Қанапина Гүлнар Қайроллақызы
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж
Тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Сөз таптары, сөздерді таптастыру принциптері, зат есім, зат есімнің лексика- грамматикалық өзіндік белгілерін танып – білу, мәтінмен жұмыс істеу барысында талдау жұмыстарын жүргізе отырып тілдік материалды терең меңгерту;
Білімді іске асыруда ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін, әдебін дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру
Халқымыздың рухани байлығы сөз өнері, тіл өнерін ардақтап, құрметтеу, мақтан тұту, аталы сөзден ғибрат алу, ата дәстүрін танып білуге, өзін-өзі бағалай білуге, басқалардың көзқарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу.