Инфоурок Всеобщая история Рабочие программы"Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды "

"Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды "

Скачать материал

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

І жүрг:
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Ешкімде, ешқашанда ұмтылмайды» атты Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған концерттік бағдарламамызды  бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады деп, алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Тоқбаев Серік Қайырханұлына береміз.

1-жүргізуші:

Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні, - деп оқушылардың салтанаттық шеруі.

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысынан қаза болған ардагерлерге бір минут үнсіздік.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)

Немересі:  Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)

Әжесі:  Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.

Немересі: 
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі: 
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.

Әжесі: 
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.

Келін: 
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)

І жүрг.:  Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

Ән: «Әлия» 7- сынып оқушылары

ІІ -жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін 4 – 5,6  сынып оқушыларына сөз берейік! 
 1 — оқушы:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыңда.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

2 — оқушы: Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.

3 — оқушы:
Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қаншапшып, қауызыннан райханның,
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

4— оқушы:
Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

5 – оқушы

Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.

6-оқушы:

Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер,  болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.

7-оқушы:

Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Би: «Смуглянка» 9 – сынып оқушылары

Іжүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

Документальни фильм

ІІ жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Би: «Катюша» 8 – сынып оқушысы

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

І жүрг.:  Бауыржан Момышұлының жанды дауысын тыңдайық

ІІ жүрг.:  Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды.

Ән: «Бейбіт күннің тілегі» 8 – сынып оқушылары хор

I жүрг.:  Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

Көрініс: «Бір атаның балалары» 6 – сынып оқушылары

ІІ -жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

Би: «Қазақ биі» 7 – сынып оқушылары

І жүрг.:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар» 8 – сынып оқушылары

ІІ жүрг.: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

I жүрг.:  Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.

70 жыл — бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән «День победы» хор 11 сынып оқушылары

ІІ -жүргізуші:

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 064 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2015 1163
    • DOCX 23.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муханбетов Аманжол Мендыгереевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 20319
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 469 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 116 человек

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 163 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 104 человека

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе