1. ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);
2. ғылыми таным әдістері (бақылау; эксперимент);
3. ұғымдар (физикалық құбылыстар, физикалық заңдар, заттар, материалдық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, өзара әсерлесу);
4. шамалар (жол, жылдамдық, масса, тығыздық, күш, қысым, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия);
5. заңдар (Гук, Паскаль, Архимед);
7-сынып оқушылары меңгеруі тиіс:
1. зерттеудің эксперимент әдiстерін пайдалана алуы: бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлау және орындау, физикалық құралдардың бөлік құнын және өлшеу қателіктерін анықтау;
2. қолданыстарын білуі: физика бойынша теориялық білімдерін әр түрлі қызмет саласындағы өмірлік есептерді шешкенде;
3. физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіру: бірқалыпты түзусызықты қозғалыс, сұйықтар мен газдардағы қысымның берілуі, денелердің жүзуі;
4. физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: ара қашықтық, уақыт аралығы, масса, күш, қысым;
5. пайдалана алуы: игерген білім, білік, дағдысын күнделікті өмірде, тұрмыста, қоршаған ортаны қорғауда;