Инфоурок Информатика КонспектыИнформатикадан ашық сабақ жоспары "Paint графикалық редакторының құралдарын қолдану". 5 сынып

Информатикадан ашық сабақ жоспары "Paint графикалық редакторының құралдарын қолдану". 5 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Paint  графикалық редакторының құралдарын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Paint  графикалық редакторының құралдарын қолдана отырып сурет салуға үйрету. 

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

Ø Paintграфикалық редакторының терезе элементтерін білу;

Ø Paint редакторының негізгі құралдарын қолдана білу;

Ø Оқушылардың суреттерді редакторлеу және сақтауды білуі;

Ø Paint графикалық редакторындағы суреттерді аша білу.

Дамытушылық:

Ø Компьютермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

Ø  Өз беттерімен  білім алуға жетісу;

Ø Ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Ø Өз ойларын жеткізе білуге;

Ø Таиғатты аялап,  құрметтеуге;

Ø Сурет салуға деген құштарлықтарын ояту;

Ø Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Ауызша журнал

Сабақтың көрнекілігі:

1. Компьютер мен ноутбуктер;

2. Мультимедиалық  проектор;

3. Интерактивті тақта;

4.  Колонка;

5.Сабақтың тақырыбына сәйкес мультимедиалық презентациялар.

6. «Айгөлек» журналына шыққан оқушылардың суреттерінен көрме.

Оқыту түрі:

Ø Жекелеме;

Ø Интерактивті (оқушы –компьютер);

Оқыту тәсілдері.

Ø Сөздік-көрнекілік;

Ø Практикалық;

Ø Шығармашылық;

Пән аралық байланыс:

Ø Бейнелеу өнері;

Ø Музыка;

Ø Қазақ тілі:

Ø Орыс тілі;

Ø Ағылшын тілі

Сабақтың жүру барысы

Сәлеметсіздер ме, балалар!Біз Paint графикалық редакторларының құралдарымен толық танысып болдық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Paint графикалық редакторының құралдарын қолданып суреттер салу». Сабағымыздың мақсаты: графикалық редакторының құралдарын  қолдана отырып, өз қиялымызбен табиғат тақырыбына сурет салу.  Сендер көрмеге қойылған картинкаларда сурет тақырыбы мен авторы суреттің оң жақ төменгі бұрышына жазылатынын байқаған боларсыңдар. Олай болса кітаптан 124 беттен «Мәтіні бар суреттер салу» тақырыбы бойынша суретке мәтін кірістіру алгоритміне көз  жүгіртіп қайталап өтейік. Бұл бізге сабақ барысында кажет болады.

  Ал, енді тізбек бойынша өткен тақырыптарды қайталап, ойымызға түсірейік.

/Қойылған сұрақтарға оқушылар кезектесіп жауап береді/

1. Paint графикалық редакторы неге арналған?

2. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

3. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін ата

4. Paint графикалық редакторында неше құралды пайдалануға болады?

5. Құю құралының қызметі қандай?

6. Әрекеттерді орындатпау үшін қандай команда қолданамыз?

7.  Paint графикалық редакторында беттің масштабын қалай өзгертеміз?

8. Жұмыс алаңындағы суреттерді жою үшін қандай команда орындауға болады?

9. Графикалық редакторда салынған суретті жұмыс столына жіберуге бола ма?

10. Салынған суреттің көшірмесін қалай алуға болады?

11. Негізгі түс қалай таңдалады?

12. Алуа. doc,  Алуа.bmp,  Алуа.xls  осы файлдардың қайсысы

     графикалық редакторда жасалған файл?

13. Үнсіз келісім кезінде фондық түс пен негізгі түс қандай

      болады?

14. Егер түстер палитрасы көрінбей тұрса, қандай команда

       арқылы шақыруға болады?

15. Квадрат  немесе шеңбер салуда қай пернені қолданамыз?

16. Масштабты өзгерту үшін қандай команда орындаймыз?

   Сабағымыздың жалғасы әдеттегіден өзгеше өтеді. Бүгінгі сабағымыз «Көңілді суреттер»  деген атпен ауызша журнал түрінде өтеді.  Журналымыз бірнеше рубрикадан тұрады:

1.     «Бәрін білгім келеді»

2.     «Өзің бояп көр»

3.     «Ағылшынша үйренейік!»

4.     «Буратина қонақта»

5.     «Артық болмас білгенін»

6.     «Сырлы бояу сөйлейді»

 

1.     Сонымен журналдың бірінші бетін ашайық «Бәрін білгім келеді».

Paint графикалық редакторы  құралдарының міндетін айту. /Слайд /

2.     Келесі беті «Өзін бояп көр».

 Жалпы компьютерлік графиканы көптеген мамандық иелері қолданады: архитекторлар ғимараттарды жобалауда, инженер-конструкторлар техниканың жаңа түрін құрастыруда, модельерлер киімнің жаңа үлгісін жасауда, мультипликаторлар мультфильмдер құрастыруда, дизайнерлер жарнамалар т.б дайындауда. Компьютерлік графика  әлемі шексіз. Мына слайдта ең алғаш 1958 жылы компьютермен жасалған мультфильмнен көрініс.

Ал, кәне кім айтады мына сурет қандай мультфильмнен алынған?

 Сендер қазір жұмыс столындағы «5 сынып»  атты буманың ішінен  «сурет» файлын графикалық редактор көмегімен ашып, түрлі-түсті етіп бояңдар.

/оқушылар құю құралының көмегімен  суретті бояйды/.

3.     Журналымыздың келесі «Ағылшынша үйренейік!» айдарымен аталатын бетіне ауысамыз.

«Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар   орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін  жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз.  Үштілділік  мемлекеттік  деңгейде  ынталандырылуы  керек» деп Елбасы Жолдауында айтқан еді. Ендеше сендер үштілді меңгерген білімді азамат болып өсулерің керек. Сондықтан бұл рубрикада сендер бүгінгі сабаққа қатысты бірнеше терминнің үш тілде айтылуын үйренесіңдер.

/оқушылар тақырыпқа  қатысты сөздердің  3 тілде  айтылуын құлақап арқылы тыңдап үйренеді де, сосын хормен дауыстап айтады/

Сурет                   рисунок             picture              

Қылқалам           кисть                  brush

Сызық                 линия                 line

Тақта                   доска                  board

Шеңбер               круг                     circle

Шаршы                квадрат              square

Түс                        цвет                    colour

Өшіргіш ластик               eraser

Үйдом                    house

Табиғат                 природа            nature

4.     «Буратина қонақта» /Сергіту сәті/

Келесі рубрика «Буратина қонақта» деп аталады.

Буратина:  Мен сендерге  төмендегідей жаттығу жасауды

 ұсынамын: Көз қиығымен айтылған  бағытқа қарау арқылы,

көзге жаттығу жасайық.

 Көкке – жерге

Жерге - көкке

Оңға – солға

Солға – оңға

Қайда - қайда

Мұрныңның ұшына.

           (Оқушылар Буратинаның командасын  орындап көзге жаттығу    

              жасайды)

5.     «Артық болмас білгенін»  /Ақпараттық сәт/«Пейзаж түрлері» тақырыбында тұсаукесер көрсетіледі. Пейзаж тақырыбына салынған әйгілі суреттердің аты мен авторлары туралы ақпараттар ұсынылады. (Ә.Қастеев. «Шалкөде жайлауы», И.Айвазовский. «Тоғызыншы балл»,  К.Моне.  «Сен-Лазар вокзалы», В.Батурин. «Ясная Полянадағы гүлдер», В.Поленов.  «Московский дворик»

6.     «Сырлы бояу сөйлейді» айдары бойынша оқушыларға шығармашылық тапсырма беріледі.Оқушылар елестету немесе қиялдау арқылы өз ойларыңдағы көріністің суретін салады. Сурет салу барысында табиғаттың буырқанған қозғалыстағы кейпін немесе бірқалыпты күйін беруге тырысу керек.

(Оқушылар жұмыс жасап жатқанда жайлап музыка қосылып тұрады)

 Сурет салып болған соң, салған суреттерін сақтап, суреттерін бас компьютерге жібереді.  Мұғалім сабақ соңында сәтті шыққан суреттерден электронды көрме ұйымдастырады.

7. Сабақтың қорытындысын шығару.

1.  Міне, өздерін салған суреттер галереясын (электронды көрме) тамашалауға болады. (Мұғалімсәтті шыққан суреттерді атайды).

8.Үйге тапсырма.

Ø Paint графикалық редактор құралдары тақырыбы бойынша қайталау.

Ø Өздерің  жақсы көретін 1 пәннің сыртқы мұқабасын көркемдеуге арналған сурет салып келу. 

1.     Рефлексия.Ал, енді сендер бүгінгі сабақ өздеріңе ұнаған немесе ұнамағанын білдіру үшін, алдарында жатқан смайликтерге бір элемент қосу  (ауыздың суретін салу) арқылы  көрсетіңдер.

Маған да  сендермен жұмыс істеген қызықты болды.  Сендерге рахмет, сау болыңдар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатикадан ашық сабақ жоспары "Paint графикалық редакторының құралдарын қолдану". 5 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Paint графикалық редакторының құралдарын қолданып суреттер салу». тақырыбына өткен ашық сабақ бірнеше рубрикадан тұратын ауызша журнал түрінде өтті.

 

   Сабақ барысында оқушылар    «Артық болмас білгенін»  рубрикасында «Пейзаж түрлері» тақырыбында тұсаукесер көрсетіледі. Пейзаж тақырыбына салынған әйгілі суреттердің аты мен авторлары туралы ақпараттар ұсынылады. (Ә.Қастеев. «Шалкөде жайлауы», И.Айвазовский. «Тоғызыншы балл»,  К.Моне.  «Сен-Лазар вокзалы», В.Батурин. «Ясная Полянадағы гүлдер», В.Поленов.  «Московский дворик». Сабақ соңында оқушылардың сабақ барысынды орындаған шығармашылық жұмыстарынан  көрме ұйымдастырылды.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 1799
    • DOCX 27.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Азимбаева Нурпан Мусабайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Азимбаева Нурпан Мусабайкызы
    Азимбаева Нурпан Мусабайкызы
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 28601
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 298 человек

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе