Инфоурок / ИЗО, МХК / Рабочие программы / "Шығармашылық сабақ" 4-сынып оқушыларына
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

"Шығармашылық сабақ" 4-сынып оқушыларына

библиотека
материалов

Батыс Казакстан облысы Тасқала ауданы 2 Шежін ауылы ЖББ Шежін орта мектеп балабақшасы ІІ санатты бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Дуйсенгалиева Ботакоз Борисовна

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық сабақ

Сынып: 4

Сабақтың мақсаты: - сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;

- көркемдік талғамын арттыру;

- іскерлік дағдыларын меңгерту;

- сурет салу арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып,

ұқыптылыққа, тазалаққа тәрбиелеу.

Сабақтың формасы: Практикум-сабақ. Сабақтың түрі: Оқушылардың алған білімдерін қалыптастыру. Үрдісі: Ізденіс шығармашылық. Сабаққа қажетті құрал жабдықтар:

  • Қағаз;

  • акварель, гуашь бояулары;

  • қылқаламдар (жуан, жіңішке);

  • су құйылған ыдыс;

  • палитра;

  • сүлгі;

  • ермексаз;

  • тіс щеткасы;

  • май шам;

  • күзгі кепкен жапырақтар.

  • кескіндер

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі 1. Жұмыс орындарын тексеру — Қайырлы күн! Қоңырау соғылды, балалар. Сабаққа дайынсындар ма? Керек заттарын алдарында жатыр ма? Тексердіңдер ме? Жақсы, отырындар. 2. Сабаққа деген психологиялық көмек. Көңіл күйді көтеру II Үй тапсырмасы 1. «Пейзаж», «Натюрморт», «Портрет» жанрларына ассосация құру. 2 . Жұмыстарын тексеру, бағалау ІІІ. Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттары Тақырыбы: Шығармашылық сабақ Сабақтың мақсатымен таныстыру. Мұғалім: Бейнелеу өнері сабағында бейнелеу өнері түрлеріне ғана тоқталып, бейнелеу өнері жанрларына сурет салатын болсақ, бейнелеу өнерінде сонымен бірге дәстүрден тыс сурет салу әдіс тәсілдері бар екенін сендер балабақшадан білесіңдер. Бүгінгі сабақта біз солардың бірінеше түрімен терең танысып, ерікті шығармашылық жұмыспен айналысамыз. Дәстүрден тыс сурет салу тәсілдерімен сендер балабақшадан таныс болуларың керек. Соларды естеріңе түсіріп, бүгін түрлі тәсілмен сурет салатын боламыз. Бәріміз тақтаға қарап сурет салудың жолдарына назар аударайық. Сурет салу әдістері:

  1. Саусақпен сурет салу.

  2. Нүктелер арқылы сурет салу

  3. Үрлеу тәсілімен сурет салу.

  4. Май шаммен сурет салу

  5. Қос бүктеу тәсілімен сурет салу

  6. Мыржықталған қағаздармен сурет салу.

  7. Бояуды шашырату арқылы сурет салу

  8. Ермексазбен сурет салу

  9. Далаппен сурет салу


«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.  Қолдану ережесі: - бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн; - әр саусақты бір түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен  немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.

«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет)  дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам  ұшымен тықылдату  әдісі арқылы  түсіріледі, нүктелердің көлемдері  ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы  салынған сурет мозаика сияқты болады.

«Үрлеу тәсілімен сурет салу»: Бұл үшін:

- коктейль түтікшесін алып, оны дәл ортасынан бөлу;

- ақ қағазға бояудың тамшыларын тамызып, өзің қалаған бағытқа қарай үрлеу.


«Май шаммен сурет салу» :

- ақ қағазға салған суретіңді май шаммен бастыру немесе май шаммен салу;

- содан қағаздың бетін акварель бояуымен бояу;

- май шаммен жүргізілген сызықтарға бояу түспей суретіміз бояу арасынан көрініп тұрады.


«Қос бүктеу тәсілімен сурет салу»:

- альбом парағын көз мөлшерімен екіге бөлу;

- бір бөлігіне бояу жағу;

- енді қағазды бүктеу керек. Қағаздың екі бөлігіне бірдей бейне түседі.


«Мыржықталған қағаздармен сурет салу»:

1 тәсілі.

- қағазымызды қалаған түсімізбен бояп аламыз;

- ақ қағаздарды мыржықтап бірнеше домалақтар жасаймыз;

- мыржықталған домалақтарды бояуға малып түрлі суреттер салу

2 тәсілі.

- сурет салайын деп отырған қағазымызды мыржықтау;

- мыржықтап, қайта жазу

- сол қағазға қалаған суретімізді салып, бояу


«Бояуды шашырату арқылы сурет салу»: Бұл үшін:

- қағаздан әр түрлі жануарлардың, адамдардың, гүлдер мен ақшақар кескінін қиып алу;

- оларды қағаз бетіне қою;

- ескі тіс щеткасын аздап сулап, құрғақ гуашь бояу бетімен бірнеше рет жүргізу қажет.

Осыдан кейін щетка қылын кез келген қатты затпен, қарындаш немесе балмұздақ таяқшасымен қағаз түрлі түсті бояуға толғанша ары – бері қозғау. Бұл үшін түстерді кезекпен кезек қолданған жөн. Енді қағаз траферетті алып тастап, даяр суретті тамашалауға болады.


«Ермексазбен сурет салу»

- суретті қарындашпен салу;

- ермексаздың қажетті түстерімен бояу


«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды  жатқызуға болады. Сендер анаңыздың косметика қолданғанын  бақылағанды ұнатасыңдар. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынғандықтан, сендердің анаңыздың далабымен ойнауға деген құмарыңыз арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен  сурет салуды  ұйымдастыру  бала тілегінің  орындалуына  мүмкіндік тудырады  және ол пайдалы іс болып саналады.

ІҮ. Сергіту сәті:

Ү. Практикалық жұмыс. Дәстүрден тыс сурет салу әдістерімен «Су асты патшалығы» атты тақырыпқа сурет салу.

- су асты әлемін көз алдына елестету; - қағазға дұрыс орналастыру; - ұқыпты, таза орындау.

Салған суреттерден бүгінгі сабақтың көрмесін ұйымдастыру.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Сабақты бекіту.

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай? – Сіздер үшін қандай сурет салу әдісі, жаңа, сіз білмейтін әдіс болды? – Қандай әдістермен сурет салдық ? – Сабақ ұнады ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Суретті толық аяқтап, безендіріп келу.

ІХ. Сабақты қортындылау.

- Міне, балалар, бүгінгі сабақта әрқайсыңыз түрлі әдіспен шығармашылық жұмыс атқардыңдар. Өте тамаша болды. Сендерге болашақта сәттілік тілеймін. Мұнымен сабағымыз әлі бітпейді, жалғасын табады. Келесі сабақта кездескенше сау болыңыздар!








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық сабақ. Төртінші сыныпқа өткізілген. Сабақтың мақсаты: сурет салу өнеріне деген қызығушылығын,көркемдік талғамын арттыру.Іскерлік дағдыларын  меңгерту.Сурет салу арқылы балаларды жан-жақты дамыта  отырып,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың формасы :Практикум-сабақ.

Сабақтың түрі: Оқушылардың алған білімдерін  қалыптастыру.

Үрдісі: Ізденіс шығармашылық.

Сабаққа қажетті құралдар:қағаз, акварель, гуашь,қылқалам,су құйылған ыдыс,,палитра, сүлгі,ермексаз,тіс щеткасы,май шам,күзгі кепкен жапырақтар,кескіндер.

Бұл қызықты өту үшін жаңа туынды жасаймыз.

Общая информация

Номер материала: 534995

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"