закончил КАЗНУ им аль-Фараби в 2007 году с отличием, и ТИГУ в 2013, работаю учителем в сшг Им.К.И.Сатбаева. стаж работы 7 лет. Работаю по образованию учитель истории, права, обществознания
Жұмысы туралы пікір
Ермеков Серік Қанатбекұлы Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында 2010 жылдан бастап қызмет істейді. Мұғалімнің өзекті мәселесі: «Тарих, құқық, қоғамтану пәнін оқушыларға оқыту барысында жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдана отырып, тұлға ретінде қалыптастыру». Білім беруде, Ж.Қараевтың «Дейгейлеп-саралап оқыту» технологиясын, «Назарбаев интелектуалды мектебі мен Кембридж университетінің бірлескен жобасы бойынша сабақ беру» технологиясы мен жазу элементтерін қолданады.
Ұстаз 2010 -2011 оқу жылы 2010 -2011 оқу жылы мектепшілік «Жас маман» байқауына қатысып, «Бас жүлдені» жеңіп алып, аудандық «Жас маман - 2010» байқауына жолдама алып, ол жарыстан ІІІ орынға ие болды. 2011 жылы Аудандық білім бөлімінің бастамасымен жасақталған «Озат тәжірибе көпке ортақ» атты жинағына «Сақ мемлекеттілігі» атты тақырыпта аудан көлемінде өткізген ашық сабағы енді. 2012 жылы Қызылағаш ауылында Алматы облысы бойынша өткен жастар форумында «Білім саласында жетістікке жеткен жас маман» номинациясы бойынша Ақсу ауданының әкімінің «Алғыс хатына» ие болды. 2013 жылы АОБПҚБАИ ұйымдастыруымен жинақталған «Құзырлылық тұрғыдан тарих пәндерін оқыту» атты жинаққа "Өзіндік жұмыс табыс тетігі" атты мақаласы жарияланды. 2013 жылы қазан айында Республикалық мұғалімдерге арналған этнография бойынша интернет олимпадағы қатысып, қала/аудан ішіндегі ең үздік көрсеткішті көрсеткені үшін сертификатпен марапатталды. Осы жалы қараша айында «Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойландырудың маңыздылығы» атты мақаласы «Школа» атты Қазақстан мұғалімдерінің порталына жарияланса, Қазақстан мұғалімдерінің «Коллеги» атты журналына «Қоғамдық пәндерді оқытудағы баспасөз материалдарының ролі» атты мақаласы жариялағаны үшін осы мекемелердің куәліктеріне ие болды. Көршілес Ресей Федерациясының Тула қаласындағы, «Қазіргі замандағы білім технологиялыры орталығының» бастауымен ұйымдастырылған халқаралық деңгейдегі «Үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы бойынша конкурсына қатысып сертификатын алды, конкурс нәтижесі бойынша 10 мұғалімдердің бірі болып «Алғыс хатпен» марапатталды, іс-тәжірибесі халқаралық деңгейде сабақтарда қолданылуға ұсынылып отыр. Тәжірибесін сынау мақсатында тағы да көршілес Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласындағы Ушинский атындағы Педагогикалық технологиялардың орталығымен ұйымдастырылған халқаралық деңгейдегі «Үздік әдістемелік жұмыс» номинациясы бойынша конкурсына «Назарбаев интелектуалды мектебі мен Кембридж Университетінің бірлескен жобасы бойынша тарих сабағын оқыту» жобасымен қатысып сертификаты алды. Жергілікті Ақсу өңірі газетіне 2013-жылдың 5-қазан күні «Қарттарым асыл қазынам» атты мақаласы және 2014 жылдың 18 ақпанында «Мұғалімдердің жолдауды қолдауы» атты мақаласы жарық көрді.
Оқушы жетістіктеріне келсек, 2010 жылы Байжұманова Назым аудандық «Дарын» ғылыми жобасына қатысып, ІІ орынға ие болды. 2011-2012 оқу жылы Сырлыбекқызы Әсел «Наймандардың мемлекеттілігі» атты тақырыпта аудандық КҒА жобасына қатысып, ІІІ орын, Қозыбаев Райымбек аудандық пән олимпиадасында ІІІ орынды жеңіп алды. 2013-2014 оқу жылында Әліпбаев Мирас, Қозыбаев Райымбек, Беркімбаев Қуанышбек Республикалық интернет олимпиадаларға қатысып, сертификаттарына ие болды. Осылардың ішіндегі Әліпбаев Мирас олимпиаданың ІІ кезеңіне өтіп, қала/аудан ішіндегі ең үздік көрсеткішті көрсеткені үшін сертификатпен марапатталды. Әліпбаев Мирас дәл осы жоба бойынша ұйымдастырылған этнография пәні бойынша Республикалық интернет олимпиадаларға қатысып, олимпиаданың ІІ кезеңіне өтіп, қала/аудан ішіндегі ең үздік көрсеткішті көрсеткені үшін сертификатпен марапатталды. Болатхан Үміт аудандық КҒА ғылыми жобасына қатысып, ІІІ орынды жеңіп алды.
Осындай жұмыстарының нәтижесінде Ермеков Серік Қанатбекұлы жас та болса өзінің іскерлігімен, жауапкершілігімен сезімталдығымен, еңбексүйгіштігімен оқушылардың, ата-аналар мен ұжымның арасында лайықты беделге ие.