Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыКлассный час на тему "Воспитательное значение казахского кино"/ на казахском языке/

Классный час на тему "Воспитательное значение казахского кино"/ на казахском языке/

Скачать материал

Жумашева С.С.  Разработка воспитательного часа на тему: «Қазақ киносының тәрбиелік маңызы»/ Воспитательное значение казахского кино»/ для учащихся старших классов школ с казахским языком обучения (в помощь студентам-практикантам и классным руководителям)

 

                   СЫНАҚТЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мектеп: О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты

Сынып: 9 г

Сынып жетекшісі: Абдрақбаева Майра Жапаркуловна  

Тәрбие жұмысының түрі: сынып сағаты

Сынып сағатын өткізуші практикант-сынып жетекшісінің көмекшісі: Құрақ  Мейрамбек- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика,физика және информатика институтының 3 курс студенті

Сынып сағатына қатысқан оқушылар саны: 32

Сынып сағатына қатысқан практиканттар: Тлеуқасым Серікжан,  Мұқатай Нұрдәулет, Сабит Мәкен, Юсуп Балзура, Мәскеуова Ақтоты- 3 курс студенттері

Сынып сағатына қатысып, талдап, бағалаған:  Педагогика әдіскері Жұмашева Светлана Сатыбалдықызы- п.ғ.к., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті

Сынып сағатын өткізген күні, уақыты, орны: 04 ақпан 2015ж.,  14 с. 15-15с. 00,  сынып бөлмесі

Сынып сағатының тақырыбы:  Қазақ киносының тәрбиелік мәні

Сынып сағатын өткізу формасы: пікірталас

Сынып сағатының міндеттері: Оқушыларға адамгершілік  және эстетикалық тәрбие беру; олардың әлеуметтік белсенділіктерін және танымдық дербестігін дамыту; Отанға және асыл мәдени, ұлттық өнерге  деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру

Сынып сағатында қолданылған тәрбие әдістері: насихат, этикалық әңгіме-сұхбат,  пікірсайыс, үлгіге негізделген әдіс.

 

Сынып сағатының көрнекіліктері: Презентация, «Қазақ киносының алтын қөрынан» үзінділер-видеофильм ретінде, саунтректер.

Сынып сағатын дайындауға қатысқан 9 г сынып оқушыларының ынталы тобы: Керімше Санжар, Мукин Алтай, Мұратхан Мөлдір, Уалдинұлы Рамазан, Өмірзақ Марат, Өкен Аружан, Алмухан Алишер,Майхиев Күншырақ,Сапар Ерсұлтан,Маден Еркебұлан,  Дадабаева Фатима, Жакупова Назия, т.б.

 

                       СЫНЫП САҒАТЫН ӨТКІЗУ БАРЫСЫ:

1.     КІРІСПЕ БӨЛІМ: Құрметті оқушылар! Соңғы уақыттарда Ғаламтор желісі жылдам дамып келе жатқанына қарамастан, жер бетіндегі адамдардың көп бөлігі, әлі де болса, сиқырлы қобдишадағы кинодан бас тарта алар емес. Оған дәлел- елімізде жаңа түрдегі кинотеатрлар санының артуы. Кино арқылы әрбір мемлекет өзінің салт-дәстүрін, тарихын, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін көрсетіп, дәріптейді.  Балалар! Сіздің жасыңыздағы оқушылардың бойында адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, Отанға деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастырып, дамытуда біздің Қазақ киносының тәрбиелік мәні өте зор. Осы бағытта біздер қазір, шартты түрде,  қазақ  кино әлеміне кішігірім саяхатқа барып келейік... Осы «саяхатымыз» барысында әңгіме-сұхбат және пікірталасқа қатысқанда өзара қарым-қатынас, сырласу ережелерін, мәдениетін сақтауға шақырамыз. Ал, бастайық!

 

2.     НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

І.  Балалар! Бугін Қазақ киносының алғашқысының бірі “Амангелді” фильмінен мына үзіндісін көріп,өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді білдіріп отырыңыз

100 жылдық тай тарихы бар кино, Қазақстанға кешігіп келді. Қазан төңкерісінен кейін пайда болған қазақ киносының алғашқы туындысы «Амангелді» деп аталды. «Ленфильм» студиясында түсірілген бұл көркем фильм ұлт батыры Амангелді Иманов туралы болатын. Оның режиссері Марк Левин болса, Амангелдіні сомдаған әртіс Елубай Өмірзақов еді. Міне, осы алғаш қазақ киносы өмірге келді. "Амангелді" фильмі 1938 жылы экранға шықты/ фильмнен тағы үзінділерін көрсету/

Әңгіме-сұхбатқа қатысушыларға  қойылған сұрақтар:

-          Ал, балалар, бүгінгі  осы киноның тәрбиелік мәні неде деп ойлайсыз? Амангелді бейнесінен қазақ батырларына тән қандай қасиеттерін ерекше атар едіңіз? Өз ойларыңызбен бөлісіп отырыңыз...

-          «Амангелді» киносын патриоттық символ ретінде атауға болады ма?

-          Неге Амангелді киносын ұрпақтан ұрпаққа рухани қазына ретінде көрсетіп отыру қажет деп ойлайсыз?

ІІ. Қазақ киносындағы үздік туындылардан үзінділер көрсете отырып,оқушыларды осы фильмдер жайлы өзара пікір алмасуға шақыру

  Ынталы оқушылар тобының белгілі кинолар туралы дайындаған қысқаша презентациялары:

2.1  «Менің атым Қожа» фильмінің қысқаша презентациясы

  1963 жылы Бердібек Соқпақбаевтің “Менің атым Қожа”  повесінің желісі бойынша түсірілген картинаның режиссері — қазақ кино өнерінің майталманы, “Балалар киносының атасы” аталған атақты кинорежиссер — Абдолла Қарсақбаев. (“Қилы кезең”, “Даладаға қуғын”, “Балалық шаққа саяхат”, “Алпамыс мектепке барады”  және т.б.). Хас шебердің қолынан шыққан теңдесі жоқ кино-туынды сан жылдар өтсе де, өз құндылығын жоғалтпай, әлі де көгілдір экран арқылы өз көрермендерін, әсіресі мұғалімдер мен оқушыларды  қуантып келеді.

Бүгін де еңбектеген баладан- еңкейген қарияға дейін сүйсініп тамашалайтын бұл фильм педагогикалық мәнін, тәрбиелік маңыздылығын әлі жойған емес.

  Пікірсайыс кезіндегі оқушыларды ерекше толғандырған:

-          Фильмнің қызықты, есте қалған үзінділерін көрсету

-          Оқушылардың  осы кинодан алған тамаша  әсерлерімен бөлісуі

-          Қожаның мектеп басшыларымен, мұғалімдермен және сыныптастарымен, оқушылар ұжымымен қарым-қатынастары туралы пікірталас

-          Қожаның үлкендермен, анасымен және достарымен қарым-қатынастары туралы ойларымен бөлісейік,оған ұқсайтын кейіпкер қазіргі мектепте бар ма?Мысал келтіріңіз!Өзін-өзі тәрбиелеу,оның тәсілдері фильмнің қай жерлерінде көрсетілген?

-          Ал, балалар, осы кинодағы қандай жағдаяттар бүгінгі мектептерде жие кездеседі? – осыған да мысал келтіріңіз.

-          Қалай ойлайсыз, неге Қожа туралы  осы туындыны әр-түрлі  жастағы адамдар, әсіресі мектеп оқушылары  және ұстаздары  үнемі қызықтап қайталап көруге асығады? Неге бұл фильм еш уақытта біздер үшін тәрбиелік мәнін, өз маңыздылығын және өзектілігін жоймайды?!

 

2.2 “Қыз Жібек” фильмінің қысқаша презентациясы

  Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны “Қыз Жібек” жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы. Өшпес мұра “Қыз Жібек” жырының желісімен түсірілген Сұлтан Қожықовтың “Қыз Жібек” көркем фильмі қазақ киносының алтын қорына айналды.

1968-1970 жылдары түсірілген  “Қыз Жібек” көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы біздің Алматы қаласындағы “Целинный” кинотеатрында кесілген болатын.  Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті.

 Бұл фильм Жібек пен Төлегеннің махаббатын жырлап қана қоймай, сонымен бірге ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының мінез-құлық ерекшелігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін көрсетуге бағытталған. Сіздерге мәлім, қазақ ұлдары мен қыздары  үлгі алып, еліктеген осы кинодағы  Төлеген рөлін - Құман Тастанбеков,  Қыз Жібекті - Меруерт Өтекешова ойнаған.

  Пікірсайыс кезіндегі ұл-қыздарға қойылған сұрақтар:

-          Ал, қыздар, Қыз- Жібектің бейнесінен қандай әсер алдыңыз? Қазақ  қызына тән қандай қасиеттерін көрдіңіз? Қандай салт-дәстүрлерімен таныстыңыз?

-           Ал,ендеше,біздің ұлдар! Төлеген мен Бекежанның іс-әрекеттерінің жақсы және жаман жақтарынан қандай ерекше ойлар,өздеріңізге деген сын көзбен қарап, не түйдіңіз?

-           Балалар!Осы атақты туындының біздің қазіргі жастарға ұлттық тәрбие берудегі маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?

 

2.3   “Көшпенділер” фильмі туралы презентация: Абылай хан туралы “Көшпенділер” көркем фильмінің сценарийін ресейлік киногер әрі сценарийші жазса, фильмді – белгісіз АҚШ кинорежиссері мен қазақстандық кинорежиссер Талғат Теменов  түсіреді.

Пікірсайыс  сұрақтары:

- Балалар! Осы фильмінің қазіргі сіздің замандастарыңыздың санасын қалыптастыруға, ғылыми  дүниетанымын, тарихы көзқарасын  дамытудағы орнынын нақтылай аласыз ба?

-  Оқушылар! Осы көрген үзіндіден өзіңіздің ішкі рухани-адамгершілік дүниеңізді немен байыттыңыз? Өз  пікіріңізбен еркін бөлісуге шақырамыз...

2.4 “Жаужүрек мың бала” фильмінен қысқаша презентация:  “Жаужүрек мың бала” — Ақан Сатаевтың көркем- драмалық фильмі. Фильмнің тұсауы Қазақстанда 2012 жылы 3 мамырда кесілді. “Жаужүрек мың бала” фильмі басты рөлдердегі жас әртістермен ерекшеленеді. Сартайды -Асылхан Төлепов, Қорланды - Құралай Анарбекова, Таймастың бейнесін -  Аян Өтепберген жоғары шеберлікпен сипаттай білді деуге болады.

 Пікірсайыс сұрақтары:

- Балалар, осы тамаша фильм сіздердің мақсат-мұраттарыңызға сай болды ма, қандай азаматтық, патриоттық сезімдеріңізді оятып, дамытуға әсерін тигізді?

- Сартай,Қорлан және Таймастың сіздердің санаңызға әсері қандай болды? Осы фильмнің жалпы тәрбиелік мәнін, жан-жақты мүмкіншіліктерін, қоғамдық маңыздылығын қалай нақтылауға болады деп ойлайсыз?

 

2.4   “Балалық шағымның аспаны” фильмінің презентациясы:   “Балалық шағымның аспаны” — сіздерге белгілі режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Көпсериялы “Көшбасшы жолы” киноэпопеясының бірінші бөлімі. Басты кейіпкерді әр жас кезеңінде барлықтарыңызға танымал белгілі әртістер Елжас Әлпиев, Әбілмансұр Серіков, Нұрлан Әлімжанов сипаттаған.

Пікірталас  сұрақтары:

-          Балалар, әрине, бұл фильмнің тәрбиелік,патриоттық,азаматтық деңгейі өте жоғары деп айтуға болады-осы балалық шақ  туралы сырласуға шақырамыз

-          Әр оқушы осы туындының танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мәні мен маңыздылығын,құндылық бағыттылығын сипаттап берсе...,- осы фильм сіздердің өз-өзіңізді жетілдіруіңізге, қазіргі және болашақ өміріңізге, кәсіби бағдарыңызға  қандай ерекше әсерін тигізді деп ойлайсыз?

 

3.     ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ:

-           Ал, осындай тәрбиелік мағынасы зор пікірталасқа қатысушылар! Бүгін біздер бірлесіп сіздердің  бүгінгі және болашақ өміріңізге қажетті мынадай мәселелерді қарастырдық: қазақ киносының үздік туындылары мен олардың тәрбиелік мәні, маңыздылығы  және  құндылықтары; бүгінгі қазақ фильмдерінде көбірек насихатталуды қажет ететін ұлттық тәрбие бағыттары. Осыған байланысты бүгін түйген ойларыңызды ЭССЕ жазу арқылы жеткізулеріңізді сұраймыз./ оқушылардың эсселері тыңдалады/

-          Құрметті оқушылар! Барлықтарыңызға осы  тәрбие сағатының белсенді қатысушысы болғаныңыз үшін  алғыс білдіреміз, рахмет!

 

                04.02.2015

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Воспитательное значение казахского кино"/ на казахском языке/"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дана разработка-план проведенного на практике зачетного классного часа в 9 классе с казахским языком обучения- в помощь молодым учителям и практикантам по организации и проведению данного часа в тесном сотрудничестве с творческой группой учащихся-составителей презентаций по наиболее известным историческим и современным фильмам- в форме дискуссии о нравственных ценностях казахского кино,  их значении в патриотическом воспитании и профессиональной ориентации старшеклассников.В заключительной части классного часа участники дискуссии  написали личностно-ориентированное эссе.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2015 1231
    • DOCX 32.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумашева Светлана Сатыбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44345
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе