Сабақтың тақырыбы: Алматы – бас қалам,
Жас қала- Астанам
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыны Жарасқан Әбдірашевтың «Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау
2. Оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу;
байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын арттыру;
өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
3. Ұлтжандыққа, отанға деген махабат сезімін сезінуге тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1.Өткен тақырыптарды естеріне түсіреді және жаңа мәтін бойынша түсінік қалыптастырады.
2.Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3.Сабақта белсенділік танытады.
4.Шығармашылық қабілеттері артады.
Көрнекіліктер: Оқулық, слайд, үлестірме қағаздар, күннің суреті
Қадамдар:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Топпен жұмыс.
3.Рефлексия
4.Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Оқушының көңіл күйлерін тексеру
2. Топқа бөлу
3. Үй тапсырмасын сұрау
4.Жаңа сабақты түсіндіру
5.Тапсырмалар беру
Оқушының іс-әрекеті:
1.Сурет құрастыру арқылы екі топқа бөлу..(Алматы және Астана)
2. Зейіндерін сабаққа аударады
3. Үй тапсырмасын орындайды
4. Алматы- бас қалам, жас қала – Астанам туралы мәлімет алады.
5.Топтасып жұмыс жүргізеді
6. Кері байланыс жасайды
І кезең: Қызығушылықты ояту:
Ұйымдастыру кезеңі
«Бағдаршам» ойынын ойнату арқылы оқушылардың көңіл күйін анықтау.
Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы дайындықпен келсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; дайындалған, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; дайындығы шала болса қызыл түсті көтереді.
Топқа бөліну: сурет құрастыру арқылы екі топқа бөлу
1- топ. «Алматы» тобы
2- топ. «Астана» тобы
Бағалау парағын беру. Бұл жерде топ басшысы оқушыларды бағалап отырады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Туған жердің ыстығы – ай
4 оқушыдан үй тапсырмасын сұрап шығу.
«Конверт – сұрақ » әдісі
1. Ойынның шарты:екі топқа конвертке салған сұрақ беріледі, сол сұрақтың жауабын, барлығы талқылап, бір оқушы шығып қорытындылайды.
1.- топ: Автордың айтайын деген негізгі ойын тап.
2-топ: Түйе ботасын ертіп неге қашпақшы болды?
III. Жаңа сабақ
- Қандай суреттермен таныстыңдар?
- Алматы қаласында нелер бар екен?
- (орталық мешіт, мега ойын сауығы, цирк алаңы, көктөбе, медеу мұз айдыны, спорт әлемпияда өтетін жерлер, ескерткіштер, метро, орталық стадион, Алатау т.б.)
- -міне, балалар Еліміздің жетпіс жылдай астанасы болған жұмақ қала –Алматы да Алатаудың баурайында орналасқан екен. Алатау жеріміздің көркі, еліміздің сәнін келтіріп тұр. Алатаудың бауырайында сандаған демалыс орындар және сауықтыру орындары , медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешендер де бар екен.
- Астана қаласында нелер бар екен?
( Астана вакзол, әуежай, мұздан жасалған ескерткіштер, нұр астана мешіті, пирамида – құланшы, тәуелсіздік монументі, ханшатыр, ескерткіш елдік белгісі, ең алғашқы музей, ақ үй, вакзол, бәйтерек т.б)
1998жылы 6 мамырда президенттің жарлығымен Алматы қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. Сарыарқа самалымен тербелеген ерке- Есілдің бойындағы ғажап қала –ол біздің Астанамыз. Бәйтеректің биіктігі -97 метр. 1997ж 20 қазанда Ақмола қаласын ҚР-ның астанасы деп жариялаған жылдың соңғы 2 цифрына сәйкес келеді. Бұл метелдан, әйнектен және темір бетоннан жұмдаса өрілген.
Ескерткіш елдік белгісі- 91метр. Ол қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Ескерткіштің биіктігі осы жылға орайлыстырп белгіленген. Ол 1900 шаршы метр кеңістікке созылған мәрмәр тастан жасалған. Ал тәуелсіздік тұғырын асқақ мұнараның ұшар басында заңғар аспан еркесі- самұрық құстың 2,500тонна алтындатылған қоладан жасалған бейнесі.
Күннің жадын, тақырып жазу.
Автор туралы мәлімет
Кітаппен жұмыс
Екі топқа мәтінді оқыта отырып, әр топ өз түсінгендерін әңгімелеу.
IV.Сергіту сәті:
Сөзжұмбақты шешу
Екі топқа сөзжұмбақ сызбасы беріледі. Шешкен сөзжұмбақты екі топ бір-бірімен алмастырып тексереді.
1. қ А р а
2. б а С
3. Т а у Ы
4. С а р ы А р қ а
5. к е р і л г е Н
6. б о л а ш А ғ ы
1. Қарт Алатауды автор кім дейді?
2. Ақын Алматыны қандай қала деп атайды? .
3. Елге несі бар қала жарасады дейді?
4. Алашаны еске түсіретін қай өлке?
5. Астана қандай даланың сәні?
6. Сарыарқада қазақтың несі бар дейді?
Қорытындылау:
- Олай болса, келесі тапсырмамыз
«Сұрақтар сөйлейді» ойыны
Бұл ойында сіздер сөзжұмбақта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелеу.
Рефлексия: «Күн»
- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Сабақты қаншалықты түсіндік? соны тақтада күннің суреті берілген, сендер сол күннің шапағына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз?
Тақтаға күннің дөңгелегі ілінеді, оқушыларға сары, көк күннің тармақтары таратылады. Тармақшаларды күннің дөңгелекшелеріне жапсыру керек:
Сары түс – маған сабақ ұнады, көптеген ақпарат алдым.
Жасыл түс – сабақ ұнамады, себебі, пайдалы ақпараттар ала алмадым.
Үйге тапсырма:
1. Мәтінді түсініп оқу .
Бағалау. Бағалау парағы
№ Оқушының
аты-жөні Үй тапсырмасы Конверт сұрақ өлеңді мәнерлеп оқу Сұрақтар сөйлейді Қорытынды баға
1
2
3
4
5