Инфоурок Репетиторы Алмагул Абдикаримовна
Алмагул Абдикаримовна
Онлайн-занятие (45 мин):
от 450 руб.
Казахстан, Костанайская область, Костанайский с.о., Аулиекольский, 9
12
Начальная школа
Опыт преподавания: более 10 лет
Опыт репетиторства: от 1 до 3 лет
Пол: Женщина
Возраст: 58
Опыт: 30 лет
Возрастные группы учеников: от 7 до 10

Виды занятий

  • Индивидуальные занятия

Уровень подготовки ученика

  • Выше среднего

Место проведения занятий

  • В другом месте
Дополнительная информация:

Менің аты-жөнім Рахымжанова Алмагүл Әбдікәрімқызы. 1966 жылы 28 қаңтарда туылғанмын. Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі. Білімім арнаулы орта. Еңбек өтілім 30 жыл. Әр адамның өмірде өзі таңдаған мамандығы болады. Сол сияқты мен мектеп қабырғасында жүріп мұғалім болуды армандадым. Арманым орындалды. 1984 жылы Рудный педагогикалық училищесіне түсіп, 1986 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шықтым.Содан бері 30 жыл ұстаз болып еңбек етіп келемін. Санатым екінші. Соңғы біліктілікті көтеру курсынан 2015 жылы "Өрлеу" Қостанай қаласында өттім. Қазіргі таңда ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫның Шайсұлтан Шаяхметов атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп жатырмын. Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Өз сабағымда бүгінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген тенологиялардың бірі "Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту", "Ойын технологиясын пайдаланамын. Жеке әдістемелік тақырыбым: «Логикаға негізделген тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру» болғандықтан осы бағытта оқушылармен үнемі жұмыс жасап отырамын. Оқушыларым "Ақбота", "Атамекен", "Кенгуру" атты зияткерлік - танымды ойындарға қатысып отырады. Сонымен қатар ауданда өткізілген ғылыми жоба сайысына Бекетов Халиф " Есімдер сыры", Серикбаева Аяжан " Денім сау болсын десең" атты тақырыпта жұмыс дайындап қорғап шықты. Және де 3 сынып оқушысы Серикбаева Аяжаннның "Алтын бесігім атты мақаласы "Учительская плюс" газетінде жарық көрді. Өзім жайлы айтар болсам," Қостанай дарыны" әдістемелік журналында "Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту" және " Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдері" атты мақалам жарияланды. Қостанайда өткен конференцияда " Бастауыш сыныптарда оқытудың әдіс - тәсілдері" тақырыбына баяндама оқып, Сертификат алдым. "Өрлеу" - Қостанай дауысы газетінде "Қазақстандық білім: кеше, бүгін, ертең" атты мақалам жарияланды. Жақсы оқушы, жақсы азамат тәрбиелеу заман талабы. Бұл міндетті орындауда өз басым бар күш жігерімді аямай еңбек етіп келемін,

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Репетиторы по предмету Начальная школа