Мен Каракулова Жемис Темирбекқызы 1985 жылы 15 сәуірде Қаратөбе ауданы Саралжын ауылында дүниеге келдім. 1991 жылы Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 2002 ж жылы осы мектепті аяқтадым. 2003 жылы Орал педагогикалық колледжіне « 2 шет тілі» факультетінің «ағылшын» бөліміне түсіп, 2006 жылы үздікке аяқтадым.Сонымен қатар БҚГА /сырттай / жоғары оқу орнын бітірдім.Осы жылдан бастап Жақсыбай негізгі білім беретін мектебінде ұстаздық қызметімді бастадым. Ұстаздық жолым мектептегі тәжірибелі ұстаздар Рахметов Нияз , Аққу Жалғасқызы, Асқар Нәженұлының тәлімінен бастау алды. 2008 - 09 оқу жылы Саралжын ауылында «Айгөлек» балабақшасында әдіскер – психолог , 2010 жылдан бері Соналы жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін атқарып келемін.
2009 жылы сәуір айында Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының «Мектепке дейінгі мекемелерде оқытуды әдістемелік қамтамасыз етудің педагогикалық – психологиялық негіздері » тақырыбында, 2012 жылы 5-16 қараша аралығында «Бастауыш сыныптың ағылшын тілі пәні» бойынша білімімді көтердім. 2011 жылы «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды дамыту» жобасын, 2011 жылы «Шетел тілдерін оқыту үдерісінде жүйелік технологияларды / SMS, CRMS және LMS / әдістемесі бойынша тренингтік курсын », 2011 жылы « Ағылшын тілі пәні бойынша тренингтік курсын » оқыдым. 2011 жылы мектепішілік « Ізденімпаз ұстаз » номинациясымен , 2012 жылы мектепішілік “Құрмет грамотасымен” марапатталдым.
Шәкірттердің жеңісі-ұстаз еңбегінің жемісі» дегендей, шәкірттерім, 2010-2011 оқу жылында «British Bulldog » халықаралық байқауда Жолболсынов Байболсын жүлделі 3 орынды, 2011 – 2012 оқу жылында «British Bulldog » халықаралық байқауда Жакиева Мадина , Жолболсынов Байболсын жүлделі 2 орынды иеленді. “Intel - junior” - VIII .2011 жылы аудандық пәндік олимпиадасында Әмірғалиева Аяжан – 3 орын., облыстық олимпиадада 3 орынды иеленді. 2013 – 2014 оқу жылында аудандық пәндік олимпиадада 2 орынды алды. Ұстаздық жолын таңдаған шәкіртім Сакенов Алдияр таңдау пәні бойынша жоғары ұпай 23 балл жинап, Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің « шет тілі» факультетінің студенті. Ағылшын тілі пәні бойынша білім сапасы төмендегідей: 2010 -2011 оқу жылында - 42%, 2011 -2012 оқу жылында - 46%, 2012 – 2013 оқу жылында 48% .