Міне бітті, мен өстім болдым қартайдым дейтін, уақыт белгіленбеген. Қанша уақыт ұстаз болсаң, сонша уақыт оқушысың. Ия,ия оқушысың Күнде сабаққа келіп оқушыларыңды оқытасың, үйретесің,тәрбиелейсің. Ал сабақтан соң көп нәрсеге үйреніп қайтасың, тәрбиеленіп шығасың.
Бала деген қаймағы бұзылмаған сүттің, мөлдірлігі лайланбаған судың, тап-таза ақ парақ, жып-жылтыр айна тәрізді. Жақсы да, жаман да бетінде. Айнадай көз алдыңда тұр, айнаға қарайсың да, кемшіліктеріңді түзетесің, жетістіктеріңе қуанасың. Күлсе қуанасың, жыласа мұңаясың. Міне осылай жылдар өте береді, өте береді. Тоқтауға уақыт жоқ, өмір атты кітаптың парақтарын солармен бірге ашасың, солармен бірге жабасың. Мүмкін ұстаздық өмірдің ғанибеті де осында шығар!
Міне бітті, мен өстім болдым қартайдым дейтін, уақыт белгіленбеген. Қанша уақыт ұстаз болсаң, сонша уақыт оқушысың. Ия,ия оқушысың Күнде сабаққа келіп оқушыларыңды оқытасың, үйретесің,тәрбиелейсің....