Инфоурок Другое Презентации"Қараңғы түнде тау қалғып"

"Қараңғы түнде тау қалғып"

Скачать материал
Скачать материал ""Қараңғы түнде тау қалғып""

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сабақтың тақырыбы:А.Құнанбаев “Қараңғы түнде тау қалғыпСабақтың  мақсаты:...

    1 слайд

    Сабақтың тақырыбы:
    А.Құнанбаев “Қараңғы түнде тау қалғып
    Сабақтың мақсаты:




    А)Білімділік: оқушыларға ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірін, әннің шығу тарихымен таныстыру, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
    Ә)Тәрбиелік: оқушыларды ақыл-ой, парасат тәрбиесін алуға,мәдениеттілікке баулу.
    Б)Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.Оқушыларды өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру.

  • Қазақтың бас ақыны

    2 слайд

    Қазақтың бас ақыны

  • Өскенбай Құнанбай    Абай   ДілдәӘйгерімТұрағұл Зікайл Мекайл КенжеАқылбай Кү...

    3 слайд

    Өскенбай
    Құнанбай
    Абай
    Ділдә
    Әйгерім
    Тұрағұл Зікайл Мекайл Кенже
    Ақылбай Күлбадан Хакімбай Райхан Мағауия Әбдрахман
    Еркежан

  • 4 слайд

  • 5 слайд

  • 6 слайд

  • Қараңғы түнде тау қалғып
 

Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбыра...

    7 слайд



    Қараңғы түнде тау қалғып


    Қараңғы түнде тау қалғып,
    Ұйқыға кетер балбырап.
    Даланы жым-жырт дел-сал ғып
    Түн басады салбырап.
    Шаң шығармас жол-дағы,
    Сілкіне алмас жапырақ.
    Тыншығарсың сен-дағы
    Сабыр қылсаң азырақ.

  • Сыйқырлы Лермонтов қаламынан туған бұл жолдар керемет емес пе! Неміс тілін же...

    8 слайд

    Сыйқырлы Лермонтов қаламынан туған бұл жолдар керемет емес пе! Неміс тілін жетік білген Лев Толстой осы аударманы неміс тіліндегі түп нұсқадан әлдеқайда көркем деп бағалаған. Түпнұсқадан Лермонтов аудармасы асып тұрса, Лермонтов аудармасынан Абай аудармасын әсте кем дей алмайсың. Сап алтыннан құйылып түскен сұлу да мінсіз мүсін секілді емес пе! Шашау шыққан бір сөз жоқ. Түн басқан тау келбеті, жым-жырт дала келбеті қандай ғажап! Шаң шығармайтын жол мен сыбдырламайтын жапырақ көңіл күйін тыныштыққа шақырып тұрған жоқ па?! Лермонтов аудармасының бүлк-бүлк соққан тамырын Абайдың айнытпай дөп басқандығы соншалық, содан бергі өткен жүз жылдан астам уақыт ішінде қазақтың мен тіл білем деген бірде-бір өнерпазы бұл өлеңді қайта аударам деп қарекет жасамаған. Ондай ақын келешекте де шыға қоймайтын шығар деп шамалаймын.

  • Жыл мезгілдері

    9 слайд

    Жыл мезгілдері

  • Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес Ол бірақ қайті...

    10 слайд

    Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

    Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
    Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес
    «Мені» мен «менікінің» айрылғанын
    «Өді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
    Көп адам дүниеге бой алдырған
    Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
    Өлді деуге сыяма айтыңдаршы
    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
    Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей?
    Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей
    Міні қайда екенін біле алмассың
    Терең ойдың телміріп соңына ермей.
    Дүниедегі дос ақиретке бірдей болмас
    Екеуі тап бірдей боп орныға алмас
    Дүниеге ынтық, мәғшәрға амалсыздың
    Иманын түгел деуге аузым бармас.

  • Үй тапсырмасы:  Өлеңді жаттау

    11 слайд

    Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттау

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Қараңғы түнде тау қалғып» 
Абайдың 1892ж. М. Ю. Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтан тұрады, барлығы 8 жол. Өлең - Абай аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі. Лермонтов бұл шағын өлеңді 1840 ж. неміс тілінен тікелей тәржімалаған. 1780 жылдың күзінде Кикельхан шыңына жаяу сапар шегіп, И. В. Гете шың түбіндегі аңшы үйінің қабырғасына қарындашпен небәрі сегіз жол өлең жазады. Бұл кейін бүкіл дүние жүзіне танымал болған, сан-алуан тілдерге аударылған әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» еді. Бұл лирикалы-философ. миниатюраның негізгі түйіні, әлеуметтік мәні мен астары, көркемдік құдіреті аса тереңде жатыр. Адамзат өмірі мен тылсым табиғат құбылысының арақатынасын, байланысын, тынымсыз харекет-өмірден кейін тыныштық аңсау тақырыбын тұңғыш көтеріп, көркем бейнелеген көне грек ақыны Алкман (б. з. б. 7ғ.) болатын. Сонан соң бұл мәңгілік тақырыпты көне заманның ұлы ойшыл ақындары Вергилий, Овидий, Ариосто, Тассо тереңдетіп, құбылтып, толықтыра түсті, өлеңдеріне жаңа қуат берді. Гете «Жолаушының түнгі жырын» солардың үлгісінде жазып, сол ұлы ақындардың дәстүрін жалғастырды, өзіндік соны бояу, жаңа реңк енгізді. Өлеңнің философиялық түйіні соңғы екі жолында ашылады: «Тыншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ». Бұл жолдар Гетеде де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Гетеде «Жолаушының түнгі жыры» еркін жазылған, буын саны, ұйқасуы да әр алуан. Өлеңді орыс тіліне тәржімалаған И. Анненский, В. Брюсов, Ю. Александров ырғақтық дәлдікті мүмкіндігінше сақтауға тырысқан, бірақ нәтижесінде аударма сірескен қалпында қалып, жасандылау шығып, көркемдік күш-қуатын әлсіретіп алған. Лермонтов, керісінше, Гетенің миниатюрасын еркіндеу аударып, орыс табиғатына лайық бірнеше тың бейне қосып, ырғақ, буын өлшемін дәл сақтамағанымен, түпнұсқадағы ойға, сарынға, сезімге ешбір нұқсан келтірмей, данышпан неміс ақынының философиялық ой- күйін, түйсік-сезім, дүние танымын айқын бере алған. Абай аудармасы жайында да дәл осыны айтуға болады. Ол Лермонтов тәржімесі арқылы ұлы Гетенің жан сырын тап басып, өлеңді қазақ топырағына бейімдеп, ұлттық әр беріп, жаңа, тың жыр туғыза алған. Абайдың шеберлігі, көрегендігі, сезімталдығы, әсіресе үш өлеңді қатар қойып оқығанда ерекше айқындала түседі. Бір ғажабы, Абайдың аудармасы өзіндік, тел шығармадай әсер етеді, «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ. Оған бір жағынан Абайдың бұл өлеңге жазылған кең тынысты, нәзік өуенді әні себеп болуы керек. Өлең шалыс ұйқас үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. 
1979 ж. қазақ жазушысы Қ. Исабаев неміс қаласы Габельбахтағы Гетенің музейіне Абай аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі қашалып жазылған мәрмәр тақтаны және әнші М. Көшкінбаев домбырамен орындаған әннің магнит таспасын сыйға тартқан. Г. Бельгер. Абай«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіне ән шығарған. Ән сипаты көңілге қонымды, жүрекке жылы, құлаққа жағымды. Алғашқы рет нотаға композитор Л. Хамиди 1935 ж. А. Ысқақовтың айтуы бойынша жазып алған. 1984 ж. музыка зерттеуші Қ. Жүзбасов әнші Қ. Байжановтан 1958 ж. (магнитофонға) таспаға жазылған үлгісін және М. Мұқамеджановадан жазылған нұсқасын нотаға түсірген. Қазіргі уақытта бұл әннің З түрі белгілі болып отыр. Сол үш нүсқаның 2 түрі ең күрделі және толық екі шумақ аумағында түгелдей мелодиялық сазымен ерекшелеңеді. Екінші шумақтың әуен-сазы мен ырғағы бастапқы шумақ тармақтарының сарынының вариациялық (өзгерістермен) мәнермен өрнектелгенін аңғартады. Абай поэзия саласында ғана емес, сонымен бірге сазгерлік, ән өнерінде де лирикалық қазақ-қалалық ән жанрының жаңа түрін қалыптастырды. Абайдың композитор өнерінде сұлу үн, терең философия, ұнамды парасат, сән-салтанат, әдемі үйлесім табады. Әннің әуен сазы мен поэзия тілі гармониялық үйлесім тауып, сазы минорлық ладта қалыптасқан, ырғақ желісі мен жүйесі аралас өлшеммен ерекшелеңген. Мысалы, 4/4, 4/4, 6/4, 4/ 4, 5/4, 4/4, 5/4, 4/4, 5/4, 4/4, 5/4, 4/4 - бірінші түрі; 3/4, 5/4, 6/4, 3/4, 4/4, 5/4, 5/4, 6/4, 3/4, 5/4, 6/4, 4/4, 6/4, 5/4, 6/4 - екінші түрі; 3/4, 3/4, 5/4, 6/4, 6/4, 3/4, 3/4, 6/4, 5/4, 5/4 - үшінші түрі. Сондықтан ән шалқымалы кең тынысымен ерекшелеңіп, өлең кестесі 7-8 буынмен қалыптасқан. Ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Өзгеге көңлім тоярсың» әндері осы әнмен ұқсас әрі сарындас.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 329 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2015 3757
    • PPTX 337.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смагалиева Кымбат Бактыгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30106
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе