Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сайыс "Ал,қанеки,қыздар" (6 сынып)

Сайыс "Ал,қанеки,қыздар" (6 сынып)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ал, қанеки, қыздар!» сайысы
Мақсаты: 
1. Қыз балалардың білімін, өнерлерін тамашалап, өз өнердерін көрсетуге тәрбиелеу.
2. Халықтық педагогика негізінде қыз балалар тәрбиесін қалыптастыру.
3. аналар мерекесіне орай, балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне сүйңспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Даналық сөздер, жазылған плакаттар, гүлдер мен шарлар. 
Түрі: «Қыз сыны» сайысы
Барысы: 
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1-жүргізуші: 
Қайырлы кеш, қонақтар! Бүгінгі кеште мектебіміздің 6б,в сыныптар аралығындағы «Ал, қанеки, қыздар!» атты сайысына қош келдіңіздер!
Міне жыл құсындай көктеммен бірге келетін 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз.
2-жүргізуші:
Гүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі – бүкіл мерекесінің бастауы аналар мерекесі құтты болсын! Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: 
Барлық балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін не бір асыл сөз маржандары кездеседі. «Ананың алдында асқар тау да аласа», - дейді халық. Ана бәрінен биік.
2-жүргізуші:
8-наурыз жыл басы – Наурыз айының мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына қатысқалы отырған сүйкімді арулардың жолы ақ болсын, жүлделі ойынға ие болсын деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын, сіздерді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік. 

1 «Сәлем - сөздің анасы» Өзін таныстыру
2 «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнері (Ән немесе би)
3 «Зерделінің ойы озық» Лездік сұрақтарға жауап беру
4 «Он саусағынан өнер тамған». Арулар өздерінің үйден жасап келген жұмыстарын көрсетеді.
5 «Кім жылдам?» 
Өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді
6 Сән үлгісі Түрлі бағыттағы үлгі
7 Қорытынды Марапаттаулар

1-жүргізуші: 
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың көптеген ақындарымыз қыздарымызға «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» деген керемет суреттемелер берген. Біздің халық қыз баланы ародақтап төрге отырғызып, оған қатты сөз айтпай, аққудың көгілдіріндей етіп өсірген. Бұған тікелей ықпал ететін адам ол – Ана. «Ана көрген тон пішер» демекші ана тәрбиесін көрген қыз, инабатты, тәртіпті болған.
2-жүргізуші:
Анашым ортамызда жүрсең күліп,
Болады Алатаудай еңсем биік.
Мен сенің қарызыңды өтермін бе?
Әлемнің жақсылығын бересем жиып. 
1-жүргізуші: 
Той тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне балаларың.
2-жүргізуші:
Енді осы байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана
Көркіне ақылы да сай келетін – 
Келеді аруларым билеп қана. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
1. Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойына ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін,
Бірінші келе жатқан қыз –Аружанды қарсы алайық.
2. Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің Ақерке
Көрінген күштің басынан.
3. Бәріміз жақсы көретін,
Жарыста демеу беретін.
Келесі біздің Альбина қыз,
Шырқап ән салып беретін
4. Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Жүрек жұтқан Аружан қыз
5. Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты.
Келе жатқан Аймира қыз
Жарысты бүгін жалғапты.
6. Қуантады білімімен бізді Гүлден қыз,
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.
7. Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әркез күлімдей.
Арманыңа аңсаған Динара 
Ақниетпен жет, сүрінбей!
8. Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманыңа қолың созар.
Арманың орындалсын, Мөлдір сенің,
Бұйырса бақыт құсы саған қонар.
9) Атыңнан айналайын Дана деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
10. Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Әлия алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
1-жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
2-жүргізуші: 
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, үйрен де жирен деген
Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.
1-жүргізуші:
Сұлу қыз келіп жетті алдыңызға,
Бойындағы бар дарынды танытуға.
Дараланып сахынаға келді бүгін,
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе, сайысымыздың алғашқы шарты
«Таныстыруды» бастаймыз.
2-жүргізуші: 
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса бойында.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
1-жүргізуші:
Даусың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан.
Өнеріңді қане бүгін көрсетші, 
Мына жұртқа қошеметпен қол соққан – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз. 
2-жүргізуші: 
Арулар, бұл жол басы даналықта,
Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па!
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңіз іздеп тауып алалық та.
1-жүргізуші:
Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқан, - дей келе сұрақ-жауап бөліміне шақырамыз.
1.Қамырды ашытып көтеретін не?(ашытқы, сода)
2.Борщ дайындауға оның құрамында міндетті түрде не болу керек?(қызылша, қырыққабат)
3.Қымыз неден жасалады?(биенің ашыған сүті)
4.Десерт қай елдің сөзінен шыққан? (Француз)
5.Шайдың отаны? (Қытай)
6.Қандай маймен тігін машинасы майланады? (машина майымен)
7. Тігін тікенде саусаққа не киеді? (оймақ)
8. Тігін машина жібінің қай номерлісі өтімді?(40жіп )
9. Жүннен жасалған бұйым (Киіз)
10. Сәндік бұйым жасайтын адам? (Зергер)
11. Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурыз көже)
12. Түйенің сүті? (Шұбат)
13. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)
14. Қазақ қыздарының бас киімі (Сәукеле)
15. Төлегеннің серігі? (Жібек)
16. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
17. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
18. Қандай талшықты мата жылуды жақсы сақтайды? (жүн талшықтары)
19. Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адам (Ана)
20. Тон бізді жылыта ма ?(Жоқ жылуды сақтайды)
21. Капрон синтетикалық па, әлде жасанды ма?(синтетикалық)
22. Жабағы деген не ?(малдың көктемде қырқып алынатын жүні)
23. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
24. Апа сіңлінің балалары (бөле)
25.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
26. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
27. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
28.Киімді тігу үшін өлшемді адамның қай жағынан алады? (он жағынан)
29.Қай елде ең алғаш рет мода шықты?(Италия)
30.Юбканың ілгегі қай жағынан орналасады?(сол жағынан)
31.«Барлық мода модадан шығады, ал стиль мәңгі қалады, деген сөзді кім айтқан? Коко Шанель.
32.Тік юбканың қай жағының ені үлкен? (Алдынғы жағының)
33. Қозы Көрпештің серігі? (Баян Сұлу)
34.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
35. Еңліктің серігі? (Кебек)
36. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке)
37. Шұлық қанша инемен тоқылады? (Бес инемен)
38. «Бусра» деген сөздің аудармасы? (Бисер)
39. Экибананың отаны? (Жапония)
40. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
1-жүргізуші: 
Шеберлермен өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан.
2-жүргізуші:
Енді кезек Арулар өздерінің үйден жасап келген жұмыстарын көрсетеді.
1-жүргізуші: Келесі сайысымыз «Кім жылдам?», бұл сайыста аруларымыз өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді
ә) Картоп тазалау. (картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
1-жүргізуші:
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай күнмен таласатын.
Сымбат сәні келісіп ару қызға,
Әрдайым жұрт сүйсіне қарасады.
2-жүргізуші:
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды
ортаға шақырамыз.
Қыздар ортаға шығып өздерінің дайындап келген сән үлгісін көрсетеді.
1-жүргізуші:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта – текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар – қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
2-жүргізуші:
Көрермендер, тағы да сіздерге! Мақал сөздің атасы, сөз мәйегі деп - мен мақалдың бастапқы жартысын оқимын, ал сіздер екінші жартысын табыңыздар.
1. (Қызға - қырық үйден тыю.)
Ұлға отыз үйден тыю.
Жүргізуші II.
2. (Қызым - саған айтам)
Келінім - сен тыңда.
Жүргізуші I.
3. (Қыз ауыр ма), тұз ауыр ма.
Жүргізуші II.
4. ( Қыздың көзі) - қызылда.
Жүргізуші I.
5. Қыз өссе елдің көркі.
( Гүл өссе жердің көркі).
Жүргізуші II.
6. (Қыз жоқ жерде) – қызық жоқ.
Жүргізуші I.
7. (Ұлың үйленсе)- ырысың
Қызың орын тапса - өрісің
Жүргізуші II.
8. (Қыз кетсе - қуаныш)
Тұрақтаса жұбаныш.
Жүргізуші I.
9. (Бір жақсы қыз)- екі жаман ұлға татиды.
2-жүргізуші:
Көркіңнен сенің айналдым еркем,
Қазақтың салтын сақтаған көркем, - деп ақын жырлағандай, бүгінгі ару да, әсем қыздарымызды «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді қазылар алқасына береміз.
1-жүргізуші.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
2-жүргізуші. Сонымен, корытындылай келе, қыздарымызға айтарымыз: кез келген көргеніңе еліктемей қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойына сіңіріп, үлкеннен өнеге, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы,инабатты,білімді қазақ қызына лайық қыздар болыңыздар демекпіз. 

Мұғалім сөзі: 
Талдай бой берсін,
Сұңғыла ой берсін
Жаздай жамал берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болыңдар,
Ағаға қуат болыңдар,
Нәзік жанды болыңдар,
Елінің ары болыңдар,
Басына өнерден бақ қонсын
Ақ орданың шамы болыңдар-деп бүгінгі байқауды аяқтай отырып, құрметті қыздар мақсат жеңу емес,қатысу демекші, сіздерге зор денсаулық, бақыт,оқуда озат болуларыңа тілектеспіз,ата-аналарыңның сүйікті де сүйкімді қыздары болыңдар,болашақта жеңіп алатын биіктерің көп болсын –деп келесі білім жарыстарында кездескенше сау саламат болыңыздар!

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

           Ал,қанеки,қыздар!

       Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың көптеген ақындарымыз қыздарымызға «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» деген керемет суреттемелер берген.

    Біздің халық қыз баланы ародақтап төрге отырғызып, оған қатты сөз айтпай, аққудың көгілдіріндей етіп өсірген. Бұған тікелей ықпал ететін адам ол – Ана. «Ана көрген тон пішер» демекші ана тәрбиесін көрген қыз, инабатты, тәртіпті болған.

Общая информация

Номер материала: 144224

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>