Инфоурок / Сайты учителей / Калдыбаева Сауле Жаксылыковна

Калдыбаева Сауле Жаксылыковна

  • Учитель казахского языка и самопознания
  • Валихановская средняя школа
  • Казахстан
  • 20.08.1978

Категории по интересам:

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» Абай Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Менің бойымдағы баланы жақсы көру жасандылық емес, бұл менің табиғатымнан берілген қасиет. Оқушыларға аяушылық сезіммен қараймын, әрқашан мейірімді, төзімді болуға және оларға құрметпен қарауға тырысамын. Сондықтан да болар мектептегі оқушылар мені қатты сыйлайды, жақсы көреді, айтқанымды екі етпейді, мені ренжіткілері келмейді. Әлде қашан мектеп бітіріп кеткен түлектер де көре қалса өздерінің маған деген ыстық ықыластарын білдіріп жатады. Ал, енді өзім жетекшілік ететін сынып оқушыларыммен қарым-қатынасым ол тіптен ерекше. Сынып оқушыларымның ата-аналарымен де тығыз байланыста боламын. Сынып оқушыларының ата-аналары бала тәрбиесіндегі ортақ мақсатты түсінген, сондықтан олармен жұмыс істеу маған жеңіл. XXI ғасырдың басындағы қазіргі қоғам тез қарқында дамып қана қоймай, өз даму үдерісімен барлық саланы жандандыруда. Соған байланысты қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналаған міндеттер аталуда. Білім беру саласы да ондай өзгерістерден шет қалған жок,. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім, бастауыш мектеп, орта мектеп, жоғарғы білім беруде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері, технологиялары анықталып, жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңарған, ақпаратты ағымы қуатты, жоғары технологиялық қоғамға сай моделдері жасалуда. Жылдар өткен сайын оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен бірге мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер өзгеріп тұрады, сондықтан бүгінгі мұғалімге қойылатын талап, жауапкершілік аса жоғары.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 1

alt
  • Материалы: 10
  • Просмотры: 9370
  • Коментарии автора: 1
  • Коментарии автору: 0