Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 день назад

Касымова Нургул Кабеновна

учитель начальных классов (казахский язык обучения)

Казахстан КГУ « Больше – Чураковская средняя школа отдела образования акимата Алтынсаринского района»

Материалов: 8 Просмотров: 2946 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Касымова Нургул Кабеновна

Касымова Нургул Кабеновна 1972 жылы 7 қараша күні Қостанай облысы Жангелді ауданы Албарбөгет ауылында дүниеге келдім. 1981-1990 жылдар аралығында Қаратүбек орта мектебінде оқып, 11 жылдықты бітірдім. 1991-1993 жылдар аралығында Рудный қаласындағы педагогикалық училищесінде оқып, бастауыш сыныптың мұғалімі мамандығын алдым.1993-1996 жылдар аралығында Қостанай мемлекеттік университетінің бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша сырттай бөлімін оқыдым. 1994 жылы тұрмыс құрдым. 2 баланың анасымын. 1993- 2000 жылдар аралығында өзімнің туып өскен жерімде ұстаздық қызмет атқардым. Ұстаз болу менің кішкентай кезден ойлаған арманың болатын. Қазіргі таңда Алтынсарин ауданы Больше-Чураков ауылында ұстаздық мамандықты атқарып келе жатқаныма 19 жыл болды. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеген маған ұнайды. Жүректері таза, жас бүлдіршіндерді оқытып, бірге күліп, қиындықтарды бірге шешіп келеміз. Қазіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс- тәсілдер қолдануда. Мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Осыған орай 2014 жылы ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру деңгейлік курсына қатысып, білім берудегі Кембридж тәсілі бағдарламасы туралы ( ІІІ- деңгей) білім алдым. Бұндағы мақсатым алдымдағы жас ұрпаққа заман талабына сай, құзыретті, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің өркендеуіне, болашағына зор үмітпен қарайтын азамат оқытып,тәрбиелеу. Осы аталған курсты оқығаннан бері сабағымда жаңа әдіс-тәсілдерді, 7 модульді ықпалдастырып қолдануды үйреніп келемін. Оқушылардың бұл сабақтарға қызығушылықтары, белсенділіктері жақсы. Биылғы оқу жылында 1 сыныппен жұмыс атқарып келемін. Мектептегі шығармашылық топпен Лессон стади тәсілі бойынша Бажко Н.А әріптесіммен 1»А» және 1»Б» сыныпта ана тілі сабағынан екі тілде сабақ өткіздік. Мақсатымыз: критериалды бағалаудың А.В.С. деңгейлі оқушылардың білім сапасына тиімділігі. Критериалды бағалау көптен мазалап жүрген мәселе болатын. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларымен жүргізу қиындық туғызған болатын. Лессон стади тәсілі бойынша өткізгеннен кейін бұл қиындықтың да шешімін тауып отырмын. Сабақ ұстаздарға ұнады. Әріптестеріммен ой бөлісіп, тәжірибе алмасып отырамын. Болашақта басқа да әріптестеріммен араласып ой бөлісіп, тәжірибе алмасқанды жөн көрдім. Әріптестерімнен білмегенімді үйреніп, білетінімді үйретіп бірігіп жұмыс атқарсам, өзімнің кәсіптік шеберлігімді шыңдаймын деп ойлаймын.

  • 8 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх