Интернет (Interconnected Networks )— компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.
2008 ж. ортасына таман Интернетті пайдаланатын адамдар саны 1,5 млрд-тан асты. Ресейде барлық мектептер 2008 жылдан бастап Интернет жүйесіне қосылған компьютерлермен жабдықталған. 2010 ж. 22 қаңтарынан Интернетке Бүкілхалықтық космостық станциялар қосыла алатын болды. Интернеттегі ақпараттық қорларға пайдалану бостандығы мемлекеттік шекаралармен немесе ұлттық домендермен шектелмейді, бірақ тілдік шекаралар сақталады. Интернетте басым қолданылатын тіл ағылшын тілі. Екінші орында қытай тілі, ал үшінші – испан тілі.