Инфоурок Информатика КонспектыРазработка урока Диаграммы (Excel)

Разработка урока Диаграммы (Excel)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: MS Excel-дің сызбалық мүмкіндіктері. Диаграммаларды даярлау, диаграмма типін өзгерту.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Excel электрондық кестесінде мәліметтермен жұмыс істеуге, оларды өңдеуге, сараптама жасауға үйрету. Диаграмма түсінігін қалыптастырып, жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру.

    ә) Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпты меңгеру барысындағы логикалық, ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту.

    б) Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру,

Сабақ үлгісі: Біліктілік пен дағдыларды  қалыптастыру сабағы

Сабақ түрі: Зертханалық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, флипчарт

Сабақ барысы:

1. Сабақты ұйымдастыру:

-  студенттермен сәлемдесу;

-  сабаққа келгендерін және аудиторияның әзірлігін тексеру.

2. Тест әдісін қолдану арқылы студенттердің өткен сабақ бойынша білімін тексеру.
3. Тәжірибелік сабақтың тақырыбын хабарлау және мақсат қою.

4. Тірек білімін өзектендіру.

5. Болашақ мамандарға  арналған осы  практикалық сабақтың  қажеттілігін ашып көрсететін оқу қызметінің негіздемесі.

6. Тәжірибелік сабаққа  берілген тапсырманың  орындалуы бойынша нұсқау.

7. Студенттердің  өз беттерімен  жұмыс істеулерін ұйымдастыру және тапсырманың орындалу барысын  бақылау.

8. Тәжірибелік сабақтың  қорытындысын шығару және  студенттер қызметін бағалау.                

9. Үйге берілетін тапсырманы  хабарлау.

 

І. Сабақты ұйымдастыру.

ІІ. Excel электрондық кестесі бойынша шағын көлемді тест тапсырмасын орындау.

ІІІ. Microsoft Excel-дің сызбалық мүмкіндіктері. Диаграммаларды даярлау, типін өзгерту.

Excel электрондық кестесінде мәліметтермен жұмыс істеуді, оларды өңдеуді, сараптама жасауды үйрену. Диаграмма түсінігін қалыптастыру, жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру.

 

IV. Оқушы білуі керек:

-          Microsoft Excel диаграммаларын

-          Диаграмма типін;

-          Функция сызбаларын.

Оқушы істей білуі керек:

-          Microsoft Excel электрондық кестесінде диаграммаларды тұрғызуды;

-          Диаграмма аймағының мөлшерін өзгерту;

-          Функция сызбаларын тұрғызу;

 

V. Excel көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекі етіп көрсете алады. Ол кестедегі мәліметтерді пайдаланып әртүрлі диаграммалар тұрғызып, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент өткізуді, математикалық есептердің графикалық шешімдерін қамтамасыз ете алады.

Excel бағдарламасының ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын ақпараттарды толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыру болып саналады.

Диаграммалар – мәліметтерді графиктік түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Медицина саласында  диаграммалар жүрек ауруларын анықтау кезінде т.б. жағдайларда көптеп қолданылады. Ал Excel электрондық кестесін пайдалану арқылы құрылатын диаграммаларды аурулардың көрсеткіштерін талдау барысында бір-бірімен салыстыру үшін, сауықтыру шараларының қалай жүріп жатқандықтары туралы талдау жасау кезінде көптеп қолданылады.

 

VІ. Excel электрондық кестесінде мәліметтерді көрнекі түрде ұсынуда диаграммалар қолданылады. Электрондық кестеде диаграммалардың бірнеше түрлері көрсетілген: гистограмма, график, дөңгелекті, сызықтық, нүктелік, биржалық, сақиналық, көпіршікті т.б.

Гистограммада берілген мәліметтер бағандар бойынша көрсетіледі, графиктік диаграммада сызықтармен біріктірілген нүктелермен көрсетіледі. Диаграмманың гистграмма түрі шамаларды бір-бірімен салыстыру кезінде өте қолайлы. Бұлардан басқа дөңгелектік диаграмма да шамаларды салыстыру барысында көптеп қолданылады. Графиктік диаграммадағы сызық немесе гистограммадағы бір түсті баған кестедегі бірнеше көршілес ұяшықтардың мәнін қабылдайтын мәліметтер қатарын көрсетеді.

Егер кесте бір немесе бірнеше қатарлардан тұратын мәліметтерден, мәліметтер жазбасынан және қатарлар атауынан құрылған болса диаграмманы жеңіл құруға болады. Мысалы автомобиль нарығындағы ірі кәсіпорындардың шығарған өнімдерін салыстыру диаграммасын құру.

Диаграмманы құру үшін алдымен мәліметтер орналасқан ұяшықтарды белгілеп алып, Орналастыру (Вставка) қазынасындағы Диаграммалар (Диаграммы) тізімінен Гистограмма типін таңдап аламыз. Нәтижесінде кітап парағында диаграмма құрылады.

Жұмыс кітабы парағында орналасқан диаграмманы парақ бетімен жылжытуға, көлемін үлкейтіп-кішірейтуге болады. Көлемін үлкейтіп-кішірейту үшін диаграмма аймағында тінтуірдің сол батырмасын басу арқылы белгілеп (шекараларында маркерлер пайда болады), тінтуір меңзерін маркерлерге алып барып керекті бағытқа жылжыту жеткілікті, ал орнын ауыстыру үшін тінтуір меңзерін диаграмма шекарасының ортасына алып келіп батырмасын басулы күйінде ұстап жылжыту керек.

 

Диаграмма типі мәліметтердің көрсетілу түрін анықтайды, сонымен қатар олардың өңделу әдісін көрсетеді. Қарапайым диаграммада мәліметтер ешқандай өңделусіз көрсетіледі.

Қолданушы диаграмманың баптау мәзірін пайдалану арқылы оның түрін өзгерте алады. Баптау кезінде диаграмманың тақырыбын, ось жазбаларын енгізуге, диаграмма элементтерінің (диаграмма бағандарының, график сызықтарының) түсін, стилдерін, фон түсін, тор сызықтарының түсін өзгертуге мүмкіндік алынады.

Диаграмманы баптауды жүзеге асыру үшін оны белгілеп алып пайда болған Диаграммамен жұмыс (Работа с диаграммами) қазынасынан Макет парағын ашу керек.

1.      Диаграмма тақырыбын енгізу үшін Диаграммамен жұмыс-Макет-Жазбалар тізімінің ішіндегі Диаграмма тақырыбы мәзірінен оының орналасу түрін таңдаймыз: Ортасынан көлегейлеу арқылы орналастыру (По центру с перекрытием) немесе Диаграмма үстіне (Над диаграммой). Бірінші әдіс қолданылған кезде тақырып диаграмманың үстіне еш өзгерусіз орналасады, ал екінші жағдайда тақырып диаграмманы көлегейлемеу үшін автоматты түрде диаграмма облысы кішірейтіліп, диаграмма үстіне тақырып орналастырылады.

2.      Осьтер атауын енгізу үшін Диаграммамен жұмыс-Макет-Жазбалар тізімінің ішіндегі Ось атауы-Негізгі тік ось атауы мәзірін ашып мәтіннің орналасу әдісін таңдау қажет. Нәтижесінде ось қасында бағытталған тақырып өрісі пайда болады. Өріске мәтін енгізу үшін өрісті тінтуірдің көмегімен белгілеп, оны сол жақ батырмасымен бір рет басу қажет, сол кезде өріс ішінде меңзер пайда болады да жазуға мүмкіндік туады. Диаграммамен жұмыс-Макет-Жазбалар тізімінің ішінде тік осьтен басқа көлденең ось атауын да енгізуге болады, ол үшін, Ось атауы-Негізгі көлденең ось әмірін орындап тиісінше мәліметтерді енгіземіз.

3.      Түсініктеме (Легенда) диаграммада көрсетілетін мәліметтерді сұрыптауға мүмкіндік береді. үнсіз келісім бойынша түсініктеме диаграмма облысының оң жағында орналасады. Түсініктемені өзгерту үшін немесе оны көрсетпеу үшін Диаграммамен жұмыс-Макет-Жазбалар тізімінің ішіндегі Түсініктеме (Легенда) мәзірін таңдап диаграмма облысына қатысты керекті орналасу тәртібін белгілеу қажет.

4.      Мәліметтер жазбасы диаграммадағы әр бағанның, бөліктердің мәліметін сандық көрсеткіш түрінде ұсынуға мүмкіндік береді. Егер мәліметтер жазбасы болмаса диаграмма көрсеткіштерін салыстыру кезінде осьтерді бірнеше бөлікке бөліп, оны ось бойынша салыстырып көру қиындық туғызар еді. Сандық көрсеткіштерді көрсету үшін Диаграммамен жұмыс-Макет-Жазбалар тізімінің ішіндегі Мәліметтер жазбасы мәзірінен қажетті орналасу параметрін таңдап басу жеткілікті.

5.      Мәліметтер кестесі диаграммада көрсетілген мәліметтерге түсініктеме беру кезінде қолайлы көрінс жасайды. Диаграмма төменінде мәліметтер кестесі орналасу үшін Диаграммамен жұмыс-Макет-Жазбалар тізімінің ішіндегі Мілметтер кестесі мәзірін ашып, керекті түрін таңдау қажет.

6.      Диаграмма осьтерін кескіндеу арқылы олардың мәліметтерінің сандық шкаламен байланысын айқындауға болады. Осьтер сызықтарын енгізу үшін Диаграммамен жұмыс-Макет-Осьтер тізімінің ішіндегі Осьтер мәзірін ашып Негізгі тік ось немесе негізгі көлденең ось жанама мәзіріндегі параметрлерді белгілеу жеткілікті.

7.      Тор мәзірі диаграмма облысында тігінен және көлденең тор сызықтарын көрсетуге мүмкіндік береді. тор сызықтарын көрсету үшін  Диаграммамен жұмыс-Макет-Осьтер тізімінің ішіндегі Тор (Сетка) мәзірін ашып көлденең және тігінен қолданылатын торларды белгілеп оның параметрлерін көрсету жеткілікті.

Диаграммалармен жұмыс істеу кезінде олардың типін, стилін, орналасу тәртібін өзгертуге болады. Бұл іс-әрекеттер Диаграммамен жұмыс істеу қазынасындағы Конструктор парағында көрсетілген.

Диаграмма типін өзгерту үшін Диаграммамен жұмыс-Конструктор-Тип тізімінің ішіндегі Диаграмма типін өзгерту батырмасын басып шыққан сұқбат терезедегі пайда болған диаграмма типтерінің бірін таңдап жарайды батырмасын басамыз.

Диаграмма стилін өзгерту үшін Диаграммамен жұмыс-Конструктор-Диаграмма стилдері тізімінің ішіндегі диаграмманың қажетті түстік құрылымдарын (түрлі түсті, күлгін, монохромды) және мәліметтер қатарының көрсетілу әдістерін (жазық, көлеңкелі, көлемді) таңдау қажет.

Үнсіз келісім бойынша диаграмма мәліметтер орналасқан кітап парағында орналасады. Диаграмманың орналасу тәртібін өзгерту үшін Диаграммамен жұмыс-Конструктор-Орналасуы тізімінің ішіндегі Диаграмманы орналастыру (Переместить диаграмму) батырмасын басып, шыққан Диаграмманы орналастыру сұқбат терезесінен Бөлек парақта (На отдельном листе) ауыстырып қосқышын таңдап Жарайды батырмасын басу қажет.

 

VII. Тәжірибелік жұмыс.

Тәжірибелік жұмыстар үлестірмелі карточкалардан тұрады. Бұл карточкалар 3 деңгейде құрылған. І деңгейлі тапсырма жеңіл тапсырмалар, ІІ деңгейлі тапсырма орташа және ІІІ деңгейлі тапсырма күрделі тапсырмалар болып бөлінген. Тапсырмаларды әр топ оқушылары өздіктерінен орындау кезінде «Сергіту сәті» жүргізіледі.

«Сергіту сәтінің» жүргізілу барысы: Топ ішінен бір-бір оқушыдан тақтаға 3 оқушы шығарылады да, сайыстық ойындар арқылы білімдері тексеріледі. Әр оқушы өз тобына белгілі бір ұпай жинай алады. Ойын соңында жиналған ұпай сандары жинақталып, қорытындыланады. «Сергіту сәті» IV кезеңнен тұрады.

І кезең: «Миллион кімге бұйырады» ойыны негізінде білімдерін тексеру.

ІІ кезең: «Көкпар» сайысы. Бұл сайыс кезінде ұпай астында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайлар жинақталады.

ІІІ кезең: «Бұ не?» сайысы. Жасырылған суреттің қызметін ашып көрсету керек.

IV кезең: «Эрудит сұрақтар». Өткен тақырыптар бойынша 1 минут ішінде сұрақтарға жауап беру.

 

1 үлестірмелі карточка.

1.      Төмендегі математикалық теңдеуді есептеп, оған график тұрғызыңыздар.

y=3x2, мұндағы х-[-5:5] аралығында

 

2.      Топтың білім сапасын есептеп шығарып, оны диаграмма түрінде көрсетіңіздер.

Тобы

Барлығы

«3»

«4»

«5»

Білім сапасы

1

1 топ

132

41

76

15

 

2

2 топ

120

52

64

4

 

3

3 топ

126

43

65

18

 

4

4 топ

143

44

72

27

 

Ескерту: Білім сапасы «4» және «5» пен оқитын оқушылардың қосындысын 100-ге көбейтіп шыққан нәтижені оқушы санына бөлу арқылы анықталады.

 

3.      Облысымызда «Жол картасын» іске асыру мақсатында 4977000000 теңге бөлінді. Қаражаттың 41938000000 теңгесі құрылыс-жөндеу жұмыстары саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға, кадрларды даярлау мен қайта даярлауға 443700000 теңге, әлеуметтік жұмыс орнын құруға 211500000 теңге қаралды. Сондай-ақ «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына бөлінген 128000000 қаржы негізінде оқу орындарының 1422 түлегін жұмысқа орналастыру жүзеге асырылуда.

 

Тапсырма: «Жол картасы» бойынша бөлінген қаражаттар бойынша дөңгелек типті диаграмма құрып, үлестерін пайыз бойынша көрсетіңіздер және диаграмма атын «Жол картасы» деп атаңыздар.

 

2 үлестірмелі карточка.

1.      Төмендегі математикалық теңдеуді есептеп, оған график тұрғызыңыздар.

y=2x3, мұндағы х-[-8:8] аралығында

 

2.      Қазақстан республикасында әр түрлі жылдар бойынша санақ барысында төмендегі кестедегі көрсеткіштер алынды.

 

 

 

1926

1970

2000

2009

Қазақтар

57%

34%

50%

64%

Орыстар

31%

45%

38%

21%

Украиндар

6%

10%

7%

5%

Басқа ұлттар

6%

11%

5%

10%

Тапсырма: а) Жоғарыдағы кестеде келтірілген мәліметтерді «Қазақстан халықтарының үлестік көрсеткіші» тақырыбымен Гистограммалық диаграмма типінде бөлек парақта тұрғызыңыз. Көрсеткіштері міндетті түрде диаграммада көрсетілуі керек.

б) 2009 жылғы мәліметке бөлек дөңгелек диаграмма құрып үлестік көрсеткіштерін көрсетіңіздер.

 

3.      Статистика басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде қала тұрғындарының саны 245240 адамды құрайды. Демографиялық жағдай жақсарып келеді. Өткен жылы дүниеге келген сәбилердің саны 1000 адамға шаққанда 14,2 пайызды құраса, ағымдағы жылы 14,5 пайызды құрап отыр.

Тапсырма: «БҚО бойынша демографиялық жағдай» тақырыбында 2008 жыл және 2009 жылдың пайыздық көрсеткішін салыстыратын гистограмма түрінде диаграмма құрыңыздар.

 

3 үлестірмелі карточка

 

1.      Төмендегі математикалық теңдеуді есептеп, оған график тұрғызыңыздар.

y=3х-4, мұндағы х-[-10:10] аралығында

 

2.      Емхана қызметкерлерінің жас мөлшерлері төмендегі кесте түрінде берілген. Емхана қызметкерлерінің жас мөлшерлері қандай пайыздық көрсеткіш көрсететінін анықтау керек және үлестік көрсеткіштерін гистограмма түрінде тұрғызу қажет.

Жас мөлшері

Олардың саны (х)

Пайыздық көрсеткіш

18-20

14

 

20-30

60

 

30-40

150

 

40-50

170

 

50-60

160

 

60-тан үлкен

10

 

Барлығы:

564 (S)

 

Ескерту: Жас мөлшерлері көрсеткішін анықтау формуласы әрбір жас мөлшеріндегі санды 100-ге көбейтіп оны барлық қызметкерлер санына бөлу арқылы анықталады.

 

3.      Бүкіләлемдік статистика бойынша мамандар төмендегі наркотикалық препараттарды пайдаланғаннан кейін нашақор болу көрсеткіштерін келтірген.

1.      Марихуанадан – 58,5 %.

2.      токсикологиялыќ заттардан-9,3 %.

3.      кокаиннен-5,5 %.

4.      психостимуляторлардан-4,3 %.

5.      опиумнан-3,8 %.

6.      барбитураттардан-2,5 %.

7.      галлюцогеннен-1,6 %.

Тапсырма: Жоғарыда келтірілген мәліметтерді дөңгелекті диаграмма ретінде үлестік көрсеткіштерін анықтау арқылы көрсетіңіздер.

 

 

VIII. Тәжірибелік сабақтың  қорытындысын шығару және  студенттер қызметін бағалау.

 

ІХ. Үйге тапсырма: Microsoft Excel-дің сызбалық мүмкіндіктері. Диаграммаларды даярлау, типін өзгерту.

Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы туралы, денсаулық саласы, СПИД, нашақорлық туралы мәліметтер жинақтап, диаграммалар құру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока Диаграммы (Excel)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Microsoft Excel-дің сызбалық мүмкіндіктері. Диаграммаларды даярлау, типін өзгерту.

Excel электрондық кестесінде мәліметтермен жұмыс істеуді, оларды өңдеуді, сараптама жасауды үйрену. Диаграмма түсінігін қалыптастыру, жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру.

                                                                                                                                                            

                                                                                                                     

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 101 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2014 1373
    • DOCX 152 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гупранов Канат Сагындыкович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гупранов Канат Сагындыкович
    Гупранов Канат Сагындыкович
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 32547
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 718 человек

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе