеке тұлғаны дамытудың басты кепілі

 

     Қазіргі кезде жоғары білім жүйесін реформалаудың басты мақсаты – білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Мұнда басты назар оқытушыдан жеке тұлғаға ауысады. Бұл кезде тұлға өзінің өмірлік проблемаларын тиімді және рухани тұрғыдан шеше білетіндей өмір сүре алуды үйренуге міндеттеледі. Жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білушы ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.

     Бүгінгі күні өркениетті елдерде қоғамды ақпараттандыру кең өріс алуда. Осыған байланысты жаңа ақпараттық технологиялар кәсіби қызмет пен білім беру үрдісінде де үлкен сипатқа ие. Қоршаған ортадан ақпараттар алу және оны өңдеу адам мінез – құлқын түсіндірудің маңызды қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды алу үрдісі барлығына бірдей: алу кезеңінде – сыртқы ортадан ақпараттар алу, оны өңдеу және белгілі бір тәртіпке келтіру, ал шығу кезінде – адамның қоршаған орта туралы көрінісі берілген, жүйелендірілген ақпарат және оның әрекетінің негізін қалайтын ақпарат. Бұлар адам  мінез – құлқын қалыптастырудың бастыпқы материалы болып табылады. Ақпараттарды

өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру – сабақ сайын жүргізілетін күрделі үрдіс.

     Танымның және білімнің  шындығының негізгі көрінісі мен басты шарты тәжірибелік

іс - әрекетке негізделеді. Сондықтан оқу, тіл үйрену әрекеті – танымдық әрекетке ұштасады. Тәжірибелік және рухани әрекетте  жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін

тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп  оны өзгертеді  және таниды. Тұлға жан – жақты болу үшін оның дүниетанымы өте кең болуы керек. Сондықтан білім берудің  басты мақсаты – оқушылардың танымын ұлғайтып, қызықты ақпараттарды сабақ барыстарында беріп отыру. Танымдық құзыреттілікті қалыптастыру ақпараттарды іздеп тауып алу мен ақпараттар алмасуға тығыз байланысты. Білім беру үрдісінде негізінен қалаптастырылатын құзыреттіліктер – танымдық пен ақпараттық. Бұл құзыреттіліктерді қалыптастыруда жеке тұлғаның танымын кеңейтіп қана қоймай, құзырлы тұлға болуына, яғни, «сегіз қырлы, бір сырлы» болуына лайықтау мақсаты алға қойылады.

     Психолог З. Фрейд – жеке тұлғаның құрылымы мен маңызын алғаш ашқан ғалым. Жеке тұлға, жеке адам түсінігіне байланысты, ең алдымен, адамның қоғамдық мәні бар сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасып көрініс береді. Жеке тұлға көп сатылы құрылымға ие.

   ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ойшылдарының шығармаларында адамның жан дүниесі туралы, жеке адамның қалыптасуы туралы әр қырынан сөз болды. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларында жеке тұлға мінез – құлқының қалыптасуы туралы көп ой толғайды. Ақын адамның ерік, жігер қасиеттері туралы сындарлы пікір айтқан. Сол заманның өзінде – ақ ақын «Жігерлі бол, жасқанба, бейнеттің сан алуан түрлеріне төзе біл, таудай талабың болсын, жалғыз ғана оқумен теңелмейсің, кез келгенге құлай берме» деп жастарды  өршілдікке, еңбекқорлыққа шақырды. Ойшылдар – ұлы Абай, Сұлтанмахмұттың жастарды жан – жақты, заман талабына ілескіш болуға шақыруы сол заманның өзінен бастау алады. Олар «Өз орныңды мына дүниеден таба біл, үнемі ілгері қара, жігерлі, талапты бол, ерінбей еңбек ет, сонда ғана мұратыңа жетесің» деген болатын.

Бұл айтылған дана сөздер осы кезде де өз қадірін жойған жоқ. Бұл жеке тұлғаның заман талабына сай қалыптасуының негізі әріде екенін көрсетеді.

Сұлтанмахмұт адамның әр түрлі қабілеті мен таланты, мінезі іштен тумайтынын, олар іс - әрекет үстінде қалыптасатынын айтады.

    Адамның тұлға болып қалыптасуы оның қоғамдық және еңбек ету қатынастарына жекелей түсуі, әрекетке араласуына тікелей тәуелді. Адам ғаңа туған кезінде «адам»  деп аталып, «тұлға» деп аталмайды. Адам өмірінде өз орнын тауып, ер жету үшін өзінің «Менің» басқалардан ажырата білуі қажет. Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев шығармаларында «мен - өзім»  қағидасы басты орында тұрып, психологиялық тұрғыда жан – жақты талданады. Тұлға дегеніміз – қандай да болмасын бір іспен айналысатын, білімі, дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі, талғамы, бағыт – бағдары бар адам. Тұлғаның түрлері де көп. Адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, нақты кәсіби біллімінің, іс – тәжірибесін анықтап алуымыз қажет.

    Қазіргі кездегі қазақ елінің тұрмыс – тіршілігін жақсаруға үлес қосып, салт – санасын, ұлттық құндылықтарды сақтау жолында қызмет атқарып жүрген жастарымыз аз емес. Жүсіпбек Аймауытұлының мына сөздерінің жастарға беретін тәлімі мол: «Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, білімі аз, шалалығы, құр даурық (демагогтік) боямалылығы, еліктегіш, мансапқорлығы, кеңсешілдігі, пайдакүнемдігі, негізгі мақсат – мұраты жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы – осының бәрі шын әлеумет қызметкерінің піспеген, шынықпағаның көрсетеді». Ғалым осындай жат қылықтардан  жастарды аулақ болуға шақырып, олардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның жан – жақты  дамуын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берген.

   Жеке тұлға кез келген ортада қарым – қатынасқа тез, ыңғайлы түсе алатын, бейімделгіш, құзырлы, заман талаптарына лайық болу керек. Сонымен қатар жеке тұлғаның өзіндік қасиеттері басты орында тұрады. Түрлі құзыреттерді меңгерген маман шындық өмірде кездесетін қандай да болмасын жағдаяттардан шығудың жолын өзі іздеп тауып, жоғарғы оқу орнынан алған білімін, білік, дағдыларын нағыз қайнаған өмірімен тез ұштастырып кете алатындығына мүмкіндігі мол.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      А.Маслоу. Жеке тұлға психологиясы М.,1982.

2.      С.Баьаев, Жалпы психология. А., Заң әдебиеті, 2009.

3.      К.Роджерс. Психотерапияға көзқарас. Адамның қалыптасуы. М., 1998.

4.      Қ.Жарақбаев. Психология негіздері. А., «Эверо», 2005.

5.      М.Жұмабаев. Шығармалар жинағы. І, ІІ том. А., 2005.

6.      Ж.Аймауытұлы. Жан жүйесі мен өнер таңдау. М., 1926.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құзыреттіліктерді қалыптастыру – жеке тұлғаны дамытудың басты кепілі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

     Қазіргі кезде жоғары білім жүйесін реформалаудың басты мақсаты – білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Мұнда басты назар оқытушыдан жеке тұлғаға ауысады. Бұл кезде тұлға өзінің өмірлік проблемаларын тиімді және рухани тұрғыдан шеше білетіндей өмір сүре алуды үйренуге міндеттеледі. Жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білушы ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 810 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2015 1497
    • DOCX 33 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусылманбекова Алмагуль Койшыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13942
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика")

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие функциональной грамотности у обучающихся средствами математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 53 регионов

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе