Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Іс-шара "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"

Іс-шара "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз (Оқырмандар конференциясы)

Мақсаты:

Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.

Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бейнетаспа, көркем суреттер.ҚР мемлекеттік рәміздері, Н.Назарбаевтың суреті.

Сахнаның ар жағынан Қ.Әбділдәқызы «Тәуелсіздік» өлеңі оқылады

Бағдарламасы: І.Кіріспе Ел тарихына түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» оқырмандар конференциясын ашық деп жариялаймыз.Енді конференциямызды ел тарихынан бастасақ:

Әби Әсел

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Бегалы Назерке

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

Әміров Исмайл

1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

Ибадулла Адилет:

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

Кари Асел:

4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.

Мүбәрак Ақжол::

1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Таукен Лаура:

1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.

Ташимов Али:

1995 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.

Сыздықова Зәуре: 1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтілді.

Жаханша Биназар:

1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конститутциясына» 1 жыл толды. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

Серікбай Ботагөз:

1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.

Сапабек Назбек:

1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.

Көпен Рабия:

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

Қонысбай Ұлболсын:

2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.

Бақтыбай Жансая:

2001 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.

Базарбай Айдос:

2002 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланды.

Төлеген Асылбек:

2003 жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды.

Бейішбеков Нұрлыбек:

2003-2005 жыл «Ауыл жылдары» болып жарияланды

Салмырза Құралай:

2006 жылы «Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы» болып жарияланды

Абдрашитов Алмас:

2007 жылы «Қазақстандағы Германия жылы» болып жарияланды

Қалдан Мирас:

2008 жылы «Украинадағы Қазақстан жылы» болып жарияланды

1 Жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.

Ортада «Қазақстаным – қара шаңырағым» дегентақырыпта баяндамасымен Серікбай Ботагөз.

2 Жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Келесі «Тәуелсіз елім – нар елім» деген баяндамасымен Салмырза Құралай.

1 Жүргізуші: Қазақ халқы – жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп – ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе? Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер.Сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан жерінде!.Келесі «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» деген баяндамасымен Қонысбай Ұлболсын.

2 Жүргізуші: ХVІІІ ғасырда «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» заманы еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын, дау жеңетін жігітті талабынан танимын» дегендей адастырмас ақыл мен қара қылды қақ жарған, әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше. Ортада «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің тірегі» деге нтақырыпта баяндамасымен Өмірғалиев Рауан.

1.Жүргізуші:

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері,

Әділет пен бірлікке жанын қиып.

Әділ өткен ағалардың туған жері.

Бес арыс ұлдары

«Елім»- деп өткен ер.

Жалынды жырлары

Жанымен өтелер.

Үш алып тұлғалар

Бір болып ұраны,

Ғасырлық ұлылар

Мәңгілік жыр әнім - деп

2 Жүргізуші: Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы» Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды. «Қазақты қазақ еткен – Желтоқсан» деген баяндамасымен Темірбек Даулет.

«Желтоқсан жаңғырығы» оқитындар:

8 «Д» класс оқушысы Сыздықова Зәуре

8 «Д» класс оқушысы Жаханша Биназир

Жүргізуші:

Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,

Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.

Бұның бәрін дұрыс болмас түсінгін

Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!

Серікбай Қуаныш:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.

Нақыпбек Айбек:

Бүгіннің биігінен көз саламын еліме,

Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме

Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан,

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер: мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Бүгін міне өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз,

Мәдениет те таң қалдырып, ғылымымыз өрлеуде.

Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға,

Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім аршында!

1 Жүргізуші:

Далада думан қалада думан жыр бүгін,

Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім,

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін - дей келе ән «Отан – Қазақстан»

Орындайтындар: 6 класс оқушылары Асқар Бибарыс.

Ақтөбенің суреттер бейнесі

2 Жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

(Күй ойнап, тақтаға Тәуелсіздік монументі суреті шығады.)

«Тәуелсіздік толғауы» оқитын 8 «Д» класс оқушысы Бақтыбай Жансая

1 Жүргізуші:

Той боп жатыр, міне бүгін қаламда,

Той боп жатыр бүгін менің даламда.

Көркіменен бар әлемді тәнті еткен,

Ел ордамыз – «Астана» атты қаламда.

«Астана» оқитын 6 «А» класс оқушысы Марат Саламат

Ән. «Астана» орындайтын 8 класс оқушысы Жүкеева Жанар

2 Жүргізуші:

Тәуелсіз – Қазақстаным

Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

1 Жүргізуші:

Сан ғасырлар тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім Қазақстан - Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

Ән «Қазақ елі» орындайтын

8 «Д» класс оқушысы Базарбай Айдос

2 Жүргізуші:

Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Күмбез көкте желбірейді көк байрағы

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты оқырмандардар конференциясы аяқталды.

Назар қойып, тыңдағандарыңызға Рахмет!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров130
Номер материала ДВ-226045
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх