Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Қашықтан оқыту технологиясының маңызы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Қашықтан оқыту технологиясының маңызы

библиотека
материалов

Қашықтан оқыту технологиясының маңызы

Соңғы 10 – 15 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. 

 


І. Қашықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі

1.1. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері

Қашықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

        1. Дидактикалық жүйе;

        2. Технологиялық жүйе;

        3. Қамтамасыз ету жүйелері.  

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

  1. Ақпараттық-рецептивті;

  2. Репродуктивті;

  3. Мәселелік мазмұндау;

  4. Әвристикалық;

  5. Зерттеу; 

1.2. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары


Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс – технология – оқытушы дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс – технология арналған материалдар түрлері мыналар:

  1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені  (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық  әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

  2. Жұмыс дәптері.

  3. Анықтама.

  4. Оқу, аудио, бейне материалдары.

  5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

  • курстың терминдер  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

  • пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің  бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

  • кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ.  Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

  • Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады.

  • Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

  • Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

  • Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

 Желілік – технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік

арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген.

Оқытудың желілік – технологиясына жатады:

  • Интернет желісін пайдалану;

  • Әлектрондық поштаны пайдалану;

  • Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

  • Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс.

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.


1.3. ҚР кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қышықтық нысаны бойынша оқытуды

ұйымдастыру ережесі


Жалпы ережелер.


  1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің  2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген.

  2. Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың әлектрондық және телекоммуникациялық  құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі  басшылықтың  бір түрі. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

  • тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жумысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;

  • контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;

  • тьюторлық сыныптар – компьютерлермен,  бейне мониторлармен және  басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.

  1. Қашықтықтан оқыту:

  • ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;

  • әлектрондық тасымалдағыштарға арналған  мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);

  • білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.

  1. Қашықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге  асырылуы  мүмкін:

  • желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);

  • кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;

  • ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.

  1. Қашықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту, әкстернат және қашықтықтықтан).

  2. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері  болып табылады. 


Қашықтық нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру.


  1. Қашықтықтан  оқыту  технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

  1. оқытуды даралау;

  2. оқытудың тиімділігін  (сапасын) арттыру;

  3. дәстүрлі оқыту нысаны  қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін        білім беру қызметін ұсыну болып табылады.

  1. Білім  беру   ұйымдарында  қашықтықтан  оқыту  жүйесін  ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін  мынадай функцияларды орындау қажет:

  1. оқу курстарын қолдау;

  2. білім алушыларға  оқу материалдарын  жеткізу;

  3. кеңестер беру;

  4. білім алушылармен  кері байланысты ұйымдастыру;

  5. білім алушылардың  білімдерін бақылау.

  1. Білім беру  ұйымдарында:

  1. білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын  беттері бар білім беру Интернет-порталының;

  2. телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;

  3. әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, әлектрондық оқу залдарының;

  4. CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің ( жеке меншік және/ немесе сатылып алынған);

  5. желілік оқу мультимедиа контентінің  (жеке меншік және сатылып алынатын);

  6. тестілеу кешендерінің;

  7. тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;

  8. жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;

  9. желілік тестілеу кешендерінің;

  10. оқытуды  басқарудың желілік  жүйелері (Learning Management Systems - LMS);

  11. оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады. 

  1. Қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтықтан оқытудың  жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында  мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:

  1. оқу процесін ұйымдастыру және басқару;

  2. қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;

  3. ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.

  1. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару қызметі қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,  қашықтықтықтан оқытумен байланысты құжаттамаларды жүргізеді, қашықтықтықтан оқыту орталықтарының қызметін бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.

  2. Қашықтықтан оқытудың  дидактикалық тәсілдерін әзірлеу қызметі қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады,  тестілеу жүйелері  мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын,  қашықтықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.

  3. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтықтан оқытудың  бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.

  4. Оқу процесі базалық жоғары оқу орнының басшысы бекіткен  қашықтықтықтан оқытудың оқу жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес  үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады. Жоғары оқу орны білім беру процесінде кезінде қашықтықтықтан оқытудың таңдаған технологияларына сәйкес  келетін оқу сабақтарын өткізу түрлерін  пайдаланады.

  5. Жеке оқу жоспарына сәйкес жылдар мен семестрлер бойынша пәндерді бөлуді өзгертуге  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келетін таңдаған мамандықтары бойынша пәндер тізбесінің шеңберінде мүмкіндік беріледі.

  6. Қашықтықтан оқытудың толық курсы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес  білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген мамандықтардан басқа барлық  бағыттар (мамандықтар) бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

  7. Тиісті бейін бойынша кәсіптік орта білімі немесе түрлі  деңгейдегі кәсіптік жоғары білімі бар тұлғалар қашықтықтан оқыту бойынша жеделдетілген оқу мерзімінің қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік жоғары білім алуы мүмкін.

  8. Білім беру бағдарламаларын жеделдетілген мерзімде толық көлемде меңгеру қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орнының басшылары бекіткен тиісті оқу жұмыс жоспарлары бойынша  жүргізіледі.

  9. Жеке оқу жоспарын білім алушы жасайды,  жоғары оқу орны белгілеген тәртіппен қашықтықтан оқытудың жетекшісімен келісіледі және бекітіледі.

  10. Қашықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.

  11. Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу  мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше  белгілейтін   академиялық кезеңдерден тұрады. Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс.

  12. Базалық жоғары оқу орны  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін  қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.

  13. Білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда  қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар   болмаған жағдайда  білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.

  14. Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына  өткізу мүмкіндігі  кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін  коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.

  15. Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны  күніне 3 сағаттық жұмыс және  2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.

  16. Білім беру ұйымы білім алушылардың  мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың  өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік  көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына әлектрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).

  17. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі  бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:

  1. жеке күндізгі  (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);

  2. жеке қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон,  e-mail, чат, форум бойынша);

  3. топпен қашықтықтықтан (чат арқылы,  Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).

  1. Қашықтықтан оқытудың нысандары:  бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер);  компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.

  2. Телеконференцялар   өкізу   үшін   білім беру ұйымының  жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.

  3. Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.

  4. Жоғары оқу орны білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген,  кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.

Білім алушылар  практиканы виртуалды зертханаларда,  кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді.  Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ  жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар  кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде  ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен  практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан  жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде  бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.

  1. Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.

  2. Жоғары оқу орны білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, жетекші әлектрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары.

  1. Білім алушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын  білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша  әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.

  2. Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды  үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген,  бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша  курсты әзірлеуші  жүзеге асырады.

  3. Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені  міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек. Міндетті комплект мыналардан:

  1. үлгілік оқу бағдарламасынан;

  2. оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі,  қашықтық кеңестерін өткізу кестесі);

  3. лекциялардың  әлектрондық курсынан;

  4. практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;

  5. зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);

  6. студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

  7. рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан  (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);

  8. қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.

Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.

Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік  бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.

Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.

  1. Қашықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын  оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен  қашықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялықағы пайдалана отырып,  өзіндік зерделеуді ұсынады:

  1. Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік  теледидардың көмегімен  ұжыммен  немесе жеке қолданатын  бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.

  2. Оқытудың компьютерлік құралдарына  әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.

  3. Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ  виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.

  1. Қашықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.

  2. Қашықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды,  еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.

  3. Барлық оқыту қызметінің түрлері:

  1. әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен)  педагогикалық қарым-қатынасы;

  2. студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Байланыс уақытына кеңестермен  қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.

  1. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін  қашықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе  бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

  2. Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.

  3. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.

  4. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.

  5. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын,  басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді  жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.

  6. Қашықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында әлектронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек.

 Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету.

  1. Қашықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету – қашықтықтан оқыту, сондай-ақ процестерді техникалық қамтамасыз ету барысында оқытушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтерді  жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.

  2. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. қашықтықтықтан оқытуға  арналған  оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді жүзеге асыратын  профессор-оқытушылар құрамы;

  2. сабақты жүргізетін және  білім алушыларға кеңес беруді және олардың білімдерін бақылауды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;

  3. қашықтық  курстарын  ұйымдастыру   жөніндегі   мамандар (ұйымдастырушылар);

  4. қашықтықтан оқыту жүйесін техникалық қолдау жөніндегі мамандар (әкімшілер);

  5. тьюторлар;

  1. Қашықтықтан оқытудың әлектрондық курстарын әзірлеушілер  шешетін міндеттер:

  1. әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және уақытылы көкейкесті ету;

  2. тьюторларды дайындау және олардың қызметтерін ғылыми-әдістемелік қолдау;

  1. Тьюторлар шешетін міндеттер:

  1. білім алушыларды қашықтықтан тікелей басқару.

  2. Дидактикалық материалдарды жасау үшін ақы төлеуді  қашықтықтан оқыту проблемалары бойынша жоғары оқу орны ішілік зерттеу тақырыптарын қалыптастыру жолдары арқылы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі анықтайды.

  3. Қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесіне қатысты профессор- оқытушылар құрамы  қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін арнайы дайындалған болуы  керек және сол саладағы кәсіби біліктілігі туралы құжаты болуы тиіс.

  1. Қашықтықтан оқытумен жұмыс жасайтын оқытушы:

  1. қашықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен  қолдану әдістемесін игеруі;

  2. Интернет арқылы кеңес беруді қоса, жекелеген оқу кеңестерінің әдістері мен тәсілдерін игеруі;

  3. білім сапасын мониторингтеуді, тексеруді, рецензиялауды,  курстық және бақылау, оның ішінде жобалық және зерттеу  жұмыстарының жазылуын  басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі;

  4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, әсіресе әлектрондық ақпараттық желілермен жұмыс жасау әдістерін білуі тиіс.

  1. Қашықтықтан оқыту үшін қызметкерлердің саны кемінде 1:8 (бір оқытушыға кемінде 8 студенттен) ара қатынасындағы олардың тәртіптік қамтамасыз етулерін есепке ала отырып, іске асырылатыг бағдарламалардың әрбіреуі бойынша білім алушы студенттердің саны бойынша анықталады. 

  2. Жоғары оқу орнының қашықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы тек осы жоғары оқу орнының ғана емес, сонымен қатар телекоммуникацияның  ұйымдастырылған, әдістемелік құралдарымен біріккен және  желілік режимде білім беру процесін жүргізетін  басқа да жоғары оқу орындарының  және басқа да өңірлердің профессорлары мен оқытушыларынан тұрады.

  3. Жоғары оқу орындарының қашықтықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы кафедраларда (аумақтан тысқары кафедраларда) құрылуы мүмкін.

  4. Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық жүктемесін жоспарлау білім беру ұйымы өздігінен белгілеген оқу жұмыстарының түрлері бойынша уақыт нормаларының негізінде жүзеге асырылады.

Қауіпсіздікке қойылатын талаптар.

  1. Ақпараттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

Бағдарламалық қамтамасыз ету соңғы қолданушының   шұғыл контентіне, ресурстары мен функцияларына қол жеткізуді ішінара шектеу мен басқарудың мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.

Ақпаратты қорғау және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтықтықтан оқыту кешені  SSL, PKI сияқты Интернет-коммуникациялары қауіпсіздігі саласындағы өнеркәсіп стандарттарын, 128-1024 бит көлеміндегі кілттері бар күшті шифрлеу технологияларын, ақпаратқа қол жетімділікті авторландыру үшін сертификатты және  қашықтықтықтан оқыту жүйесімен қорғалған өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді қолдау қажет. Жүйенің инфрақұрылымы ішкі аудиттің дамыған құралдарын және жүйеде болып жатқан оқиғаларды хаттамалауды меңгеруі керек. 

АЖ аппараттық және бағдарламалық деңгейдегі деректерді жоғалтпау және рұқсат етілмеген кіруден сенімді қорғалуы керек. Базалық жоғары оқу орнында, оның барлық оқу орталықтарында білім алушылар туралы деректерді апаттық орнына келтіру мен резервтік көшірмесінің тетіктерін өңдеу қажет.

  1. Тьюторлық сыныптарды қосқанда, барлық жұмыс орындары мен  үй-жайлар ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына талаптарына, сондай-ақ Санитарлық тәртіптер мен нормаларға  сәйкес келуі керек.

  2. Үй-жайдың ауданына қойылатын талаптар  нормаларына сәйкес белгіленеді. Тьюторлық сыныптар компьютерлермен және  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген  нормаларыға сәйкес әргономика мен сәуле шығару деңгейі бойынша бейне мониторлармен жабдықталуы қажет. Олардың құрамын, ережесін  және сапасын сипаттауға талаптар қойылады.

1.4. Қашықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы


Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау  арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.

Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.

Мектептегі информациялық технологиялар және информация курстарын бағдарламалау тілдерінің әлементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оку орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында ИКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда Компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін.

Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту".

Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.

Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.

Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балалар ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол жеткізе бастайды.

Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.

ИКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен карап, оларды шешу кезінде мектептегі информациялық жүйелердің мынадай негізгі әлементтеріне әсер ететінін айту керек:

  • әдістемелік жабдықтау жағына;

  • мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;

  • қолданбалы программалық жабдықта-маларға (әнциклопедиялар, меди-ресурстар, моделъдеу, әкімшшк-шаруашылық кешенін баскаруға)

  • базалык программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі + Office);

  • аппараттык кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке крсылу).

Интеллектуальды ұлттық қорларды дамытудың басыңқы бағыттарына бағытталған бағдарламалар мен білім технологияларын жетілдіру - саяси маңызды стратегия.

Мұндай процестің маңыздылығы Әкономикалық ынтымақтасу және жетілдіру ұйымына кіретін көптеген елдердің осындай жоспарларды тиянақты түрде құрастыруынан көрінеді. Мысал ретінде "Тһе National Сгіd fог Lеаrning" (Ұлыбритания) және "Schulen und Netz" (Германия) жоспарларын көрсетуге болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000 ж. аяғында АҚШ Білім министрлігі жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде кдрастырылуы тиіс. Олар білім беру процесінін шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы болып қалыптасуы керек".

Жаңа жоспар негізінде әлектрондық оқыту (е-Lеаrning) тұжырымдамасы жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған дейін кең тараған әлектрондық бизнес үғымынан гөрі маңызды болып саналады.

Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзкарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін өз жағдайымызға сай икемдеу қажет.

ІІ. Қашықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың

дидактикалық негіздері


2.1. Қашықтан оқыту технологиясын жетілдіру негізінде оқу материалдарына қойылатын дидактикалық шарттар мен оқыту тәсілдері


Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.

Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты -әффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру.

Осы үрдісте келесі әлементтер ерекше маңызды болып саналады:

  • Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.

  • Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;

  • Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне   қарай   жаңа   ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке түлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады.

Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:

  • Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;

  • Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;

  • Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;

  • Автоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту  жүйелерін.  тестілеу  жүйелері  мен  мультимедианы  қолдануға  негізделген, танымдық қызметті дамытады;

  • Ойындық  әдіс,  компьютерлік,  іскерлік  ойындарды,  әксперттік  жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.

  • Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:

  • Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;

  • Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;

  • Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;

  • Нақты  аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сәйкес келуі.

Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.

Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.

Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.

2.2. Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттырудың аймақтық моделі


Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі бір-біріне тығыз байланысты үш мәселені қамтиды:

  1. Қашықтықтан оқыту курстары түріндегі әлектрондық

библиотекаға  материалдар базасын   жасау және жинақтау;

  1. Білім беруге бағытталған сыртқы ақпараттық ресурстарды пайдалану (қашықтықтықтық курстар, әлектрондық кітапханалар);

  2. Оқу процесін ұйымдастыру;

Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтан арттыруды ұйымдастыруда оқу процесінің екі түрлі моделі болуы мүмкін.  

 Бір деңгейлі модель

Қашықтықтан оқытуды іске асыратын білім мекемесі

Қашықтықтан оқытуды іске асыратын коммуникация құралдары

Қашықтықтан оқытудың тыңдаушылары

Қажет  алғы шарттары:

  • оқытушылар, тьюторлар, координаторлар;

  • компьютерлер, оргтехникалар, интернетке шығу құралдары;

  • әлектрондық тасымалдаушыларда жазылған қашықтықтықтан оқыту  курстары.

Қажет  алғы шарттары:

  • кейс -технологиясын қолдануда  CD жеткізу каналы;

  • телефон байланысы;

  • интернетке шығудың  мүмкіндігі;

 

Қажет  алғы шарттары:

  • компьютерлер;

  • кейс-технологиясын қолдануға  байланыс каналы;

  • әлектрондық почта;

  • телекоммуникациялық технологияларда цифрлық байланыс каналы (ISDN);

 

 

Бір деңгейлі модельді мына жағдайларда қолдануға болады:

  • тыңдаушылар тұратын  аудандарда қашықтықтықтан оқытудың бөлімін орналастыруға мүмкіндік жоқ;

  • белгілі бір курс бойынша бір топтың тыңдаушылары облыстың әр түрлі аудандарында тұрады;

  • белгілі бір аудан бойынша тыңдаушылар саны өте аз.

Бұл модельде тыңдаушыға оқу мерзімін өзі анықтауға мүмкіндік беріледі.

Бұл модельдің кемшіліктері:

  • оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жоқ;

  • оқытушының кеңесі телефон арқылы алынады;

  • тыңдаушының техникалық мүмкіндіктері болмаса,  оқу мүмкін емес.


Екі  деңгейлі модель

Қашықтықтан оқытуды іске асыратын білім мекемесі

Қашықтықтан оқытуды іске асыратын коммуникация құралдары

Жергілікті жер-лердегі қашықтықтан оқытуды қолдайтын орталықтар

Қашықтықтан оқытудың тыңдаушылары

Қажет  алғы шарттары:

  • оқытушылар, тьюторлар, координаторлар;

  • компьютерлер, оргтехникалар, Интернетке шығу құралдары;

  • электрондық тасымалдаушы-ларда жазылған қашықтықтық-тан оқыту  курстары.

Қажет  алғы шарттары:

  • кейс-технологиясын қолдануда  CD жеткізу каналының, телефон байланысының, Интернетке шығудың  болуы;

 

Қажет  алғы шарттары:

  • оқытушылар,  тьюторлар, координаторлар;

  • компьютерлер;

  • кейс-технологиясына-электрондық пошта, желілік технологияға- Интернет байланысы, телекоммуникациялық технологияға-  цифрлық байланыс каналы (ISDN);

Қажет  алғы шарттары:

  • компьютерлер;

  • байланыс каналдары: кейс-технологияға электрондық почта;  желілік технологияға Интернет байланысы,

  • телекоммуника-циялық техноло-гияға-  цифрлық байланыс каналы (ISDN);

 


Екі  деңгейлі модельде білімді көтеру мекемелерінің жергілікті жерлерде филиалдары болу қажет. Мысалы, аудандық әдістемелік кабинеттерде ашуға болады.

Бұл модельді ұйымдастырудың әр түрлі нұсқалары бар: Тьютор негізгі білім мекемесінде немесе филиалда болуы мүмкін. Оқушы өз компьютерін немесе филиалдың компьютерін пайдалануына болады. Курс кезінде оқуды бір мұғалім немесе бірнеше тьютор қамтамасыз етеді.


Екі  деңгейлі модельдің артықшылықтары:

  • оқушы оқу бойынша кеңесті жергілікті жерде ала алады;

  • барлық оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жасайды;

  • оқушы филиалдағы техникалық құралдарды пайдалана алады;

  • бір уақытта үлкен аумақ пен көп тыңдаушыларды  қамтуға болады, «бір мұғалім-тьюторлар филиалда» схемасы бойынша.

Қорытынды

Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни, бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет» - делінген.

«Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері» тақырыбына орындалған курстық жұмыста мына мәселелер анықталды:

  • білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясының мәні мен рөлі;

  • Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде қашықтан оқыту технологиясының қолданылу барысы.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне еркән қол жеткізуге болады.

Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақьлауды автоматтандыру, студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпденгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.

АКТ-ны білім жүйесіне енгізуді қолға алатын Республикалық координациялық (үйлесімдік) кеңес ұйымдастыру керек. Ол соңғы кезде көбейіп бара жатқан сапасыз әлектрондық оқулықтар шығаруды азайтып, өз ұсыныстары арқылы оқу орындарындағы істеліп жатқан жұмыстарды дұрыс жолға қоюға мұрындық болар еді. Жақсы электрондық оқулық - информациялық технологиялар аймағындағы білікті мамандар мен педагогтар жұмысының нәтижесі, мұндай жұмысты техникалық жағынан жүзеге асыру біраз қаржы жұмсауды керек етеді.

Қолданылған әдебиеттер


  1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан өз дамуында алға жаңа серпіліс жасау қарсаңында» 2006 жыл.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім жөнінде Заңы». 1999 жыл.

  3. «2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы»

  4. Бөрібеков Қ.Қ. «Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім жүйесі жүйелі шараларды қабылдауға мұқтаж». Алматы, 2006 жыл.

  5. Бөрібеков Қ.Қ. «Əдістемелік ұсыныстар жинағы» Астана, 2002 жыл.

  6. Журнал «Информатика и образование»,   № 7 -2006ж.  (41-45 б)

  7. Журнал «Информатика и образование»,         2 -2006ж. (49-57 б)

  8. Журнал «Информатика негіздері»  № 1 – 2005 ж  (11-14 б)

  9. Журнал «Мектеп» № 11      (6 бет)

  10. Қазақстан және ТМД елдеіндегі   білім беруді ақпараттандырудың  IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы   (18-19 бет.  38-39 бет. 118-119 бет.   460-461 бет).

  11. Сайт: www.edu.gov.kz




27


Краткое описание документа:

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет. 

Автор
Дата добавления 15.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров4223
Номер материала 303127
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх