Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Сборник диктантов по казахскому языку для 7 класса
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Сборник диктантов по казахскому языку для 7 класса

библиотека
материалов


«Мәтінмен жұмыс – функционалдық сауаттылыққа оқытуды дамытудың негізгі тәсілі»жоба тақырыбы бойынша өткізілетін сабақтың жоспары


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Диктант «Отпан таудың басында Көкбөрі неге тұр?»

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Шындыққа негізделген мәтін мазмұнын игерте отырып, оқушыларды мұқият тыңдап, сауатты жаза білуге үйрету.

Стратегиялар: түсініп оқу, есте сақтау, анық, түсінікті етіп айту, қатесіз, сауатты жазу, мұқият зейінмен тыңдау, «оқушы-оқушы диалогі», «жұптық бағалау»

КӨРНЕКІЛІГІ: интербелсенді тақта, түрлі түсті бояулар, диктант мәтіні


Әр топ өз ойларын білдіреді…

-Мұғалім сөзі.

Сабыр Адай «Қарапайым қағидалар» қазақ ұлттық мәдениетінің негізінде жасақталынған «Адай Ата-Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығының қысқаша құрылымдық баяннамасы мен тұжырымдамасы. Нұр-Принт-75» баспаханасы 050002, Алматы қаласы, Л.Хамиди көшесі, 4а

САБАҚ БАРЫСЫ:


Мәтін

Отпан таудың басында Көкбөрі неге тұр?»

Көкбөрілер үшін өмірдің басты мәні-ұрпақ және жорық пен әрекет.

Адай –Ата ұрпақтарына да, қарғатамыр қазағыма да керегі-сол Көкбөрілерге тән әрекет.

Ендеше, болашақта қазақ балалары қасқырша жортып, бөріше бірлігін бекемдеп, ұлтының жоғын түгендеп, арын арлайды. Айдаулы қойға қайраулы пышақ қашан да да дайын. Сөзімнің соңында «Адай-Ата кесенесінің қасына Көкбөрі неге керек болды екен?» - дейтіндерге беретін жауабым: «...Көк бөрінің жалпы түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қасиетті тотемге айналуы, ал біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының негізінен көгілдір аспан түстес болуы тіпті де кездейсоқтық нәрсе емес» - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қорыта айтсақ, Адай-Атаның әруағына дұға бағыштап бара қалсаңыздар, Көкбөрінің өмір сүру қағидаларын ұрпақтарыңызға үлгі етіңіздер!




Диктантты жаздыру тәсілі:


Оқушылыр өздері орындайды.

Тақтаға әр топтан бір оқушыны шығарып, диктант мәтінінен бір сөйлемді оқып , қалғандарына жазғызады да, өзі барып, жазып алады. Келесі оқушы ары қарай диктантты осылай жалғастырады . Сосын бір-бірін тексереді.

Бағалау: қызыл, жасыл, көк, сары.

Өлеңді жаттату.

Ойы терең, сөзі кесек, нар тұлға

Сөйлер жерде, Көкбөрі, еш тартылмас.

Жасын оттай жарқылдап тұр ү

Сайын далаң,қазағың тұр, артыңда.




































СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Еліктеуіш сөздер туралы түсінік беру.

МІНДЕТТЕРІ:

1. БІЛІМДІЛІК: Еліктеу сөздердің түрлерін ажырата білуге үйрету. Еліктеуіш сөздердің жасалу жолдарымен танысу.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету..

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың тәртіптілігін қдағалау.

САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақты меңгерту.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

ІІ. ЖАҢА САБАҚ:

Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және жеке қимылға, іс - әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.

hello_html_m61fcb084.gif

Табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал - әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: Боз, күрең, жирен, ала, шұбар.

Өтеді ауыздығын қарш – қарш шайна. (Жамбыл). Ырғалып қарға қарқ етті. Ірімшік жерге салп етті.(Абай).

Еліктеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: тырс етті, сарт етті, қыңқ етпеді, топ ете түсті, қор ете қалды, гүрс ете түсті, саңқ етті. т.б.

Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді.

Мысалы: тарс-тұрс етті, дүңк-дүңк етті, ырс-ырс етюді, сарт-сұрт болды, шаң-шұң болды, арс-сарс етюді, қорс-қорс етеді және қарш-қарш шайнайды, гүрс-гүрс шығады, бырт-бырт шайнайды, шарт-шұрт сынды, пыр-пыр ұйықтайды.

299-жаттығу. Еліктеуіш сөздерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсетіңдер.

Ү Л Г І: саңқ – саңқ етіп, гүрс етіп, сатир – сұтыр сойыл, қарш – қарш шайнап.

330-жаттығу. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер, мағынасын ажыратыңдар.

Ү Л Г І: қаңқ етер, тық-тық басып, дүрс-дүрс соғып, қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес, тарс-тұрс ете қалған, гүрс етіп– дыбысқа еліктеу.

ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы.

Үйге тапсырма: 301-жаттығу.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, бағалау.


СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Бейнелеуіш сөздер

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру.

МІНДЕТТЕРІ:

1. БІЛІМДІЛІК: Бейнелеуіш сөздер қандай сөздер екенін, жасалуын түсіндіру.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

ІІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ: 301-жаттығу. Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазу.

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ:

Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды. (М.Ә,) Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» друге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады. (С.М.) Селк ете қалды кең далам. Селк ете қалды тау іші. (Ж.Ж.)

Берілген мысалдардағы жапыр – жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірірет сақтамай-ақ тез-тез сәлем беруін, кілт сөзі бір ден, тез тоқтатуды, жалт сөзі шапка бұрылып қарауды, селк сөзі бейкам даланың (тау ішані) бір ден шоши қозғалуын білдіріп тұр. Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалп ете түсті, жалт қарады, қалт етті, ербең етті, бүгжең қақты, қайқаң етті, сылаң етіп шыға келді, тыржың етті, т.б.

Бейнелеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, жалт-жұлт етті, далаң-далаң жүгірді, бүгжең-бүгжең жүрді, қызараң-қызараң етті, қиқаң-қиқаң етті, ербең-ербең етті.

302-жаттығу. Бейнелуіш сөздерді тауып, олардың мағынасын және қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Ү Л Г І: шып – шып терлеп – жаппай терлеп, денеде кішкене тамшы-тамшы болып тұру.

Селк етіп – шошып кетуді білдіреді. Жалт қарады – тез бұрылып қару. Қылаң етіп – қараңғы жерден кенеттен көріну. Көзі жарқ ете түсті- қуануды білдіреді. т.б.

303-жаттығу. Бейнелуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер, мағынасын ажыратыңдар.

Ү Л Г І: жарқ-жұрқ ойнап: біресе жарық болып, күн көзімен шағылысып, біресе сөну.

303-жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын және мағынасын ажыратып талдаңдар. Ү Л Г І: қарш – қарш – еліктеуіш сөз, дыбысты білдіреді; жарқ-жұрқ - бейнелеуіш сөз, күнге шағылысуды көрсетеді.

ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы:

  • Қандай сөздерді бейнелеуіш сөздер деп атайды? Мысалдар келтіріңдер.

  • Еліктеуіш сөздер мен бейнелуіш сөздердің арасында айырмашылықтар бар ма?

Үйге тапсырма: Ережені түсініп оқу, қайталау. 305-306-жаттығулар.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, бағалау.


СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Негізгі және туынды еліктеу сөздер

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Негізгі және туынды еліктеу сөздер туралы түсінік беру.

МІНДЕТТЕРІ:

1. БІЛІМДІЛІК: Негізгі және туынды еліктеу сөздедің жасалу жолдарын меңгерту..

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

ІІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ: Ережені түсініп оқу, қайталау. 305-306-жаттығулар..

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ:

Еліктеу сөздер құрамына қарай дара және күрделі түбір болып келеді. Дара еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды түбір түрінде болады.

1. Негізгі еліктеу сөздерге әр түрлі дыбыстар мен қимыл, іс - әрекетке тікелей еліктеуден туған түбір сөздер жатады. Мысалы: тарс , тырс, күрс, дік, жылт, жалт, топ, шіңк, морт, қарс, ырс, борт, қыңқ, ірк, шаңқ, т.б.


2. Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа да сөздерден –аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнағы арқылы жасалады:

а) негізгі түбір еліктеу сөзден жасалған туынды еліктеу сөздер: арс – аң, болп – аң, елп – ең, жылт – ың, быж – ың, кілт – ің. т.б.

ә) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер: ағар – аң, былға-ң, жайна-ң, қызар-аң, сыла-ң.т.б.

б) осы жұрнақ арқылы кейбір туынды еліктеу сөздердің түбірі қазіргі кезде жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардың түбірін түбірлес басқа сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады.

Мыс: арбаң, (арби), сербең (серби), жарбаң (жарби) т.б.

3. Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туынды еліктеу сөздердің қайталануынан немесе қосарлануынан жасалады. Мысалы: борт – борт, гүрс –гүрс, зырқ – зырқ, арс –ұрс, тапыр – тұпыр.

Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да (негізінен зате сім мен етістік) жасалады. Мысалы: тарс-ыл, тырс-ыл, сыр-ыл, даң-ғыр, дүң-гір, т.б. тәрізді еліктеу сөздерден –ыл, -іл, -л, -ек, -ғыр, -гір жұрнақтары арқылы жасалған болса, желб –іре, салб-ыра, үлб-іре, күбір – ле, қоқаң-да, т.б. тәрізді еліктеу сөздерден –ыра, -іре, және –ла, -ле, -да, -де жұрнақтары арқылы етістіктер жасалған.

307-жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, құрамына қарай ажыратыңдар.

Ү Л Г І: опыр – топыр – қосарланған күрделі еліктеу счөз.

308-жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, құрамына, түріне қарай ажыратыңдар.

Ү Л Г І: жарқ (етті) – бейнелеуіш сөз, негізгі еліктеу сөз, жарыққа еліктеуден шыққан.

ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы:

  • Қандай сөздерді бейнелеуіш сөздер деп атайды? Мысалдар келтіріңдер.

  • Еліктеуіш сөздер мен бейнелуіш сөздердің арасында айырмашылықтар бар ма?

Үйге тапсырма: Ережені түсініп оқу, қайталау. 309 - жаттығулар.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, бағалау


СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Шығармашылық диктант

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тексеру.

МІНДЕТТЕРІ:

1. БІЛІМДІЛІК: оқушыларға грамматикалық тақырыптарды одан әрі меңгерте түсу.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерінің одан әрі дамуына ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: өз тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: жазба жұмысы.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: мәнерлеп оқу, қайталау, сұрақ – жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: диктант дәптерлері, қалам, қарындаш т.б.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кім кезекші? Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • Оқушылар жазба жұмысына дайын ба?

Қайталау сұрақтары:

  1. Еліктеу сөздер дегеніміз қандай сөздер? Неше түрі бар?

  2. Еліктеуіш сөздер дегеніміз қандай сөздер?

  3. Бейнелеуіш сөздер дегеніміз қандай сөздер?

  4. Негізгі және туынды еліктеуіш сөздердің жасалу жолдары қандай?

II. ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ:

- Бүгін шығармашылық диктант болады. Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді дұрыс қолдана білулеріңді, жалпы еліктеу сөздерді қалай меңгергендеріңді тексеру.

ІІІ. Жұмыстың барысы:

Шығармашылық диктант.

1. Еліктеуіш сөздерді етістіктермен тіркестір,сөйлем құра.

Бұрқ – сарқ …

Сатыр – сұтыр…

Шиқ – шиқ…

Зыр – зыр…

Зу – зу…

Гүрс…

Сарт-сұрт…

Қытыр – құтыр…

2. Еліктеуіштерді тиісті еліктеуіш сөздермен тіркестір, сөйлем құра.

…қарау

…күлу

…құлау

…жүру

…шайнау

…соғылу

…секіру


3. Мына мәтіндерді, сөздерді пайдалана отырып, ат қойып, әңгіме жазыңдар.

… жаңбыр ұзақ жауған жоқ. Бір шай қайнатымның ішінде төңіректің бәрінағыл – Тагіл етті де кілт саябырға көшті. Болт сеті неп, жарқ етіп күннің көзі көрінді. Ендігі сурет тіпті бөлек. Көк жүзінен қиғаш суыртпақ болып, сансыз алтин жіп төгіліп жатқандай. (Б.Әдетов.)

Керекті сөздер: жарқ – жұрқ, сатир – сұтыр, жалт – жұлт, жылт – жылт, гүр, дүр, тырс, тырс – тырс, шатер – шұтыр, шиқ, домалаң, мөлт – мөлт.


…Жартас түбінен аққан Бүркітті күмістен сыңғыр – сыңғыр етеді. Өзеннің сонау бір тұсынан бақалардың құрылдағаны анық есті леді. Бір ғажабы, бұрын бақалардың үнін талай естіп жүрсем де, бұл жолғысының әсері өзгеше. (П. Дүйсенбин).

Керекті сөздер: гүр, су – су, ыр, зу, бақ – бақ, қарқ – қарқ, ыс – ыс, сылдыр – сылдыр, сытыр – сытыр, шаңқ – шаңқ, гүр – гүр. .


ІV. БЕКІТУ:

  • Оқушылар жұмысты жазып біткен соң, шығармашылық жұмыстарын мұқият тексерту.

V. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

  • Жұмыс соңында дәптерлерің жинап алып, сыныптағы оқушылар санына сәйкестігін тексереді.


СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Тіл ұстарту.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: өткен тақырыптарды бекіту, оқушылардың білімін тексеру және сауаттылықтарын арттыру..

1. БІЛІМДІЛІК: етістерді еске түсіру, қайталау.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: ойлау, есте сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: сабаққа деген ынта-жігерлерін арттыру.

САБАҚ ТҮРІ: тіл ұстарту сабағы.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру жолымен ой қозғау, талдау.

КӨРНЕКІЛІГІ: тірек – сызбалар, кеспе қағаздар.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін сыныпта кім жоқ

ІІ. Үй жұмысы: өткен тақырыптарды қайталап оқып келу.

1. Қайталау сұрақтары:

  1. Етіс дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Қандай мағыналық белгілері бар?

2. Етістің жасалу жолдарын қайталау.


ІІІ. Балалар, бүгін біз өлең бойынша жұмыс істейміз.

Шекара


Бізге басқа мектептен,

Бір қыз келген-ді.

Сәлемдесіп әдеппен,

Сыныпқа мана енгенді.

Жаңа оқушы Мұраттың

Отырды кеп қасына.

Мұрат қойып ұятты,

Бастады оны басына.

Парта бетін бір сызды:

-Маған қарай баспа!-деп.

Қайта орнынан тұрғызды:

-Шекарадан аспа!-деп.

Бүгінгі есеп қиын-ды,

Мұрат терге малынды.

Көршісіне қиылып:

-Көмектес,-деп жалынды.

Бұл қылығын қызықтап,

Жанындағы «батырды»:

-Шекарадан-сызықтан

Бері аспа!-деп қатырды.

Білмей батыр не дерін,

«Шекараны» өшірді.

Дина беріп көмегін,

Қателігін кешірді.

(А. Меңжанова.)

Берілетін тапсырмалар:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Мұраттың іс - әрекетін әңгімелеп беріңдер.

  2. «Шекара» өлеңі туралы өздеріңнің пікірлеріңді жазыңдар.

  3. Өздерің сыныпқа жаңадан келген оқушыны қалай қарсы аласыңдар?

  4. Асты сзслған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

  5. Қарамен жазылған сөйлемнің мағынасын түсіндіріңдер.

  6. Етістерді түрлеріне қарай топтап жазыңдар.

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы.


ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Үйге тапсырма: Ережелерді қайталау.

Бағалау.


СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Одағай.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Одағай туралы түсінік беру.

МІНДЕТТЕРІ:

1. БІЛІМДІЛІК: Одағайдың жасалу жолдарын меңгерту..

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кезекші кім?

  • Бүгін сыныпта кім жоқ? Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

ІІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ: 301-жаттығу. Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазу.

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ: Одағай туралы түсінік.

Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан – жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.

Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйін білдіреді немесе жан – жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады. Мысалы: Япырм-ау, қайда сол күндер?! (А) Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ.М) Аухау-аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді.

Одағайда, біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.

314 –жаттығу. Одағайларды тауып, қандай мағынада жұмсалғанын көрсетіңдер.

Үлгі: Әй –шақыру, назар аударту, бері қарату мәнінде жұмсалған.

ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы:

  • Қандай сөздерді одағай сөздер деп атайды?Мысалдар келтіріңдер.

Үйге тапсырма: Ережені түсініп оқу, қайталау. 315-жаттығу.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, бағалау

СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ: САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Одағайдың түрлері.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Одағайдың түрлерімен таныстыру.

МІНДЕТТЕРІ: Одағайдың түрлерімен таныстыру.

1. БІЛІМДІЛІК: Одағайдың жасалу жолдарын меңгерту..

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кезекші кім? Бүгін сыныпта кім жоқ? Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

ІІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ: Ережені түсініп оқу, қайталау. 315-жаттығу.

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ: Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

hello_html_m5fc9934d.gif

1. Көңіл – күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, түу, аһ т.б.

2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйм салу, бұйыру, сияқты мәнді білдіреді. Олар: тәйт, тек, жә, т.б.

3. Жекіру одағайлары мал, ит, құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар: құрау-құрау, шөре – шөре, көс-көс, айт,қош-қош, моһ- моһ, құр-құр, кә-кә, пырс. т.б.

ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы:

  • Қандай сөздерді бейнелеуіш сөздер деп атайды? Мысалдар келтіріңдер.

  • Еліктеуіш сөздер мен бейнелуіш сөздердің арасында айырмашылықтар бар ма?

Үйге тапсырма: Ережені түсініп оқу, қайталау. 305-306-жаттығулар. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, бағалау

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Түсіндірме диктант.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тексеру.

МІНДЕТТЕРІ:

1. БІЛІМДІЛІК: оқушыларға грамматикалық тақырыптарды одан әрі меңгерте түсу.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерінің одан әрі дамуына ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: өз тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: жазба жұмысы.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: мәнерлеп оқу, қайталау, сұрақ – жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: диктант дәптерлері, қалам, қарындаш т.б.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кім кезекші? Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • Оқушылар жазба жұмысына дайын ба?

Қайталау сұрақтары:

  1. Одағай дегеніміз қандай сөздер? Неше түрі бар?

  2. Көңіл – күй одағайлары дегеніміз қандай сөздер?

  3. Жекіру одағайлары дегеніміз қандай сөздер?

  4. Шақыру одағайлары дегеніміз қандай сөздер?

II. ЖАЗБА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ:

- Бүгін түсіндірме диктант болады. Одағайларды дұрыс қолдана білулеріңді, жалпы одағайларды қалай меңгергендеріңді тексеру.

ІІІ. Жұмыстың барысы:

Түсіндірме диктант.

1. - Шу, Ақтұлпар, шу! – Саят құшырлана айқайлап қояды. Ойбай, Бөкентай тиме… жә, енді бір секірсек, жарықтық Асыға да жетеміз, Туу-у, осыдан да ма? Апырмай, сурет екен! - Әп, бәлем! – деп орнынан ұшып кете жаздайды. Мәссаған, мынаның сөзін қара! Әй, Сабалақ, сен асық ойнап көріп пе ең? Па, шіркін беретіндей болуын. Уау, мынау батырдың тұяғы ма? Алақай, жаңбыр тамшы! Қап, Марат, сындырдың ғой! Оу, жайбасар жалқау батыр, оянып қалғанбысың? Паһ, шіркін, екпініне болайын! (П. Дүйсенбин).

2. Төрт түлік малды шақыру

Пұшайт – пұшайт,

Төрт түлікте момыным,

Жылуы көп тоныңның,

Келе қойшы тезірек,

Қошақаным – қоңырым,

Пұшайт – пұшайт!

Шөре – шөре,

Тастан тасқа секірген,

Көп жүгірген бетімен,

Тыным таппас шұнағым,

Келе қойшы, лағым,

Шөре – шөре!

Құрау – құрау,

Төрт түлікте сұлуым,

Желбіреген тұлымың,

Сылап – сыйпап тарайын,

Келе қойшы құлыным,

Құрау – құрау!

Әукім - әукім,

Туа сала ойнаған,

Емшек сүтке тоймаған,

Жараспайды ұзауың

Келе қойшы бұзауым,

Әукім - әукім!

Қос – қос,

Тана көзің нұр төккен,

Осыншалық үркек пе ең?

Ботақаным, жасыма,

Келе қойшы қасыма,

Қос – қос!

(Г. Адамбаева)


ІV. БЕКІТУ:

V. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

  • Жұмыс соңында дәптерлерің жинап алып, сыныптағы оқушылар санына сәйкестігін тексереді.



СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Тіл ұстарту.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: өткен тақырыптарды бекіту, оқушылардың білімін тексеру және сауаттылықтарын арттыру..

1. БІЛІМДІЛІК: Одағайлар мен еліктеу сөздерді еске түсіру, қайталау.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: ойлау, есте сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: сабаққа деген ынта-жігерлерін арттыру.

САБАҚ ТҮРІ: тіл ұстарту сабағы.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру жолымен ой қозғау, талдау.

КӨРНЕКІЛІГІ: тірек – сызбалар, кеспе қағаздар.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кім кезекші? Бүгін сыныпта кім жоқ

ІІ. Үй жұмысы: өткен тақырыптарды қайталап оқып келу.

1. Қайталау сұрақтары:

  1. Одағай дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Қандай мағыналық белгілері бар?

2. Еліктеу сөздердің жасалу жолдарын қайталау.

ІІІ. - Балалар, бүгін біз мәтін бойынша жұмыс істейміз.

Көксеректің өлімі

Қозданған қан толқынып кеп, тағы бір дем басқа шыққанда, Аққасқа қарсы алдында арандай ашылып тұрған ауызға сақ еткізіп тістерін салып жіберді. Бұл қасқырдың төменгі тістері мен тілін қоса шайнағанда, қасқырдың жоғарғы азулары Аққасқаның тұмсығының екі жағынан жоғарғы ұрттарына кіріп, кірш – кірш кірді.

Ашулы тістер сытыр – сытыр, қарш – қарш шайнасады, әлі шапшысып тұр.

Дәл осы уақытта жоғарғы жотадан шыға сала төмен қарай кер ат пен бие де аңырап еді. Қасен мен Бейсенбай «а,құдайлап» сойылдарын оңтайлап келе жатты.

Өр жақта Аққасқа: шайнасып тұрған ауыздардан сілекей мен қан аралас ағып, сырылдап тұр.

Аққасқа Қасен дауысын ести сала, ойға қарай жұлқи бұрып қалғанда – көкшолақтың белі бұраң етіп барып, дүрс етіп құлап түсті. Ауыздары бір – бірінен айырылған жоқ. Екеуінде де үн жоқ. Шайнасу үстінде желімдей қайнасып қатып қалған тәрізді. Ең аяғы, болымсыз болса да, тыныс алған дыбыс та білінбейді.

  • А, құдай!... А, құдай!... Я, сәт!.. Я, сәт!.. Я, аруақ! Я, ақсарбас!.. – дей бере, екі атты үстеріне жығыла – жығыла үйіле түсті. Аттар босанып шықты.

  • Опыр – ай! Опыр – ай!..ауызын!.. – деп келіп, Қасен жуан қамшының сабын Көксеректің көмекейіне тығып жіберіп, мықтап басып тұрып, жауының тұмсығын жоғары қарай қайырып жіберді. Аққасқаның қан басқан тұмсығынан көк шолақтың тістері бір – бірлеп шығып кетті.

Бірақ әлі де жанын шығарғанша қасқырдың төменгі жағын күрт – күрт шайнап жатыр. Бұл кезде Бейсембай да қара пышақты Көксеректің өкпесіне салып – салып жіберіп еді.

(М. Әуезов)

Берілетін тапсырмалар:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.

  2. Ит пен қасқырдың жекпе – жегі туралы әңгімелеңдер.

  3. Қарамен жазылған сөйлемдердің мағынасын өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңдер..

  4. Одағайларды теріп жазыңдар, қандай көңіл – күйді білдіретінін анықтаңдар.

  5. Еліктеу сөздерді мағыналық түрлеріне қарай бөліп, теріп жазыңдар.

  6. Мәтіндегі тыныс белгілердің қойылуы туралы әңгімелеңдер.

Еліктеуіш сөздер

Бейнелеуіш сөздер

ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ: Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы.

Үйге тапсырма: Өткен материалды толық қайталап келу. Бағалау

СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Көмекші есімдер.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Көмекші есімдер туралы түсінік беру.

МІНДЕТТЕРІ:

1. БІЛІМДІЛІК: Көмекші есімдердің жасалу жолдарын меңгерту..

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.

КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор.

САБАҚ БАРЫСЫ:

I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу:

  • Сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін сыныпта кім жоқ?

  • Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма?

ІІ. Өткен материалды толық қайталап келу.

    1. Одағай нені білдіреді?

    2. Одағай сөздерде толық (лексикалық) мағына бола ма?

    3. Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?

    4. Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?

    5. Одағайдың қандай түрлері бар?

    6. Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?

ІІІ. ЖАҢА САБАҚ:

Көмекші есімдер

Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер бар. Мысалы: сырт, іш, маң, тұс, алд(ы), арт(ы), аст (ы), үст(і), қас(ы) сияқты сөздер сөйлемде екінші зат атаулының жетегінде жұмсалады: Ауылдың жаны терең сай. (Абай). Осындай сөздер көмекші есім деп аталады. Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негіәзгі зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

319-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, көмекші есімдерді табыңдар. Оларды тіркесіп тұрған сөздерімен бірге теріп жазыңдар да, сөйлемнің қай мүшесі қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.

1. Қаусаған арбаның дөңгелектері кетіп, көпті көрген көне жол үстінде баяу ғана сықырлайды. Кәрі ат, қартайған адам. Екеуі жолға түсіп ілбіп басып барады. Артта қаусаған арба, алдарында күлгін – күңгірт қараңғылық. Танабай қарт ұзақ жылдар ішінде осы атқа байланысты өткен - кеткеннің бәрін есіне альп келеді.

(Ш. Айтматов).

2. Жалғыз жаяу жүріп келеміз. Бір жерде отырған, киіз үйге шыққан үш – төрт ауылдың жанынан өттім. Одан бір бұйраттың ішіндегі Ілияс айтқан иесіз көлге келдім.

(С. Сейфуллин)

3. Әскери тұтқындар лагері Днепр маңындағы Хоцко селосында болатын.

(Қ. Қайсенов)

ІІІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы:

  • Қандай сөздер көмекші есімдер деп аталады?

Үйге тапсырма: Ережені түсініп оқу, қайталау. Көмекші есімдерді қатыстыра отырып, 10 сөйлем құрастырып келу.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау, бағала

Краткое описание документа:

Сауатты болашақ-ұрпағымыздың жалғасы. Сауаттылықты дамыту, қолдану жолында осы кезге дейін біршама жаңашыл технологияларды қолданып келдік. Ол жас ұрпаққа оң нәтижесін беріп келді, десе де, әлі де іздену, талқылау үстіндеміз. Себебі, біз сауатты сөйлеу, сауатты жазу, сауатты оқу, сауатты пайымдау, ойымызды ашық, нақты жеткізу арқылы алдыңғы қатардағы елдермен иық тіресе аламыз. PISA халықаралық оқушылардың функционалдық оқу-сауаттылығын арттыру курсын оқып, оны өз сабағымда қолдану мақсатында 9-сыныпта диктант жұмысын жүргіздім. Диктанттың мәтінін Адай-Ата кесенесінің тарихын оқушылар санасына жеткізу мақсатында «Адай-Атаның төбесінде көкбөрі неге тұр » деп қойдым. Диктантты оқушылар топқа бөлініп,өздері орындады. Бірінші топтың бір оқушысы шығып ауелі тақтадағы диктанттың бірінші сөйлемін оқып, есінде сақтап алып, Сыныпқа қарап, баяндап айтып береді де, оқушылар жазып болған соң, өзі орына барып жазып алады. Келесі оқушы да дәл солай жалғастырып,диктантты аяқтайды. Сауаты төмен оқушылар егер ұзақ сөйлем болса, екеуден шығып, алдыңғы үш сөйлемді бірі, екінші оқушы кейінгі үш сөйлемді бөліп айтады. Бағалау кезінде бірінің жұмысымен бірі ауыстырып алдып, тексеріп,бағалайды. Бұл сабақ қолданысымда жақсы нәтиже берді, себебі балалар жан-жақты жұмыс жасады. Ойлау, есте сақтау сияқты қабілеттері іске қосылу арқылы сауатты жазуға да бейімделді.

Автор
Дата добавления 13.02.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2091
Номер материала 386107
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх