Мамандығым мақтанышым
Ұстаз – ұлы есім, ұлық маман иесі. Өйткені ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және жақынына да, жат адамдарға да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік нұрын төгетін, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек жандар. Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Ол күйсандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» дейді заңғар ақын Мұхтар Шаханов.
Жас ұрпақтың білімді де білікті, парасат – пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі үшін тәлім мен тәрбие беріп жүргенім менің кеудемде мақтаныш сезімін оятып, өзіме артылған сенім жүгінің салмағын арттыра түседі. Ұстаз -жақсылықтың жаршысы, ұлағатты қасиеттердің айнасы. Алдыңдағы шәкіртің ақ парақтай жүрекпен пәк сезіммен алдыңа келеді. Сол шәкірттің болашағы мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру - менің міндетім. Ұстаздың парызы - өзінің жанын аямай, балалардың асыл қасиетін аялап, өмірдің қызығы мен қиындығына бейімдеу. Мұғалім жер бетіндегі өмірге жауапты адам. Өйткені, елбасы да, ғалым да, құрылысшы да, ақын да мұғалімнің алдынан өтеді. Баланың болашығы мұғалімге байланысты. Бұл үлкен жауапкершілік. Бала – ғажайып әлем. Сол әлемді нұрландыру - мұғалімнің тынымсыз еңбегімен келеді. Менің мамандығым - мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерге алғаш әліппені танытып, қолына қалам ұстатып, оңы мен солын айыртып, жас сәбиді бала шағынан болашағына дейін жетектеп,білім нәрімен сусындататын бастауыш сынып мұғалімі. « Білімнің көзі бастауышта» деген сөз тегін айтылмаған ғой. Мен осы мамандығымның ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Ұстаздық қызмет ету барысында күнделікті шәкірттер арасындағы қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениетілік ұстаным болса, сынып арасында оқушылардың оқуға деген қызығушылығының артатынына сенімдімін. Олай болса, жаңалықтарды жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттерінің жанына құятын ұстаз қауымының мәртебесі жоғары, мерейі үстем болғай.Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, сан ғасырлар тоғысында қол жеткізген бақыты – тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесінде. Ендеше, осы мақсатта барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарайық, аяулы да ұлағатты әріптестер.
Мамандығым мақтанышым
Ұстаз – ұлы есім, ұлық маман иесі. Өйткені ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өн...