Инфоурок Музыка Другие методич. материалыӘлпештеген анашым, ақ сүт берген анашым!

Әлпештеген анашым, ақ сүт берген анашым!

Скачать материал

Мақсаты:  Балалардың  анаға  деген  құрмет,  ілтипатын  әрі  қарай  дамыту,  сөздік  қорларын  молайту,  кеңейту.  Жақсылыққа  жаны  құмар,  таза,  инабатты,  сыпайы  болып  өсуін  жетілдіру.  Адамгершілікке  тәрбиелеу.

(Залға  балалар  әуенмен  8   санын  жасап  кіреді.)

Жүргізуші: Қайырлы  күн  ақ  жаулықты  әжелер,  аяулы  аналар,  қадірлі  әріптестер.  Баршаңызды  көктемнің  алғашқы  күні   8 -  наурызбен  шын  жүректен  құттықтаймыз.  Сіздерге  зор  денсаулық, шаттық,  байлық   тілей  отырып,  «Балдырған»   ересектер  тобының  дайындаған  ертеңгілігін  тамашалауға  шақырамыз. 

Үн  қатасың  бал  тілмен

Еркелеймін  әр  күн  мен.

Құттықтаймын  анашым

Сегізінші  наурызбен.

Ән:  «Құттықтаймын  мама»

Музыка  әуенімен  орындарына  отырады.

Бірінші  боп  құттықтауға  Карим,  Ілияс,  Нұрахметбереке  шығады.  Олар  аналарына  арнап  керемет  тақпақтар  жаттап  келіпті.

1.     Бала,  бала, бала деп,

Түнде  шошып  оянған.

Түн  ұйқысын  төрт  бөліп

Түнде  бесік  таянған.

Сізден  өскен  балалар,

Батырлар  мен  даналар

Құттықтаймыз  мейраммен

Ақ  жаулықты  аналар!

2.     Гүл – гүл  жайнап  әріміз.

Кіреді  біздің  сәніміз.

Аналарды  тойымен

Құттықтаймыз  бәріміз.

3.     Құттықтаймын  ана  өзіңді

Шуағын  шашқан  көзіңді

Мейірге  толы  құшағың

Оятар  асыл  сезімді.

Жүргізуші:  Қазір  біз  ойын  сайысын  өткізейік.  Ойынның  аты  «Анасының  жүгін  тасу»  деп  аталады.

(жерде  жатқан  кубиктерді  қалақпен  шелекке  жинау)

Би: Жалпы  би

Жүргізуші:  Ал  енді  Руслан,  Абдурахман,  Қасым  аналарын  құттықтайды.

1.     Мәпелейсің  мені  анам

Қолыңдағы  құсыңдай

Құлпыра  өсіп  дем  алам

Құшағыңда  қысылмай

2.     «А»  дегенім  ана  ғой

Ана  деген  дана  ғой

Анам  менің  күлімдеп

Аялайды  күлімдеп

3.     Аялы  алақан

Әлпештеп  өсірген

Аяулы  жан  анам

Қатемді  кешірген

Жүргізуші:  Күн  болмаса  жылу  да  болмайды,  күн  бұлттың  арасына  кіріп  ұйықтап  қалған  шығар.  Күнді  оятайық,  кәне  балалар  күн  туралы  тақпағымызды  айтайықшы. 

Шашы  алтын  көзі  от

Шыға  ғой  күн  тезірек

Шуақ  бер  маған

Жылу  бер  маған

Оянсын  көктем  тезірек.

Музыка  әуенімен  залға  Күн  кіреді.   Амандасады. 

-         Мен  қыс  бойы  ұйықтадым,  бұлттан  көзімді  аша  алмадым,  сендердің  айтқан  әуендерің  мен  билеріңнен  жүрегіме  нұр  толып  өзімнің  жылуымды  сыйлауға  сендерге  келдім.

Ән:  «Біз  бақытты  баламыз»

Ойын:  «Өз  баласын  тану»

Ойын  шарты:  Ортаға  екі  ананы  шақырып  көздерін  шарфпен  байлап  топ  ішінен  өз  баласын  табу.

(Музыка  әуенімен  Көктем  кіреді.  Муыка  Көктем  вальсі)

Күн  көзімен  шаттанып

Көктем  келді  балалар

Гүл,  бәйшешек  бүр  жарып

Көктеді  қыр – жағалар.

Ойын:  Көңілді  көмекшілер.

Жүргізуші:  Біздің  балаларымыздың  аналары  биді  жақсы  көреді.  Ендеше    аналарына  арнап  жақсы  би  силасақ  деп  отыр.  Балалардың  орындауында  би.

Би:  Гүлдер

Жүргізуші: Келесі  тілектің  де  кезегі  келіп  қалыпты.  Біздің  балаларымыз  әжелерін  жақсы  көреді.  Мирас  әжелерді  құттықтайды. 

Әжем  менің  ақ  әжем,

Әжімі  мол  бақ  әжем

Сегізінші  наурызбен

Құттықтайды  немерең

Жүргізуші:   Олай  болса  әжелеріне  арнап  «әжелердің  әзіл  әнін»  орындап  берсін

(Қасым,  Мирас,  Айбын, Нұрахметбереке, Руслан)

Келіннен  қорқып  саспайық,

Келіңдер  өсек  бастайық.

Немеренің  әр  түрлі,

Қылығын  айтып  тастайық.  Ойбай  белім – ай,

                                                Қайда  кетті  келін - ай!

Немерем  менің   блатной,

Күндіз  тыным  таппайды.

Видик  көру  керек  деп

Кешке  ұйқыға  жатпайды.   Ойбай  белім – ай,

                                                Қайда  кетті  келін - ай!

 

Немерем  менің  кір – кір  боп,

Үйдің  бетін  көрмейді

Киндер  сатып  әпер  деп

Еш  тыныштық  бермейді.  Ойбай  белім – ай,

                                               Қайда  кетті  келін - ай!

Немерем  менің  ән  салса

Любовь  деп  айтады

Қызық бар  ма  деп  едім

Жоқ!- деп  басын  шайқады.  Ойбай  белім – ай,

                                                        Қайда  кетті  келін - ай!

 

 

Жүргізуші: Ендігі  кезекте  біздің  балаларымыздың  сүйікті  әжелеріне  арналған  ән – шашуы  бар  Соны  қабыл   алыңыздар.

Ән:  «Атам,  әжем»

Көрініс:  Үш  ана (Мадина, Томирис, Сәнді)

(Ортаға  стол  қойылып, 3  орындық,  қуыршақ )

Жүргізуші: 

Ойыннан  келген  Мадина

Қуыршағын  іздеді.

Астынан  стол  тапты  да

Хал  сұрауды  көздеді.

 

Қызым  менің  қалайсың

Бақырайып  қарайсың

Отыр  қане  қасыма,

Тамақтанып  аласың

(Мадина  қуыршаққа  тамақ  бере  бастайды)

Жүргізуші:

Мадинаның  осы  сәт

Анасы  үйге  кіреді.

Тағат  таппай  қызының,

Қалін  сұрап  біледі.

 

Мадинашым  бүгін  сен,

Тамақ  ішіп  көрдің  бе?

Қызықтап  әлде  ойынды

Кешке   деін  жүрдің  бе?

Күнде  саған  ұмытпай

Тамағыңды  іш  деймін

Тіл  алмайсың   қырсығып

Осы  сені  не  істейін (отырып0)

 

Мадинаның  осы  сәт

Әжесі   үйге  кіреді.

Айналайын алтыным

Шаршадың – ау  жарқыным

Ішпедің – ау  тамақта

Жайын  ойлап  жалпының

Қарашығым  қарағым

Түсіңкі  ғой  қабағың

Сөткемен  тұрып  жұмыста

Болмай  қалды – ау  тамағың.

Жүргізуші:

Аналардың  елжіреп

Ет  бауыры  барады.

Әрқайсысы  сұқтанып

Өз  қызына  қарады.

Үшеуі:

Қандай  қиын  қараңдаршы

Сүп – сүйкімді  бала  болу

Бәрінен де  оңай  емес.

Білсеңіздер  ана  болу.

 

Жүргізуші:  Әр  бала  үшін  өз  анасы  алтындай  көрінеді.  Ендеше  аналарымыздың  құрметіне  әнді  қабыл  алыңыздар

Ән: «Менің  анам  алтын»


Жүргізуші:  Ал  енді  Стас,  Айбын,  Олжасты  аналарын  құттықтау  үшін  ортаға  шақырамыз.

 

Жанымызды  жайнатқан

Сіздерсіз   ғой  аналар

Зор  денсаулық,  мол  бақыт

Тілейміз  ғой  балалар

 

Сырымды  ұғатын

Өзіңсің  ана  қуатым

Күнімсің  шығатын

Айымсың  туатын

 

Айналайын  дегені

Жанға  жылу  береді

Қуанатын  балаша

Анам  менің  тамаша

 

Ойын:  «Отырудан  жалықтық»

 

Балалар  аналарына  өз  қолдарымен  жасаған  сыйлықтарын  тапсырады. 

Ұлдар  қыздарға  сыйлық  береді.

Директор  құттықтау  сөз  сөйлейді

Ата – ана  құттықтау  сөз  сөйлейді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әлпештеген анашым, ақ сүт берген анашым!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:  Әлпештеген анашым! Балалардың  анаға  деген  құрмет,  ілтипатын  әрі  қарай  дамыту,  сөздік  қорларын  молайту,  кеңейту.  Жақсылыққа  жаны  құмар,  таза,  инабатты,  сыпайы  болып  өсуін  жетілдіру.  Адамгершілікке  тәрбиелеу. Балалар  өз  өнерлерін  көрсетіп,  ән  айтып, би  билейді.  Бұл арқылы  баланың  шығармашылық  қабілеттері  көрінеді.  Балалар  мереке  соңында  аналары  мен  әжелеріне  сыйлықтарын  сыйлайды.  Топтағы  ұл  балалар  қыз  балаларға  сыйлық  сыйлайды. 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2014 5070
    • DOCX 17.7 кбайт
    • 34 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акедилова Маржан Куанышевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акедилова Маржан Куанышевна
    Акедилова Маржан Куанышевна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 266092
    • Всего материалов: 39

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Народные щипковые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Музыкотерапия для детей дошкольного и младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере дополнительного образования

Педагог музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 89 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе