Инфоурок Kadirbekov Maulen Zhanbolat Блог Есептеу техникасы аппаратпен қамтамасыздандыру
Kadirbekov Maulen Zhanbolat
4 года назад

Есептеу техникасы аппаратпен қамтамасыздандыру

Сабақ жоспары

Оқытушы:Кәдірбеков М.Ж.

Тобы:18

Пәннің атауы: Есептеуіш жүйені аппаратпен қамтамасыздандыру

Сабақтың тақырыбы: Монитор қызметі және типтері.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты: Монитор қызметін және типтерін білу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың іздемпаздылығын, іскерлігін және маман иесі ретіндежауап беру қабілеттерін бағалай отырып, адамгершілікке, әдептілікке баулу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың қамтамасыздандырылуы:

а) оқу-көрнекілік құралдар: электрондық оқулық,кітап

б) үлестірмелі материалдар:

в) ТОҚ: интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: Информатика

Өз бетінше жұмыс: ғаламтордан қарау

Сабақтың өту барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сабақ барысында оқушыларды белсене қатысуға ынталандыру.

ІІ.Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Монитор (дисплей) — экранға мəтіндік жəне графикалық ақпаратты визуалды шығаруға арналған құрал. Мониторлардың құрастырылымы қағидалары адамның көру қабілетінің ерекшеліктеріне негізделген — көз торы екі түрлі фоторецептордан тұрады: біреуі түстерді ажыратады; екіншісі түстерді ажыратпайды, бірақ жарыққа деген ерекше сезгіштікке ие. Адам ұсақ бөлшектердің түстерін ажыратпайды жəне жылдамдығы секундына 24 кадрдан асатын бақылау объектінің жылдам өзгерістерін белгілей алмайды.

Алғашқы дисплейлермонохромды болды. Қазіргі кезеңде ЖЕЭМ-да тек түрлі-түсті мониторлар қолданылады, олар екі негізгі технологиямен ұсынылған: электрон-сəулелі жəне сұйық кристалды (4.24-сур.).

Мониторлар қорек блогы, бейнеленуді реттеу, түрлі-түсті түзетумен жабдықталған жəне бейнекартамен басқарылады. Барлық заманауи түрлі- түсті мониторлар 65 мың əртүрлі реңктердің (HighColorстандарты)жəне 16,7 млн түстердің (TrueColorстандарты)сапалы түс жіберілуін қамтамасыз етеді.

Дисплейлердиагональ бойынша өлшемімен (дюймдерде), нүктелердің арасындағы қашықтықпен (нүкте қадамы) жəне нүктенің мөлшерімен сипатталады.

Мониторлар:

а — сұйық кристалдық; б — электронды-сәулелі

бүгінгі таңда қолданыстағы типтік өлшемдердің ішінен ЖПЕЭМ-да диагоналі 15, 17, 19, 20 жəне 21 дюйм қолданылады.

Экранда кескіндеме жасау үшін түрлі-түсті жарқылдайтын элементарлы нүктелерден тұратын матрица қолданылады. Көздің түрлі-түсті фоторецепторларына сəйкес кескіндеменің элементіне — нүктеге үш — мозаикаға топтастырылған түс келтіріледі: қызыл(R — Red), жасыл(G — Green) жəне көк(B — Blue). ЭЕЭМ мониторы экранында кез келген мəтіндік немесе графикалық кескіндеме пиксел pixel — picture element), дəн немесе кескіндеме элементі деп аталатын осындай көптеген нүктелерден қалыптастырылады.Нүктенің өлшемі миллиметрмен көрсетіледі.

Пиксел — бұл дербес минималды бірлік, оның түсі мен ашықтығы өзінің параметрлерімен белгіленеді. Экранда кескіндеме құру үшін қолданылатын көлденең жəне тік нүктелердің саны рұқсат деп аталады.Егер кескіндеменің рұқсаты 1 280 х 1 024 пиксел болса, онда ол экрандағы кескіндеме көлденең бойынша 1 280 нүктеден (көлденең рұқсат) жəнетігінен 1 024 жолдан (тік рұқсат) тұрады дегенді білдіреді. Кескіндеменің сапасы мен дəлдігі осы мəндерге тəуелді.

Монитордың айыру қабілеті жəне кескіндеменің анықтығымонитор экранының көлденең жəне тігінен шығарылатын пикселдердің максималды санымен ғана емес, пикселдің қадамымен де анықталады, ол 0,21 ...0,28 мм құрайды.

Заманауи мониторлардың стандартты мəндері бірқатар пикселдерді құрайды: 640 х 400, 640 х 480, 800 х 600, 832 х 624, 1 024 х 768, 1 152 х 870,

1 280 х 1 024, 1 600 х 1 200 жəне одан да жоғары. Осы мəндердің əрқайсысына экран ауданы мен нүкте қадамының қатаң ара қатынасы арқылы ғана қол жеткізуге болады(мысалы, экран ені 324 мм жəне нүкте қадамы 0,25 мм 17дюймдік монитор үшін көлденең бойынша оңтайлы рұқсат 1 280 пикселді құрауы тиіс).

Монитор диагоналінің əрбір өлшемі үшін өндіруші өте сапалы кескіндеме шығатын белгілі бір рұқсат ұсынған, бірақ тым жоғары рұқсат орнатылса, пайдаланушыға əрқашан жұмыс істеген ыңғайлы, себебі операциялық жүйенің графикалық интерфейсі өте ұсақ болып кетуі мүмкін. Үштүсті пикселдер көлденең жолдарға топтастырылған. Экранның тігінен орналастырылған жолдардың жиынтығы кескіндеменіңкадрыболып табылады.

Дисплейдің көрсеткіштерінекилогерцпен өлшенетін жолдық жиілік (көлденеңжайма), дисплейдің бір секундта құрайтын жолдардың саны; герцпен өлшенетін кадрларды жаңарту жиілігі немесекадрлық жиілік (тік жайма) жатқызылады.

Рұқсат жоғары болған сайын, жолдарды да соншалықты көп құру керек; кадрларды жаңарту жиілігі баяулайды. Кадрлардың жиілігі неғұрлым жоғары болса, кескіндеме соғұрым тұрақты болады. Экранның жылтылдауы кадрлардың 60 Гц-ке дейінгі ауысу жиілігінде байқалады, сондықтан ұсынылатын жиілік 75 Гц-тен төмен болмауы тиіс.

Жолдардың жиілігі тік жайманың бір кадрда шығарылатын жолдардың санына (тігінен айыру қабілеті) көбейтіндісімен анықталады).

Экранда жолдарды жоғарыдан төменге қарай көрсету жолдық жайма әдісі, ал кезекпен, бірінші тақ жолдарды, одан кейін жұп сандарды көрсету жоларалық жаймадеп аталады.Мониторлардың көбінде жолдық жайма əдісі қолданылады, ол анағұрлым анық кескіндемені қамтамасыз етеді. Барлық дерлік заманауи мониторлар мультижиілікті, яғни рұқсат берілген диапазоннан жолдық жəне кадрлық жаймалардың ерікті мəндеріне бапталу қабілетін иеленген (мысалы, 30... 100 кГц жəне60... 180 Гц).

Монитордың бейнесигналын өткізу жолағы мегагерцпен өлшенеді жəне таңдалған рұқсатта оның кадрлардың берілген жиілігін сақтап тұру мүмкіндіктерін анықтайды. Мысалы, тік жайма - 85 Гц жəне рұқсат- 640 х480 болса, бейнесигнал жолағы 37 МГц құрайды, алрұқсат- 1 280 х 1024 болса, бейнесигнал жолағы 160 МГц құрайды. Сонымен, кадрлардың айыру қабілеті немесе ауысу жиілігі жоғары болған сайын, монитордың талап етілетін мониторды өткізу жолағы да кеңірек болады.

Сонымен қатар, мониторларашықтығы мен кереғарлығы бойынша бағаланады, бұл көрсеткіштер қаншалықты жоғары болса, кескіндеме соншалықты ашық жəне нақты болады.

Заманауи мониторларға экономайзер деп аталатын электр қуат беруді автоматты басқау жүйесі кіріктеледі. Энергия тұтынуды басқару жүйесі Energy Starстандартына негізделген. Оны қолдану пайдаланушы орнататын белгілі бір уақытқа жұмыс істемейтін аралықта мониторды қуат тұтынудың төмендетілген режиміне ауыстыру 60.80%-ға дейін электрэнергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Энергияны үнемдеу режимінде экранның өшуі орын алады: қысқа мерзімді кідірісте тік жай өшіріледі; ұзақ кідірісте тік жайма өшіріледі (мониторларда электрон-сəулелі түтікшелерде (ЭСТ) катодтардың температурасы төмендейді ).

Энергияны үнемдеуден басқа қуатты үнемдеу режимдерін қолдану жұмыс істеп тұрған монитордан жылу бөлінуді төмендетуге мүмкінідк береді.

ЖЕЭМ-ға дисплейдіаналогты режимде қосу үшін D-sub жаймасы, цифрлық режимде — DVI жаймасы. DVI цифрлық интерфейсі қолданыл- ғанда кескін «пикселге пиксел» бейнеленеді, яғни ұсақ қаріптер мен бөлшектер анығырақ болады.

Тәжірибелік жұмысты орындауға арналған нұсқаулықтар:

СК-мониторлар электрон-сəулелі түтікшелердегі дисплейлермен салыстырғанда,экран жақтарының əртүрлі ара-қатынаста шығарылады — əдеттегі 3:4 –тен кең форматты 9:16-ға дейін.

СК-монитор ерекшеліктеріне бір мезгілде кескіндеме жаймасымен экранды 90°-ға бұру мүмкіндігі де жатқызылады, олпайдаланушыға A4 форматты парақпен мəтінді немесе суретті «айналдырусыз» жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сұйықкристалды мониторлар:

а —4:3 жақтарымен кәдімгі экран; б —90°-ға бұрылған экранымен кәдімгі; в —

кең форматты.

Монитор размері. Экран диагоналының өлшемі дюйммен өлшенеді (1 дюйм=2,54 см) Рұқсатты мүмкінділігі – бұл өлшем монитор экранында қанша минималды бейнелеу

элементтері, яғни нүктелері орналасуы мүмкін екенін көрсетеді.

— 640х480 (14 дюймдік мониторлар үшінстандарттырежим)

— 800х600 (15 дюймдік мониторлар үшінстандарттырежим)

— 1024х768 (17 дюймдік мониторлар үшінстандарттырежим)

— 1152х864 (19 дюймдік мониторлар үшін стандартты режим)

— 1280х1024 (20 дюймдік мониторлар үшінстандарттырежим)

— 1600х1200 (21 дюймдік мониторлар үшінстандарттырежим)

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

Үлестірмелі материалдардағы сұрақтарға жауап беру арқылы, жаңа сабақты бекіту.

Сабақтың қорытындысы: Тақырып бойынша сұрақ қою

Рефлексия:

Бүгінгі сабақта алган әсерім (ұнамды, ұнамсыз жақтары)

Ұсыныстар

Үй тапсырмасы: тақырып бойынша оқу

ДОӨІЖ орынбасары: ________ Ералиев Қ.А.

Оқытушы: ________Кәдірбеков М.Ж.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.