Инфоурок Иностранные языки ТестыГос экзамены по казахскому языку

Гос экзамены по казахскому языку

Скачать материал

 

 

Билет №1

 

«Қазақстан – егеменді ел» тақырыбы бойынша әңгімеленіз.

Қазақстан – Еуразия құрылығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жері ұлан-байтақ. Қазақстан – 1991 жылдан тәуелсіз ел. Егеменді еліміздің өз рәміздері бар. Олар – Ту, Елтаңба, Әнұран. Еліміздің негізгі байлығы – оның халқы. Қазақстанның байырғы халқы – қазақ халқы. Оның тарихы бай, тарихи тұлғалары көп. Сонымен қатар біздің ел – көп ұлтты мемлекет. Онда  100 астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Тәуелсіздіктің тағы бір айрықша белгісі – үлттық валюта. Ол 1993 жылдың 15 қарашасынан айналымға енді. Теңге – Қазақстан Республикасының занды төлем құралы. Астанамыз – Астана қаласы. Астана болашғы үлкен, іскерлік және мәдени орталық. Президентііміз – Н. Ә. Назарбаев. Мен Қазақстанда тұратыныма мақтанамын. Отанымды, халқымды құрметтеймін.

Сөз өнері туралы мақал-мәтел жатқа айт.

Өнер алды – қызыл тіл.

Жақсы сөз – жарым ырыс.

Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.

Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл.

Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

Сөздің көркі – мақал, атасы – ақыл, анасы – тіл.

1.                       Сөйлем. Сөйлем түрлері.

Сөйлем дегеніміз аяқталған ойды білдіретін, өзара байланысқан бір немесе бірнеше сөз, сөз тіркестерін айтамыз.

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.

Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем. Мысалы: Кеше мен киноға бардым.

Сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі, сұраулық шылаулар, интонация арқылы жасалады. Мысалы: Кімнің кітабы бар? Сенде кітап бар ма?

Біреуге бұйыру, тілек, өтініш мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейді. Мысалы: Сен үйге бар. Сіз кітапты оқып беріңізші.

Лепті сөйлем сөйлеушінің көңіл күйін, сезімін, қуаныш, ренішін т. б. Білдіреді. Мысалы: Ауа қаңдай таза!

 

Билет №2

 

1.                       Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы туралы әңгімелеңіз

Қазан революциясына дейін қазақтар да жазбаша тілді қолданаған. Ол кейде «шағатай», кейде «татарша кітап» тілі деп аталған. Оның өзіндік ерекшелігі – онда лексикалық тұрғыдан алғанда, араб, парсы, түркі тілдерінің элементтері болған.

Қазақ халқы Қазан революциясына дейін (1072 жылдан 1929 жылға дейін) араб алфавитін (әліпбиін) қолданды. Мәдениетпен экономиканың дамуына байланысты 1929-1939 жылдарда латын алфавитіне көшті. Бұл алфавитпен саут ашу, мектепте оқыту жүргізіліп, газет-журналдар шықты.

1940 жылдан орыс алфавитіне көшті. Қазіргі қазақ алфавитінде ана тілінің өзіндік ерекшеліктері сақталған. Олар қазақ тіліне тән дыбыстар: ә, ғ. Қ, ө, ү, ұ, ң, і, һ.

Бұл әріптер 1940 жылдан 1957 жылға дейін алфавиттің соңында жазылған. 1957 жылдан бастап өз орындары тапты.

2.                       Мақал-мәтел немесе өлең жатқа айту.

1)                       Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ.

2)                       Ата-ананың ақылы сарқылмайтын көлмен тең.

3)                       Ана жақсылығын ауырсан білесін.

4)                       Ағаны көріп іні өсер, Апаны көріп сіңілі өсер.

5)                       Он үште отау иесі.

6)                       Жеті атасын білмеген – жетесіз.

3.                       Хабарландыру жазу.

Құрметті мектеп бітірушілер!

Маусымның 15-і күні сағат 16-да тоғызыншы сынып оқұшыларының кеші өткізіледі. Бәрінді мектеппен қоштасу кешіне шақырамыз.

Мектеп әкімшілігі.

Билет №3

 

1.                          Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.

     Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі – өте бай, көркем тіл.Қазақстан Республикасының Ата заңында «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»-деп жазылған. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» алғашқы заңы 1989 жылы 22 қаркүйекте қабылданды. Бұл заңда 6 тарау, 27 бап бар. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып, үйренуде.

     Қазақ тілі толық мағынада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.

2.                          Бейтаныс мәтінмен жұмыс.

3.                          Жай сөйлемнің  түрлері. 

    Жай cөйлем құрамына қарай жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, атаулы болып 7 түрге бөлінеді

1. Жақты сөйлем-бастауышы бар сөйлем. Ол кейде айтылмайды, бірақ оны баяндауышқа сұрақ қою арқыла табуға болады. Мысалы: Ертең мұнда кел.

2. Жақсыз сойлем-бастауышы мүлдем жоқ сөйлем. М-лы: Менің оқығым келеді.

3. Жалаң сөйлем тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. М-лы Ол келді.

4. Жайылма сөйлем -тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. М-лы Ол ерте келді.

5.Толымды сөйлем -ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. М-лы: Қыста бұл жердің ауа райы өте суық болады.

6. Толымсыз сөйлем-айтылуға тиісті тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.

-Балам, қайдан келдің?

-Астанадан.

7.  Атаулы сөйлем-іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. М-лы: Жаз.

       

Билет №4

 

1.                       Дос туралы мақал-мәтелдер  немесе ақын жазушылардың шағармаларынан үзінді жатқа

1)Жақсы доспен үй де бір, күн де бір.

2)Жақсы дос қамкқор,

              Жаман дос жалақор.

            3)Жақсының досы көп,

              Байдың асы көп.

            4)Көбін досына бер,

              Азың өзің ал.

            5)Досың көппе қасында,

              Дәулеттісің онда сен.

              Достық деген асылға

              Дақ түсірер болма сен.

2.                       Қазақстан облыстары мен қалалары – диалог.

            -ҚР неше облыстан тұрады?

            -ҚР 14 облыстан тұрады.

            - Олар қандай облыстар?

           -Олар Шығыс Қазақстан, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Павлодар, Ақмола т. Б. облыстар бар.

          -Қазақстанда неше қала бар?

          -Қазақстанда 86 қала бар.

          -Ең ірі қалалардың қайсы?

          -Алматы,Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен-ірі өндіріс орталықтары.

         -Сен қай қалада тұрасың?

         -Мен павлодар қаласында тұрамын.

         -Бұл қала қай жылы құрылған?

        -1740 жылы Коряков бекенесі болып салынған.

         -Павлодар қайда орналасқан?

         -Павлодар ҚР-ның солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің жағасында орналасқан.

         -Павлодар облысы- ҚР-ның ауыр индустрия және энергетика орталықтарының бір. Облыста алюминий, химия, көмір, жылу электростанциялары жұмыс істейді.

        -Қазақстанның астанасы қай қала?

        -Қазақстанның астанасы астана қаласы.

        -Ол қандай қала?

        -Астана жаңа әдемә жас қала.

 

3.                       Құттықтау жазу

                                       Құрметті анашым!

Сізді 8 наурыз-көктем мерекесімен, халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сізге зор денсаулық,мол бақыт, табыс, ұзақ өмір тілеймін

                                                    Тілек білдіруші –қызыңыз (балаңыз)……..

                                                

 

 

 

Билет №7

 

1.                       Көне ескерткіштер туралы әңгімелеңіз.

Қазақ даласы көнеескеткіштерге өте бай. Аса ірі тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, «Алтын адам» жатады.

Ғажайып ескерткіш 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған. Бұл сақ жауынгері. Оның бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігі алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы да, сақинасы да алтыннан жасалған.

Орхон-Енисей ескерткіштері 5-8 ғасырларда тарихи тұлғаларға арнап орнатылған. Тастағы жазулардың негізгі ойлары: елдің тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болу, батырлардың ерліктерін көрсету. Білгн хан, Күлтегін әскербасы туралы жазылған.

2.                       Отан туралы мақал –мәтелдер

   1)Отан-оттан да ыстық.

   2)Отанды сүю отбасынан басталады.

   3)Ел-елдің бәрі жақсы,

     Өз елің бәрінен-жақсы.

  4)Туған жердің қадірін

     Шетте жүрсең білерсің.

3.                       Тұрлаусыз мүшелер

   Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді анықтап, толықтап, пысықтап тұратын сөздер  сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталады Олар: толықтауыш, пысықтауыш ,анықтауыш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билет №8

 

 

1.                       «Қазақстан-2030» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

1997 жылы Елбасының республика халқына арнаған «Қазақстан-2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарманың негізгі мақсаты мен мәндеті-Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау. Онда Президент еліміз дамудың қай кезеңінде тұрғаны көрсетілген, қазақстанның ұзақ мерзімге атқарар нақты мақсаттары айқындалып, оларға жан-жақты талдаулар жасалған.

2.                        Ұлттық аспаптар

Музыкалық аспаптардың ойналу, сипатына, дыбысына қарай 4 топқа бөлінеді. Ішекті аспаптарға қобыз, сазген, жетыген,адырна жатады. Ұрлемелі аспаптарға сыбызғы, керней, уілден жатады. Ал дабылды-шулы аспаптар тобына дабыл, тоқылдақ, қоңырау, дауылпаз жатады. Сарнамалы аспаптарға ауызсырнай, сырнай жатады.

Домбыра-ең кең тараған музыкалық аспап. Шамқобыз-қазақтың көне музыкалық аспабы. Ол темірден жасалады.

3.                        Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем.

Жай сөйлемнің жалаң және жайылма болуы тұрлаусыз мүшелердің қатысу қатыспауына байланысты.

Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

Мысалы: Жаңбыр жауып тұр. Жалаң сөйлем құрлысына қарай жақты да (үй жылы), жақсыз да (біздің келгіміз келеді) сөйлем болуы мүмкін.

Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Жайылма сөйлемдер де құрлысына қарай жақты не жақсыз болады.

Мысалы: оқушылар мектепке келді. Сонда менің келуім керек пе?

 

Билет №9

 

1.  Қазақ тілін зерттеген ғалымдар туралы әңгімелеңіз.

 В. В. Радлов- белгілі турколог, ғалым, В. В. Бартольд – академик, белгілі тарихшы. Н. Т. Сауранбаев –  қазақ тілің негізін салушы , турколог. Ғ. Айдаров – ғалым филология ғылымының докторы, оның 250 астам зерттеу еңбектері бар. Н. Т. Сауранбаевтың еңбегі «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектер».

2.  Сөз бен тілге байланысты айталған мақал-мәтелдер.

1)Ақыл- ойдың атасы,

Тіл-анасы,

Сөз- баласы.

2)Жылы сөз жүрек жылытады,

Күннің көзі табиғатты жылытады.

3)Тілін қырлаған ұлт тозар.

4)Жылы сөзбен жүрек жібиді.

5)Сөз- күннен ыстық

Мұздан- суық.

6)Сөз асылы- нақыл.

7)Ұлт байлығы тіл.

8)Кен асылы- жерде,

Сөз асылы- тілде.

3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

 

Билет №10

 

1.                       «Киіз үй» тақырыбы бойынша әңгімеле.

Киіз үй халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп-қонғанда тез жиуға, тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза болады. Қыста қазақтар киіз үйдің сыртқы киігізбен жапқан. Киіз үйден суық, жаңбырөтпейді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты олып бөлінеді. Жаздық үй, абылайша, салтанатты киіз үй, асхана. Қонақ үйлер көркем безендіріледі.

 

2.                       Бейтаныс мәтінмен жұмыс.

 

3.                       Морфология талдау.

 

 

 

 

 

Билет №11

 

1.                       Көне қалалар туралы әңгімелеңіз.

Қазақ жерінде ежелгі қалалар көп. Ең алғашқы қалалар 2,5 мың жылдай бұрын пайда бола басталған. Ежелгі қалалардың бірі – Түркестан қаласы. Түркестан қаласы – Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан. Бұл қаланың орнында IV-X ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған. IX-X ғасырларда бұл қала ерекше гүлденді, Йаса деп аталды, XV ғасырдан бастап Түркестан деп аталады. Онда Ахмет йасауи кесенесі бар.

Отырар – саяси, шаруашылық жәңе мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталған. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

Таразда сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Айша бибі кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі.

2.                        Тәуелсіздік туралы бір үзінді жатқа айтыңыз.

Иран Ғайып «Тәуелсіздік»


Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де.

Өзіңдікі өзің еткен Бақ

Тәуелсіздік төрінде.           

Орыс, үйгір, немісте

Үміт қысып жеңіске

Жұдырықтай жұмылды

Келешегі кең іске.

 Асқар тау да – сенікі

Бақша-бау да – сенікі

Қалтқасын доспенен

Қатал жауда сенікі.

Өзіңдікі – туың да,

От пен ауа, суын да

Жаса, Қазақстаным

Белді бекен буын да.

3.                       Жарнама жазу.

Құрметті достар!

Біз өз авиакомпаниямызды көрсеткіміз келеді. Біздің авиакомпаниямыз – бұл сенімді, ыңғайлыжәңе жақсы сервис. Авиакомпаниямызда басқа елдермен байланыс құжаты бар. Ол шетел елдерде кең тараған. Біздің авиакомпаниямыз


Билет №14

 

1.                       Қазақ хылқы ежелден салт-дәстүрге өте бай халық. Олар үйлену, балаға арналған.

Кішкентай балаға арналған дәстүрлер өте көп. Олар: шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тоқым қаар, сүндеттеу және т. б. Дәстүрлер. Нәрестеге туған күні шілдехана жиналып тойлайды, қырық күннен кейін- қықынан шығарады. Ал бала аяғын басып жүргенде –тұсау кеседі.

Үйленуге арналған дәстүрлер де аз емес. Құда түсу, үйлену, жар-жар, беташар, енші беру және т. б. Дастарқан жайылып , жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады.

2.                       Ә. Қастеев туындылары туралы әңгімелеңіз.

Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушыларды бірі- Ә. Қастеев. Ол 1904 жылы туған , 1973 жылы қайтыс болған.  Ә. Қастеевтің суреттер көптеген шетел мұражайларда еңбегімен қатар тұр. Оның тарихи тақырыптағы туындыларына «Колхоз тойы», «Түрксіб», «Амагелді сарбаздары», т. б. Жатады. Ол тарихи тұлғаларды бейнелеуімен де белгілі болған суретші. Оның қылқалам «Ш. Уалиханов», «А. Құнанбаев», «Сүйінбай портреті», т. б. Шығармалар туған. Ә. Қастеев шағармалар жан-жақты.

3.                       Сан есім. Сан есімнің түрлері.

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп. Қанша?, Неше?, Нешеу? ,Нешенші? деген  сұқтарға жауап беретін сөздерді сан есім дейміз.

Сан есім құрамына қарай дара және күрделі болады.

Мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді:

1)Есептік сан есім: бір, бес, жүз, екі жүз.

2)Реттік сан есім: есептік сан есімге- ыншы, -інші, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бесінші, алтыншы.

3)Жинақтық сан есім: 1-ден-7-ге дейінгі есептік сан есімге-ау,-еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бесеу, алтау.

4)Болжалдық сан есім: он-даған, отыз-даған, жүз шақты, қырық елу.

5)Топтау сан есім : но-нан, жүз бестен , қырық-отыздан.

6)Бөлшектік

№ 15 билет

 

1.                       Отан туралы- монолог.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1997 жылдың 10-ы желтоқсанынан бастап Ақмола астана болып жарияланды. Ал Президенттің 1998 жылының 6-ы мамырдағы жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгерді.

Ол еліміздің ең жас әрі көрікті қалаларының бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қазір Астана қаласы күннен- күнге өзгеріп келеді. Астанада өнеркәсіп, оқу орындары көп. Астана Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда презеденттің резиденциясы, парламент және Үкімет орналасқан. Қаланың архитектурасы ерекше. 21 асырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.

2.                       Бейтаныс мәтінмен жұмыс.

3.                       Тұрлаулы мүшелер.

Бастауыш пен  баяндауыш тұрлаулы мүшелері деп аталады.

Сөйлемдегі айтылған қимыл-әрекеттің иесін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі- бастауыш деп аталады. Сұрақтары: кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі?

Бастауыштың іс әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі деп аталад

Билет №16

 

1.                       Абай Құнанбаев  - монолог

Абай қазақтың ұлы ақыны,  композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің калаушысы,оның классигі. Абай 1845 жылы Семей облысының Абай ауданында туған. Абай парсы, араб тілдерін жақсы білген.  Орыс мектебіне барып, орысша үйренеді.

Ол Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақ тіліне аударады.  Ақын қазақ халқын мәдениетті болуға, білім алуға шақырды.  Республикада көптеген мектептер, мен көшелер Абай есімімен аталады Абай атында бір қала, бір аудан бар.

2.                       Ана туралы – үзінді жатқа

«Туған тілім»

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!

Туған тілім - данам тілі - өз тілім!

Туған тілім - далам тілі - өз тілім!

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

3.                       Одағай.

Адамның алуан түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін сөз табы одағай деп атайды . Одағай сөздерді жеке алғанда лексикалық мағына болмайды.

Одағай тұлғасына қарай негізгі (ой, ей, оһ, тек) және туынды (бәрекелді, япырай) болып екіге бөлінеді.

Құрамыны қарай дара (а, ә, алакай) және күрделі (әлди- әлди, аухау- аухау ) болады.

Мағынасына қарай үш топқа бөлінеді:

1. Көңіл-күй-алақай,  па шіркін.

2. Жекіру-тәйт,  тек.

3. Шақыру-ауһау- ауһау,кіс-кіс.

Одағай сөздер сөйлемнің басында, ортасында, аяғында жазыла береді.

 

Билет №17

 

1.                       Туған жер уралы үзінді жатқа айтыңыз.

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен,

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің тұған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар,

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

2.                        «Қазақстандақ спортшылар» туралы әнгімелеңіз.

Классикалық күрестің шебері Дәулет Тұрлыхановтың есімі дүние жүзіне жақсы таныс. Ол әлем және құрлық чемпионы, Сеул олимпиадасының күміс жүлдегері қатарына 5 рет чемпионы болды.

Шахматта қазақ жігітерінің арасынан тұңғыш рет спорт атағын алған – Берік Әнетбаев. Берік 1952 жылы туған. Орта мектепті соң, ол 1968 жылы Мәскеудугі Орталық мемлекеттік физкультура институтының шахмат бөліміне оқуға түседі. 1971 жылы Ташкент Қаласында өткен аймақтық жарыста Берік жүлделі орынға шығып, спорт шеберінің нормасын орындайды.

3.                       Берілген құрмалас сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

4.                       Билет №18

 

1.                       Қазақ халқының ұлы ағартушысы туралы әңгімелеңіз

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Мектепте ол алғаш Татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды  орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді. Ең алдымен тілмаш, кейін мектепте мұғалім болып істейді. Ол қазақ балалары үшін мектептер ашып, жаңа мектептер салдырады. Ол балаларға арнап көптеген өлең, әңгімелер жазды. Ы. Алтынсаринның «Өзен», «Жаз» деген өлендері табиғат туралы.  «Бай баласы мен жарлы баласы»,»Атымтай жомарт» әңгімелері- өмірдің әр саласына арналған әңгімелер.

Ы. Алтынсарин әрі педагог, ақын, жасушы болған. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясын» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, бастырды.

2.                       Бойынша пікіріңізді білдіріңіздер.

Қазақстанның өзіне тәп өсімдіктер сан- алуан. Елімізде бірнеше қырыңта бар. Мысалы: Ақсу-жаба, Наурызым, Қорәалжын, Баяна, Шалдай орманы. Көптеген жаидарлар мен өсімдіктер үкімет қамқырлығың алынғаң.  Мысалы тауба бүркіт, тау екші.  Олар қызыл кітап жазылған. Менің міндетілі табиәаты қырғау.

3.                       Мақал- мэтелдерді аяқтаңыз

Билет №19

 

1.                       Алматы қаласы туралы айтып беріңіз

Алматы Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы — алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Қазіргі Алматы өте көк және әдемі қаласы!

2.                       Суретшілері туралы әңгімелеңіз.

Қазақстан Республиканың суретші лері бейнелеу өнеріміздің көшбасшысы, мақтақыш. Оларық тамаша шағармалары қазақ өмірілің айнасы.  Олар Қазақстан өмірдін бүн, әлелеге танытқан. Қазақстан сурет лері егеменді еліміздін жетісті терін, Қазақстаның алып ңұрлысы адамныңғарышқа ұшдын шеберлікпен бейнеленен. Мен Ә. Қастаев, А. Исаилав, А. Ғамбаева, Қ. Тележанов пақты білем.

3.                       Болымсыз түрі.

Іс- әрекет, қимылдың, іске аспауын көрсететін етістіктер болымсыз деп аталады.

Болымсыз етісміктердің жасалау жолдары:

1. Болымды етістік түбіріне- ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағын жүрнағын жалғау арқылы. Мысалы: бар- барма, кет- кетпе, жаз-жазба.

2. –ған,-ген,-қан,-кен, есімшенің жұрнвқтары мен жоқ, емес ,,, тіркесуімен жасалалы.

Мысалы: барған емес, барған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билет №20

 

1.                       Бейтаныс мәтінмен жұмыс.

2.                       Қазақстанның жетістіктері айтып беріңіз.

Менің туып-өскен жерім – Қазақстан. Қазақстан 1992 жылы Бас Ассомблеяның 46 сессиясы мәжілісінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды.

Қазақстан халықтары бірлікте, ынтымақта тұрып жатыр. 100 мектеп, балабақша прораммасы орындалып жатыр. 2010 жылы Алматыда Қысқы Олимпиада өтті, Астанада Самит өтті.

3.                       Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.

Билет №21

 

1.                       Ы. Алтынсаринның өлені жатқа айтыңыз.

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқындағы көілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысындар, балалар,

Шаман шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

2.                       Мемлекеттік ту туралы өңгімелеңіз.

Ту, Елтаңба, Әнұран – бұлар мемлекеттік рөміздер. Ту ертеден келе жатқан мемлекет белгісі. Біздің мемлекеттік туымыздың түсі көк. Көк түс – аспанның белгісі. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Көк түс – адалдықтын, тазалдықтың белгісі. Тудың ортасында күн, күннің астын буркіт бейнеленген. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.

3.                       Сөздерді сөз құрамына қарай талдаңыз.

 

Билет №22

 

1.                       Шәкәрім Құдайбердиевтің шығарманыңбір үзінді жатқа айтыңыз.

Ақ жүрекпен таза ақыл,

Қылсан адал еңбек,

Бәрінен де сол мақұл,

Артқыға жол бермек...

Сен бола көр аққа жақ,

Болам десен, адам,

Адал еңбек берер бақ,

Бассаң соған қадам.

2.                       «Қазақстан кен байлыңтары» туралы әігңмелеңіз.

Қазақстанның жері кенге бай. Ертеде алтын, мыс, қалайды, тұз және әр түрлі асыл тастар қолмен қазып алынатын. Геологтар Қазақстан жерінен мындағы пайдалы кен орындары ашты. Осылардың негізінде ондаған шахта мен зауыт салынады. Қарағындағы, Балқаш, Жезқазған, Шымкент, Өскемен, т. б. ірі Өнеркәсіп орталықтары өсті

Орталық Қазақстаннан көмір, мыс, қорғасын,мырыш, алтын, темір., марганец және сирек кездесетін металлдар шығады. Еліміздің көмір ошағы – Қарағанды, оның көмір қоры 50 млрд тонна деп есептелді. Алтай қорғасын мен мырышқа бай.

Батыс Қазақстаннан мұнай, жанармай, түрлі ас тұздары шығады. Ақтөбе облысынан никель шығады. Қостанай облысында темір рудасының аса ірі Соколов-Сарыбай кен орны бар.

3.                       Мына сөздерге лексикалық талдау жасаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билет №23

 

1.                        Табиғат тамашасы – пікір айту.

Қазақстан – бай өлке. Оның 10%-ын таулар алып жатыр. Алатау, Тарбағатай, Тянь-шань таулар. 85 мыңға жуық өзен бар. Қазақстан жері көлге өте бай. Ең ірі көлдері: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Маракөл, Сасықкөл. Каспий және Арал теңіздері бар. Шалғын, дала, орман, бау-бақша  - бұлардың бәрі өсімдіктер мен жануарлардың, құстардың мекені. Қазақстанда әсем жерлер көп. Соның бірі Көкшетау табиғаты, оны қазақтың швейцариясы деп атайды. Көркем табиғаты сақтау үшін қорықтар құрылған )Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын).

2.                       Мағжан Жұмабаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыз.

Қарағым, оқу оқы, босқв жүрме!

Ойынға, күн қаларсын, көңіл берме,

Жасынан оқу оқып, өнер қуған

Жан жктпес көңілі жүйрік кемңгерге

Білімсіз құр қалтақтап жүргенменнен,

Ерте өлген, көмілузі қара жерге.

3.                       Сөйлем мүшелері

Сөйлем мүшелері 2 түрге бөлінеді. Олар: түрлаулы мен түрлаусыз сөйлем мүшелері.

Тұрлаулы сөйлем мүшелері: бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Ал баяндауыш не істейді? қайтты? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көктем келді.

Тұрлаусыз мүшелер: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Анықтауыш қандай? сұрауларына жауап береді. Мысалы: Қызыл, сары гүлдер.

Толықтауыш септік сұрауларына жауап береді (А.с., І.с. септігінен басқа). Мысалы: Ұста жәшікті.

Пысықтауыш істің мезгілін, мақсатын, себебін білдіредін тұрлаусыз мүшесі қашан? қайда? қалай? Сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Кешке қар жауды.

Билет №24

 

1.                       Павлодар облысы туралы әнгімелеп айтыңыз.

Павлодар облысы 1938 жылда құрылған. Ертіс өзенінің бойындаорналасқан. Облыста 12 аудан, 4 қала: Павлодар, Екібастұз, Ертіс бар. Халқы көп ұлтты. Павлодар облысының құрылығанына биыл 74 жыл толды. Біздің облыс – Қазақстан Республикасыны ауыр индустрия және энергетика орталығының бірі. Ертіс, Ақтоғай, Қашыр, Успенка аудандары – мол егін егеді. Баянауыл, Шарбақты, Май аудандары мал өсіреді. Ал Ақсу, Павлодар аудандары көкөніс, жеміс-жидек өсіреді.

Бізді облыстың табиғаты әсем: Баянауыл таулары, Шалдай орманы, Жасыбай, сабындыкөл көлдері бар. Бұл жерде көптеген атақты адамдар туған: Жаяу Мұса, Естай, С. Торайғыров, Ш. Айманов т. б.

2.                       Бейтаныс мәтінмен жұмыс.

3.                       Сын есім. Туынды сын есім.

Сын есім – зат есім түрін, түсін, сапасын, сипатын, көлемін білдіретін сөздер. Сын есім қаңдай? қай? Деген сұрақтарға жауап береді.

Сын есім тұлғасына қарай: негізгі және туынды болып бөлінеді. Туынды сын есімдер: қарлы, сусыз, жазғы т.

Билет №25

 

1.                       Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бір өлеңің жатқа.

Асыл сөз.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы , ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап , тоқы көңілге.

Сөз мәнісін білмесең,

Өлең оқып  не керек?

Не айтқанын сезбесең,

Жарапазан не беред?

2.                       Наурыз туралы ақын- жазушыларынан бір үзінді жатқа айтаңыз.

«Наурыз-шаттық әніміз»

Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жар, ақаз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Наурыз-шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билеміз бәріміз.

3.                       Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Гос экзамены по казахскому языку"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 364 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2017 4968
    • DOCX 62.5 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ареден Жанаргуль Ареден. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ареден Жанаргуль Ареден
    Ареден Жанаргуль Ареден
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9741
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе

Учитель иностранного языка в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 197 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 521 человек

Курс повышения квалификации

Концептуальное и методическое обновление дисциплины «Иностранный язык» в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 215 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 510 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в дошкольном образовании

Учитель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 232 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 460 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 20 регионов