Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатика Сканердің түрлері 10 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Информатика Сканердің түрлері 10 класс

библиотека
материалов
hello_html_m2a7690f7.gif
  1. Сканер тарихы.

Сканер (англ. scanner)-  электронды механикалық құрылғы.Сканер

(ізкешкіш) – қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге суйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік турге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суретгерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәліметтер енгізу оңай, әpi жылдам орындалады.

1857 жылы флоренциялық аббат Жованни Казелли(итал. Giovanni Caselli)суретті арақашықтыққа жіберу аспабын ойлап тапты, оны пантелеграф деп аталды. Жіберілетін сурет ток өткізетін сия мен ине көмегімен барабан бетіне жазылған.

1902 жылы неміс физигі Артуром Корном (нем. Arthur Korn) фотоэлектрондық сканирлік технологиясы бойынша патент алып, кейіннен ол телефакс деп аталынды.Тасымалданатын құжат сканер түріндегі оптикалық-электрондық құрылғымен оқылады да, байланыс арналары арқылы жөнелтуге ыңғайлы сигналдық түрге келтіріледі. Мәліметтерді қабылдау нүктесінде кері түрлендіру жұмысы атқарылып, сигналдар құжаттың алғашқы нұсқасына айналады.


Джованни Казелли изобрел пантелеграф - прототип современного сканера

5-сурет Ең бірінші сканер



  1. Сканерлердің сипаттамасы.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.Сканер компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Түпнұсқаны санмен белгілеу үшін пайдаланылған сканердің мүмкіндіктерін көбіне-көп басу кезінде алынған сапа анықтайды. Сондықтан қарапайым модельдегі планшеттік немесе аралық класты сканер жоғары сапалы жарнамаға қажетті түс диапазонын қамтамасыз ете алмайды, газеттік қағазда каталогтар жасау үшін барабанды сканерді пайдалану да - долларды сканерлеу сияқты мәнсіз іс. Бір кластағы сканерлердің өзі бірдей емес. Сканерлейтін құрылғының сапасын бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар маңызды параметрлер бар, олар: салыстырып оқу үшін пайдаланылатын бергіштердің түрі, оптикалық шешім, өңделетін материалдардың түрі, түстің барынша қанықтығы және динамикалық диапазон.

Сканерлердің түрлері.

Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерлерді. графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі, бейне тану бағдарламалары оны өндейді.

  1. Планшетті сканерлер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер материалдың бетінен шағылған жарық сәулесін белгілейді.

- Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады.Бұл жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.

- Барабандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғарғы сапалы сканерлеуге жетуге болады.

  1. Штрих-сканері. Бұл штрих-код түрінде кодталған деректерді енгізуге

арналған қол сканерінің бір түрі саудада қолданылады:

  1. Формалар сканерлері "қолдан" толтырылған стандартты формалардан

деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкет мәліметтерін өндеуде қажет болады.

  1. Графикалық планшеттер (дигитайзерлер)- көркемдік графикалық

ақпараттарды енгізугеарналған.

  1. Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді

қағаз бетіненемес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.

Коммерциялық тұрғыда пайдалануда сканерлердің үш базалық түрі бар:

    • барабанды сканерлер;

    • планшетті сканерлер;

    • пленка-диапозитивтерді өңдейтін сканерлер.

Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады

Әр түрдегі сканердің жұмыс істеу саласы болады. Бірақ қазіргі кезде осы үш түрдің, әсіресе неғұрлым қымбат бағалы инструменттер арасындағы сапалық айырма білінбей барады. Сондықтан бұл орайда абай болған жөн.


Барабанды сканер

http://bookdesigner.narod.ru/Pictures/Remeslo/09_02.jpghttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRVdT1NE5Ex-0FKgl8a1vP2l9oRPd43bG3fFYTLzoEPoXdYlIZNIQ

Барабанды сканерлер әрқашан жоғары дәрежелі түрлі түсті баспа өнімдері (жарнамалық материалдар, жылдық есептер, сондай-ақ, жоғары сапалы көркем көшірмелер) саласында жұмыс істеуге арналған инструменттер ретінде танылады. Олардың фотоэлектронды көбейткіштерге негізделген есептеу технологиясы кез келген түпнұсқадағы әрең көрінетін реңктердің өзін де шығаруға мүмкіндік береді; олар шағылысатын да, мөлдір де түпнұсқаларды (негативті пленкадан басқасын) бояуын қанық етіп, санмен таңбалай алады; өте жоғары шешімі шағын түпнұсқалардың сапасын төмендетпей, оларды көп есе үлкейтуге мүмкіндік береді. Барабанды сканерлердің көпшілігінде күрделі бағдарламалық басқару құралдары бар, олар «жол-жөнекей», сканерлеу барысында басып шығару жағдайын ескере отырып, бейнені автоматты түрде өңдейді. Егер сендер бояуына жоғары талап қойылатын құжаттарды тұрақты басып шығарып, позитивті түпнұсқаларды көп сканерлейтін болсаңдар, барабанды сканерде сандық бейне алу турасында ойланғандарың жөн.Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға болады.

Планшетті сканер.

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSIDV3WbSWZOdt6kwJNkzWvPp1O5pkgHATEnXQRcu5HIJ3FBWdlz34mKrJVhttps://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS2acs_bGJKkcCkibGyN0etjxxgw8jeB6PERI5FN8ZUzW0SbS-_tgm6yEuL

Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Планшетті сканерлерде ҚБП есептеу технологиясы пайдаланылады, оны нақты жүзеге асыру сапасы әр түрлі болуы мүмкін. Қарапайым модельді және аралық класты планшетті сканерлерде ҚБП әдетте шулы болып келеді де, сызықтар немесе «қате» түсті кажетсіз пиксельдер түріндегі артефактілерге апарады. Планшетті сканерлер әсіресе суреттер мен фотосуреттер түріндегі шағылысатын түпнұсқаларды санмен таңбалау кезінде өте ыңғайлы. Аралық және неғұрлым жоғары класты планшетті сканерлер сондай-ақ мөлдір түпнүскаларды да сканерлей алады, бірақ ең жоғары класты планшетті сканерлер ғана оларды барабанды сканерлер немесе пленка-диапозитивтерді өңдейтін сканерлер сияқты сапалы етіп шығара алады.

Пленкалар мен диапозитивтер өңдейтін сканерлер.http://chinavasion.com.ua/published/publicdata/CHINAVASION/attachments/SC/products_pictures/35mm-Skaner-dlya-plenki-s-ZhK-displeem-i-SD-Card-Slotom-CVKB-G111-0.jpghttp://dic.academic.ru/pictures/wiki/files/71/Glasrahmen_offen.jpg

Пленкалар мен диапозитивтер өңдейтін сканерлерде, планшеттік сканерлердегідей, ҚБП-бергіштер қолданылады, тек олардың қабылдағыштығы жоғарырақ және шешу қабілеті анағұрлым жоғары — бұл қасиеті оларды кішігірім мөлдір түпнұсқаларды санмен белгілеу үшін теңдессіз қолайлы етеді. Мұндай сканерлердің көбінің динамикалық диапазоны әжептеуір жоғары және кәдімгі мөлдір түпнұсқаға түстердің толық диапазонын енгізуге мүмкіндік береді.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сканер (англ. scanner)-  электронды механикалық құрылғы.Сканер

(ізкешкіш) – қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге суйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік турге айналып, оны бірден өңдеу ісін  жүргізу қиынырақ  болады. Ол суретгерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәліметтер енгізу оңай, әpi жылдам орындалады.

1857 жылы флоренциялық аббат Жованни Казелли(итал. Giovanni Caselli)суретті арақашықтыққа жіберу аспабын ойлап тапты, оны пантелеграф деп аталды. Жіберілетін сурет ток өткізетін сия мен ине  көмегімен барабан бетіне жазылған.

 

1902 жылы неміс физигі Артуром Корном (нем. Arthur Korn) фотоэлектрондық сканирлік технологиясы бойынша патент алып, кейіннен ол телефакс деп аталынды.Тасымалданатын құжат сканер түріндегі оптикалық-электрондық құрылғымен оқылады да, байланыс арналары арқылы жөнелтуге ыңғайлы сигналдық түрге келтіріледі. Мәліметтерді қабылдау нүктесінде кері түрлендіру жұмысы атқарылып,    сигналдар құжаттың алғашқы нұсқасына айналады.

Автор
Дата добавления 18.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3495
Номер материала 315835
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх