Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Имандылық - адамгершілік айнасы" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты

"Имандылық - адамгершілік айнасы" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Күні: 28.09.16 ж.

Өтетін орны: Б-33

Сыныбы: 9 «Б»

Сынып жетекшісі Анесова Ж.К.

Тақырыбы: Имандылық – адамгершілік айнасы

Мақсаты: имандылық сөзінің нақты мағынасын оқушыларға түсіндіре отырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерден үлгі  алуға ұмтылдыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттау, оқушының рухани білімін, дүниетанымын байыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын ояту.

Түрі:  журнал жобасын жасау

Көрнекіліктер:  тақырыптық слайд, қима қағаздар,конверттер

Барысы: 

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе

ІІІ. Негізгі бөлім

ІV. Қорытынды

 

І. Ұйымдастыру

Эпиграф:

Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз.

                                                                                                               Абай           

ІІ. Кіріспе

Мұғалім сөзі:

-          Салеметсіздер ме, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, адалдық, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Абай атамыз   «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз» деген еді.

    Бүгінгі  «Имандылық –адамгершілік айнасы» деп аталатын тәрбие сағатымызда «иман» сөзінің мағынасына тереңірек үңіліп, адами асыл құндылықтарымыз туралы әңгіме қозғамақпыз және  осы тақырыпта жарық көретін журнал жобасын жасамақпыз. Сыныбымызда журналист, баспа қызметкері,  тіл маманы болуды мақсат етіп отырған оқушылар бар. Биылғы оқу жылында сыныбымыз түрлі тақырыпты қамтитын «Кәусар» деген атпен   әдеби-танымдық журнал шығаруды ұйғарып отыр. Бүгін біз жұмыла отырып, журналымыздың бірінші санының жобасын жасамақшымыз.  Өзімізге сәттілік тілеп, жұмысымызды бастайық, балалар. (Слайд №2, №3, №4)

1.     Мұқаба

2.     Біз туралы...

жоба авторы 

Жаннат Анесова

редактор 

Назерке Калышева

кезекші редактор

Айжан Бимурзаева

беттеушілер: 

Айзат Темирова

Альфинура Самалбекова

Камила Көмекбаева

тілшілер: 

Азамат Абимолдаев

Алина Абдраманова

Нұрболат Есжанов

         фототілшілер: 

         Альфараби Дуйсенбиев

         Нұржанат Теміржан

 

МАЗМҰНЫ:

3-бет. Ой өрім

             Иман нұры ұяласын жүрекке

4-бет. Сөз маржан

             Жүректен шыққан сөз асыл 

5-бет. Қонақкәде

              Оймақтай ой түйейік санамызға...

6-бет. Жан саясы

              Имандылық - өмір көркі

7-бет.  Соңғы мұқаба (фото, тілек)

 

III. Негізгі бөлім

Мұғалім:

    - «Ой өрім» айдарында оқушылар «Иман нұры ұяласын жүрекке» тақырыбында «Имандылық» туралы ой өрбітеді.

(Оқушылар  3 топқа бөлініп, журнал жобасымен жұмыс жасайды.

Алдын ала берілген тапсырма бойынша «Иман» сөзіне анықтама береді.  А-4 бетіне ізденіп, жазып келген мақалаларын орналастырады. Үш оқушы жазғандарын оқып береді.  3 топтың да балалары бірдей жұмыс жасайды)

 

Азамат:

   - Иман - арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен  ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық  ойлайды, оларға мейір - шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны «иман жүзді адам» дейді.

    

Альфинура:

    - Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік.

 

    Назерке:

  

    - Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп құрметтеу, көңіліне қарау-  адамгершіліктің нағыз белгісі. Халқымыз «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп арды жаннан да қымбат есептейді.Ұят – адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың негізі. Ұят нышандары сәбилік шақтан қалыптаса бастайды. Бұл жан толғаныстар арқылы бет-бейнеден, инабатты іс-әрекеттерден байқалады. «Мейірімділік, - деп жазды К.Бови, -мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл». Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылықпен қарау, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен имандыдық білдіру, жанашырлық пен қамқорлық жасай білу адамгершіліктің жоғарға белгісі. Менің ойымша, осы үш қасиет бір адамның бойында болса, онда оның адамгершілік қасиеті таудан да биік болады.

Мұғалім:

    - Дұрыс айтасыңдар балалар, иман әрбір адамның жүрегінен орын алып, көкірегінде сақталады. Өзін мұсылман деп есептейтін әрбір адамның адамгершілік, әдептілік, имандылық қасиеті болуы абзал екенін әр сәт есімізден шығармайық.  (Жазғандарын А-4 жапсырып, тақтаға іледі)

«Сөз маржан» айдары (оқушылардың шығармашылық жұмыстары)

Мұғалім: 

   - Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі болып табылатынын өздерің жаңа айттыңдар, балалар. Имандылық туралы сыр шертетін мына бейнебаянға назар аударайықшы.  (бейнебаян көрсетіледі)

-         Ал енді, балалар, алған әсер, түйген ойларыңды  қағаз бетіне түсіре

қойыңдар.  (жұмыстарымен әр топ өз ішінде танысады.  Іріктелген  жұмысты  журналға ұсынады. А-4 бетіне түрлі-түсті қағазға жазып орналастырады)

 

«Қонақкәде» айдары

Мұғалім:

  - Бүгін   бізде  «Жәрімбет»  мешітінің   имамы  Мұрат Дәуіржанұлы қонақта отыр. Мұрат Дәуіржанұлы, балалардың имандылық, адамгершілік туралы ойын тыңдадыңыз. «Иман» деген сөздің мағынасын балалар аша алды ма, сіздің бұл туралы ойыңыз қалай, осы туралы айтып өтсеңіз?

Имамның сөзін тілшілер жазып алады және сұрақтар қояды:

1. Құранда адамгершілік, имандылық туралы не айтылған?

2. Көпшілік адамдар «имандылық жасау- мешітке бару» деп ойлайды, бұл

    туралы не айтасыз?

3.Оқушылардың жұма намазға баруы дұрыс па?

 (жауаптарды А-4 жазып тақтаға іледі)

 

«Жан саясы» айдары

Мұғалім:

   - Журналымыздың «Жан саясы» айдарына балалар,  түрлі мазмұнда жазылған хаттар келіп түсті. Бұл хаттарды жолдап отырған өздерің секілді балалар, яғни өздеріңнің достарың. Түрлі жағдаяттардан шығар жол  іздеген достарыңа көмек көрсетуге асығайық, балалар.     

 

 

 

1- хат.

    -Құрметті достар,  менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе - көз өтірікті айта қояды. Ата-анасына да өтірік айтады  және бұл қылығына ұялмайды.  Менімен дос болғысы келеді, онымен дос болып араласайын ба?

 

2 -хат.

  - Құрметті достар,  менің досым өте  мақтаншақ, тәкаппар.  Бірге жүргенде үйінің байлығын, қымбат нәрселерін айтып көп мақтанады. «Адамды байлығына қарап бағалау керек» дегенді жиі айтады. Мен онысын ұнатпаймын. Оның осы мінезін өзгертуге қалай көмектессем екен?

 

3 -хат.

  -Құрметті достар,  партада менімен бірге бір бала отырады. Үй тапсырмаларын орындамай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен дәптерімді бермесем, «Сен сараңсың»- деп мені мазақтайды. Мен не істеуім керек?

(балалар жауаптарын жазып, А-4 жапсырады. 3 топ жазғандарын оқиды, тақтаға іледі)

Қорытынды

(«Жақсылық жасаудан жалықпайық» тақырыбында  бейнебаян көрсетіледі)

Мұғалім:

      - Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, олардың өмірінде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік секілді қарым-қатынастар болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар. Бүгін біз бірімізді біріміз қолдай отырып, журналымыздың жобасын жасап бітірдік, балалар. Ал аптаның соңында журналымыз жарық көретін болады.

...Түзу баста, ақ жолды кесе көрме,

Иман тонын үстіңнен шеше көрме, - деп түрік ғұламасы Жүсіп Баласағүн айтқандай, бойымыздан иманымыз кетпесін. Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын.  Журналымыздың соңғы мұқабасын жасауға, құрметті қонақтар, сіздерді шақырамын.

 

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

 

 

 

 

 

 

ИМАНДЫЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІК АЙНАСЫ

 

    

   

   

Ашық тәрбие сағаты. 9 «Б» сыныбы

28.09.2016 ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Имандылық - адамгершілік айнасы" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2016 9027
    • DOCX 792 кбайт
    • 100 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Анесова Жаннат Каруовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Анесова Жаннат Каруовна
    Анесова Жаннат Каруовна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46583
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой