Я Ерекешова Назгуль родилась в1982 году в поселке Бостандык. каждый год рожаю детей Есть четыре детей: они Аян, Саян, Саясат, Нурдаулет Сабақтың тақырыбы: Әліппе-білім бастауы.
Мақсаты:
а )Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата- аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу;
б) Өзін - өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп,қастрлеуге тәрбиелеу;
в) Ойлау, есте сақтау , сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Әліппе ана тілі макеттері,Ы.Алтынсарин портреті,шарлар, рәміздер,мақал- мәтелдер,центр,компьютер,шашылған әріптер, гүлдер ,ұрандар т.б.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата -аналар,оқушылар!
Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі сіздер үшін тойларыңызға тоғы бір той қосылмақ.
Ана тілінің ғажайып,әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып үйренуге,оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын – әліппе оқулығы. Міне, бүгін біз барлық ғылымның анасы, біздің болашағымыздың негізі әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Шашу,шашу шашыңдар!
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар!
(Мейірбектің әжесі шашу шашады. )
(Оқушылар музыка әуенімен билеп «Білім »кемесіне мініп сыныпқа кіреді.)