Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Ұрпаққа үлгі болған ерлік тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Ұрпаққа үлгі болған ерлік тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұрпаққа үлгі болған ерлік»
Мақсаты:
Білімділігі: Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,елжандылыққа,отансүйгіштікке,ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд,интерактивтік тақта

Тұрсынбек:

Соғыс - жан алып , жан беру.

Соғыс - халықтың басына келген қасірет, жұт.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына байланысты

«Ұрпаққа үлгі болған ерлік» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Сандуғаш:

Ауғанстан ... Біз ол туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл - ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті.Бірақ бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің арқа сүйер бауырын жұлып әкетерін кім білген?!

Тұрсынбек:

Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.

1-оқушы - Шарафат

Не болды екен, көңілім тыншымайды,

Кім болды екен басатын гүл шырайды.

Енді ғана нұрланған бұл өмірдің

Ақ жолынан алыста жүрші, қайғы.?!

Үзілді гүл бүршік атқан жаңадан,

Қиылды өмір, енді ғана жаңарған.

Наз көңілдер су сепкендей басылды,

Төгілді жас жабырқаулы жанардан.

Соғып өтті тіршіліктің ызғары

Болғаны ғой ... осы өмірді бұзғаны.

Суық лебі жүрекке кеп орнады,

Бірақ бұл сәт уақытынан озбады.

Әлемге ортақ аспан да, жұлдыз, Ай да, Күн...

Қуаныш та көп, қайғымыз да көп айтатын.

Бәрі де ортақ, тек шекаралар арада

Әттең, тек содан көңілім менің қайтатын.

Талассын таңы, күнменен бірге шағылсын,

Бейбітшіліктің жұлдызы көктен жағылсын.

Жұдырықтай боп жұмылған жұмыр жерімнің

Басынан тайсын бар жамандығы арылсын.

Әлемнің жаны, бір болса екен, тілегі,

Тек бейбітшілік деп соқса екен жүрегі.

Қиыншылықта біріне-бірі сүйеніш,

Болса екен деймін қолдаушы әрі тірегі.

Қазақстаным, көгерсін, гүл боп жайнасын,

Ел-жұртың күнін бейбітшіліктің тойласын.

2030, одан да әрі мәңгілік

Басыңнан бағың, қасыңнан құтың таймасын.



2-оқушы - Ақарыс

Ұмытпайды артта қалған ұрпағың

Еске алады жыл сайын

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгінде мақтан етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне жеткендерді.

Тыныштық боп мәңгі осылай тұрса күн,

Жас бүлдіршін жаға берер жыр шамын.

Сүйем сені, қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін..



Тұрсынбек:

1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті.

Сандуғаш:

Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан астам қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден - медальдармен марапатталды.

3-оқушы – Бағнұр

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

Ассалаумағалейкум, ардагерлер!

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан

Сұрапыл майдан бопты қасіретті.

4-оқушы - Алтынай

Кілең жас жанары от жалындаған,

Айналды майдангерге қанды балақ.

Күні жоқ «Калашқа» оқ салынбаған.

Атырған бір ұйқысыз таңды қарап.

Дұшпанмен бетпе-бет кеп шайқастарда,

Жасқанып, шегінбеген, тайсалмаған.

Отан үшін бас тігіп, айқасқанда

Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң.

Тастаған енді ер жетер шақта қырып,

Кектерін олар үшін заман алар.

Кебенек киген ұлын аттандырып,

Қабірін құшып қалған аналар бар.

Қарғыс атқыр , бағасыз арық қойдан.

Сұм соғыс ғазиз жанды опырады.

Ауғанда неше боздақ қалып қойған

Бұйырмай туған жердің топырағы.

Тұрсынбек:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік.

Сандуғаш:

1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.

Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 26 адам хабар – ошарсыз кетті.

5 – оқушы Бағдат

Қырылған адам қаны қара бөктер,

Медбике зыр жүгіред жара таңып.

Тірі адам алып келген самолеттер

Қайтарда алып ұшқан қара табыт.

Жығылып, қайта тұрып, құлап, төзген,

Батырлар қалған сонда бар ма жасып.

Теңеу жоқ бұл соғысқа бір-ақ сөзбен –

Арыққа қан сыймағын, арна тасып.

Ер басына күн туған сол заманда

Ерлік пенен қорқақтық сынға түсіп.

Соғыстыңдар жан досың боздағанда

Сезімді жігер деген қымтай қысып.

Болмасын еш уақытта соғыс деген,

Артпасын адамзаттың бейіттері.

Ұмытылмас қара жерді қоныс көрген

Сірә, соңғы соғыстың шейіттері.

Айтатын әкем әркез маған жайын:

Тағдырын білем ауған даласының.

Мақтанды демеңіздер, уа, ағайын,

Ауғанның батырының баласымын.

6- оқушы – Аяулым

Бірге өскен, бірге оқыған бала жастан,

Жолдасым ең, адал жан, араласқан.

Қыршын дос, бұл өмірден кеттің ерте,

Жан едің болашаққа қадам басқан.

Өтеуге азаматтық борышыңды

Аттандың, мақұл көрдік сол ісіңді.

Қорғауға ауғанға елді кете бардың.

Беруге қан майданға қол ұшыңды.

Жан едің ел-жұртыңа болар нұсқа,

Бұл тағдыр өміріңді қылды-ау қысқа.

Жұлдыз боп ағып түстің көрген түстей,

Егіліп, еске аламыз осы тұста.

Келместің кеттің мініп кемесіне,

Алады жолдастарың сені есіне.

Қанша жыл өтсе-дағы кеткеніңе

Есімің ұмытылмас ел есінде.

Тұрсынбек:

1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО басшысы Брежнев КОКП орталық комитетінің саяси бюро мүшелері Андропов, Громыко, Суслов және Устиновтың келісімімен Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды.Бұл шешімнің салдары 9 жыл, 1 ай, 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды.

Сандуғаш:

Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер ауғандағы майдан даласынан бір-ақ шықты. Қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншама жас мүгедек болып оралды.

7- оқушы - Нулифар

Қаймықпастан қарсы тұрған өлімге,

Асқақ рухы қалықтайды көгімде.

Елді сүйген ерлігімен ерекше,

Өнегелі із қалдырдың өмірге.

Таусылғанмен фәнидегі тынысың,

Тарихқа тұлға болған ірісің.

Таптатпаған тобырларға намысын,

Өлген жоқсың, халқың барда тірісің.

Жүрегіңде тұнып тұрған қасиет,

Ерлік ісің ұрпағыңа өсиет.

Өзіңдей қаһарманға қайыспас

Бүгінгі жас алғыс айтып, бас иед.

8- оқушы- Альбина

Дауыл соқты жүрегімді тоңдырған

Дауылыңда қайбір жүйрік болдырған.

Тырмысқанмен сұм соғыстың қармағы

Мезгіл ерте, көгерместен, солдырған.

Шейіт болған қаһармандар әруағы,

Кімге бақыт, кімге сорды қондырған.

Қаза болса оқтан ішіп бір құрбан,

Жат жерде көмілмей қалған құлындар.

Қиналғанға ауыр тиді сор қылған,

Естігенде елде жүрген аналар,

Жылауменен етегін жасқа толтырған.

Бүгінгі таң баршаға ашық аспан,

Саласына өнердің қамшы басқан.

Кенелдік ардагерлер арқасында

Бойымыздан тамшы тер тамшымастан.

9-оқушы – Назерке

Аналар уайымдаса, уайымдасын,

Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын.

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін қайың басын.

Аналар тілек айтты, қол жайысты,

Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.

Ерлердің екпінінен дауыл тұрып,

Қалың қол табанында жер қайысты.

Сезілсе ақырғы рет дүние тар,

Ашынып ақырғы оғын құлай атар.

Құлаған қала қайта салынар-ау,

Мәңгі ұйықтап кеткендерді кім оятар?!

Тұрсынбек:

Отанды шексіз сүйіп, ардақтаумен бірге, оны жауларынан жан аямай қорғау – әр перзенттің парызы, міндеті де. Отан –ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты азамат, халық перзенті деуге болмайды.

Сандуғаш:

Отан үшін жанын берген қаһармандардың есімдері Даңқ мемориалдарында, ескерткіштер мен атаулы қабірлер тақталарында мәңгі өшпейтін алтын әріптермен жазылған.Олардың ерен ерліктері еш уақытта ұмытылмайды.

10-оқушы - Мұқағали

Жүрегі де алып,

Өзі де алып, арыстан

Қарулы қолы жау жағасында қарысқан.

Батыр елімнің семсер ұлдары бар әне

Жаралған биік Рух пенен Жігер, Намыстан.

Жүрегі қайсар,

Қайтпайтын мың-сан жаудан да,

Отаны сеніп, бұйрық бергенде қалған ба.

Бақытбек сынды қанжардай өткір ұландар,

Көрсетті ерлік тау-тасы ажал Ауғанда.

11- оқушы - Ұлжан

Мектебің, кешегі өзің өскен ортаң

Атыңмен бүгін сенің аталады.

Қара жер қайтіп енді тебіренбей,

Бұл ақын үнсіз-түнсіз жата алады.

Кешегі құлын-тайдай бірге ойнаған,

Өмірдің қызығына еш тоймаған.

Басына тағзым етіп, гүл қоюға

Достарың міне бүгін келіп жатыр.

Ұмытпай сені мәңгі, жауынгерлер,

Еске алып, ас беруге дайын ауылың.

Ауғандағы соғыс салған жарақат

Шарпып өтті талай қазақ ауылын.

12-оқушы – Самат

Биылғы жыл –Жеңіс күні – көктемім,

Байқаймысың өмірдің де өткенін.

Топырағың торқа болсын, жат аунап,

Өкінішті осы күнге жетпегенің.

Тыныштық боп мәңгі осылай тұрса күн,

Жас бүлдіршін жаға берер жыр шамын.

Мәңгі есінен шығармайды сізді естен,

Ұмытпайды артта қалған ұрпағың.

Тұрсынбек:

Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.

Сандуғаш:

Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер.Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы.

13- оқушы – Кемран

Өшпес ерлігің ел есінде мәңгі сақтаулы,

Отан үшін отқа тостың кеудеңді.

Ерлігіңді, өрлігіңді төрткүл дүние ,ел көрді,

Бірге аттанған бауырларды топырақ жапты, жерленді,

Енді олар жебейді ғой аруағымен тірілерді.

Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,

Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп.

Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп, Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

14-оқушы – Нұрай

Жаса, жаса, бейбітшілік, ырысым,

Не құрыса, қанды соғыс құрысын.

Адам болып дүниеге келдік қой,

Бақыт үшін, өлең үшін, жыр үшін.

Соғыс! Соғыс! Тірі жанды аяп па ең,

Қанатты адам келді ағаш аяқпен.

Сезеді олар соғыс дейтін сұмдықты,

Миллиондаған балдақпенен, таяқпен.

Жүректерді нысана қып оқ атты,

Талай боздақ қыршынынан қиылып,

Талай ару махаббатын жоғалтты.

Махаббатпен жүрегіміз жылысын.

Ән қандырсын құлақтардың құрышын,

Не құрыса, қанды соғыс құрысын,

Жаса, жаса, бейбітшілік, ырысым!

Сандуғаш:

Ендігі кезекте Тұрсынбектің орындауында «Ұрпаққа аманат» арнауын қабыл алыңыздар.

15-оқушы - Тұрсынбек:

Ұрпаққа аманат

Баласы батыр туғаннан

Денесін сумен жуғаннан

Батыр да халық қазақпыз

Кіндігін түйіп буғаннан.

Даламен бірге қайнасып

Көкпенен бірге жайнасып

Көршімен тату, жауына қату

Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін

Жайнаған дархан мекенім

Бар ма екен шіркін жалғанда

Қазахияма жететін.

Осындай елді құраған

Бабадан қалған мұрадан

Жастарға сарқыт ерлігі

Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар

Шайырлар менен ақындар

Күш пенен түйсік, ақылды

Бағындыра алған дарындар

Олардың ерлік тәлімі

Халқына айқын мәлімді

Ұғына алса керекті

Қазіргі ұл - қыз хәліңді

Атойлап шапқан батырлар

Рухын қайрап ақындар

Ұрпағым аман болсын деп

Қыршынбасын деп жатырдан

Ел үші қиып құр жанды

Ұстанған елміз бір заңды

Биікке қойған қазақпыз

Ар - ұятпенен ұжданды

Жауына күшін көрсетіп

Ізіне ерген ел сеніп

Жастарға бүгін аманат

Жасалған істер белсеніп

Бабалар салған сара жол

Өшпейтін мәңгі дара жол

Ұрпаққа бүгін аманат

Қор ғай біл халқым пана бол!

Сандуғаш:

«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

ІҮ. «Ардагермен сұхбат»

- Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?

- Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз? - «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

Тұрсынбек:

Он жылға тарта уақытқа созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40 - армияның Ауған жерінен генерал Борис Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз, құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді. Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан әлі айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге туған жердің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз.

ІІІ. «Жауынгер және жас ұлан» сайысы

. 2 - жүргізуші:

Құрметті қонақтар, келесі кезекте «Жауынгер және жасұлан» сайысын назарларыңызға ұсынамыз. Ортаға ардагер ағаларымыз бен жасұланшыларды шақырамыз.

І бөлім. «Блиц сұрақтар» 3 топқа 2 сұрақтан қойылады.

1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар? 14

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? 1995 жылы 30 тамыз

3. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР - да қандай ордендер беріледі. «Отан» ордені, «Даңқ» ордені (2 дәрежелі), «Айбын» ордені (3 дәрежелі),«Парасат» ордені «Достық» ордені (2 дәрежелі),«Құрмет» ордені,«Барыс» ордені (3 дәрежелі)

4. Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы құрылды? 1992 жылы

5. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні 4 маусым

6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі кім? Иманғали Тасмағамбетов

ІІ бөлім. «Мақалды жалғастыр» ойыны

  1. Жаңбыр жауса, жер ырысы.....

  2. Батырлық білекте емес, ....

  3. Батыр бір өледі,.....

  4. Болат қайнауда шынығады,...

  5. Отан үшін отқа түс, күймейсің,.....

  6. Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер,...

ІІІ бөлім. «Кім жылдам?» - мозайкаларды құрастыру.

IV. Топтық тапсырма

Сандуғаш:

Биылғы жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасының Ата Заңының қабылданғанына 20 жыл, Тәуелсіздігімізге 24 жыл толып отыр. Осындай айтулы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге топтық тапсырма бергім келіп отыр. Жасұланшылардың 1-тобына Ұлы Жеңіс, 2-тобына Тәуелсіздік, Жауынгер ағаларымызға Ауған соғысы тақырыптарында постер жасауларыңызды сұраймыз.

Тұрсынбек:

Ананы баладан, баланы әкеден айырған сұм соғыс енді болмасын, аналар ешқашан жыламасын дей отырып, Нұрайдың орындауында «Ана туралы баллада» әнін ұсынамыз.Сіздер ән тыңдай отырып, өздеріңізге берілген тақырып бойынша постер жасауға кірісе беріңіздер.

Ән «Ана туралы баллада»

Тұрсынбек:

Жұмыстарыңыз дайын болса, ортаға шығып, таныстырылым жасауларыңызды сұраймыз.

V. Кері байланыс

Сандуғаш:

Құрметті ардагер-ағалар, оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңізді бір-бір ауыз сөзбен жеткізулеріңізді сұраймыз.



VI. Формативті бағалау



Мұғалім сөзі

«Жойылсын соғыс» әнімен сабақты аяқтау.

Краткое описание документа:

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Ұрпаққа үлгі болған ерлік»
Мақсаты:
Білімділігі:
Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы”  жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,елжандылыққа,отансүйгіштікке,ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд,интерактивтік тақта

Тұрсынбек:

Соғыс -  жан алып , жан беру.

Соғыс  - халықтың басына келген қасірет, жұт.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26  жыл толуына байланысты

«Ұрпаққа  үлгі болған ерлік» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Сандуғаш:

Ауғанстан ... Біз ол туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл -  ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті.Бірақ бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен  қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің арқа сүйер бауырын жұлып әкетерін кім білген?!

Тұрсынбек:

Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік  бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта  да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.

1-оқушы -  Шарафат

Не болды екен, көңілім тыншымайды,

Кім болды екен басатын гүл шырайды.

Енді ғана нұрланған бұл өмірдің

Ақ жолынан алыста жүрші, қайғы.?!

Үзілді гүл бүршік атқан жаңадан,

Қиылды өмір, енді ғана жаңарған.

Наз көңілдер су сепкендей басылды,

Төгілді жас жабырқаулы жанардан.

Соғып өтті тіршіліктің ызғары

Болғаны ғой ... осы өмірді бұзғаны.

Суық лебі жүрекке кеп орнады,

Бірақ бұл сәт уақытынан озбады.

Әлемге ортақ аспан да, жұлдыз, Ай да, Күн...

Қуаныш та көп, қайғымыз да көп айтатын.

Бәрі де ортақ, тек шекаралар арада

Әттең, тек содан көңілім менің қайтатын.

Талассын таңы, күнменен бірге шағылсын,

Бейбітшіліктің жұлдызы көктен жағылсын.

Жұдырықтай боп жұмылған жұмыр жерімнің

Басынан тайсын бар жамандығы арылсын.

Әлемнің жаны, бір болса екен, тілегі,

Тек бейбітшілік деп соқса екен жүрегі.

Қиыншылықта біріне-бірі сүйеніш,

Болса екен деймін қолдаушы әрі тірегі.

Қазақстаным, көгерсін, гүл боп жайнасын,

Ел-жұртың күнін бейбітшіліктің тойласын.

2030, одан да әрі мәңгілік

Басыңнан бағың, қасыңнан құтың таймасын.

 

2-оқушы  - Ақарыс

Ұмытпайды артта қалған ұрпағың

Еске алады жыл сайын

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгінде мақтан етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне жеткендерді.

Тыныштық боп мәңгі осылай тұрса күн,

Жас бүлдіршін жаға берер жыр шамын.

Сүйем сені, қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін..

 

Тұрсынбек:

     1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті.

Сандуғаш:

     Биылғы   жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26  жыл толып отыр. Ауған соғысының   қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан астам қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда  да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында   жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден - медальдармен марапатталды.

3-оқушы – Бағнұр

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

Ассалаумағалейкум, ардагерлер!

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан

Сұрапыл майдан бопты қасіретті.

 4-оқушы  -  Алтынай

Кілең жас жанары от жалындаған,

Айналды майдангерге қанды балақ.

Күні жоқ «Калашқа» оқ салынбаған.

Атырған бір ұйқысыз таңды қарап.

Дұшпанмен бетпе-бет кеп шайқастарда,

Жасқанып, шегінбеген, тайсалмаған.

Отан үшін бас тігіп, айқасқанда

Оққа ұшты қанша қазақ қайсар балаң.

Тастаған енді ер жетер шақта қырып,

Кектерін олар үшін заман алар.

Кебенек киген ұлын аттандырып,

Қабірін құшып қалған аналар бар.

Қарғыс атқыр , бағасыз арық қойдан.

Сұм соғыс ғазиз жанды опырады.

Ауғанда неше боздақ қалып қойған

Бұйырмай туған жердің топырағы.

Тұрсынбек:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік.

Сандуғаш:

1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.

      Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 26 адам хабар – ошарсыз кетті.

5 – оқушы Бағдат

Қырылған адам қаны қара бөктер,

Медбике зыр жүгіред жара таңып.

Тірі адам алып келген самолеттер

Қайтарда алып ұшқан қара табыт.

Жығылып, қайта тұрып, құлап, төзген,

Батырлар қалған сонда бар ма жасып.

Теңеу жоқ бұл соғысқа бір-ақ сөзбен –

Арыққа қан сыймағын, арна тасып.

Ер басына күн туған сол заманда

Ерлік пенен қорқақтық сынға түсіп.

Соғыстыңдар жан досың боздағанда

Сезімді жігер деген қымтай қысып.

Болмасын еш уақытта соғыс деген,

Артпасын адамзаттың бейіттері.

Ұмытылмас қара жерді қоныс көрген

Сірә, соңғы соғыстың шейіттері.

Айтатын әкем әркез маған жайын:

Тағдырын білем ауған даласының.

Мақтанды демеңіздер, уа, ағайын,

Ауғанның батырының баласымын.

6- оқушы – Аяулым

Бірге өскен, бірге оқыған бала жастан,

Жолдасым ең, адал жан, араласқан.

Қыршын дос, бұл өмірден кеттің ерте,

Жан едің болашаққа қадам басқан.

Өтеуге азаматтық борышыңды

Аттандың, мақұл көрдік сол ісіңді.

Қорғауға ауғанға елді кете бардың.

Беруге қан майданға қол ұшыңды.

Жан едің ел-жұртыңа болар нұсқа,

Бұл тағдыр өміріңді қылды-ау қысқа.

Жұлдыз боп ағып түстің көрген түстей,

Егіліп, еске аламыз осы тұста.

Келместің кеттің мініп кемесіне,

Алады жолдастарың сені есіне.

Қанша жыл өтсе-дағы кеткеніңе

Есімің ұмытылмас ел есінде.

Тұрсынбек:

       1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО басшысы Брежнев КОКП орталық комитетінің саяси бюро мүшелері Андропов, Громыко, Суслов және Устиновтың келісімімен  Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды.Бұл шешімнің салдары 9 жыл, 1 ай, 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды.

Сандуғаш:

Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер ауғандағы майдан даласынан бір-ақ шықты. Қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншама жас мүгедек болып оралды. 

7- оқушы - Нулифар

Қаймықпастан қарсы тұрған өлімге,

Асқақ рухы қалықтайды көгімде.

Елді сүйген ерлігімен ерекше,

Өнегелі із қалдырдың өмірге.

Таусылғанмен фәнидегі тынысың,

Тарихқа тұлға болған ірісің.

Таптатпаған тобырларға намысын,

Өлген жоқсың, халқың барда тірісің.

Жүрегіңде тұнып тұрған қасиет,

Ерлік ісің ұрпағыңа өсиет.

Өзіңдей қаһарманға қайыспас

Бүгінгі жас алғыс айтып, бас иед.

8- оқушы- Альбина

Дауыл соқты жүрегімді тоңдырған

Дауылыңда қайбір жүйрік болдырған.

Тырмысқанмен сұм соғыстың қармағы

Мезгіл ерте, көгерместен, солдырған.

Шейіт болған қаһармандар әруағы,

Кімге бақыт, кімге сорды қондырған.

Қаза болса оқтан ішіп бір құрбан,

Жат жерде көмілмей қалған құлындар.

Қиналғанға ауыр тиді сор қылған,

Естігенде елде жүрген аналар,

Жылауменен етегін жасқа толтырған.

Бүгінгі таң баршаға ашық аспан,

Саласына өнердің қамшы басқан.

Кенелдік ардагерлер арқасында

Бойымыздан тамшы тер  тамшымастан.

9-оқушы – Назерке

Аналар уайымдаса, уайымдасын,

Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын.

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін қайың басын.

Аналар тілек айтты, қол жайысты,

Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.

Ерлердің екпінінен дауыл тұрып,

Қалың қол табанында жер қайысты.

Сезілсе ақырғы рет дүние тар,

Ашынып ақырғы оғын құлай атар.

Құлаған қала қайта салынар-ау,

Мәңгі ұйықтап кеткендерді кім оятар?!

Тұрсынбек:

Отанды шексіз сүйіп, ардақтаумен бірге, оны жауларынан жан аямай қорғау – әр перзенттің парызы, міндеті де. Отан –ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты азамат, халық перзенті деуге болмайды.

Сандуғаш:

Отан үшін жанын берген қаһармандардың есімдері Даңқ мемориалдарында, ескерткіштер мен атаулы қабірлер тақталарында мәңгі өшпейтін алтын әріптермен жазылған.Олардың ерен ерліктері еш уақытта ұмытылмайды.

10-оқушы -  Мұқағали

Жүрегі де алып,

Өзі де алып, арыстан

Қарулы қолы жау жағасында қарысқан.

Батыр елімнің семсер ұлдары бар әне

Жаралған биік Рух пенен Жігер, Намыстан.

Жүрегі қайсар,

Қайтпайтын мың-сан жаудан да,

Отаны сеніп, бұйрық бергенде қалған ба.

Бақытбек сынды қанжардай өткір ұландар,

Көрсетті ерлік тау-тасы ажал Ауғанда.

11- оқушы  - Ұлжан

Мектебің, кешегі өзің өскен ортаң

Атыңмен бүгін сенің аталады.

Қара жер қайтіп енді тебіренбей,

Бұл ақын үнсіз-түнсіз жата алады.

Кешегі құлын-тайдай бірге ойнаған,

Өмірдің қызығына еш тоймаған.

Басына тағзым етіп, гүл қоюға

Достарың міне бүгін келіп жатыр.

Ұмытпай сені мәңгі, жауынгерлер,

Еске алып, ас беруге дайын ауылың.

Ауғандағы соғыс салған жарақат

Шарпып өтті талай  қазақ ауылын.

12-оқушы – Самат

Биылғы жыл –Жеңіс күні – көктемім,

Байқаймысың өмірдің де өткенін.

Топырағың торқа болсын, жат аунап,

Өкінішті осы күнге жетпегенің.

Тыныштық боп мәңгі осылай тұрса күн,

Жас бүлдіршін жаға берер  жыр  шамын.

Мәңгі есінен шығармайды сізді естен,

Ұмытпайды артта қалған ұрпағың.

Тұрсынбек:

Ауған соғысы он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың қанымен жазылған тарих деп біледі кейінгі жас буын өкілдері. Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.

Сандуғаш:

Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта  орын алатын ерекше беттер.Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы.

13- оқушы – Кемран

Өшпес ерлігің ел есінде мәңгі сақтаулы,

Отан үшін отқа тостың кеудеңді.

Ерлігіңді, өрлігіңді төрткүл дүние ,ел көрді,

Бірге аттанған бауырларды топырақ жапты, жерленді,

Енді олар жебейді ғой аруағымен тірілерді.

Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,

Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп.

Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп, Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

14-оқушы – Нұрай

Жаса, жаса, бейбітшілік, ырысым,

Не құрыса, қанды соғыс құрысын.

Адам болып дүниеге келдік қой,

Бақыт үшін, өлең үшін, жыр үшін.

Соғыс! Соғыс! Тірі жанды аяп па ең,

Қанатты адам келді ағаш аяқпен.

Сезеді олар соғыс дейтін сұмдықты,

Миллиондаған балдақпенен, таяқпен.

Жүректерді нысана қып оқ атты,

Талай боздақ қыршынынан қиылып,

Талай ару махаббатын жоғалтты.

Махаббатпен жүрегіміз жылысын.

Ән қандырсын құлақтардың құрышын,

Не құрыса, қанды соғыс құрысын,

 Жаса, жаса, бейбітшілік, ырысым!

Сандуғаш:

Ендігі кезекте Тұрсынбектің орындауында   «Ұрпаққа аманат» арнауын қабыл алыңыздар.

    15-оқушы  - Тұрсынбек:

 Ұрпаққа аманат

Баласы батыр туғаннан

Денесін сумен жуғаннан

Батыр да халық қазақпыз

 Кіндігін түйіп буғаннан.

 Даламен бірге қайнасып

 Көкпенен бірге жайнасып

 Көршімен тату, жауына қату

 Қарасаң егер байқасып

 Тамыры терең кететін

Жайнаған дархан мекенім

Бар ма екен шіркін жалғанда

 Қазахияма жететін.

 Осындай елді құраған

Бабадан қалған мұрадан

 Жастарға сарқыт ерлігі

Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар

Шайырлар менен ақындар

 Күш пенен түйсік, ақылды   

   Бағындыра алған дарындар

 Олардың ерлік тәлімі

Халқына айқын мәлімді

 Ұғына алса керекті

 Қазіргі ұл - қыз хәліңді

Атойлап шапқан батырлар

Рухын қайрап ақындар

Автор
Дата добавления 12.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров3160
Номер материала 383535
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх