Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Қайырымды қоян.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақтың тақырыбы: Қайырымды қоян.

библиотека
материалов

БҚО Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылы

Талап ЖОББ мектеп-балабақшасы

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Айтқалиева Гулнафис Туремуратовна

Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы: «Ш дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға ш дыбысы мен әрпін таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту.
2. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту.
3. Балаларды ізеттілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:  текшелер, кеспе әріптер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-(...)
- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін бізде көптеген қонақтар отыр.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу, бір-біріне жақсы тілектерін айтқызу.
Өткен сабақты қайталау:
- Балалар, дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

- Дұрыс айтасыңдар. Енді біз бүгінгі сабағымызда тағы жаңа бір дыбыспен танысамыз.

Жаңа сабақ:
1.Ш дыбысы мен әрпін таныстыру.

- Балалар кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш біледі?

2. Жұмбақ жасыру.

Зулап түсіп төменге ,

Шыға алмас менсіз бөгенге.(Шана)

Шана сөзіне дыбыстық талдау жасату.

-Шана сөзін айтып көріңдерші ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

( Ш дыбысы)

Ш әрпімен танысу, баспа түрін көрсету.

4. Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің

Тіл ұстарту жаттығуы.

Шы-шы-шы

Әкем менің аңшы.

5. Дәптермен жұмыс.

Суретке назар аударту. Аттарын атап , оларға дыбыстық талдау жасату.

Қайшы, шаңырақ, ағаш.

Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады.

Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастыру. Сөзжұмбақ шешкізу.

6. Дидактикалық ойын "Тез ойла, сөз ойла"

Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан беру.

Жұмбақ жасыру.

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (шырша)

7. Оқу іс-әректін қорыту.

- Шырша сөзі қай дыбыстан басталады?

- Ш дыбысы қандай дыбыс?

- Ш дыбысына тез сөз ойлау.

- Дұрыс айтасыңдар. (сабақта жақсы қатысып, белсенділік танытқан балаларға жұлдызша беріп мадақтау). Сонымен балалар біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз аяқталды.













































Сабақтың тақырыбы: Алтын күз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.

  2. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.

  3. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.

Көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайың.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз неше айдан тұрады?

- Күзді неге «алтын күз» деп атайды?

Ойын: «Табиғат мейірімді».

Ойын шарты: Тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.

- Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).

- Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді).

Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.

- Жемістер мен көкөністерді ата.

Жемістер: алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім, т.б.

Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын, т.б.

Сергіту сәті: (Баяу музыка әуенімен орындалады.)

Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! (Балалар қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек.

Мұғалім балалардан күзгі табиғат көрінісі жөнінде сұрайды. Балалардың жауабы тыңдалады.

Жұмбақ шешу.

Жауып жаңбыр, жерде сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады? (Күзде)

Қорытынды.

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады.
































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қайдан келдің, бауырсақ?

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Өлеңді оқып беріп, балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Диалогты сөйлеуге үйрету.

  2. Бауырсақтың дастарқанға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру, нанды қастерлей білуге үйрету.

  3. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: диқан, наубайхана, дүкен.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Бауырсақ, қуыршақ, егіннің суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог жұмбақ жасырады:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар. (Бидай)

- Бидайдан не жасалады?

- Бидайдан ұн жасайды, ұннан түрлі тағам, нан, бәліш, бауырсақ пісіреді.

Дәптермен жұмыс:

Педагог Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен таныстырады.

- Өлеңде не туралы айтылды?

- Бауырсақ қайда жатты?

- Қуыршақ не деп сұрады?

- Бауырсақ наубайға қайдан келді?

- Диірменге ше?

- Диқан бидайды қалай өсірді?

Балалардың жауабы. (Рөлге бөлініп ойнайды).

Сергіту сәті: Балалар бауырсақтың дастарқанға келу жолын қимыл арқылы көрсетеді.

Жерді жыртамыз, егінді себеміз,

Суарамыз, күтіп баптаймыз.

Бидай үлкен болып өседі,

Комбайнмен орамыз,

Машинамен қамбаға тасимыз,

Диірменде ұн етіп дайындайды.

Ұннан қамыр илеп, бауырсақ пісіреміз.

Дидактикалық ойын: «Не жасырынғанын тап.»

Ойын шарты: балаларға ұннан пісірілген нан түрлерін көрсету.

Балалар көздерін жұмады, бір суретті педагог алып қояды. Балалар қай сурет жоқ екенін табуы керек.

Нан - адамның тіршілік қорегі, дастарқанға үлкен еңбекпен келеді.

«Ас атасы - нан» мақалы елдің нанға деген қастерлі қарым-қатынасын білдіреді.

«Ас атасы - нан» - жоғары дауыспен

орта дауыспен

төмен дауыспен қайталау.

Сюжетті-рөлді ойын: «Дүкенші».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сатушы, екінші топ сатып алушы болады. Ойын осылай жалғасады.

Қорытынды:

- Балалар, сонымен бауырсақ дастарқанға қалай келеді екен?

- Бауырсақ дастарқанға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?

- Бауырсақтың қандай түрлері бар?

- Үйде аналарың қандай бауырсақ пісіреді?

































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Оқу құралдары хикаясы.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балалардың бойында білімге деген қызығушылығын арттыру.

  2. Оқу құралдары туралы түсінік беру.

  3. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: қаламсауыт.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Оқу құралдарының суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жақсы тілек, жылы лебіздерін білдіреді.

Педагог оқу іс-әрекетін жұмбақ жасырудан бастайды.

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың үясы. (Мектеп)


Ұшымен қазық торкөзді жазық

Үстіне өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)


Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін кітап-дәптерлер, қалам-қарындаштар сатып алады.

Дәптермен жұмыс: А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру, әңгімелету.

- Жанатбек биыл қайда барады?

- Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?

- Жанатбек дәптерді қалай былғады?

- Қалам, дәптерлер неге ренжісті?

- Атасы немересін қайда апарды?

- Мұғалім Жанатбекке не берді?

- Жанатбек кітаптарды қайда салды?

- Кітап достарына қандай ақыл айтты?

- Кітаптың айтқаны дұрыс па?

- Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?

«Бірлік бол май, тірлік болмас» - жоғары дауыс

орта дауыс

төмен дауыста айтылады.

Сергіту сәті: Біз мектепке барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Кітапты да оқимыз,

Суретті де саламыз. (Қимылмен көрсету.)

Дидактикалық ойын: «Қай зат артық?»

Ойынның шарты: Үстел үстіне оқу құралдары мен ойыншықтар араластырылып қойылады. Сөмкеге оқу құралдарын жинап, артық заттардың атын атау керек.

Тыныштық сәті: Баяу ойналатын музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. «Көз алдымызға мектепті елестетіп көрейік. Қоңырау үні, сөмке көтерген балалар, парталар, тақталар, кітаптар. Не деген керемет!»

Парта үстінде оқу құралдары жатыр. Көздерін ашады.

Балалар өз ойларын айтады.

Жұмбақтың шешуін тап.

Алты қырлы, алты сырлы. (Қалам)

Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған. (Бор)

Қорытынды:

- Мектепте оқыған сендерге ұнай ма?

- Оқу құралдарын қалай ұстау керек?

- Сабақты жақсы оқитын баланы қалай атайды?

- Оқу құралдарын ата.

































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қайырымды қоян.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

  2. Бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: қайырымды.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Дәптермен жұмыс:

Педагог «Қайырымды қоян» ертегісін оқып таныстырады (67-68 беттерден қарау). Сұрақтар:

- Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақыр деді?

- Бала қонаққа кімдерді шақырды?

- Әкесі баласына не үшін ұрысты?

- Бала жылап отырғанда көмекке не келді?

- Қоян қандай қайырымдылық жасады?

- Біз де қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба?

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің. (Қимылмен көрсетеді.)

Дидактикалық ойын: «Досым - менің мақтанышым».

Ойынның шарты: Балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

- Елжан, сен менің мейірімді досымсың.

- Жайна, сен ақылды қызсың. Осылайша ойын жалғаса береді.

Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс аламыз. Көз алдымызға қайырымды қоянды елестетіп көрейік. Қоян балаға қалай көмектесті? Көздерін ашып, қоянның қандай жақсылың жасағанын айтып береді.

Мақал жаттау: «Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды».

Қорытынды:

- Балалар, Қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.











































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алма.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балаларды бір-бірін сыйлауға, өзара тату болуға, қолындағы барын бөлісіп жеуге, әділдікке баулу.

  2. Жемістерді күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: жабайы.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Алма ағашының суреті, қоянның, қарғаның, кірпінің, аюдың суреті.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне алма беріп, жылы лебіздерін білдіреді.

- Жансая, сен осы алмадай әдемі бол!

- Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол!

Педагог:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі неше айдан тұрады?

- Күз айында қандай жемістер піседі?

- Алма, алмұрт, шие, жүзім.

Дидактикалық ойын: «Дәмін тап».

Ойын шарты: педагог жемістер мен көкөністерді кесіп, алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.

Дәптермен жұмыс: «Алма» ертегісін балаларға оқып, әңгімелеп беру. Педагог:

- Жылдың қай мезгілі еді?

- Жабайы алма қайда қалды?

- Алманы кім көрді?

- Қоян Қарғаға не деді?

- Қарға не істеді?

- Кірпі нені алып кетті?

- Үшеуі қайда барды?

- Аю не деп жауап берді?

- Қандай мақал айтты? Балалар жауап береді.

«Береке басы бірлікте» - жоғары дауыс

орта дауыс

төмен дауыста айтылады.

Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.

- Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық.

Сергіту сәті: Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін алманың

Анамызға сыйлайың! (Қимылмен көрсетеді).

Қорытынды:

Сұрақтарға жауап алу:

- Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің?

- Бірге бөлісіп жеген дұрыс па?

- Алма қайда өседі?

- Достар бір-біріне қандай болу керек?





































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  2. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  3. Отбасылық, туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіндіру.

Сөздік жұмысы: ынтымақ, жарасқан.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңілі суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттың шеңберіне тұрады, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел,балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

Тыныштық сәті: Баяу музыка ойнап тұрады.

- Бір сәтке көздеріңді жұмып, көз алдарыңа туған үйіңді, отбасы мүшелерін елестетіп көріңдерші. Туған үйіміз сондай ыстық. Отбасы мүшелері қандай сүйкімді, көңіл күйіміз өте жақсы! Көздеріңді жаймен ашыңдар.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді.

Дидактикалық ойын: «Менің отбасым».

Ойын шарты: балалар шеңберге тұрады. Допты бір-біріне лақтырып, отбасы туралы жаңсы сөздер айтады.

- Менің отбасым ... (тату).

- Менің отбасым ... (көңілді).

Ойын осылайша жалғаса береді.

Дәптермен жұмыс: «Ынтымағы жарасқан отбасы» суретіне қарап, әңгіме құрау. Балалар жауап береді.

Сергіту сәті: Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді. (Қимылмен көрсетеді).

«Отбасым - бақыт мекені» - жоғары дауыста

орта дауыста

төмен дауыста айтылады.

Қорытынды:

- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отбасына кімдер жатады?

- Сенің отбасыңда неше адам бар?

- Өз отбасың туралы әңгімелеп бер.



Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Айтшы, әжетай.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балаларға өлеңді жаттата отырып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: қаракөл қой, табын, жиен аға, нағашы, жезде.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Жылқышы, тәрбиешінің суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бәрі бірге қосылып айтады:

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Педагог:

- Жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілі неше айдан тұрады?

- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Күз мезгілі несімен ұнайды?

- Бүгін біз Ж. Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен танысамыз.

- Бала әжесінен нені сұрады?

- Әжесі қалай жауап берді?

- Атасы кім екен?

- «Жылқышы» деген сөзді қалай түсінесің?

- Анасы қайда жұмыс істейді?

- «Тәрбиеші» деген қандай мамандық иесі?

- Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз, өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып, көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз, қарлығаштай самғаймыз.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»

Ойынның шарты: Педагог тақтаға мамандық иелерінің суреттерін іледі, балалар суреттерді көреді, көздерін жұмады, көздерін ашқанда қай суреттің жоқ екенін табу керек.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, қолдарын алға созады, алақандарына күннің сәулесі жылуын төгіп, саусақтардан өткен жылу денелеріне, жүректеріне барады. Көздерін ашады. Жылулықты сөздік пе? Балалардың жауабы.

«Мақалды аяқта» ойыны:

Бұл ойында педагог кез келген мақалды бастап береді, ал балалар аяқтайды.

Ата - бәйтерек, ... (бала - жапырақ)


Қорытынды:

Еңбек етсең, жемісін жейсің. Адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет. Әр істе ең бастысы - білімді, еңбексүйгіш болу керек.











































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алтын бала.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: алтын.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ананың суреті, баланың ата мен әжеге көмектескен суреті.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңберге жиналады.

Өзім жақсы баламын,

Ана тілін аламын.

Мейлі қайда жұмсасын,

Бәріне де барамын.

- Аналарың сендерді нан әкелуге жұмсаса, барасыңдар ма?

- Аналарыңа үй жұмыстарына көмектесесіңдер ме?

Дәптермен жұмыс:

Педагог С. Тұрдалиевтың «Алтын бала» әңгімесін балаларға оқып таныстырады.

- Анасы Зәукенді қайда жұмсады?

- Зәукен кімді кездестірді?

- Атайдың қандай затын жөндеп берді?

- Анасы қайда келді?

- Әжей Зәукен туралы не айтты?

- Анасы неге қуанды?

- Баласы анасына нені берді?

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді жалғастыр».

Ойын шарты: Бастаушы берілген суреттерге қарап, сөйлемді бастайды, келесі бала аяқтайды.

- Мен анама ... (көмектесемін).

- Мен ініме ... (қамқор боламын).

Дәптермен жұмыс: Ребусты шеш. Балалар ребусты шешіп, жауабын айтады.

Қорытынды:

- Балалар, күнделікті біз ата-анамыздың тапсырмасын жауапкершілікпен, тиянақты орындап отыруымыз керек. Сонда ғана тәртіпті, алтын бала боламыз.











































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ойыншықтар.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

  2. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.

Сөздік жұмысы: арғымақ, қарғып.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттау.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ойыншық суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттың шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып айтады:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Педагог:

- Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

- Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Дәптермен жұмыс: Қ.Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату.

Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).

Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.

Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.

Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),

Мінем оған қарғып-ақ.

Мына тұрған қояным (қоянның суреті),

Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.

Сөздік жұмысы:

- Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.

- Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.

Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».

Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.

- Менің ойыншығым ... /әдемі/.

- Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/.

- Допты жоғары ... /лақтырдым/.

Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу.

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бұл дірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

(Саусақпен, аяқпен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс:

- Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт.

- Жұмбақтың шешуін тап.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды,

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон).

Қорытынды:

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

- Қандай ойыншық түрлерін білесің?

- Ойыншықты кімдер жасайды?

- Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?


































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ауылда.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.

  2. Ауыл, қала туралы түсінік беру.

  3. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

- Бүгін ауа райы қандай?

- Айналада қандай өзгерістер бар?

- Жылдың қай мезгілі?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Жазғы демалысты қайда өткіздің?

- Ауыл (қала) сендерге несімен ұнайды?

Балалардың жауаптары.

Тыныштық сәті: Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдайды және көз алдына елестетеді. Көздерін жұмады.

- Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдердің иісі аққиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Көзімізді ашайық.

Дәптермен жұмыс: Н. Қадырбаевтың «Ауылда» әңгімесімен таныстыру.

- Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

- Бейбарыс кімнің қасында болды?

- Атасымен бірге не істеді?

- Шолпан кімнің қасында болды?

- Әжесі екеуі не істеді?

- Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

- Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

- Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді?

- Шолпан қайда кетті?

- Бейбарыс ше?

Сергіту сәті: Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап».

Ойын шарты: Қаланың және ауылдың суреттері берілген.

Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.

Қорытынды:

- Балалар сендер де ауылға қонаққа барасыңдар ма?

- Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?














































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Менің Қазақстаным.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.

  2. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

  3. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қазақстан картасы.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан — ана, Отан - үлкен,

Қазақстан - туған ел!

Педагог:

- Отан - біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.

Біздің Отанымыз - Қазақстан.

- Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?

- Рәміздерді атаңдар.

- Қазақстан Республикасының Президенті кім?

- Қазақстан картасын білесің бе?

- Сендер қай қалада тұрасыңдар?

Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.

Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,

Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау,

Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,

Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан...

Педагог балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!

Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.

Сергіту сәті:

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап».

Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі: Астана - Бәйтерек, Алматы - Қазақстан қонақүйі, т.б.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті Отанымыз!

Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың - елі бай».












































Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Көліктер

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.

  2. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру.

  3. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: баған, аспалы, сым жол.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Көлік түрлері, суреттері. Багдаршам, жол белгілері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.

Педагог балаларға көліктің түрі көп екенін айтады.

- Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз. Қандай сезімде болдыңдар?

Дәптермен жұмыс: М. Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.

Бағанға ілінген

Аспалы сым жолы бар,

Көшелерде жүгірген

Троллейбус жолығар.

Сым жолымен зулайды,

Басқа жаққа бұрмайды.

- Троллейбусқа мініп көрдің бе?

- Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?

- Сым жолымен қалай жүреді?

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.





Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Қайырымды қоян.

Сабақтың мақсаты:

1)    Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

2)    Бала мен қоян арасындағы достықты үлгі ете отырып, достыққа адал болу қажеттігін түсіндіру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: қайырымды.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Төмендегі өлеңді балалар бірге айтады:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Дәптермен жұмыс:

Педагог «Қайырымды қоян» ертегісін оқып таныстырады (67-68 беттерден қарау). Сұрақтар:

- Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақыр деді?

- Бала қонаққа кімдерді шақырды?

- Әкесі баласына не үшін ұрысты?

- Бала жылап отырғанда көмекке не келді?

- Қоян қандай қайырымдылық жасады?

- Біз де қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба?

Сергіту сәті:       Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.      (Қимылмен көрсетеді.)

Дидактикалық ойын: «Досым - менің мақтанышым».

Ойынның шарты: Балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

- Елжан, сен менің мейірімді досымсың.

- Жайна, сен ақылды қызсың. Осылайша ойын жалғаса береді.

Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс аламыз. Көз алдымызға қайырымды қоянды елестетіп көрейік. Қоян балаға қалай көмектесті? Көздерін ашып, қоянның қандай жақсылың жасағанын айтып береді.

Мақал жаттау:  «Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды».

Қорытынды:

- Балалар, Қоянның қайырымды екенін білдік. Сендер де достарыңа көмектесіп, қамқорлық жасай біліңдер.

 

Автор
Дата добавления 23.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров913
Номер материала 405308
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх