Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / "Ескендір" поэмасы 9 сынып

"Ескендір" поэмасы 9 сынып

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өтепова Салиха Қамбарқызы

Астана қаласы

8 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сабақтың тақырыбы: «Ескендір» поэмасы Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік- оқушыларға Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасымен танысу, дастанның негізгі тақырыптары туралы жаңа білім беру, талдау жасау. 2. Дамытушылық- оқушылардың ой –өрісін, ойлау, ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, есте сақтау, талдай білу дағдыларын дамыту 3. Тәрбиелік-ӨӨӨ----- оқушыларды адамгершілікке, қанағаттылыққа, мейірімділікке, көркем өнерді , әдебиетті сүюге баулу, азаматтық , ұлтжандылық тұрғыда тәрбие беру. Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, талдау, зерттеу,СКТ жасау

Пәнаралық байланыс: тарих, өзін –өзі тану

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

  2. Оқушыларға қызыл, сары, жасыл түсті қағаз таратып беріп, оларды үш топқа бөліп аламыз.

  3. Сабаққа зейіндерін аудару

  4. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын меңгертуге кірісу.

ІІ Жаңа тақырыпты меңгерту

1. Оқушылар алдын – ала берілген тапсырма бойынша А. Македонскийдің өміріне байланысты дайындап келген слайдтарды таныстырып өтеді.

1 топ Александр Македонский өмірінен қысқаша мәлімет береді

2 топ А.Македонскийдің жорықтары туралы әңгімелейді.

3 топ Ескендір Зұлқарнайын туралы жазылған дастандар тарихын айтып өтеді

2. «Ескендір» поэмасының қысқаша мазмұнынын оқушылар «Шынжыр» әдісі бойынша әңгімелеп береді.

3. «Ескендір» поэмасына Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша талдау жасайды.

hello_html_25a154fd.gifhello_html_2335a892.gifhello_html_m3edf8bb8.gifhello_html_7fc66b7f.gifhello_html_m6f35ba6b.gifhello_html_d1ded8e.gifhello_html_m10806aa9.gifhello_html_m325f651d.gifhello_html_m7498c98e.gifhello_html_m1d02b855.gifhello_html_1ed9c25f.gifhello_html_bbf126e.gifhello_html_m20d7a26b.gif«Ескендір» поэмасы

  1. Авторы: А.Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, философы, аудармашы, композитор. 1845-1904 жылдар өмір сүрген қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі. 45 қарасөзі, 3 поэмасы бар («Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі»), лирикалық өлеңдердің авторы.

  2. Тақырып: - белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық, автор ойының қазығы.

Күншілдік пен тойымсыздықты әділдік пен даналықтың жеңуі

  1. Әдеби жанр (әдебиеттің тектері ) Эпос –өмір шындығын мейілінше мол қамтып, кең зерттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан – жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.

  2. Эпикалық жанр түрі: Орта көлемді эпикалық түр.

Поэма- бұл өмірде болған, не болуға тиісті күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды , алуан –алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу

5. Идея дегеніміз – автор өмір шындығын суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз

дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат , мүддесін, арманын

білдіреді

. Күншілдік пен тойымсыздықты сынау, әділдік пен даналықты дәріптеу арқылы жас ұрпақты әділетті болуға уағыздау

6. Шығарманың композициялық құрылысы- шығарманың сюжеттік дамуының

hello_html_15b465a7.gifhello_html_m46e513f4.gifhello_html_1b6b566f.gifhello_html_41249c00.gifhello_html_m724ad6d5.gifhello_html_m2ea97c33.gifhello_html_m40f5417d.gifhello_html_m1275e444.gifhello_html_2b1ec8f9.gifкезең-кезеңдерін тәртіпке салып , реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе

6.1 Сюжеттің басталуы- шығарманың кіріспесі- Зұлқарнайынға мінездеме

6.2 Сюжеттік байланыс –адамдар арасындағы тартыстың басталуы- Шөлге кезігуі,қиналуы

6hello_html_7a7c3ed0.gif.3 Шиеленісу -оқиғаның адамдар арасындағы шиеленісіп, ширығуы- Суға кез болуы, қақпаға кіре алмауы

6hello_html_m2b63dd5b.gifhello_html_m3a4f4dd5.gif.4 Шарықтау шегі -сюжеттік дамудың ең жоғары саты, адамдар арасындығы қимыл –әрекеттің күшеюі, шыққан биігі- Сыйға адамның бас сүйегі беріліп, Зұлқарнайынның ашуы

6.5 Шешімі- жазушының үкімі, оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы күйі- Аристотельдің шешімі, Зұлқарнайының ойлануы

7.Шумақ дегеніміз – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Поэма 42 шумақтан тұрады.

8.Тармақ дегеніміз – өлеңнің әр жолы. Поэма 168 тармақты.

9.Бунақ саны – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. Бунақ саны – 3.

10 Буын саны – 11 буынды өлең

11. Ұйқас- өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өлең

тармақтарындағы сөздер үндестігі.

Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? а

Македония шаһары- оған мекен. а

Филипп патша балас, ер көңілді б

Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен. а

12. Әдеби –теориялық ұғымдар:

12.1Троп ( құбылту) дегеніміз- сөздерді тура мағынасында емес,ауыспалы мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, ойды өзгертіп айту..

Эпитет (айқындау) – заттың айрықша белгілерін, ерекше сипаттарын, қасиеттерін білдіретін сөз.

Теңеу (салыстыру)- заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей , басқа оны басқа затпен құбылыспен салыстыра суреттейді -

Метафора (ауыстыру) - затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды өздеріне ұқсас не өзге затқа не құбылысқа балау

Македония қаласы – оған мекен.

жау болды

Ханның ханы, патшаның патшасы

Гипербола (ұлғайту)- құбылысты ұлғайтып суреттеу

Тұрақты тіркестер- сөздердің орны тұрақты, басқа сөзбен ауыстыруға болмайды, барлығы бір мағынаны білдіреді.

көз аларту- соғыс ашу көңілі тоймау-ұнатпау

араны ашылу- тойымсыз үмітін үзу- ойлағаны болмау

көз көрмеген- алыс көз салу- қарау, назар аудару шаужайынан қақпау-айтқанын орындау іші тар- қызғаншақ

Синоним – дыбысталуы әр түрлі, мағыналары ұқсас сөздер

Көп елді күтінбеген қырды, жойды.

Ұятың мен арыңды малға сатпа.

Антоним- мағыналары қарама –қарсы сөздер.

Көз алартып қарады оңды -солды

12.2 Фигура(айшықтау) сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен , айрықша айшықпен құру.

Арнау- Ақынның өзіне не өзгеге , кейде жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі

Сұрай арнау-ақын жырға қосып отырған ойын өзгеге арнап сан – сапа сауал арқылы айтып жеткізеді, өзі сол сұрақтарға жауап күтеді.


hello_html_m44d2224c.gifАқылсыз өзін мақтап былжырайды,

Бhello_html_43ee07a1.gifhello_html_m3712e643.gifойыңа ойлап сөйлесең, нең құрайды?

Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді

Өз бағыңды өзіңнен кім сұрайды?!

Қайталау –сөз әсерін күшейте отырып, оқырманның назарын айрықша аударғысы келген ойды не құбылысты бірнеше рет қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғындыру.

Жай қайталау- бір сөздің әр түрлі тұлғада қайталанып келуі

Ескендір қолына айтты : «Бұл неткен су?» Қақпаның ар жағынан біреу келді,

Бәрің де ішіп, бұл суға бетіңді жу! Күзетшісі сол екен, дыбыс берді.

Бір бай елден осы су шыққа шығар, -Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,

Өрлеп барып, үстіне тігелік ту. Бұл – Құдайға бастайтын қақпа, -деді

13. Сөздікпен жұмыс.

Ғаскер- әскер, жауынгер

Бодам- тәуелді

Шаһар –қала

Шат-тау қойнауындағы жіңішке терең сай, шатқал

Даңғой-мақтаншақ

Долдық (долылық)- ашушаң

Ғибрат- үлгі, өнеге

14. Өлеңнің негізі түйіні, тәрбиелік мәні.,

Негізгі кейіпкерлердің бойындағы қарама –қарсы қасиеттерді көрсету арқылы жас ұрпақты бейбіт өмірді ардақтауға, дүниенің, байлықтың соңынан қуып, уақытыңды, өміріңді босқа өткізбеуді уағыздап, білімді, дана, әділ болуға тәрбиелейді.)


Кейіпкерлерге мінездеме беру

Қарама- қарсы салыстыру

І топ ІІ топ

Ескендір Аристотель

1.Қатал, қатыгез 1. Білімді

2. Ашуланшақ 2.Ақылды

3. Даңғой 3. Дана

4. Мейірімсіз 4. Әділ

5. Сабырсыз 5.Сабырлы

6.Мақтансүйер 6. Көреген

7. Дүниеқор 7. Қанағатшыл

8. Мансапқор 8. Адамгершілікті

9. Соғысқұмар 9.Адал

10. Менмен 10. Мейірімді

11.Озбыр. 11. Иманды

12. Қанағатсыз 12. Рухы мықты

13. Батыл

14. Қарапайым

ІІІ топ

Сарапшылар

1. Жақсы жүрген жеріне кент салар,

Жаман жүрген жеріне өрт салар.

2. Жаман адам жақсы болмас,

Қанша қыдыр дарыса да,

Жақсы адам жаман болмас,

Қанша тұрып қартайса да.

3. Жақсылар «жақсымын »деп айта алмайды,

Жамандар «жақсымын» деп айқайлайды.

Шығармашылық жұмыс.

1. «Абайым мәңгі тірісің» ойтолғау

2. «Ұрпақтар» үні хат

3. «Ақыны қазағымның қарапайым» өлең

Ү Қорытынды: Абай –қазақтың ұлы ақыны. Оның ұлылығы өз дәурінде шыңнан көрініп, белестерден асқан, оның даналығы –оның даралығының белгісі. Мұндай адамдар нені жазса да, нені айтса да жүрегінен шығарып, жүрегінен тертей білген. Ақынының ақындығы өлеңінде емес, оның жүрегінің жалынында, көкірек көзінде.

ҮІ Бағалау: Қарсылас топ өз қарсыластарының білімін бағалайды.

ҮІІ Үйге тапсырма: Шығарма. «Абай – адамдықтың асқар шыңы»



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

     9 сынып Қазақ әдебиеті пәнінен Абай Құнанбаевтың "Ескендір" поэмасы Нұрша Оразақынованың "Сатылай кешенді талдау" технологиясы бойынша өтілген. Сабақ барысында оқушылар бірнеше топқа бөлініп, алдын ала берілген тапсырмалармен таныстырып өтеді. Бұл тапсырмалар б.з.д. өмір сүрген А.Македонскийдің өміріне байланысты дайындалған слайд көрсетіледі. Содан соң талдаудың 14 сатысы бойынша жұмыс орындалып, оқушылар талдаған тапсырмалаврымен таныстырады.

      Шығарманың тақырыбы, жанры, идеясы, жырдың поэтикалық тілінің талдауы, әдеби- теориялық талдау,кейіпкерлерге мінездеме беру, шығармашылық жұмыстар орындалады.

 

Автор
Дата добавления 20.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1004
Номер материала 450937
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх