Инфоурок Дюсенбекова Нұрбану Блог Жаралар және алғашқы көмек көрсету
Дюсенбекова Нұрбану
3 года назад

Жаралар және алғашқы көмек көрсету

Жара дегеніміз-органдар немесе тіннің шырышты қабатының және тері жамылғысының бүтіндігінің механикалық бұзылып зақымдануы. Сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуы, органдардың зақымдануы және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалар мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.

Шығу тегі бойынша жара :қасақана(операциялық) және кездейсоқ болады.Операциялық жаралар-қасақана болып табылады және олар емдік,диагностикалық мақсатта пайдаланылады. Кездейсоқ-жарақаттан туындаған барлық жаралар.Олардың сипаттамасында міндетті түрде инфеция болады.

Жараның симптомдары:айқын қансырау, ауырсыну, жіктерінің алшақтауы, көгеру,бас айналу, аяқ-қолдың салдануы.Жарақаттануға механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тогы), психикалық (қорқыныш) факторлар әсер етуі мүмкін.

Жарақат сипаты бойынша,жарақаттың түріне байланысты жаралар бөлінеді-Кесілген,жарылған,ұсақталған,уландырылған,оқ тиген,аралас.Жараларға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек

  • Ағын сумен тазалап алу
  • Кез-келген мүмкін болатын әрекеттермен қан кетуді тоқтату.
  • Жараны инфекция мен кірлеуден қорғау.Жараны жақсылап тазалау оны асқынудан қорғайды,оның тез жазылуын екі есеге жылдамдатады.
  • Кесілген жердің айналасындағы теріні тазалау,антисептикалық өңдеп бинтпен таңу.
  • Жабық жара болған кезде зақымдалған адамды иммобилизациялау қажет.
  • Ашық жара кезінде адам ауыр жарақаттанғанда көп қан кетуі әсерінен адам есінен тануы мүмкін.Тез арада қан тоқтату жасамаса адам өліп кетуі мүмкін .

Жараға таңу салғанда бірінші кезекте:

-Жараның маңайын антисептиктерге дымдалған дәке немесе мақтамен (йодтың спиртті ерітіндісі, арақ, 3% сутегі асқын тотығы) тазалау керек.

-Жараға күйдіргіш заттарды жақындатпау керек!!!

-Таңудың нығайтатын қысып байланған таңғыш және иммобилизация (қозғалысты шектеу) түрлері болады. Нығайтқыш таңудың ең көп тараған түрі бинтпен және пластырьмен.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.