Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту
Ең тиянақты әрі қиын мәселелердің бірі – балаларды ой еңбегіне, өздігінен шығармашылық ойлауға үйрету болып табылады. Менің ойымша, біз, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері осы мәселемен сабақ үстінде шұғылданамыз. «Әдебиет адамның шығармашылық негізін дамытады, ақыр соңында өнер қиялдың қалыптасуына әсер етеді» (В. Давыдов)
Әдебиет сабақтарында оқушыларды тамаша қиял әлеміне кіргізіп, төл қазақ әдебиеті мен дүниежүзілік әдебиет үлгілеріне, үздік жазушылардың рухани ізденістеріне баулуға, кітап оқу қажеттілігін тәрбиелеп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыруға, шығар...