Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабак жоспар №4-с3мд3к аурулары

Агрономия негіздері Топырақтың құнарлығын арттыру

Скачать материал

ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰНАРЛЫҒЫН АРТТЫРУДА- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ.

 

Айдарова Гүлнұр Жетпісбайқызы Мақтарал аграрлық колледжі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі – еліміздің аграрлық саласын өркендету. Осы  Жолдауда республикамыздың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі жолы ретінде еңбек өнімділігін арттыру қажеттігі айрықша атап өтілген.

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQQwG7-INUU46MtslEhRmR2m0t5Ka3bzfyA7F6r6ZE5RLEm9dutsQ

 

 

 

 

 

 

Егін шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға топырақ құнарлылығын арттыру, өндірістке озық технологиясын енгізу, жерді химияландыру, яғни тыңайтқыштарды пайдалану, егістік жерлердің құрылымын жақсарту арқылы қол жеткізуге болады.

Қазіргі уақытта еліміздегі экономиканы дамытудың маңызды фокторы ретінде ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар айрықша рөлге ие болуда. Бұл өндіріс құралдары ұдайы қымбаттай түсіп отырған сәтте және түпкілікті өнім бағасының қымбаттау қарқыны саябырламай отырған шақта өте қажет.[1]

http://agroinfo.kz/wp-content/uploads/2015/12/%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%BE%D1%84%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D0%B5-%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B5-%D0%BA%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%8F.jpgКөптеген елдерде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, сондай-ақ топырақ құнарлығын  сақтап қалпына келтіру мәселелері егіншіліктің ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Бұл тәсілдердің кешені топырақ құрлымының тозуына, құнарлығының азаюына, топырақ ылғалын жоғалтуға және түсімділіктің азаюына қарсы бағытталған. Ресурс үнемдейтін технологиялардың шешуші қағидаларының бірі рентабелді ауыл шаруашылығы дақылдарын және топырақ құнарлығын жақсартатын дақылдарды қамтитын ауыспалы егісті қолдану болып табылады. Технологияларды қолдану арқылы топырақтың құнарлығын арттыру-ең тиімді экономикалық бағыт. Егіншіліктегі ресурс үнемдейтін технологиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге экологиялық және экономикалық әртүрлі жағдайларда қолданылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің икемді жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді.

 

 

Еліміз өз тәуелсіздігініне ие болған кезден бастап, отандық ғылым алдында бірқатар жаңа міндеттер қойылды. Елбасының халық қамынан туындаған сарабдал саясатының нәтижесінде елдің ұлттық қауіпсіздігін, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды мәселелер қатарына шығарылады.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жер ресурстарына бай, халқы көп алып елдердің ортасында тұрған Қазақстан азық-түлікке де­ген әлемдік сұранысты қанағаттандыруға қа­білетті елдердің бірі ретінде қарастырылған. Алайда жер телімдерін осы уақытқа дейінгі экстенсивті  және тиімсіз түрде пайдалану мен ескі шаруашылық жүргізу тәсілдері  же­рі­міздің топырақ құнарлылығының төмен­деуіне  ықпал еткендігі де шындық.

Соңғы 10 жылда елімізде халық шаруашылығының  барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізудің үдерісі жүріп жатқаны белгілі. Халқының 70 пайызы ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен, өңдеумен айналысатын Оңтүстік Қазақстан облысында инновацияны енгізу, осы ауыл шаруашылығы саласына бағытталған. Ауыл шаруашылығы саласында озық технологияларды өндіріске кеңінен өндіру  еңбек өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы.[2]

Сондықтан топырақты үнемі күтіп-баптап, оның құнарлылығын жылдан-жылға арттыру қажет. Бұл келешек ұрпақтар үшін де маңызды. Топырақтың экологиялық қасиеттері: қоректік заттарды жинау қабілеті, яғни құнарлылығы, су сыйымдылығы, кеуектілігі, ылғал өткізгіштігі, ауа және жылу режімдері оның механикалық құрамымен, физикалық-химиялық қасиеттерімен тығыз байланысты болып келеді. Топырақ құнарлығын арттыруда  тыңайт­қыштардың рөлі өте зор.

Егіншілікте заттар айналымына ең күшті әсер ететін шара – органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу. Тыңайтқыштар топырақ құрамына кешенді әсер етеді, өсімдіктерді қажетті қоректік элементтермен толықтырады, топырақтың химиялық, агрохимиялық және физикалық қасиеттерін жақсартады, биологиялық белсенділігін арттырады, топырақтың құрамындағы қоректік заттардың жылжымалы, сіңімді түріне айналып, мобилизациялануын туындатады.

Топырақ құрамында болатын түрлі минералды қосындылар мен күрделі органикалық заттар өсімдікпен сіңіріліп, кейін жануарларға өтеді. Өсімдік пен жануарлардың күрделі органикалық заттары кейін ыдырап, органикалық емес заттарға айналады және бұл үрдіс топырақта өтеді. Жыл сайын егістік бойындағы 2,5 млн. тонна қоректік заттар өнімнің өсуі үшін шығындалады. Оны қалпына келтіру үшін жыл сайын топыраққа 1,8 млн. тонна фосфорлы, 1,1 млн. тонна азотты және 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштарын енгізу қажет.

Кейінгі кезде Қазақстан егіншілігіндегі күрделі экологиялық жағдайларды ескермеу салдарынан суарылатын ауыспалы егістердегі топырақ құнарлылығы, оның ішінде қарашірінді 25-35 пайызға кемігендігі белгілі. Себебі, топырақтың агрохимиялық және агрофизикалық жағдайы нашарлап, топырақ нығыздалып, эрозияға ұшырап, еліміздің көпшілік аймақтарының топырақ экологиясы бұзылған. Құнарлылығы төмендеген, ластанған жерлер көлемі республикамызда 85-90 млн. гектарға жетіп отыр. Суармалы жерлердің ауданы мен оларда егілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан алынатын өнім күрт төмендеп кетті. Суармалы жерлерден түсетін табыс мөлшері азайып, шаруалар кей жылдары шығарған шығындарын өтей алмай қалуда.

Қазіргі таңда құнарлығын қалпына келтіру үшін әр түрлі құнарландыру шараларын қолдану қажет.  Сол себепті, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарыҚазақстанның суар­малы жерлерінде орын алған
жағдайларды зерттеп, өнімділіктің төмендеп кету себептерін анықтап, оларды қалпына келтіру бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазақстанның қара, күлгін қоңыр, сұр топырақты аймақтарында жұмыс жүргізуде. [3]

Топырақты тиімді пайдаланудың ғылыми негізін ғалымдар мен мамандар жасаса, ал оларды өндіріске енгізу шаруашылық субьектілері арқылы жүзеге асырылатындығы белгілі. Ғалымдарымыз осы салада еліміз егемендік алғаннан бері  топырақтанушы ғалымдарымен бірге аянбай еңбек етіп келеді. Олар жерді тиімді пайдалану үшін, біріншіден топырақ ғылымының даму бағыттарын, екіншіден топырақ жамылғысы­ның жағдайы мен топырақта болып жатқан өзгерістердің заңдылықтарына антропогендік фактордың әсерін анықтап, оны шешу жолдарына арналған ұсыныстар дайындап өн­діріске енгізіп келеді. Оның бірі қатты тұзданған сілтілі топырақтарды игерудің  жаңа технологиясы.Егер айта кететін болсақ сондай тыңайтқыштардың бірі өзіміздің Шымкенттегі фосфор зауытының қалдықтарына түрлі қоспалар қоса отырып даярлаған фосфоргипс. Ол жыл сайын заводтан шығарылып қайда тастарымызды білмей экологияға зиянын тигізіп отырған қалдықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа технологияның бір ерекшелігі тұз­дардың топырақтағы деңгейіне және топы­рақ­тың механикалық құрамына, оның құнар­лылығына  байланысты түрлі модификация­сын пайдалануға болады. Ал екінші ерекшелігі – оның егістікте тонналап емес, граммдап берілетіндігінде, яғни аз шығын жұмсалатындығында.Сонымен бірге, топырақтанушы ғалым­дар тозғындауға, бүлінуге ұшыраған жерлерде наноагромелиоративтік әдістерді пай­далана отырып  топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартуға  және топы­рақ­тың құнарлылығын арттыруға, осы ар­қылы ауыл шаруашылық дақылдардан қо­сымша 65 пайызға дейін өнім алуға бола­тынын дәлел­деп, іс жүзіне асырып келеді. Нәтижесінде астық дақылдарындағы дәннің белоктық заты (ұлпасы) бес  пайызға дейін көбейіп, көкөніс дақылдарындағы нитраттар бірнеше есе азаятындығы, сонымен бірге да­қыл­дар өніміне судың аз көлемде қолда­нылатыны анықтады.

Суармалы жерлерде орын алған жоғарыдағы келтірілген кері әсерлерді жою әдістерінің бірі – фосфогипсті сортаң топырақтарға мелиорант ретінде енгізу. Фосфогипсті суармалы жерлерде химиялық мелиорант ретінде пайдаланудың тиімділігі, оның химиялық құрамына тікелей байланысты. Себебі, оның құрамында кальцийдің мөлшері 25,67-27,53 пайыз аралығында өзгереді. Сонымен қатар, фосфогипстің құрамында фосфор, кальций, өсімдікке қажетті микроэлементтер бар және оның ортасы қышқылды орта болып саналады. Сондықтан, фосфогипстің құрамындағы фосфор топыраққа жылдам ауысып, оның құнарлығын арттырады. Өзінің тиімділігі жағынан фосфогипс гипстен асып түседі. Себебі, гипсті сілтілі топырақтарға пайдаланғанда кальцитті қабықша пайда болып, оның ерігіштігі төмендейді.

http://novo-met.ru/wp-content/uploads/2013/08/Pererabotka-fosfogipsa1.jpg


Қазақстанның суармалы жерлерінде соңғы 15-20 жыл аралығында құрамында кальций катионы бар минералды тыңайтқыштарды жеткіліксіз мөлшерде пайдаланғандықтан топырақ құрамындағы кальцийдің мөлшері сумен шайылумен қатар, өсімдіктермен шығындалу нәтижесінде азайып кетті. Сондықтан, көптеген суландыру жүйелерінде топырақтың сортаңдануы мен сілтіленуі кең көлемде орын алуда. Топырақ құрамындағы кальций мөлшерінің азаюынан, оның құрылымы нашарлап, топыраққа су тиген кезде ақпа батпаққа, ал кепкен кезде тілім-тілім болып жарылатын қатты кесекке айналады.

Атап айтсақ біздің Мақтаарал ауданында топырақтың сортаңдануының екі түрі орын алуда. Суармалы топырақтың сіңірімділік кешенінде магний катионының шектен тыс (30 пайызға) артуы орын алып, магнийлі сортаңдану үдерісі жеделдеуде. Қазақстанның қалған аймағында топырақтың сіңірімділік кешенінде негізінен натрий катионы шектен тыс көп жиналып, натрийлі сортаңдану орын алуда.

Сондықтан сортаңданған және сілтілі топырақтың құрылымын жақ­сар­тып, құнарлығын арттыру, химиялық мелиорациялауды қажет етеді. Химиялық мелиорациялау барысында мелиорант ретінде құрамында кальций катионы бар заттар қолданылады. Мысалы, ондай мелиоранттарға гипс, кальцийлі хлор, дефекат (қант өндірісінің қалдықтары), фосфогипс (фосфор өндірісінің қалдықтары), күкірт қышқылы және т.б. заттар жатады.

Жалпы, Қазақстан бойынша ең тиімді және арзан химиялық мелиорант фосфогипс болып саналады. Сондықтан, біз өзіміздің колледждің оқу тәжірибе учаскелерімізде жүргізген зерттеулерімізде фосфоргипсті қолдандық. Оны Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жасаған технология бойынша топыраққа енгіздік.[4]

Фосфогипс применениеБұл технология негізінен, күзде егінді жинап болған соң, топырақтың сортаңдығы мен сілтілігін анықтау мақсатында топырақ үлгілерін химиялық сараптамаға алуды және жерді 25-30 сантиметр тереңдікке жыртуды қарастырады.Фосфогипсті топырақ бетіне біркелкі етіп сеуіп сүдігер жырту кезінде топырақпен араластырылады. Жауын-шашын, қысқы сор шаю суымен көктемге дейін еріп топырақпен араласып топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартады.Оқу тәжірибе учаскілерінде фосфогипстен сон топырақтың мелиоративтік жағдайы жақсарып 2014 жылмен салыстырғанда мақтаның өнімі 8ц/га артқанын көрдік.  2014 жылы сол тәжірибе учаскесінде 22 ц/га өнім алынған еді. Ал 2015 жылы топыраққа фосфогипсті ендіргеннен кейін өнімділік 30ц/га жетті. Топырақтың сортаңдығы мен сілтілігін анықтау мақсатында топырақтан үлгілер алып ауданымыздағы мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында химиялық сараптама жасағанымызды оң нәтиже бергенін көрдік.Топырақ құрамындағы тұздардың мөлшері 0,55-0,80%-дан нашар 0,35-0,15 % төмендегенін көрдік.

 

 

Топырақта сортаңдану дәрежесіне қарай бөлу

 

Р/с

Жылдар

Сортаңдану дәрежесі

Тұздылығы, %

1

2014 жыл

Күшті

0,55-0,80

3

2015 жыл

                   Нашар

0,15-0,35

 

 

Біздің ғалымдар топырақтың құрамын жақсартумен бірге жерді емдейтін дәруменді тапқан сыңайлы. “Ана Жер” ҒӨБ ЖШС  президенті, техника ғылымдарының докторы, про­фессор Сұлтан Усманов бастаған ғалымдар жер қыртысын тыңайта­тын әрі өсіріп жатқан дақылға пайдасы мол МЭРС тыңайтқышын өндіріске қосып жа­тыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінде де тыңайтқыштың осы түрі­мен жұ­мыс жасау қолға алынуда.

“Б” МЭРС  маркалы шағын био­­ты­ңайт­қышының құрамында өсім­дік­ке қажетті темір, жез, цинк, молибден, марганец, бром және кобальт эле­менттері бар. Салыс­тыр­­­малы түр­де алып қарасақ, 1 грамм жер қыр­ты­сына 1,5 млрд-қа дейін микроорганизм беріледі екен. Осы­ның есебінен өсімдік қорек алады. Бактериялардың көптеген түрі ауадан азот алып, топырақ құнарына сіңіріп, құрамын байытады.Диқандар жерді сулан­дыру кезінде негізінен аммиак се­литрасы мен фосфор және калийсіз азот тыңайтқыштарын пай­да­­ла­нып келді. Дақылдың тез өсуін қам­тамасыз ететін тыңайт­қыш­тардың жер құнарын дегра­да­цияға ұшыра­та­­ты­нын аңдай қой­майды. Ондаған жылдар бойы тек азот ты­ңайтқыш­тарын алып келген жердің түбінде жарамсыздануына сол ди­қандар емес, ең алдымен ға­лым­дарымыз да кінәлі-ау. Оған ты­ңайт­қыш­сыз қылта­нақ шықпайтын біздің Мақта­арал­дағы жер алқаптарын мысалға келтіруге болар.

Мәселен, интенсивті техноло­гия­­ны пайдаланып, гектарына 1000-1500 кило аммиак се­лит­ра­сын сіңі­ріп өсір­ген пиязды айтуға болады. Екі жыл қатарынан пияз егілгеннен кейін бұл жерге 4-5 жылға дейін жоңышқа секілді жердің құнарлығын көтеретін да­қылдар екпе­сеңіз, жердің құ­нар­лы қыртысынан айырылып қаласыз.

Ал, МЭРС тыңайтқышын пай­да­­лан­ған диқандар мұны экология­лық жағынан таза әрі өнімді жақсы алуға жәрдемдеседі дегенді айта­ды. Жері­міздің ертеңін ойлаған біз­дерге де керегі осы емес пе?!

Қойылған мәселені шешуде негізгі құрал «Б» маркалы МЭРС микробиотыңайтқышы болып та­бы­лады. Ол топырақтың әрбір грам­ын гумус, биопестицид, ми­не­рал­ды және органоми­не­ралды тыңайт­қыштар өндіретін микро­зауытқа айналдырады. Біз бұл жаңалықты түбегейлі және даусыз инновацияға теңгере аламыз.[1,2,3]

«Б» маркалы МЭРС микробио­ты­ңайтқышы минералды тыңайт­қыш­тар, ұрық дәрілеуіштері, гербицидтер, фунгицидтер және инсектицидтермен бірге қолда­ныла­ды

 

http://www.kz.all.biz/img/kz/catalog/143462.png

 

МЭРС микробиотыңайтқышы топырақтанушы ғалымдармен бірге өндіріске кең көлемде ендіріліп келеді. Оның берер пайдасы-өсімдіктерді көптеген макро, микроэлементтер және микроорганизмдермен қамтамасыз ете отырып, топырақта қоректік заттады тиімді, ал минералды тыңайтқыштарды үнемді етеді және химиялық улы заттардың кері әсерін азайта отырып дақылдардың экологиялық таза өнімін арттырып, сапасын жақсартады. Бақылау нысандарымен салыстырғанда МЭРС микробиотыңайтқышы өнімді бір жарым есеге дейін көбейтеді.

90 жылдық тарихы бар біздің МГЭАБ колледжінде 0,24 соттық жерде жылыжайымыз бар. Ол жылыжайда «Фермер шаруашылығы», «Табиғатты қорғау және экология» мамандықтарытарының студенттері оқу бағдарламаларына сәйкес оқу тәжірибелерін, өндірістік тәжірибелерін және диплом алды тәжірибелерін өтеді. Осы жылыжай бізге  алған теориялық білімдерімізді тәжірибемен ұшастырып алған білімізді нығайта түсуімізге мүмкіндік береді.

Мен осы жылыжайда микробиологиялық тыңайтқыштардың құнарлығын арттыруда алатын орны ерекше екендігін көрсететін өз тәжірибемді жүргізуге мүмкіндік алдым. Мен МЭРС микробиотыңайтқышының қиярды өсіру барысында топыраққа тигізетін әсеріне тәжірибе жүргіздім. Ол үшін қаңтарда қияр көшетін жылыжайға ектік. Егілген көшеттерді өз қамқорлығыма алып күтіп баптадық. Көшеттерге үстеме қореқ ретінде суға араластырылған МЭРС микробиотыңайтқышымен қоректендіріп отырдық. МЭРС микробиотыңайтқышының құрамында өсімдікке қажетті темір, цинк, молибден, марганец, бром және кобальт микроэлементтер мен қатар микроорганизмдерде болғандықтан біздің отырғызған көшеттеріміз жақсы өсе бастады. Тыңайтқыштардың құрамындағы микроорганизмдер мен бактериялар ауадан азотты алып топырақтың құрамына сіңіріп, топырақтың құрамын байытып құнарлығын арттырып отырды. Бұрынғы пайдаланып жүрген көшеттердің өсуін тездететін амияк селитрасы, фосфор, калийсыз азотты тыңайтқыштар берілген жоқ.

Азот тыңайтқыштарды үздіксіз беру топырақтың құнарын деградацияға ұшырататынын біз білеміз.

Ал біздің МЭРС микробиотыңайтқышын бергеннен кейін 1грам жер қыртысына шамамен 1,6 млрд-қа дейін микроорганизмдердің топыраққа енуі әсерінен топырақтың құнарлығы күн санап арта бастады. Қиярдың гулдеуі жоспарлағаннан 6-7 күнге ерте басталды. Ал жемістің құрамындағынитрат туралы айтпасақта болады.

Қиярдың өнімі көшетті отырғызу барысында топырақтың құнарлығына тікелей байланысты. Менім зерттеулерімді салыстырғанда 2015 жылы 5 қаңтарда отырғызған көшеттің бір шаршы метрден 12,1кг өнім жинаған, 2016 жылы 1 қаңтарда МЭРС  микробиотыңайтқышын пайдаланып, отырғызған көшеттің бір шаршы метрден 15,1 кг өнім алдық.

 

http://yutno-doma.ru/wp-content/uploads/2013/05/%D0%BE%D0%B3%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%86-%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%81%D0%B0%D0%B4%D0%B0.jpghttps://www.mastergardeners.org/images/projects/ninepalms/2008/cucumbers/stallionsm.jpg

 

 “Б” МЭРС пайдаланғанда                              “Б” МЭРС пайдаланбағанда             

 

 

Мен сіздерге МЭРС биотыңайтқышын пайдалануға арналған ақпаратты ұсынып отырмын. Бұл көкөністермен қатар жеміс жидектергеде пайдалануға тиімді екенін көріп тұрсыздар.

 

Пайдалануға арналған ақпараттар.

 

Өсімдік

Препаратты пайдалану мөлшері/ Ерітінді шығыны

Пайдалану ерекшелігімен уақыты.

Жемісті өсімдіктер(алма, алмұрт және т.б.

2,0-4,0л/га800-1000л/га

Маусым бойы 2-4 рет ТТҚ гүлдеу алдында, гүлдеу соңында-жеміс пайда болар алдында.

Жүзім

2,0-4,0л/га800-1000л/га

Маусым бойы 2-3 рет ТТҚ гүлдеу алдында, гүлдеу соңында-жеміс пайда болар алдында,жидектердің жетілуі мен түсінің өзгеруі кезінде.

Қызанақ кәді

1,0-2,0л/га200-400л/га

Маусым бойы 2-4 рет ТТҚ 10см биіктегі өсімдік үшін немесе отырғызғаннан кейін, гүлдеу алдында, гүлдеу соңында-жеміс пайда болар алдында,жидектердің жетілуі мен түсінің өзгеруі кезінде.

Пияз сарымсақ

1,0-2,0л/га200-400л/га

Маусым бойы 1-3 рет ТТҚ 4-5 жапырағышыққан кезде, баданасы пайда болған кезде

Орамжапырақ

1,0-2,0 л/га суару жүйесіне байланысты

Маусым бойы 3 рет ТТҚ отырғызылғаннан кейін 20 күндік интервалмен

Картоп

1,0-2,0л/га200-400л/га

Маусым бойы 3 рет ТТҚ  15 см биіктікте, түйдегі пайда болған кезде, содан кейін 15 күн интервалмен

Қант қызылшасы, турнепс, сәбіз

3,0-4,0л/га200-400л/га

Маусым бойы 3 рет ТТҚ 3-4 жапырағы пайда болған кезде, одан кейін 20 күндік  интервалмен

Гүлді декаративті өсімдіктер

1,0-2,0л/га200-1000л/га

Маусым бойы 3-2 рет ТТҚ көктемде, вегетацияның қалпына келу шағында көпжылдық өсімдіктерге немесе 10см биіктіктегі өсімдікке ( біржылдық өсімдіктер үшін,одан кейін 15 күндік интервалмен

Қияр

50-100 мл /га. 2мл 100 кв.м 5 литр суға

Маусым бойы 3 рет ТТҚ 3-4 жапырағы пайда болған кезде, одан кейін 20 күндік  интервалмен

 

Араластыру.

Препаратты суға араластырып қолданғанда, онда ерітінді дайындау жұмысы келесі        тәртіппен:

-Өңдейтін машинаның багін судың қажетті мөлшерімен толтырамыз.

-Тоқтатпай араластыра отырып есептеліп өлшенген МЭРС пепаратының керекті мөлшерін қосамыз.

-Жұмыс ерітіндісін дайындау,дәрілеу кездерінде араластыруды тоқтатпаңыз.

 

Тақырыбымды қорыта келе топырақтың адам өмірі үшін пайдасы өте ерекше. Топырақсыз адам өмір сүру мүмкін емес және де оның құнарлылығына да аса мән берген жөн. Топырақ құнарлы болса өсімдік өсіп, өнімді өте көп өлшерде береді. Ал топырақтың құнарлығы аз болса, өсімдік ауырып одан алынатын түсім де азаяды

Сараптау барысында, сортаңданған топырақтың құнарлығын арттыру үшін фосфогипсті пайдалану – ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырумен қатар, шаруа қожалықтарының суармалы жерлерден табатын таза пайдасын да көбейтетіндігі анықталды.

Сортаңдалған суармалы топы­рақтарды фосфогипс енгізу ар­қылы химиялық мелиорация­лау­дың тиімділігі, осы жерлерге егілген ауыл шаруашылығы да­қыл­дарының өнімділігімен дә­ленденеді. Мысалы, біз өзіміздің фосфоргипсті оқу тәжірибе учаскелерімізде жүргізген зерттеулерімізде фосфоргипсті қолдандық фосфогипс ен­гізу арқылы топырақ құнар­лылығы арттырылған суармалы жер­лерде, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі артты.

Жерге ке­регін беріп, оған қосымша қыр­ты­­сын қалпына келтіруге жағ­дай жа­сай­тын МЭРС-ке тең келер ты­ңайт­қыш жоғына көзіміз жетті.

Осы препараттар деградацияға ұшыраған суармалы жерлерде  пайдаланылу үстінде. Олардың көп өтпей ауыл шаруашылығы  да­қылдары егістіктерінде  кеңінен пайдаланы­ла­тындығына толық сенеміз.

Қорыта айтқанда, Қазақ­стан­ның топырағы тозған суармалы жерлерінің құнарлылығын, оның қабатындағы тұзды шаю және сортаңдығын МЭРС атты микробиотыңайтқышы енгізу арқылы химиялық мелиорациялау әдістерін қолдану арқылы арттыру, тиімді шаралар қатары­на жатады. Себебі, қарастырыл­ған шаралар, суармалы жерлердің құнарлылығын 1 жылдың ішінде қалпына келтіруге мүмкіншілік жасап, топырақ құнарлылығын арт­тыруға жұмсалған шығын­дардың 1-2 жылдың ішінде ақталуын қамтамасыз етедеді.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.http://egemen.kz/2013/?p=4891

2.http://thenews.kz/2011/06/10/841872.html

3.http://thenews.kz/2011/06/24/852600.html

4.«Агрономия негіздері»             Қ. Әрінов, М.Ысқақов.

5.«Агрономия негіздері»             И.Сейітов.

6. «Егіншілік»Ә.Әуезов, Т.Атақұлов.

7. «Өсімдік шаруашылығы»        С.Арыстанқұлов, А.Күлдеев.

8. «Жеміс шаруашылығы»           К.Ж Аяпов, Г.А Кампитова.

9.«Агрономия негіздері»             А. Жаңабаев .        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

абақтың тақырыбы: Кабельдік байланыс құбырлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерді өндірісте пайдаланылатын кабель түрлерімен таныстырып, кабельдердің ерекшеліктерін меңгерту, оралған жұптар негізіндегі кабельдерді коннектормен қысуды үйрету, жаңа термин сөздерді меңгерту, жоспарлы әңгімелеу.
Тәрбиелік: Студенттерге қазақтың ұлттық ойындары арқылы сенімділік күшін, батылдық мен мақсаттылық қабілеттерін ояту, өз беттерімен жұмыс жасауға, үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жүйелілікке, білімділікке, ұқыптылыққа, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Студенттерді өз бетімен ізденуге, ойын тұжырымдауға, өз көзқарасын айта білуге баулу. Шапшаңдық пен тапқырлық, танымдық және шығармашылық қабілеттерін және жылдам ой қорыту қасиеттерін жан - жақты дамыту.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері, ағылшын тілі
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: MS Power Point бағдарламасында дайындалған слайдтар, интерактивті тақта, AD Tester бағдарламасында дайындалған тест тапсырмалары, сәйкестендіру тесті, бейнеролик.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2 мин
2. Қайталау, еске түсіру кезеңі «Қимақ» ойыны 7 мин
3. «Жамбы ату» ойыны 6 мин
4. Тақырыпқа сай бейнеролик тамашалау ( ағымдағы нұсқаулық) 13 мин
5. «Ақ сүйек» ойыны 5 мин
6. Бекіту «Ақ серек, көк серек» ойыны 5 мин
7. Қорытындылау. «Теңге алу» ойыны 3 мин
8. Бағалау 2 мин
9. Үй тапсырмасын беру 2 мин
1. Ұйымдастыру бөлімі: - Амандасу, кабинетті ретке келтіру, сабаққа қатысушылықты тексеру.
2. Қайталау, еске түсіру кезеңі
Сабақ ойын түрінде өтеді. Сабақты төмендегі ойын сатыларымен бекітіп, қорытындылаймын:
1. Қимақ
2. Жамбы ату
3. Ақ сүйек
4. Ақ серек, көк серек
5. Теңге алу
«Қимақ» ойыны.
Бұл ойынды жіп керіп, сол керілген жіпке әр түрлі ұзындықта сан алуан заттар байлап қояды. Мынадай заттар: Қалам, өшіргіш, кәмпит, кітап, әр түрлі ойыншықтар және ойын көңілді болу үшін бос қағазды да қомақтап орап қояды. Ойынның шарты: бір адамның көзін байлап, ойын бастаушы оның қолына қайшы ұстатып, осы заттан «бар да, қалағаныңды қиып ал», - дейді. Ол адам қиған затын алады. Егер бірінші мәрте қия алмаса, екінші рет әрекеттенуіне болмайды.
Осы «қимақ» ойынын біз былай ойнаймыз. Слайдта жіпке керілген заттарды таңдап, қиып аламыз. Әр заттың суретіне төмендегі сұрақтар жасырылған. Бір сұраққа жауап берсе, бір ұпай алады.

1. Өндірісте пайдаланылатын кабельдердің түрлерін атаңыз. (Оралған жұп негізіндегі кабель, коаксиалды кабель және талшықты – оптикалық кабель)
2. Оралған жұп негізіндегі кабельдердің қандай түрлері бар? (экрандалған және экрандалмаған)
3. Оралған жұптардың жалғануы үшін қолданылатын коннектордың типін ата. (RJ - 45)
4. Изоляцияланған мыс сымдардың бір диэлектрлік жамылғымен оралған бірнеше жұптары қалай аталады? (оралған жұп негізіндегі кабель)
5. Бір – бірімен диэлектрлік қабатымен бөлінген және жалпы сыртқы жамылғыға орналасқан орталық сым мен металдық қорғаннан құралған электрлік кабель. (коаксиалды кабель)
6. Коаксиалды кабельдің қандай түрлері бар? (жуан thik, жіңішке (then) кабель)
7. Жіңішке коаксиалды кабельдің диаметрі нешеге тең? (0, 5 см)
8. Жуан коаксиалды кабельдің диаметрі қаншаға тең? (1 см)
9. Оптикалық диэлектрлік толқын енгізушілер бойынша ақпарат тасымалданатын тасымалдау жүйесінің түрі (талшықты – оптикалық кабель)
10. Талшықты – оптикалық кабельдердің қандай түрлері болады? (көп модалы және бір модалы)
11. Көпмодалы кабельдің рұқсат етілген ұзындығы қаншаға тең? (2 - 10 км)
12. Талшықты – оптикалық кабельдер қандай желі топологияларында қолданылады? (тек «жұлдызша» және «сақина»).

3. «Жамбы ату» ойыны
Күні бұрын жамбы ілініп, оны ататын жер тағайындалады. Жамбының дорбаға салынған алтын не күміс биіктігі 4 – 5 метрдей ағашты басына ұзындығы 3 – 4 қарыс аттың қылынан қабатталып есілген жіппен байлап салбыратып іледі. Ойнаушылар жамбыдан қашықтығы 50 – 60 адымдай жерде тұрып кезектесіп садақпен атады. Ал біз осы ойынды былайша ойнап көрелік. Қатар компьютерлерде (1, 2, 3) отырған студенттер үшеуден топтасып, мына сұрақтарға жауап береді. Әр студенттің алған ұпай сандары слайдта көрсетіліп тұрады. Яғни, садақтың жебесі нысанаға (жамбыға) тиген кезде ұпай саны пайда болады.

1. Коаксиалды кабельдердің ерекшеліктерін сипаттаңдар.
2. Оралған жұп негізіндегі кабельдердің ерекшеліктерін сипаттаңдар.
3. Талшықты – оптикалық кабельдердің ерекшеліктерін сипаттаңдар.

4. Тақырыпқа сай бейнеролик тамашалау ( ағымдағы нұсқаулық)
Студенттер тақырыпқа сай бейнероликті тамашалағаннан кейін, оралған жұп негізіндегі кабель тіндерінің орналасу ретін дәптерге түртіп алады. Жұмыс орнын дайындап, ағымдағы нұсқаулық беріледі.

1. Құрал – саймандарды үстел үстіне ыңғайлы орналастырамыз.
2. Жұмысқа кірісер алдында құрал – саймандармен жұмыс жасау ретін білуіміз қажет. Кабель контактілерін жамылғыдан шығарған кезде кескіш пышақпен жұмыс жасағанда абай болу керек.
3. Қысқыштың кабельді қиятын жағын өзімізге қарай бағыттап ұстаймыз. Кабельді коннектормен қысатын кезде қысқыштың коннекторға арналған орнына коннекторды дұрыс орналастыру қажет. Яғни, коннектор контактілері қысқыш тістерінде орнықты орналасуы керек.
4. Кабельді қысар алдында контактілердің реттілігін мұқият тексеру керек. Себебі, қысылған коннектор екінші тер пайдалануға жарамсыз.
5. Кабельді қысқышпен біркелкі қысу қажет. Басқаша жағдайда, коннектор контактілері тегіс орналаспай қалуы мүмкін.
5. «Ақсүйек» ойыны
Ең алдымен, ойыншылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті кімнің лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма – қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне – бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топтың ұтқаны болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.
Біз бұл ойынды былай түрлендірейік. Қатар компьютерлерде (1, 2, 3) отырған студенттер үшеуден топтасып, бейнероликтен көргендей оралған жұп негізіндегі кабельді RJ – 45 типті коннектормен қысуды тәжірибе жүзінде орындайды.

6. Бекіту
«Ақ серек, көк серек» ойыны
Тесттен алған ұпай саныңызды бағалау парағына енгізіңіз.

7. Қорытындылау
«Теңге алу» ойыны
Сабақты студенттер «теңге алу» ойынымен қорытындылайды. Студенттер интерактивті тақтада коаксиалды кабельдің құрылысы бойынша дайындалған сәйкестендіру тестін орындайды. Тақтаға шығып, дұрыс жауап берген студентке 1 ұпай беріледі.

8. Бағалау
Студенттерге бағалау парағын алдын – ала таратып қоямын. Олар әр саты бойынша жинаған ұпай сандарын белгілеп отырады. Жалпы ұпай саны бойынша төмендегіше бағалаймын: 9 – 11 ұпай – «3», 12 – 14 ұпай – «4», 15 – 17 ұпай – «5».

9. Үй тапсырмасын беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабак жоспар №4-с3мд3к аурулары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 311 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2018 2914
    • DOCX 898.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айдарова Гүлнұр Жетпісбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айдарова Гүлнұр Жетпісбайқызы
    Айдарова Гүлнұр Жетпісбайқызы
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17912
    • Всего материалов: 41

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 215 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе