Сәбитқызы Ақмарал атым менің
Айнабектен тараған ата-тегім
“Ел мен Жер” Отаның мен ата – анаңды
“Құрметтеп өс” – деп маған бата берген.
“Ана тілің – абырой, асыл мұраң,
оны игерсең – жүрегің мөлдір бұлақ,
сол бұлақтан сусындар талай шәкірт,
өз балаң да есейер саған қарап”.
Түсіп талай тіл – базар додасына,
Мен жеттім оза тауып жол басына,
Оза тауып “тілдердің” байқауында,
ілініппін озаттар ордасына.
Мақсатым бар үш тілді игеруге,
Үш елдің де рухына кенелуге,
Үйретіп тіл білімін балаларға,
елу ел кемесіне тең келуге.
Жетермін ол мақсатқа білім қуып,
көтеріп Қазақстанның биік туын.
Тілі бардың – елі бар, Отаны бар,
жасай берсін көркейіп ана тілім!