Буркитбаева Гульмира Анасовна
7 лет назад

Статья

Жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсілдер арқылы оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Өмір бойы білім алу» әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»-деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай жаһандану әлеміндегі адамзаттың ең басты қызметі, ол-сапалы білім алу. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданған болатын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты-білім беру саласында мұғалім де оқушы да сапалы білім алу мен сапалы білім беруге тиіс және қазақстандық білім саласын бәсекеге қабілетті ету.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл ойы дамыған азаматын даярлау бүгінгі күн талабы. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңгерумен қатар білім беру үрдісіне енгізе отырып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде.

Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек. Бұл мақсатты мақсатты жүзеге асыруда қазіргі таңда мен мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруге «Жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсілдер арқылы оқытуында ерекше қажеттіліктері бар балалардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбын өзекті деп санауға жөн көрдім.

Осы орайда «Оқытуында қажеттіліктері бар балалар деген кімдер?» және «Жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсіл деген не?» сұрақтары туындайды.

Ең алдымен, оқытуында қажеттіліктері бар балалар жайында сөз өрбітейін: Оқытуында қажеттіліктері бар балалар қатарына біздер мүмкіндігі шектеулі балаларды қосамыз. Яғни, әр баланың жас ерекшелігіне, диагнозына, танымдылық қабілеттіріне және дамуына байланысты байланысты балаға арнайы білім беру. Ал, жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсіл деп- педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, немесе баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер мен іс-әрекеттер жиынтығын айтамыз.

Оқытуында қажеттіліктері бар балалардың сөз қорлары таным қызметтеріне, олардың ойлауына және қарым- қатынасында, жалпы психикалық дамуына байланысты дамиды. Бұл оқушылардың сөздік қорларының қалай дамитындығын бақыласақ мектепте оқу кезіндегі оларда айтарлықтай өзгерістер байқалады.

Оқытуында қажеттіліктері бар балалардың сөздік қорларының кедейлігі, олардың ақыл- ойының дамуының төмен деңгейлігіне байланысты. Арнайы мектептегі оқушылырдың сөздік қорлары кедей болады.Ол күнделікті көріп жүрген заттарының атауын білмеуі мүмкін. Мысалы: оқулық, қар, қалам, гүл, машина, әже т.б.

Іс- әректеттерді айтуда олардың сөздері тұйықталған, санаулы ғана болады. Мәселен, «Еңбек деген не?» деген тапсырма беріп, әңгімелеп беруді сұрасақ олар аз сөздерді қолданады, сөйлемдері толық емес, ойлары шашыраңқы келеді.

Бұндай оқушылар: желімдедім, қидым, құрдым, жасадым деген сөздерді пайдаланғанннан гөрі бір сөзбен « жасадым » деп жауап береді. Себебі, бұл сөздер олардың сөздік қорында кездеспейді. Яғни, балалардың сөздік қоры таяз. Негізінде оқушылардың сөйлеу тілі етістік пен сын есіммен толады екен. Яғни, ол жан-жақтағы іс-әрекеттерді бақылау мен танудың нәтижесі.

Негізінде қарым- қатынастың арқасында балалар жалпылау жасай алмайды. Бұндай оқушылардың практикалық және сөйлеу тілдерінің арасында байланыстылық болмайды. Олар жасаған іс-әрекеттерін толық және дұрыс жеткізе алмайды. Сонымен бірге олардың сөйлеу ережелері мен іс-әрекеттері сәйкес келмейді. Соның ішінде, ақыл- ойы арттақалған балалардың жалпы интеллектуалдық қызметтерінің бұзылуынан, көбінесе есту сөйлеу анализаторларына әсер етеді, соның салдарынан сөйлеу тілін меңгеру қиындыққа соғады. Қалыпты дамыған балалар сөйлеу тілін меңгеру процесінде тек сөзді ғана есте сақтап қалмайды, сонымен бірге жеке морфемаларды да естеріне сақтайды.Тіпті екі жастың өзінде қалыпты дамыған бала сөйлем құрлымын дұрыс құрып сөйлей алады. Бұл балалардың сөйлеу тілін дамыту-өзекті мәселе болып табылады.

Қазақ тілі пәні барысында оқытуында қажеттіліктері бар балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында жеке тұлғаға бағыттап оқыту әдіс-тәсілі пайдаланыланамын.

Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді білу қажет деп есептеймін:

1.Түрлі дәрежелі амал – түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс.

2. Өзгешелік амал – оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі, қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша болу;

3. Жекеше амал – оқушыларды бірыңғай топ бойынша: үлгерімі, қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау;

4. Субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым-қатынаста болу.

Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады.

Біздер арнайы мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап отырғандықтан, бұндай балалар оқытуында ерекше қажеттіліктерді қажет етеді. Әрбір баланың диагнозы бар, білімді қабылдау мен игеру деңгейі бар, бейімделуі бар дегендей әрбір баламен жекелей жұмыс жасаған жөн. Тіпті бір сыныпта түрлі деңгейлі балалар оқитыны да сөзсіз.

Жалпы өзімнің іс тәжірибемде жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру үшін, мына мақсаттарды орындауға тырысамын. Ол:

-іс-әрекет үшін қолайлы ахуал туғызу табыс жағдайын қалыптастыру;

(яғни, оқушылар тарапынан қызығушылық, сабаққа деген мотивациясын туғызу, сабаққа деген жақсы көңіл-күй қалыптастыру)

-оқу материалы мен оны ұсынуда оқушының тұлғалық тәжірибесі мен ерекшеліктерін ескеру; (яғни, әр оқушының білімді игеруіне сәйкес материалды таңдау)

-тапсырмалардың әртүрлі деңгейлік сипаты; (яғни, әр оқушының тапсырманы орындау деңгейін анықтау)

-оқу материалын таңдау мен орындауда таңдау мүмкіндігін беру; (кей кездерде оқушылардың көңіл-күйлеріне қарай оларға тапсырманы орындауға мүмкіндік беру, олар өздеріне ұнайтын, өздері мүдірмей орындайтын тапсырмаларды таңдай алады)

-оқу әрекеттерін әртүрлі қарым-қатынас негіздерінде құру; (тыңдалым, сөйлесім, жазылым, оқылым, айтылым әрекеттерін қолға алып сабақты жоспарлау)

-шығармашылық белсенділіктерін қолдап отыру.(әр оқушыны қандай жағдай болмасын қолдап, қолпаштап, оқуға деген қызығушылын туғызу мақсатында көтермелеу)

Ал, енді осы тәсіл арқылы оқытуында қажеттілігі бар баланың сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын қалай жүргіземіз және қандай тапсырмаларды пайдаланамыз?

-Сөздік жұмыс (түрлі әдіс тәсілмен жаңа сөздерді меңгеру)

-Байланыс (сөз таптарын өткен кезде бір-бірімен байланыстыра сөйлем құрап, талдау)

-Сергіту сәттері (үнемі ауызша сөйлеу түрдегі жаңа түрлерін жаттап, қолданып отыру)

-Ауыз әдебиеті (жаңылтпаштарды көп қолдану)

-Ертегі немесе мәтін мазмұнын қимыл іс-әрекет пен сөйлеу арқылы жеткізу)

-Тілдік талдаулар (математика пәнінде сияқты талдау жасаған кезде , әр орындаған тапсырмасын ережемен дәлелдетіп, түсіндіру)

-Деңгейлік тапсырмалар (орындау мүмкіндігі мен игеру деңгейіне сай әр балаға сәйкес тапсырмалар үлестіру)

Міне, осындай тапсырмаларды сабақ барысында жүйелі түрде қолданып, оларды баланың қабылдау мен игеруіне сәйкес орынды үлестіріліп отырса оң нәтижеге жетуге болады.

Жеке тұлғаға бағыттап оқытудың ерекшелігі - білім дайын күйінде берілмейді. Блок, сызба құрастыру, сызба бойынша сөз құру, сөйлем құрау, шығармашылық хат, грамматикалық тапсырмаларды өзгертуге арналған (жақты ауыстыру, басқа сөзбен алмастыру, т.б) тапсырмалар оқушылардың ойлауын жетілдіреді, ал егер оқушының ойлау қабілеті жетілген жағдайда, оның сөйлеу тілі де дамиды. Өйткені сөйлеу тілі мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Тәжірибеде байқалғаны бұл әдіс оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын туғызады.

«Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы

білім беру мектеп-интернаты»ММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Г. А. Буркитбаева

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой