Инфоурок Жактаева Назерке Турсыновна Блог Логопедиялық сабақ Тақырыбы: «С – З әріпі және дыбысы»
Жактаева Назерке Турсыновна
5 лет назад

Логопедиялық сабақ Тақырыбы: «С – З әріпі және дыбысы»

Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі

Орындаған: Жактаева Н.Т

Жетекшісі: Ильяшова Б.Ф

Тақырыбы: «С – З әріпі және дыбысы»

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: С - З дыбыстарының артикуляциясын нақтылай отырып, буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату; сөйлеу барысында анық, таза айтуға үйрету. Қыс мезгілінде болатын құбылыстармен таныстырып, байланыстырып сөйлеуге және сұраққа толық жауап беруге машықтандыру.

Дамытушылық мақсаты: Фонетикалық - фонематикалық есту қабілетін, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту; артикуляциялық жаттығулар арқылы сөйлеу мүшелерінің қызметін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Өз - өзін қадағалауға, бір - біріне көмектесуге және кедергі жасамауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны таза ұстап, қамқор болуға баулу.

Көрнекілігі: С, З дыбыстарының профилі, кеспе суреттер, үлестірмелі парақшалар.

Құрал - жабдығы: суреттер, көрнекіліктер

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

Күн жарығын алақанға салайық,

Жүрегіме басып ұстап қалайық.

Сондай жарық, мейірімді көңілмен,

Сабақты біз балақайлар бастайық.

Суретпен жұмыс. Психогимнастика:– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем.

- Көктем мезгілінде қандай айлар бар?

- Наурыз, Сәуір, Мамыр

- Ауа - райы қандай?

- Жылы бола бастайды, қар еріп жатады

- Кәне, балалар, ендеше біраз жаттығулар жасап алайық/бетке массаж, тыныс жаттығуын, жалпы және ұсақ қол - қимыл жаттығуларын жасату/

- Балалар, қазір қандай сабақ?

- Анық, таза сөйлеуге үйрену сабағы.

- Олай болса, тілімізге жаттығулар жасайық

ІІ. Артикуляциялық жаттығулар

«Кесе», «Астыңғы тісті тазалау», «Ине», «Тәтті қайнатпа», «Сағат»

«Кесе»

Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді.

«Тісімізді тазалаймыз»

Жымиып, тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің ұшымен жан-жаққа, одан кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстарды жасау.

«Инеше»

Артикуляциялық жаттығу. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Дәмді тосап»

Артикуляциялық жаттығу. «Дәмді тосап» - жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.

Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау керек. 2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек. 3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек. 4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілінжалпақ қалпына келтіргенсон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.

«Сағат»

Артикуляциялық жаттығу. «Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Саңырауқұлақ»

Артикуляциялық жаттығу. «Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Заузадан көре аласың,

Заңғардан таба аласың,

Байқамасаң анықтап,

Үш екен деп қаласың. /З/

Қыста бар, жазда жоқ.

Түсте бар, кешке жоқ /С/

Бұл дыбыстар бүгін бізге қонаққа келген С, З дыбыстарына ұқсайды екен.

С, З дыбыстарының артикуляциялық мінездемесі /профилін көрсету/

Ұқсастығы:

- ерін езу тартып тұрады

- тістердің арасы жақын

- тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі

- тілдің екі жағы жоғарғы тістерге тиеді, тілдің ортасымен сыртқа суық ауа шығады.

- Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Наурыз мерекесі.

- Балалар, көктем аруы бізге мынадай тапсырма беріп жіберіпті. Егер тапсырманы дұрыс әрі жылдам орындасақ, көктем де тез келеді екен.

1. Тапсырма С - З дыбыстарын бір - бірінен ажырату. Ойын «Кім зейінді?»

/«С» дыбысын естісең 1 рет, «З» дыбысын естісең 2 рет алақан соқ/

2. Тапсырма

« Ұйқасын тап» Буындық жаттығу / С - З дыбыстарын буында ажырату/

Са - са - са – Сара ----------- ас - ас - ас - бұйра бас

За - за - за – Зада ------------ аз - аз - аз - басы таз

Сы - сы - сы – сыбдыр ----- ыс - ыс - ыс - келді қыс

Зы - зы - зы - зығыр --------- ыз - ыз - ыз – ұшып жүреді қоңыз

3. Тапсырма

Ойын « Не артық?» С - З дыбыстарын сөзде ажырату/

С - асқабақ, сарымсақ, сәбіз, бұрыш

З - қияр, қызылша, пияз, қызанақ

IV. Сергіту сәті. «С және З дыбыстарына сергіту»

Сенбілікке шығамыз,

Сұлулықты ұғамыз.

Сәнді бәрі тап-таза,

Сол көшеде тұрамыз.

Сабырлы болуға буынам,

Салқын сумен жуынам.

Спортшы болып шынығып,

Салақтықтан суынам.

Ауыл маңы саз, саз, саз

Жайылады қаз, қаз, қаз

Жем шашсан мәз, мәз, мәз

Тоймай қалса қаз, қаз, қаз

Шашқан дәмін аз, аз, аз.

V. Қорытынды.

Оқушылар бұл жаттығуларды орындау барысында ауызымыз шаршайды, сондықтан датерең тыныс алу жаттығуларын орындап дем алып аламыз.

Кеудемізге ауа толтырамыз 1-2-3, енді барлығын шығарамыз. 5 рет қайталаймыз.

Сабақты бекіту: Біз сабақта қандай жаттығуларды орындадық.Естеріндеқандай жаттығулар қалды, соларды орындап көрсетіңдерші.

- Бүгін біз не істедік? Қандай дыбыстарды ажыраттық?

- С қандай дыбыс?

- З қандай дыбыс?

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.