Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты «Достық кілті- биікте»

Тәрбие сағаты «Достық кілті- биікте»

Скачать материал

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.  Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

2.  Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

3.  Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл сөздер, дос туралы мақал-мәтелдер,сұрақтар

Барысы:

Мұғалім сөзі: Армысыздар оқушылар!Кемшіліксіз дос іздеген адам,доссыз қалады.Бүгін 8 «Ғ»  сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Достық кілті- биікте» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.Дос туралы ойлар өте көп.Достық жайлы айтпаған ұлы адамдар жоқ десе де болады.Мысалы ұлы ғұлама Аристотель «Достық –өмір үшін ең қажетті нәрсе,өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да,дос-жарансыз өмірді қаламақ емес» деп айтса, «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп Мұхтар Әуезов те достық туралы өз ойын айтып кеткен.

Ең алдымен достық деген не?, оны қалай түсінеміз, соны ажыратып алайық. Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?
Гүлжайна: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.
Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.

Мұғалім: Иә, достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.

Ендігі кезекті ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.
Нұрғазы:«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
Нұржанат:«Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
Ақмаржан:«Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
Жоламан:«Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
Дөнентай:«Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық»

(Намада)

Ақмаржан:  Жақсымен дос болсаң

                        Алдыңнан шығар елпектеп

                        Жаманмен дос болсаң

                        Сыртыңнан жүрер өсектеп

Мұғалім сөзі: Дос туралы мақалды жалғастыр:

1.      «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

2.      «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

3.      «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

4.      «……….ақшаң болғанша, көп досың …».

5.      «Досы көппен …. ,

Досы жоқпен … ».

6.      «Досы … , өзі де жақсы».

7.      «…. басқа қарайды,

… аяққа қарайды».

8.      «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».

9.      « Досың мың ….,

… біреу болса да көп».

10.  « … адам тамыры жоқ … тең»

11.  « … дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

… дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

Жауаптары:

1.      «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2.      «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3.      «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

4.      « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

5.      «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

6.      «Досы жақсының-өзі де жақсы».

7.       «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

8.      «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

9.      «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

10.  «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

11.  «Білімдімен дос болсаң,

          Сасқанда ақылың айтар.

          Білімсізбен дос болсаң,

          Топ ішінде бетің қайтар».

 

Жанболат:Жүрегі жұмсақ білген құл,

                   Шын дос таппай тыншымас.

                   Пайда мақтан бәрі тұл,

                   Доссыз ауыз тұщымас

 

Ботакөз    Көзіңнен сенің айқынсыр көремін,

                  Қайғыны, қуанышты бір көремін.

                  Досым-ау, Алла қосқан ақ ниетпен,

                  Сенімен бірге жүріп, бірге өлемін.

 

 

Тұрсынай Адал дос барлық жерде керек екен,

                   Өмірде достың орны бөлек екен.

                   Жақсы дос жадыратса жан дуниеңді,

                   Жаман достан жамандық келеді екен.

 

 

Достық туралы сұрақтар:

1.Дос сөзін қалай түсінесіндер?

2.Достық дегеніміз не?

3.Шын дос қандай болуы керек?

4.Жалған достық дегенді қалай түсінесіңдер?

5.Досың сені қиын жағдайда қалдырған кезі болдыма?

 

Қорытынды:Дос болу ,оны қадір тұту,оның қасиетін бағалау өзіңе байланысты,сондықтан досыңды пір тұтып,оның бойынан шыншылдықты,адалдықты,ізденмпаздықты,мейрімділікті,өжеттілікті байқасаң,онда оны қадір тұт,ол сенің досың,сырласың,көмекшің,жақының! Міне, өмірде осындай достар өмірі мәнді де ,сапалы болмақ.

 

 

 

 

                                                        

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты «Достық кілті- биікте»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 348 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 2826
    • DOCX 22.9 кбайт
    • 42 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джумабаева Айсулу Ходжабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джумабаева Айсулу Ходжабаевна
    Джумабаева Айсулу Ходжабаевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57923
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой