Инфоурок Айдарханова Айдана Жанболатқызы Блог Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту
Айдарханова Айдана Жанболатқызы
5 лет назад

Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту

Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең күрделі тақырып сөз таптары. Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуді үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «Балалардың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге үйренеді; (сөздерді қолдануға) оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті – сол тәжірбие нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру», - дейді. Сондықтан ол бастауыш сыныптан бастап үйретіледі.

1-сыныпта сөз таптары жайында бастапқы түсінік алып, алдағы уақытта сөз таптарын жүйелі түрде оқыту мақсаты қойылады. Сондықтан бірден зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп аталмай, 1-сыныпта заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздер деп беріледі, артынан солардың грамматикадағы үйреншікті атаулары беріледі. Осылайша есім сөздерді 2-сынып оқушыларына білудің мақсаты морфологиясы жүйелі түрде білдіруге алғашқы саты ғана емес, сондай-ақ бұл тақырып оқушылардың тілін дамытуға да көмегін тигізеді, сөз байлығын молайтады, ой-өрісін кеңейтеді, сөйлем құрауды үйретеді.

Жаңартылған бағдарлама бойынша тілдің морфологиялық жүйесі 2-сыныптан бастап оқытыла басатайды. Бұл сыныпта оқушылар сөздердің семантикалық-грамматикалық топтарынан яғни, сөз таптарынан алғашқы мағлұматтар ала бастайды. Сөз таптары терминдік тұрғыдан ажыратпағанымен, 2-сынып оқушылары «кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді», «Бас әріппен жазылатын сөздерді», қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді, «қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» олардың анықтамаларымен бірге оқып үйренуге тиісті. Сонымен қатар әр топтағы сөздердің қайсысына қандай сұрақ қойылатынын біліп, оның есебін түсінулері қажет. Сондай-ақ заттың қимылын, санын, сынын білдіретін сөздермен тіркестіріп сөйлем құрай білу дағдыларын да меңгеруге міндетті. Егер оқушы бұл соңғы дағдылырын меңгермесе, кейінгі «Сөйлем» тарауындағы мағлұматтарды дұрыс игере алмайды.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.