Инфоурок Сайты учителей Кемербаев Ерлан Жолдасбаевич Блог Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Кемербаев Ерлан Жолдасбаевич
9 лет назад

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Құрметті әріптестер! Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауы еліміздің өркендеуіне, экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңаша серпін беретін, Қазақстан халқының игілігі. Мақсат – мұраттарының орнығу жолын көздейтін тарихи құжат деп есептелетін. Мемлекет басшысы жолдауы арқылы алдымызға көптеген ірі-ірі істер белгілеп, таудай биік міндеттер жүктеді. Бұған барша Қазақстан халқы болып өз үлестерімізді бізде қосуымыз керек. Меніңше бұл жаңа бағдарлама – мемлекетіміздің алдағы жылдарға арналған даму бағдары, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы қадамы. Жаңа Жолдау экономикалық саясаттың жалғасы болып табылады, мұнда қазіргі таңдағы қиындықтарға төтеп беру, орын алған экономикалық жағдайдан шығу жолдары айқындалып, орындалуы тиіс нақты іс-шаралары да ұсынылып отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бәрін қамтиды – экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени даму бағдарын қолдайды, Қазақстанның Халықаралық беделін нығайтуға да үлес қоспақ. Бүгінгі Жолдаудың ең басты түйгендері – ол: І- Көліктік – логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, бұл дегеніміз Елорда- Астанамыздан шыққан жолдардың барлығы да республикаға таралып, қарқынды дамитын болады. ІІ- Индустриялық инфрақұрылымды дамыту. ІІІ - Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту. ІV- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. V- Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қарау. VІ- Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, бірінші кезекте, бұл апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемеларын шешу. VІІ- Шағын және орта бизнес пен іскерлік-белсенділікті қолдау. Міне, осының бәрі алдағы кезде үлкен экономикалық өрлеуге әкеледі деп ойлаймын. Жолдаудың көңілге қонымды тағы бір тұсы- уақытша қиындықтардың әлеуметтік саланың кең қанат жаюына крі әсер тигізбейтіндігі, яғни зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы толықтай қамтамасыз етілмек. Мемлекеттің әрбір мүшесі білім алуға, жұмыс істеуге, денсаулығын түзетуіне тең дәрежеде құқылы. Бұл біздің елдің бұлжымас қағидасы болып қала беретіні осы жолғы Жолдауда да айтылды. Жолдау әрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға бастайды. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауды №8 орта мектеп ұжымы да талдап, жаңа саяси бағытын қолдап, азаматтығымызды таныта білдірдік. «Нұрлы жол» бәрімізді ұлт болып ұйысуға, жұрт болып жұғысуға біріктіретін бірден бір жол деп есептеймін. Жер шары кең болғанымен біздің Отанымыз біреу ғана, ол Тәуелсіз Қазақстан. Еліміз үшін келе жатқан 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ мемлекеттілінің 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестерді біздер, ұстаздар Қазақстандық патриотизмді өскелең ұрпақтың жадына сіңіруіміз керек. Біздің барша табыстарымыздың кілті- ел бірлігі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдың мерейтойын және халықаралық ЭКСПО- 2017 көрмесін әлемге паш етеміз. Ендеше, елімізге, жерімізге амандық, бақыт және даму нәсіп етсін.Келешегіміз баянды, ұрпақтарымыз несібелі болғай.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Достижения: 2

Автор в друзьях: 1