Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Тілашар тойы" ертеңгілігі (1-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Тілашар тойы" ертеңгілігі (1-сынып)

библиотека
материалов

Тілашар тойы

Музыка әуені

1-жүргізуші:

Қуаныш – бүгін мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Мектепке келген алғашқы

Жан досым, саған мың сәлем!

2-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына сәттілік тілеп, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз.

Балалардың осы қара шаңырақты аттаған қадамдары құтты болсын!

Тойымызға қош келдіңіздер!

Музыка әуені

Бірінші сынып оқушылары (7 оқушы) ортаға шығады. Әр оқушы өлеңін оқып, әріптерін ашып отырады.

1-оқушы:

Жетіге толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға! (Т әріпін көтереді)

2-оқушы:

Мәпелеп үйде ата-анамыз

Мектепте ұстаз, мұғалім

Келешек өмір гүліміз

Білгіңіз келсе дұрыстап (І әріпін көтереді)

3-оқушы:

Ұстатпа мені басқаға

Есейдім, жеті жастамын

Қош айтым қуыршаққа

Мектепке жолды бастадым (Л әріпін көтереді)

4-оқушы:

Бой алдырар селтеңге

Мен емеспін еркең де

Оқушы болам зейінді

Өнерге, іске биімді (А әріпін көтереді)

5-оқушы:

Ойыншық қалды жайына

Әліппе болды көңілде.

Көңілім жоқ ойынға

Сезінем үлкен өзімді (Ш әріпін көтереді)

6-оқушы:

Тану үшін бабаңды

Тану үшін анаңды

Тану үшін ғаламды

Мектеп керек адамға (А әріпін көтереді)

7-оқушы:

Оқушыңын мойнына

Ақ жағасы жарасар

Кел, келіңіз тойымызға

Тойымның аты – Тілашар (Р әріпін көтереді)


1-жүргізуші:Ендеше, ертеңгі күннің үмітін ақтар, еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

Музыка әуені (1-сынып оқушылары ортаға шығады)

2-жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі,

1-жүргізуші: Ой, балалар қарандаршы бізге қонаққа кім келген?

Оқушылар: Қызыл телпек

2-жүргізуші: Дұрыс, балалар. (Қызыл телпекке жақындап)

-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек? Неге ренжіп тұрсың?

Қызыл телпек: Сәлеметсіз бе?! Мен орманнан өтіп, науқас әжеме дәрі-дәрмектерін апарып беруім керек, бірақ мен адасып қалып, орманнан өте алмай жүрмін. Аңдардың көптеген тапсырмаларын орындау керек. Мен жалғыз өзім орындай алмаймын. Маған көмектесесіңдер ме?

1-жүргізуші: Балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?

Барлығы: Иә , көмектесеміз

Музыка әуені (қоян шығады) Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің сендерге мынандай тапсырмам бар. Кәне ортаға алты оқушы шықсын. Сендер мектеп ережелерін қаншалықты біледі екенсіңдер? Тексеріп көрейік. Мен басқы сөзін айтам ал сендер аяқтап айтасыңдар.

  1. Үлкендердің алдын кесіп (өтуге болмайды)

  2. Сабаққа кешігуге (болмайды)

  3. Үлкендермен (сәлемдесу керек)

  4. Мұғалімді әрқашан (тыңдау керек)

  5. Оқулықты жыртпай әрқашан (таза ұстау керек)

  6. Үзілісте жүгіруге (болмайды)

Өте жақсы балалар мектеп ережелерін жақсы біледі екенсіңдер!

2-жүргізуші: Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңілі өсер- дегендей бүлдіршіндерге үлгі тұтар мектебіміздің өнерлі оқушысын қарсы алыңыздар!

Дінмұхаметтің орындауындағы ән

Музыка әуені (Түлкі шығады)

Мен түлкімін, түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлаң, бұлаң құйрығым

Текке кетпейді бір күнім.

Менің тапсырмам мынадай: Ортаға үш оқушы шықсын. Балалар, сендердің мақсаттарын әркім өз сөмкесіне мектепке қажетті құрал-жабдықтарды реттеп салу керек. Ал, бастайық! (музыка қосылады)

1-жүргізуші: Ұшталған үміт арман

Таудай бір болсын талабың

Өзіңе мынау арналған

Әпкеңнің қабыл ал арнауын

Даянаның орындауындағы ән

Музыка әуені (қасқыр шығады)

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Ормандағы басшымын.

Менің бүгін көңіл күйім жоқ. Менің көңілімді барлығың би билеп көтерулеріңді қалаймын, әйтпесе Қызыл телпекті ешқайда да жібермеймін.

(Музыка ойналып, барлығы би билейді)

Қасқыр: Менің көңілімді көтердіңдер. Қызыл телпек, өте беруіңе болады.

Музыка әуені (аю шығады)

Аю шығады қорбаңдап,

Балпан, балпаң басамын.

Алты қырдан асамын

Аю деген ағаңмын

Аңшы көрсем қашамын

Балалыр, мен өзім жайбасармын, күнде ерте тұрсамда сабаққа кешігіп қаламын. Қане, сендермен кешікпеудің жолын іздеп көрейік. Ортаға үш оқушы шықсын, кім жылдам соны көрейік. (Балалардың киім жарысы)

Аю: Жарайсыңдар балалар! Сендерге көп рахмет. Енді мен сендер секілді шапшаң болуға тырысамын.

Қызыл телпек: Балалар сендерге көп рахмет. Мені аңдардың тапсырмаларын орындауыма көмектестіңдер, енді біз бәріміз тату – тәтті боламыз

Барлық аңдар ортаға шығады (Музыка ойнап тұрады)

2-жүрігізуші: Жарайсыңдар, балалар! Біздің мектептің оқушысы болуға лайықты екенсіңдер. Ендеше, мына антты қабылдауларың шарт.

  1. Сабақтан қалмауға ант етеміз

  2. Тәртіпті бұзбауға ант етеміз

  3. Үлкендерді сыйлауға ант етеміз

  4. Ұстаздарды тыңдауға ант етеміз

  5. Өнерлі болуға ант етеміз

  6. Жақсы оқушы болуға ант етеміз

1-жүргізуші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән мен күй көңіл сырын ашады.

Той деп келген қонақтарға мың алғыс!

2-жүргізуші: Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!




Краткое описание документа:

Тілашар тойы

Музыка әуені

1-жүргізуші:

 Қуаныш – бүгін мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Мектепке келген алғашқы

Жан досым, саған мың сәлем!

2-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына сәттілік тілеп, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз.

Балалардың осы қара шаңырақты аттаған қадамдары құтты болсын!

Тойымызға қош келдіңіздер!

Музыка әуені

 

Бірінші сынып оқушылары (7 оқушы) ортаға шығады. Әр оқушы өлеңін оқып, әріптерін ашып отырады.

1-оқушы:

Жетіге толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға! (Т әріпін көтереді)

2-оқушы:

Мәпелеп үйде ата-анамыз

Мектепте ұстаз, мұғалім

Келешек өмір гүліміз

Білгіңіз келсе дұрыстап (І әріпін көтереді)

3-оқушы:

Ұстатпа мені басқаға

Есейдім, жеті жастамын

Қош айтым қуыршаққа

 

Мектепке жолды бастадым (Л әріпін көтереді)

Автор
Дата добавления 27.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1600
Номер материала 343035
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх